Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
enbek_shpora.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
323.58 Кб
Скачать

1 Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі нормативтік құжаттар. Еңбекті қорғау (ЕҚ) – заңдылық және нормативтік құжаттар жүйесі, оның негізінде жұмыс орнында қауіпсіз еңбек ету жағдайын қамтамасыз ететін әлеуметті-экономикалық, техникалық және гигиеналық шаралар өңделеді. Еңбекті қорғаудың мақсатын мына теңдеумен көрсетуге болады

Мақсат = АЖ + ТЕ + ДС + ЖК + ЕС,

мұнда АЖ – апатсыз жағдай жетістігі;

ТЕ –травматизмі ескерту;

ДС – денсаулықты сақтау;

ЖК – жұмыс қабілетін көтеру;

ЕС – еңбек сапасын көтеру.

Қойылған мақсатқа жету үшін екі топ есепті шешу керек. Біріншісі – ғылыми, яғни адам-машина жүйесіндегі математикалық үлгілер, қауіпті (зиянды) өндірістік факторлар және т.б. Екіншісі – құрылғыны пайдалану барысында қауіпсіз еңбек етуді толық қамтамасыз ету.

Еңбекті қорғау бойынша заңдылықтар актісі Қазақстан Республикасындағы еңбек ету құқығының ажырамас бөлігін құрайды, оның негізі 30.09.95 жылғы ҚР конституциясының 24 бабы болып табылады.

Бұл бапта әрбір адам еркін еңбек етуге құқықты деп көрсетілген:

- 28.02.2004 ж. № 528-П ҚР ның «Еңбекті қоғау және қауіпсіздік туралы» заңы;

- 07.02.2005 ж. № 30-П ҚР ның «Жұмыскерлер еңбек ету міндетін орындау барысында денсаулығына және өміріне зиян келуінде жұмыс берушінің азаматты-құқықты жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру туралы» заңы.

Бұдан басқа, еңбекті қорғау бойынша нормативтік актілерге төмендегілер жатады:

- еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесінің стандарты (ССБТ), бекітілетін: мемлекеттік стандарттар (ГОСТ) - стандартизация, метрология және сертификация бойынша ТМД мемлекетаралық Кеңесі; салалық стандарттар (ОСТ) - министерстваларға, ведомстваларға, атқару билігінің басқа да орталық органдарына сәйкес; кәсіпорындар стандарттары (СТП) - кәсіпорындар;

- Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің Бас санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы бекіткен санитарлық ережелер, нормалар, гигиеналық нормативтер, эргономикалық, физиологиялық және басқа да талаптар;

- Қазақстан Республикасы еңбек ету Министрлігінің еңбекті қорғау Департаментімен келісе отыра, атқару власының орталық және бақылау органдары бекіткен салалардағы еңбекті қорғау бойынша нұсқаулар және ережелер.

2 кәсіпорында еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Жұмысқа енді қабылданатын жұмысшылар жұмыс орнындағы техника қауіпсіздігі ережелері және өндірістік санитария бойынша кіріспе нұсқаудан өткеннен кейін жұмысқа жіберіледі.

Кіріспе нұсқауды техника қауіпсіздігі бойынша инженер немесе бас инженер жүргізеді. Прораб (мастер, участке бастығы) өкім бойынша келген жұмысшығы жұмыс орнында техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау өткізеді. Қайталау нұсқауы 3 айда бір рет, сонымен бірге жұмыстың жағдайы өзгеріп немесе техника қауіпсіздігі бұзылғанда жүргізіледі.

Өндіріске байланысты бақытсыз жағдайларды есептеу және тіркеу тәртібі ҚР Үкіметінің 3.03.2001ж. №326 жарлығы мен бекітілген «Бақытсыз жағдайларды ескеру және тергеу Ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.

Әрбір жазымда жарақаттанушы жылдам түрде жұмыс берушіге немесе жұмыс ұйымдастырушыға хабардар ету керек.

Жазымды тергеуде 24 сағаттың ішінде мекеме басшысымен комиссия құрылады. Оның құрамына: мекеме басшысы немесе оның орынбасары, қызметкерлер атқарушы органының өкілі немесе жарақаттанушының сенімді адамы.

Ауыр жарақат алған немесе екі және одан да көп жұмысшылардың өліміне алып келген топтық жазымдарға арнайы тергеу жасалынады. Еңбек бойынша территориялық атқарушы мемлекеттік орган құрған комиссия он күннің ішінде тергеу жұмыстарын жүргізеді. Ол комиссияның құрамына төмендегілер кіреді: төраға - мемлекеттік еңбек инспекторы, мүшелері –жұмыс беруші, қызметкерлер атқарушы органының өкілі немесе жарақаттанушының сенімді адамы.

Өндіріске байланысты жұмысшының еңбек ету қабілетін жоятын әрбір жазым бір күннің ішінде Н-1 түріндегі акты толтырылады.

3-4-5 Өндіріс бөлмелеріндегі микроклимат, микроклимат параметрлерінің адам организіміндегі жылу алмасуына әсет етуі. Жұмыс істеу жағдайының сипатына микроклимат үлкен әсер етеді, оның параметрлері температура, салыстырмалы ылғалдылық және ауаның қозғалу жылдамдықтары болып табылады.

Микроклиматтардың параметрлерін өзгерткенде және әр түрлі ауыр жұмыстарды орындағанда адам ағзасының тұрақты температураны (36,6°) ұстау қабілеті жылуреттегіш деп аталады.

Адам ағзасының жылу шығаруы негізінде үш жолмен орындалады: конвекция, сәуле шығару және тердің шығуы.

Өндірістік ортаға әсер ететін факторлар қауіпті және зиянды болып бөлінеді.

Қауіпті фактор – жұмысшыны жарақатқа әкелетін әсер. Зиянды өндірістік фактордың әсері адамды ауруға ұшыратады.

Барлық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар келесі топтарға бөлінеді: физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық.

Өндірістік орындарының микроклиматы – бұл бөлменің ішкі ортасындағы климат, олар: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауаның қозғалу жылдамдығы, жылулық сәуле шығарудың қарқындылығы.

Табиғи желдету: инфильтрация (ұйымдастырылмаған ауа алмасу), аэрация (ұйымдасқан, алдын – ала есептелген ауа алмасу). Артықшылығы – үнемділігі, кемшілігі – қоршаған ортадағы зиянды заттар өзінің физика-химиялық құрамын өзгертпестен бөлменің ішіне енеді.

Жасанды желдету – артық жылуды, зиянды заттарды және артық ылғалды жою үшін қолданылады:

а) Зиянды заттарды жою үшін: L УД=W/ (СУД-CПРИТ)*g, [м3/сағ],

мұнда W – уақыт бірлігіндегі зиянды заттарды бөлу қарқындығы (мг/сағ); См, Сприт – ауадағы зиянды заттардың концентрациясы, См = ШРК, Сприт=0 концентрациясы мг/ м3 – мен өлшенеді; g – жұмыс аумағының ауасына зиянды заттардың түсуінің біртексіздік коэффициенті. Сондықтан ауа мөлшері вентиляциялық ойық ауданымен есептеледі: F=Cм /3600v, (м2), газоходтағы ауаның жылдамдығы v =0,5 – 3 м/с ;

б) жылу қалдықтарын жою үшін L= Qизб/cg(tУХ-tПРИТ), (м3/час), Qизб =QПОСТ-QУХ, (Дж*м3/с), с және g жылу сыйымдылық және ауа тығыздығы, tух , tприт – ауа температурасы, tУХ = tРЗ+Dt*(H-2); tРЗ – жұмыс аймағының температурасы; ∆t – температуралық ингридиент, температураның бөлме биіктігінен өзгеруін көрсетеді (0,5 – 1,5°С), Н – бөлме биіктігі,м. Нақты ауаның температурасы ыстық немесе суық мерзімдерде алынады: tприт - суық мерзім үшін – қаңтар, ыстық период үшін – шілде айлары. Ауа еселігі k= c/v, [1/сағ], с – ауа көлемі, V – аудан көлемі. k>3 кезінде жергілікті желдету жүйесі, ал, k<3 кезінде – жалпы алмасу желдету жүйесі ұсынылады. Таза аудандар үшін L= n*w0, мұнда n – жұмысшылар

6 Өндірістік вентиляція, классификациясы, қолдануы. Өндірістік орындарының микроклиматы – бұл бөлменің ішкі ортасындағы климат, олар: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауаның қозғалу жылдамдығы, жылулық сәуле шығарудың қарқындылығы.

Табиғи желдету: инфильтрация (ұйымдастырылмаған ауа алмасу), аэрация (ұйымдасқан, алдын – ала есептелген ауа алмасу). Артықшылығы – үнемділігі, кемшілігі – қоршаған ортадағы зиянды заттар өзінің физика-химиялық құрамын өзгертпестен бөлменің ішіне енеді.

Жасанды желдету – артық жылуды, зиянды заттарды және артық ылғалды жою үшін қолданылады:

а) Зиянды заттарды жою үшін: L УД=W/ (СУД-CПРИТ)*g, [м3/сағ],

мұнда W – уақыт бірлігіндегі зиянды заттарды бөлу қарқындығы (мг/сағ); См, Сприт – ауадағы зиянды заттардың концентрациясы, См = ШРК, Сприт=0 концентрациясы мг/ м3 – мен өлшенеді; g – жұмыс аумағының ауасына зиянды заттардың түсуінің біртексіздік коэффициенті. Сондықтан ауа мөлшері вентиляциялық ойық ауданымен есептеледі: F=Cм /3600v, (м2), газоходтағы ауаның жылдамдығы v =0,5 – 3 м/с ;

б) жылу қалдықтарын жою үшін L= Qизб/cg(tУХ-tПРИТ), (м3/час), Qизб =QПОСТ-QУХ, (Дж*м3/с), с және g жылу сыйымдылық және ауа тығыздығы, tух , tприт – ауа температурасы, tУХ = tРЗ+Dt*(H-2); tРЗ – жұмыс аймағының температурасы; ∆t – температуралық ингридиент, температураның бөлме биіктігінен өзгеруін көрсетеді (0,5 – 1,5°С), Н – бөлме биіктігі,м. Нақты ауаның температурасы ыстық немесе суық мерзімдерде алынады: tприт - суық мерзім үшін – қаңтар, ыстық период үшін – шілде айлары. Ауа еселігі k= c/v, [1/сағ], с – ауа көлемі, V – аудан көлемі. k>3 кезінде жергілікті желдету жүйесі, ал, k<3 кезінде – жалпы алмасу желдету жүйесі ұсынылады. Таза аудандар үшін L= n*w0, мұнда n – жұмысшылар саны, w0– бір жұмысшы үшін қажетті ауа мөлшері (20-30 м/сағ).

7. Кәсіпорындардағы еңбек ету жағдайын талдау.Өндірістік бөлмелердің микроклиматы бұл солардың ішкі ортасындағы метеорологиялық жағдайлары, олар адамға әсер ететін температураның ,ылғалдың,ауа қозғалыс жылдамдығының, сондай ақ технологиялық жабдықтың ,құрылымды қоршайтын бетті және жылулық сәулелену температурасының байланыстарымент анықталады. Микроклиматты сипаттайтын көрсеткіштер:температура,салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы және жылулық сәулеленудің қарқындылығы болып табылады. Микроклиматты жұмысшылардың тұрақты немесе уақытша болатын орындар деңгейінде 2м дейінгі биіктіктегі кеңістікті білдіретін жұмыс аумағында бағалайды. Егер бөлменің көлемі бір жұмысшыға 20м3 кем болса, санитарлық нормаға сәйкес әр жұмысшыға 20м3/сағ және 30м3 /сағ кем емес таза ауа беріліп отыру керек. Зиянды заттар жоқ болған кезде бір жұмысшыға 40м3 астам көлемді бөлмелерге берілетін ауаның саны есептелінбейді. Жұмыстық аумақтың ауасындағы зиянды заттардың құрамын әр түрлі тәсілдер арқылы жүйелі бақыланып отырады.

8. Жұмыс орнының шаңдануы, газдануы,олардың адам организміне әсер етуі.Көптеген өндірістік процестер жұмыс аймағының ауасына әр түрлі түрдегі ластанулар (булар, газдар, қатты және сұйық бөлшектер) мен жылулық сәуле шығарумен жүреді (биіктігі бойынша еден деңгейінен 2 м кеңістік немесе жұмысшылардың тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін орындары бар алаңдар). Адам ағзасына тигізетін әсері бойынша барлық қауіпті заттар 4 топқа бөлінеді: төтенше қауіпті (сынап буы, қорғасын буы, фосген); жоғарғы қауіпті (қалайы буы, йод буы, бензол); орташа қауіпті (күкірт оксидтері, қышқылдар буы); қауіптігі аз (аммиак қосылыстары және көміртегі оксидтері).Жұмыс орындарындағы шаң дезинтеграция (бұзу) және кондексация (жұмыс аймағына жоғарғы температуралық процестерде пайда болған будың түзуі) процестерінің әсерінен тууы мүмкін.Шаңның әсері үш түрлі кәсіптік аурулардың тууына әкеп соғады: а) өкпе аурулары – пневмоканиоз; б) дерматит – тері аурулары; в) конъюктивит – көз қабықшасының зақымдануы.Шаң ауруларын профилактикалау шаралары: а) шаңның пайда болуымен күрес; б) шаң сүзгіш құрылғылары; в) биологиялық профилактика (ультракүлгін шағылысу); г) жеке қорғаныс тәсілі (респиратор, арнайы киім, шаңға қарсы көзілдірік).

Зиянды заттар адам ағзасына тигізетін әсерлер сипаты бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

- уландырғыш, ағзаның барлық қызметінің өзгеруін тудыратын сынап, бензол, мышьяк және оның қоспалары, қорғасын);- тұншықтыратын, дем алу жолдары мен өңеш қабықшаларының беттік талшықтарын бұзатын (күкірт газы, хлор, азот тотықтары);- сенсибилиздеуші, аллергендер сияқты әсер етеді (формельдегид, түрлі еріткіштер және нитроқосылыстар негізіндегі сырлар және т.б.);- канцерогенді, қатерлі ісік ауруларын туғызатын (никель және оның қосылыстары, хром тотықтары, азбест және т.б.);- мутагенді, тұқымдық ақпараттардың өзгеруіне әкелетін (қорғасын, марганец, радиоактивті заттар және т.б.).

Кәсіптік ауруларға мысал ретінде ұзақ уақыт шаңмен демалғанда пайда болатын пневмокониозды келтіруге болады. Олардың ішіндегі ең ауыры силикоз, адамға құрамында кремний сульфиді бар шаңның әсерінен пайда болады. Бұл ауру литий өндірісінде, құмды құрылымдық өңдегенде және т.б. орындарда кең орын алады. Жұмыс істеу жағдайының сипатына микроклимат үлкен әсер етеді, оның параметрлері температура, салыстырмалы ылғалдылық және ауаның қозғалу жылдамдықтары болып табылады.

9. Шаңдануды және газдануды анықтау әдістері, жұмыс орнындағы ауа сапасының нормалары. Жұмыс істеу жағдайының сипатына микроклимат үлкен әсер етеді, оның параметрлері температура, салыстырмалы ылғалдылық және ауаның қозғалу жылдамдықтары болып табылады. Микроклиматтардың параметрлерін өзгерткенде және әр түрлі ауыр жұмыстарды орындағанда адам ағзасының тұрақты температураны (36,6°) ұстау қабілеті жылуреттегіш деп аталады.Ауа температурасы көңіл күйге және еңбектің нәтижесіне елеулі әсер етеді. Төмен температура ағзаны суытады және тұмаурату ауруларының ппайда болуына алып әкеледі. Жоғарғы температурада ағза асқын жылиды да терлейді және жұмыс қабілеттілігі төмендейді. Нәтижесінде жұмысшының көңілі жоғалады да,жазатайым оқиғалардың себебі юолуы және өндірістік зақымдануларға әкелуі мүмкін.Ауаның жоғарғы ылғалдылығы өкпедегі және тері бетіндегі ылғалдың шығуын қиындатады, және ағзаның термоайналымын бұзады, соның салдарынан адамның көңіл күйі нашарлайды да жұмыс қабілеттілігі төмендейді. Салыстырмалы ылғалдың төмендеуінде (20% төмен) адамның жоғарғы твнвс жолдарының бітелуі пайда болады. Ауа қозғалысының жылдамдығы жұмыс аумағында микроклиматты құруда маңызды роль ойнайды. Адам ауа қозғалысы 0.15 м/с жылдамдығында сезеді. Сонымен ауа ағымының әрекеті соның температурасынан байланысты. 36 градус кем температурадағы ағын адамды сергітеді, ал 40 градус жоғары температура жайсыз сезінеді.

10. Зиянды газдар мен шаңдардан қорғану шаралары.Зиянды заттардан жұмысшыларды қорғау үшін, егер өндірістік бөлмелердің ауасында зиянды заттардың түсуін толығымен жоюға болмайтын жағдайда, өндірістік бөлмеде ұйымдастырылған және тұрақты ауа алмасуды, жайлы метрологиялық жағдайларды, сондай ақ ауа ортасын құрамының жайлығын құруды қамтамасыз ететін желдетуді пайдаланады. Ауаның ауысуын шақыратын күштен байланысты табиғи және жасанды (механикалық) желдету болады. Табиғи желдетуде ауа алмасуы бөлмедегі ауа температурасынан және сырттағы жылудың режимінен, әрі желдің әсерінен іске асырылады. Ол инфильтрация және аэрация болып бөлінеді. Инфильтрация бөлмедегі саңылаулар немесе ғимараттың құрылымдық тығыздығы арқылы кіретін, сондайақ желдің әсерінен ауаның алмасуын білдіреді. Аэрация терезе,форточкалар , желдеткіш арналар , дефлекторлар арқылы іске асырылады. Табиғи желдету қарапайым және пайдалануда үнемді болады, бірақ оның кемшілігі келетін ауа бөлменің температурасын, ылғалдылығын және сондағы қосымша шаңдардың құрамын өзгертпейді. Механикалық желдетуде ауаның алмасуы ауа арнасы жүйесі арқылы желдеткіштің көмегімен іске асырылады. Қызыметінің қағидасы бойынша ол кірме ағындық желдету,сыртқа тарта желдету, кірме ағындық сыртқа тарта желдету болуы мүмкін.Қолайсыз микроклимат болған жағдайда жеке қорғаныс құралы ретінде өндірістік киімдер халат, комбинизон,резеңкелі алжапқыштар,шалбарды қолданады. Қолды улы заттардың майдың, судың тері арқылы өтуіне кедергі жасайтын крем немесе пастаның көмегімен қорғайды. Тыныс органдарын қорғау үшін сүзгілейтін және оқшаулайтын аспаптар респираторлар, сондайақ ауаны тазартатын шлангті протвогаздарды пайдаланады.

11. Өндірістік жарықтандыру түрлері, оған қойылатын талаптар, нормалары.Өндірісте жарықтандырудың 2 түрін қолданамыз - табиғи және жасанды. Табиғи жарықтандыру жалпы адамға оң әсерін тигізеді (көзге, адам ағзасына, психикалық жағынан да), барлық орындарда табиғи жарықтандыру болу керек, тек өндіріске тех-қ зияны болса қолданылмайды. Табиғи жарықтандыру жеткіліксіз н/е болмағанда ғана жасанды жарықтандыру қолданылады.

Өндірісті жарықтануға қойылатын негізгі жарық техникалық талаптар:

а) жұмыс орындарын жарықтандыру денгейі орындалатын жұмыстың сипатына сәйкес болуы қажет;

б) уақыт бойынша тұрақты және бір қалыпты жарықтануы;

в) қатты жылтырау мен айқындылықтың жоқ болуы;

г) жұмыс орындарында диффузиялық - жарық ағыны болуы керек (яғни көлеңкесіз жарықтандыру).

Өндірістік жарық СНиП- II-4-79 бойынша нормаланады, мұнда табиғи жарық КЕО (табиғи жарықтандыру коэффициенті) бойынша нормаланады.

, %.

Қазақстан үшін (IV жарық белдеуі ) еIV=eIII×m×c, мұндағы с, m -табиғи жарықтанудың түрін және климаттық зонаны ескеретін коэффициенттер. ТЖК (КЕО) көру жұмыс разряды мен жарықтану жүйесіне байланысты анықталады.

12. Жасанды жарықтану жүйесі, нормалары.Табиғи жарықтандыру жеткіліксіз н/е болмағанда ғана жасанды жарықтандыру қолданылады. Жасанды жарықтандыру жарық көздері арқылы жасалады, олар екі топқа бөлінеді: қыздыру шамдары, газ разрядты шамдар.

Қыздыру шамдары - пайдалануы қарапайым, арзан өндіріледі, пульсация коэффициенті көп емес (3-ке дейін), кең аралықты температура және қысымда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Кемшілігі-ПӘК-і өте кіші (7%), жарық беруі төмен (25 лм/Вт-қа дейін), аз мерзімде қызмет етеді (2000 сағ), спектральді құрамы тиімді емес, жарықтандыруы бір қалыпты емес.

Газ разрядты шамдар - екі типті болады: төмен қысымды (түскі жарық), жоғары қысымды (ДРЛ, ДРН). Артықшылығы - үлкен мерзімде қызмет етеді (13 мың сағат), жарық беруі жоғары (25 125 лм/Вт), жарықтандыруы бір қалыпты, спектральды құрамы тиімді болады. Кемшілігі: қымбат, қоршаған ортаның ластауы.

Сонымен бірге, жасанды жарықтандыруды қамтамасыз етуге қосымша қойылатын талаптар: табиғи жарыққа жақын тиімді спектральді құрылым; жүйе зиянды факторлардың пайда болуын болдырмауы керек; электр және өрт қауіпсіздігін сақтау.

Жасанды жарықтандыру жұмыс разрядына байланысты жарықтылықпен (Е), жарықтандыру жүйесі және жарық көздерінің түріне байланысты СНиП II – 4 – 79 бойынша нормаланады.

13. Жасанды жарықтануды есептеудің әдістері.Табиғи жарықтандыру жеткіліксіз н/е болмағанда ғана жасанды жарықтандыру қолданылады. Жасанды жарықтандыру жарық көздері арқылы жасалады. Жарықтандыру жабдықтарын орнатқанда мына негізгі сұрақтарды шешу қажет: жарықтандыру жүйесінің таңдап ж/е жарық көзінің түрін таңдау; жарықтандыру нормасын анықтау; шам түрін анқтау; шамдарды орналастыру; керекті нүктелердегі жарықтандыруды есептеу; лампалар мен шамдардың қуатын анықтау.

Жасанды жарықтандыруды жарық ағынының пайдалану коэффициенті әдісімен (жалпы жарықтану), нүктелік (аралас) және меншікті қуат әдісі арқылы есептеледі.

Пайдалану коэффициенті әдісімен- η коэффициентінің мәнін анықтауға негізделген, ол жарық ағынының жарықтандырғыш құралдың толық ағын қатынасына тең.

Нүктелік (аралас) әдісі – шеңберлі - симметриялық нүктелі сәулелендіргіште әр светильниктегі лампаның жарық ағыны 1000 лм тең. Бұндай жарықтандыруды шартты д.а. Шартты жарықтандырудың мөлшері светильниктің жарық таралуынан ж/е гоем-қ өлшемдерге тәуелді: нүктеден жарықтандырғыш светильниктің проекциясына дейінгі арақашықтығы ( α ) және светильниктің орналасу ( h ).

Меншікті қуат әдісі-светильниктің түріне ж/е орналасуына, іліну биіктігіне, жарықтандыруына бөлменің көлеміне бай-ты меншікті қуат мәні анқталады. Меншікті қуат- лампаның орнатылған қуатының жарықтандырылатын аудан көлеміне қатынасы (Вт/м2).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]