- •Психофизиологиялық факторлардың еңбек қорғаудағы рөлі.
- •Еңбектің ауырлығы және қызулығы.
- •Қажығандық (утомление), оның формалары және онымен күресу жолдары.
- •Еңбек режимі және тынығу.
- •Адамның антропометриялық (один из основных методов исследования в антропологии, заключающиеся в различных измерениях человеческого тела) сипаттамалары.
- •Талдушылардың түрлері, олардың жалпы және жеке сипаттамалары.
- •Еңбектің псикологиялық сипаттамалары және адамның психологиялық үилесімділігі.
- •Жеке тұлғаның және ұжымның психологиясы.
- •Психофизиологиялық факторлардың еңбек қорғаудағы рөлі.
- •Еңбектің ауырлығы және қызулығы.
- •Қажығандық (утомление), оның формалары және онымен күресу жолдары.
- •Еңбек режимі және тынығу.
- •Адамның антропометриялық (один из основных методов исследования в антропологии, заключающиеся в различных измерениях человеческого тела) сипаттамалары.
- •Талдушылардың түрлері, олардың жалпы және жеке сипаттамалары.
- •Еңбектің псикологиялық сипаттамалары және адамның психологиялық үилесімділігі.
- •Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдайлар:
- •Ведомстволы қатыстығы бойынша жағдайлар:
- •3) Аумақтылық бойынша төтенше жағдайлар:
Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдайлар:
а) табиғи; б) техногендiк; в) жанжалды болып бөлiнедi.
Табиғи төтенше жағдайлар
геофизикалық қауiптi құбылыстар (жерсiлкiнiс,вулкан);
геологиялық қауiптi құбылыстар (көшкiндер,сел, сырғыма, тастың құлауы);
метеорлогиялық және агрометеорологиялық қауiптi құбылыстар (дауыл, құйын, құрғақтық, аяз және т.б.);
теңiздегi гидрологиялық қаiптi құбылыстар (теңiз деңгейiнiң қаттықұбылуы, мұздар арыны және т.б.);
гидрологияылық қауiптi құбылыстар (су басу, тасқындар, грунт сулар деңгеiнiң көтерiлуi);
табиғи өрттер (ормандық, далалық, шымтезектiк);
адамдардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпидемиялар);
ауылшаруашылық малдардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпизоотиялар);
ауылшаруашылық өсiмдiктердiң ауруға және зиянкестерге шалдығу (эпифитотиялар) жатады.
Техногендi төтенше жағдайлар
өндiрiстiк;
транспорттық авариялар (темiр жол поездар, теңiз және өзен қайықтарапаттары, әуе апаттары, автомабильдi авариялар, магистральдi өткiзу құбырларындағы авариялар);
өрттер (жарылыстар);
ҚӘУЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;
РЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;
БҚЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;
ғимараттардың кенеттен құлауы;
электро-энергиялық жүйелердегi авариялар;
коммуналдық тiрлiктi қамтамасыздандыру желiлердегi авариялар;
тазартқыш құрылыстарындағы авариялар;
гидродинамикалық авариялар (плотиналардың, бөгеттердiң бұзылуы)жатады.
Жанжалды төтенше жағдайлар
қарулы шабуыл;
кейбiр аймақтардағы толқулар;
соғыс уақытындағы әскери әрекеттерде қазiргi зақымдау тәсiлдердi қолдану жатады.
Ведомстволы қатыстығы бойынша жағдайлар:
құрылыста;
өндiрiсте;
халыққа үй-жайлылық және комуналды-тұрмыстық қызметкөрсету саласында;
көлiкте;
ауылшаруашылықта;
орман шаруашылығында;
көлiктiк байланысты (газөткiзгiштер, мұнай өткiзгiштер).
3) Аумақтылық бойынша төтенше жағдайлар:
- Обьектiлiк(зардаптардың таралуы қондырғыда цехта обьектiде
шектеледi).
Жергiлiктi (итаралуы елдi мекендерде,аймақта, обылыста шектеледi .
Аймақтың (итаралуы бiрнеше обылысқа шектеледi).Кең ауқымды(зардаптардың Қазақстан республикасының және шектес мемлекеттер аумағына таралады). Қазақстан Республикасына табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың, вулкандардың қопарылуынан, циналшдан, тайфуннан және табиғи шымтезектiк өрттерден басқа барлық түрлерi тән.
ПҚазіргі нормативтерге сәйкес ауадағы, шекті рұқсат етілген негізгі АХОВ тізімдерінің концентрациясы 1-кестеде келтірілген.
1-кесте
№№ р. н. |
АХОВ атаулары |
Ауадағы ШРК, мг/м3, |
||
Жұмыс аймағы |
тұрғын пункттерде |
|||
Бір реттік |
Тәуліктік |
|||
1 |
Азот қышқылы (конц.) |
5,0 |
0,4 |
0,15 |
2 |
Аммиак |
20 |
0,2 |
0,04 |
3 |
Ацетонитрил |
10,0 |
- |
0,002 |
4 |
Ацетонциангидрин |
0,9 |
- |
0,001 |
5 |
Хлорлы сутек |
0,05 |
0,2 |
0,01 |
6 |
Фторлы сутек |
0,05 |
0,02 |
0,005 |
7 |
Цианисті сутек |
0,3 |
- |
0,01 |
8 |
Диметиламин |
1,0 |
- |
- |
9 |
Метиламин |
1,0 |
- |
- |
10 |
Бромды метил |
1,0 |
- |
- |
11 |
Хлорлы метил |
5,0 |
- |
- |
12 |
Нитрилоакрил |
0,5 |
- |
0,03 |
13 |
Этилен оксиді |
1,0 |
0,3 |
0,3 |
14 |
Күкіртті ангидрид |
10,0 |
0,5 |
0,05 |
15 |
Күкірт сутек |
10,0 |
0,008 |
0,008 |
16 |
Күкіртті көміртегі |
1,0 |
0,03 |
0,005 |
17 |
Тұз қышқылы (конц.) |
5,0 |
0,2 |
0,2 |
18 |
Формальдегид |
0,5 |
0,035 |
0,003 |
19 |
Фосген |
0.5 |
- |
- |
20 |
Хлор |
1,0 |
0,1 |
0.03 |
21 |
Хлорпикрин |
2,0 |
0,007 |
0,007 |
Табиғат апаттарын, өндiрiстiк апаттарды зiлзалаларды талдау.
Зiлзала- соның салдарынан табиғи сипаттағ төтенше жағдай туындайтын апат.
Зiлзаланың қысқыша сипаттамасы.
Зiлзал- бұл кенеттен пайда болатын халықтың айтарлықтай бөлiгiнiң қалыпты тiрлiгiн күрт бұзатын, материалдық құндылықтарының үлкен шығынын алып келетiн, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттарды өлiм-жетiмге ұшырататын табиғат құбылысы.
Әрбiр зiлзаланың өзiне тән физикалық қасиетi, пайда болу себебi, қозғаушы күшi, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзiндiк ықпал ету ерекшелiгi бар.
Зiлзаланың пайда болу себебi мен сипаттамасын бiлу дер кезiнде шаралар қабылдауға, олардың кейбiреуiнiң қиратқыш күшiн азайтуға мүмкiндiк бередi.
ҚР аймағында мынандай зiлзалалар болуы мүмкiн: жер сiлкiнiсi, сел, қар көшкiнi, сырғыма, дауыл су тасқыны, буырқасын, өрт.
Каспий теңiзi деңгейiнiң өзгеруiне, Арал теңiзiнiң құруына, Балхаш өзенiнiң таяздануына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.
Жер сiлкiнiсi
Жер сiлкiнiсi кенеттен пайда болады және қасқағым сәтте өтедi.
Жер сiлкiнiсi- бұл жер қыртысында немесе мантияның үстiнгi бөлiгiнде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесiнде пайда болған және елеулi ауытқу түрiнде үлкен қашықтыққа таралатын жер дүмпуi мен жер астының қозғалысы.
Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сiлкiнiсi өте жойқын болып келедi.
Жер сiлкiнiсiнiң барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпiрлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инжинерлiк ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесi қирайды, байланыс бұзылады, қар көшкiнi, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарды үрей билейдi. Су асты және су жағалауындағы жер сiлкiнiсi кезiнде теңiз түбiнiң қозғалыс нәтижесiнде теңiздiң гравитайиялық толқындарынан-цунами пайда болып, құрлықта үлкен бүлiнушiлiк жасайды.
Жер сiлкiнiсiнiң жойқын күшi оның әсерiнен болатын алаптар көпшiлiкке мәлiм. Өйткенi Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сiлкiну қауiпi бар. Бұл аумақта 6 миллионнан астам халық тұрады, 27 қала, 400-ден астам елдi мекендер бар. Елiмiздiң 40 %-ке жуық өндiрiстiк потенциялы осы аймақта шоғырланған.
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмоқауiп аймақта орналасқан.
Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай кезiндегi халықтың тiршiлiгiн қамтамассыз етудегi орны мен мiндеттерi
ҚР Азаматтық қорғанысы халықты экономиканы, республика аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларын, сондай-ақ зiлзаладан, iрi авария мен апаттан қорғау мақсатында жалпы мемлекеттiк шараларын құрамдас бөлiгi болып табылады.
Азаматтық қорғаныстың рөлi мен орнын елдiң геосаяси жағдайы, шектес мемлекеттермен және алып державалармен саяси қарым қатынасының даму деңгейi, әскери iс саласындағы мемлекет саясат анықтайды.
Азаматтық қорғанысқа төтенше жағдайда халықтың тiршiлiгiн ұйымдастыру үшiн бiрiншi кезектегi мiндет жүктеледi.
Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдайда халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз етудегi негiзгi мiндеттерi Азаматтық қорғаныс туралы ҚР заңында анықталған.
Азаматтық қорғаныс шараларын барлық мемлекеттiк органдар, қоғамдық ұйымдар, кәсiпорындар, мекемелер, меншiктiң барлық нысандағы объектiлер орындауға мiндеттi. Оған барлық халық, оның iшiнде оқушылар мен студенттер белсене қатысады.
Шаруашылық объектiсi азаматтық қорғанысының ұйымдық құрлымы
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруда жүйеде негiзгi буын болып табылатын шаруашылық объектiлерi маңызды орын алады. Шаруашылық объектiлерiнде барлық АҚ барлық шараларының негiзi қаланады, мұнда соғыс уақытында жұмысшылар мен қызметшiлердi қорғау, объектiлер жұмысының тұрақтылығын қамтамасыздандыру, құтқару және өзгеде шұғыл жұмыстарды жүргiзуге күштердi даярлау жөнiндегi негiзгi кешендi шаралар жүргiзiледi.
АҚ шараларын өткiзу жөнiндегi оның бұрықтары мен өкiмдерi барлық лауазымды тұлғалар үшiн мiндеттi.
Шаруашылық объектiлерiнде АҚ мен ТЖ хабарлау және байланыс, авариялық-техникалық, инжинерлiк, медициналық, өрттен қорғау, қоғамдық тәртiп сақтау және басқа қызметтерi құрылуы мүмкiн. Ауылшаруашылығы өндiрiсi объектiлерiнде бұлардан басқа ауылшаруашылығы хайуанаттары мен өсiмдiктерiн қорғау қызметi құрылады. Қызметтердiң мақсаты – құтқару және өзгеде шұғыл шұғыл жұмыстарды жүргiзу үшiн қажеттi күш пен құралдарды даярлау және осы күштердiң аталған жұмысты орындауына басшылық ету.
АҚ құрамаларын, оның мақсаты мен құрылу тәртiбi
АҚ құрамалары соғыс және бебiт уақыттағы төтенше жағдай кезiндегi авариялық құтқару және өзгеде шұғыл жұмыстарды жүргiзу үшiн құрылған.
АҚ құрамалары ұйымдарда, аудандарда, қалаларда, облыстарда аумақтық және объектiлiк болып бөлiнедi.
Объектiлiк құрамалар тұрғылықты жерi бойынша меншiктiң санына қарамастан ұйымдарда құрылады да әдеттегiдей олардың мүддесiне пайдаланылады. Жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмi бойынша объектiлiк құрамалар тиiстi аумақтық мүддесiне орай мiндеттi орындау үшiн тартылуы мүмкiн.
АҚ құрамаларының құрамы мен саны соғыс және бейбiт уақытындағы төтенше жағдайда халықты, аумақ пен ұйымды сенiмдi қорғауды қамтамасыз ететiн жеткiлiктi қажеттiлiктi ескере отыра алдағы авариялық құтқару жұмыстарының көлемi мен болжамдар нагiзiнде анықталады.
АҚ құрамалары құрылатын ұйымдардың басшылары кәсiби даярлық қазiргi техникамен, қондырғымен, жарақпен басқа құралдармен жабдықтау және оларды iс әрекетке даярлықты ұстау үшiн жек жауап бередi.
АҚ құрамаларының негiзгi түрлерi:
құтқару құрамалары - барлау, iздестiру және зардап шеккендердi үйiндiлерден шығару алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету үшiн құрылады ждәне құрама құтқару отрядынан құтқару командасынан немесе адамдарды iздестiру тобынан тұрады;
инженерлiк құреамалар – инженерлiк барлауды жүргiзу, үйiндiлерде жол өткел жасау, оның iшiнде iс кедергiлерi арқылы өтетiн аспа жол жасау, үйiндi астында ғимараттарды ашу, бүлiншiлiк ауданында өзге инженерлiк жұмыстарды жүргiзу үшiн құрылады және инженерлiк, жол-көпiр командасынан, қопару жұмыстары тобынан, инженерлiк барлау тобынан тұрады. Инженерлiк құрамалар жұмысты жеке орындауды қамтамасыз ететiн техникамен және қондырғымен жабдықталады.
АҚ және ТЖ қызметтерiнiң құрамалары – халықтың тiршiлiгiн қамсыздандыру, авариялық-құтқару және шұғыл қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу, құтқару құрамаларын күшейту мен олардың iс-әрекеттерiн жан-жақты қамсыздандыру үшiн құрылады және медициналық байланыс, қоғамдық тәртiп сақтау, өрттен қорғау авариялық-техникалық, материялдық қамсыздандыру, көлiк, өсiмдiктер мен хайуанаттарды қорғау болып бөлiнедi.
Облыстық және қалалық жедел – құтқару отряды iздестiру-құтқару жұмыстарын жургiзу және зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшiн құрылады. Олар даярлығы жоғары құрама болып табылады, тиiстi АҚ бастықтарының шешiмiмен құрылады және жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталады.
АҚ құрамларына 1,2,3 топтағы мүгедектерден жүктi әиелдерден, 8 жасқа дейнгi баласы бар әйелдерден соғыс кезндегi жұмылдеруға белгiлнгендерден өзге еңбекке жаралды ерлермен әйелдер алынады.
Бейбiт уақыттағы ТЖ зардаптарын жою үшiн АҚ-ның бар құрамалары мен штаттың мамандырылған құрамалар санынан тұрақты әзiрлiктегi облыстық, қалалық және аудандық жедел iс қимыл отрядтары құрылады. Олар аумақтық АҚ құрамаларын сипатына жатады.
1-дәріс «Еңбекті қорғау» курсының пәні мен шарты
2-дәріс «Еңбекті қорғаудың» нормативті –құқықтық және ұйымдық негіздері.
3-дәріс Өндірістік жарақат. Сәтсіз оқиғаларды тізімдеу және тексеру.
4-дәріс Өндірістік санитария және еңбек гигенасы.
5-дәріс Электр қауіпсіздігі.
6-дәріс Өрт қауіпсіздігі.
7-дәріс Машиналар мен жабдықтарға қойылатын, қауіпсіздік талаптары және ТЖ жағдайлардағы жұмысты жүргізу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі. (өндірістік қауіпсіздік).
