Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ENBEK.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
982.13 Кб
Скачать

1-дәрістің тақырыбы:

«Еңбекті қорғау» курсының пәні мен шарты

Дәрістің конспектісі: Еңбекті қорғау- еңбек үдірісіндегі адамның жұмыс қабілеттілігін және адам денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін заң шығарушылық және құқықтық актілер және оған сәйкес әлеуметтік құқықтық, техникалық, санитарлы –гигеналық, ұйымдық, өртке қарсы, электр қауіпсіздігі мен емдеу профилактикалық құралдарының жиыны.

Осыған орай «Еңбекті қорғау курсы» бөлімшелерден тұрады: «Еңбекті қорғаудың» құқықтық және ұйымдық сұрақтары; Өндірістік санитария және еңбек гигенасы; Қауіпсіздік техникасы негіздері; Өрт жарылыс қауіпсіздігі.

«Еңбекті қорғау» пәні өндірістік қауіптіліктерді және кәсіби зияндылықтарды зерттеп табатын, олардың алдын –алу немесе бақытсыз жағдайларды, кәсіби ауруларды, аварияларды және өрттерді жоя мақсатында әдістер жасайды.

Еңбекті қорғау алғаш рет СССР-да әлеуметтік- құқықтық, техникалық және медицина ғылымдары негізінде, ғылыми пән ретінде пайда болды. Оның зерттейтін басты объектілері, адам және еңбек үдірісі, өндірістік орта, өндірістік қондырғылармен адамның байланысы, еңбек пен өндірісті ұйымдастыру, технологиялық үдірістер болады.

Курсың методологиялық негізі- авариялық жағдайдың пайда болу мүмкіндігі, қауіпті факторлардың пайда болуы, өндірістік зиянды заттардың бөлінуіне байланысты, қондырғыларды және аппаратураларды, технологиялық үдірістерді, еңбек шартын ғылыми түрде талдау. Осындай талдаулар негізінде, өндірістің қауіпті учаскелер, мүмкін авария салдары анықталады және оларды ескерту мен салдарын шектеу бойынша шаралар жасалынады.

Түгелдей қауіпсіз және қауіпті өндірістер болмайды. Еңбекті қорғаудың шарты – максималды еңбек өнімділігінде, бір уақытта жайлы жағдайды қамтамасыз ете отырып, жұмысшының ауруы мен бақытсыз жағдайлардың мүмкіндігінің ең төменгі шамасына келтіру.

«Еңбекті қорғау» пәнін оқу үдірісінде студент келесі негізгі мәліметтерді меңгеруі керек:

  • «Еңбекті қорғау» саласындағы жобалы және басқару шарттары, өндірісітік шешімдері үшін қажетті құқықтық – нормативтік актілерді білу;

  • технологиялық және қосымша қондырғылардың, тораптар мен коммуникациялардың қауіптіліктерін білу, сонымен бірге нормативті режимдердің мүмкін салдары мен олардың функционирлеуді білу;

  • технологиялық үдірістердің, шикі заттың, аралық және соңғы өнімдердің зияндылығын, олардың адамға әсерін білу;

  • зияндылық пен қауіптілікті табу әдісінбілу және қауіпсіз және зиянсыз еңбек жағдайын құру;

  • еңбек қауіпсіздігімен басқару принципін білу;

  • техникалық қауіпсіздікпен басқару принципін білу.

Қауіпті өндірісітік факторлар- жарақатқа немесе басқа кенеттен денсаулығының нашарлауына алып келетін, белгілі жағдайлардағы, жұмысшыға әсер ететін факторлар.

Зиянды өндірістік факторлар- ауруға немесе жұмысқабілеттілігін төмендетуге алып келетін, белгілі жағдайдағы жұмысшыға әсер ететін фактор.

Техника қауіпсіздігі- жұмысшыға, қауіпті өндірістік факторлардыңәсерін жоятын, техникалық құралдар және ұйымдық шаралар жүйесі.

Өндірістік санитария –жұмысшыға әсер ететін зиянды өндірістік факторлардың әсерін азайтатын немесе жоятын техникалық құралдар мен ұйымдық шаралар жүйесі.

Өндірістегі сәтсіз оқиғалар- жұмысты орындау кезінде немесе басшының тапсырмасын орындауы кезінде, қауіпті өндірістік факторлардың жұмысшыға әсер ету жағдайы.

Жарақат (грек тілінен аударғанда – жара дегенді білдіреді)- сыртқы ортаның факторларынан болған, адам мүшелері мен ткандарының, олардың тұтастығы мен функциясының бұзылуы мен зақымдалуы.

Еңбек қауіпсіздігі – қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жұмысшыға әсер етпейтін, еңбек шартының жағдайы.

Өндірістік қондырғылар мен үдірістердің қауіпсіздігі- нормативті – техникалық құжаттармен белгіленген, еңбек қауіпсіздігі жағдайындағы талаптармен сәйкес, өндірісітік қондырғылар мен үдірістерді сақтау қасиеті.

Қауіпті аймақ – зиянды және қауіпті өндірісітік факторлардың жұмысшыға әсер ету мүмкіндігі бар кеңістік.

Жеке және ұйымдық қорғаныс құралдары, бір немесе екі және одан да көп жұмысшыларды қорғауға негізделген (зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін азайту немесе жою).

Кәсіби аурулар- зиянды жұмыс жағдайында жұмысшыға әсер етуінен болады.

Өрт жарылыс қауіпсіздігі - өрт пен жарылысты жою профилактикасына бағытталған, техникалық және ұйымдық құралдар мен олардың салдарын шектеу жүйесі.

Еңбекті қорғау бойынша заң шығарушылық – қалыпты жұмыс жағдайын қамтамасыз етуге қатысты еңбектік заң заң шығарушылықтың бір бөлігі.

Қауіпсіз қашықтық – жұмысшыныңы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, қажетті қауіптілік көзі мен жұмысшының арасындағы ең төменгі рұқсат етілген қашықтық.

Техника қауіпсіздігінде еңбекті қорғаудың даму тарихы.

Өндірісітің барлық саласында өте қауіптісі мен зияндысы, олар тау –кен метеллургиялық және химиялық өндірістер, бұл өндірісітерде бақытсыз жағдайлар, адам өлімі жиі болады, сондықтан толығымен мұндағы еңбекті қорғаумен айналысу керек.

Біздің эрамызға дейінгі Аристотель (384-322 б.э.д) мен Гиппофарта (460-377 б.э.д) және басқа оқымыстылардың еңбегінде, еңбек жағдайы мен олардың жұмысшының денсаулығы мен жұмыс қабілеттілігіне әсері қарастырылған.

Атақты неміс оқымыстысы, медик, ғасыр жаңартушысы Парайельс (1493-1541ж.ж.) тау жұмыстарымен байланысты қауіптіліктерді зерттейді.

Италияның дәрігері Рамццини (1663-1714 ж.ж.), кәсіби гигиена негізін қалады. «Ресмесленниктер аурулары туралы» кітабында, ол мекемедегі жұмыс профессиясы мен фазадан ремесленниктердің кәсіби ауруын ашты.

Атақты орыс оқымыстысы, ақын, суретші, философ Ломоносов М.В. (1211-1765 ж.ж.), алғаш рет, ауа қозғалысының жылдамдығын, найзағай шығарғышты өлшеуге арналған анемометр жасады. Еңбекті қорғау бойынша ұсыныстары мен зерттеу нәтижелерін өзінің жұмыстарында ұсынды:

  • «Металлургияның алғашқы негіздері және кен денесі (1763 ж)» еңбегінде, ол желдету проблемасын, арнайы киімдерді, жеке қорғаныс құралдарын, жұмыс ауысымының ұзақтылығының қиындықтарын зерттеді.

  • «Рудниктердегі ауа қозғалысының ауруы туралы», мұнда рудниктегі желдетумен байланысты проблемалар қатарын құрастырды.

Орыс химигі Менделеев Д.И. (1834-1907 ж.ж.) 1983 жылы алғаш рет «Капитальная» (Макеевка- Донбасс) шахтасындағыгаздар құрамын зерттеді.

Профессор Коцовский Н.Д. 1901 жылы Донбасс шахтасында шаңның шашырауына арнайы зерттеулер жүргізді. Ол көптеген статьялардың авторы, рудниктерді желдету, рудниктегі өрттер, рудниктердегі әртүрлі газдардың жарылыстары. Оның кітабы «Тау –кен жұмыстарын жүргізу ережесі, олардың қауіпсіздігі түрінде.....»- бұл тау –кен жұмыстарындағы техника қауіпсіздігі бойынша бірінші оқу құралы ретінде саналады.

Орыс гигиенисті Хлопин Г.В. (1863-1923 ж.ж.) өзінің «Гигиена негізі» еңбегінде еңбек гигенасының, кәсіби аурулар мен уланулардың алдын алуын және теориялық негіздерді табудың негізін қалады.

Совет оқымыстысы Коршевская В.В. (1882-1953 ж.ж.) «Өндірістік травматизм және денсаулық сақтау орны жағдайындағы олармен күресу» оқулығында травматизм облысында травматизм себептері мен осы құбылыстарды жою мен күресу әдістерін ойлап тапты.

Ленинград политехникалық институтының профессоры Преес А.А. (1854-1903 ж.ж.), (1892-94 ж.ж.), қазіргі уақытта техника инженерлері үшін қажетті оқу құралы болған, үш томдық «Техника қауіпсіздігі бойынша, энциклопедиясы».

Н.Э. Бауман атындағы МВТУ-дың «Еңбекті қорғау» кафедрасының меңгерушісі, қазіргі уақыттада өзінің күшін жоғалтпайтын «Өндірістік травматизм және техника қауіпсіздігі» деген кітабын жазды.

Еңбекті қорғау аймағында, әсіресе тау –кен инженерлерін дайындау кезінде, совет үкіметінің оқымыстылары, академиктері Мельников Н.В., Скочинский А.А., Терпигоров А.М., Шевяков Л.Д., Шемякин Е.И, профессорлары Мустель, Медведев И.И., Ушаков К.З., Бурчаков А.С., Колмаков, Хейфиц С.Я және басқалары үлкен роль ойнайды.

Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ-да еңбекті қорғау бойынша инженерлер дайындау жұмысында., оқымысты тау-кеншілері, ҚазССР ХА академиктері, Попов А.С., Байқоңыров О.М., Сачинов А.С., ҚазССР ХА корреспондент мүшелері, Бричкин А.В., Чулаков П.Ч., Рогов Е.И., ғылым докторлары, Грищенков Н.Ф., Гельфанд Ф.М., Бейсебаев А.М., Баймұхамбетов с.г., Алимбеков А.К және басқа оқымыстылар, инженерлер зор үлес қосты.

2-дәрістің тақырыбы:

«Еңбекті қорғаудың» нормативті –құқықтық және ұйымдық негіздері.

Құқықтық және ұйымдық сұрақтары ҚР конституциясы мен «Еңбекті қорғау» бойынша Қазақстан Республикасының заң шығарушылық актілері негізінде қалыптасады, ҚР заңдарының ішіндегі негізгілері:

  • 28.02.04 жыл «Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік» туралы;

  • 19.05.97 жылы өзгерген ҚР «Денсаулықты қорғау туралы» заңы, 13.01.04 жылы толықтырылған;

  • 10.12.99 жылғы «ҚР еңбек қорғау туралы»;

  • 3.04.02 жылғы «Қауіпті өндірістік объектілердегі, өндірістік қауіпсіздік туралы»;

  • 27.03.97 жылы өзгерген «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы», 21.12.04 жылы толықтырылған,

  • «ҚР Азаматтық кодексі»;

  • «Өрт қауіпсіздігі туралы».

Сонымен қатар «Еңбекті қорғаудың» құқықтық негіздерін, заңдық актілер сияқты әртүрлі юристік күші бар актілерден тұрады:

  • ҚР Президентінің бұйрығы; ҚР Басқармасының бұйрығы; сот шешімдері және абстрактілі сот шешімі, министрліктер мен ведомствалық бекітулер, өзінің компентенциясында шегіндегі орындаушы органдармен орындалған нормативті актілері.

Еңбекті қорғау бойынша осы актілер, негізгі нормативті – құқықтық актілерге жататындары:

  • МЕСТ-тер

  • «Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесінің мемлекеттік стандарттары» (ЕҚСЖС);

  • мемлекеттік санитарлы – эпидеммиологиялық ережелер мен нормалар (санитарлы ережелер, гигеналық нормативтер, санитарлы ержелер мен нормалар, СанЕмН, санитарлы нормалар);

  • құрылыстық нормалар мен ережелер (ҚНмЕ), құрылыс және жобалау бойынша ережелер жиыны;

  • еңбекті қорғау бойынша сала аралық ережелер, «Еңбекті қорғау» бойынша сала аралық типтік нұсқаулама;

  • «Еңбекті қорғау» бойынша салалық ережелер, «Еңбекті қорғау» бойынша типтік нұсқаулама;

  • қауіпсіздік ережесі, қондырғыларды қауіпсіздігін шеттету ережесі, қауіпсіздік бойынша нұсқаулама.

Сала аралық ережелер, СНмЕ-лер және СанЕмН әрбір 5 жылда жаңартылып отырады, ал сонымен бірге ведомствалық нұсқаулар мен ережелер -3 жылда жаңартылып отырады.

Заңдық актілер

Маңызды құқықтық құжаттар, ол 4.07.2001 жылы өзгерген, 3.03.2001 жылғы ҚР Басқарушылары бекіткен «еңбек әрекетімен байланысты, жұмысшылардың денсаулығының зақымдалуы мен сәтсіз жағдайларды ескеру мен зерттеу ережелері». Ережелер ұйымдардағы кез –келген жеке меншіктіктің формасы мен сәтсіз жағдайларды есептеу және зерттеу тәртібін бекітеді, сонымен бірге жеке меншік иелерінде.

Онда сәтсіз жағдайлармен байланысты қабылданған, өндірістегі сәтсіз оқиғаларды зерттеу туралы алғашқы кезекті шаралар жазу түрі және актінің формасы аталып көрсетілген. Ережелерде өндірістік жарақат ретінде көрсетілген жағдайлар топталынған:

1) жұмыс орны тәртібінде, өндіріс құралдары, жеке қорғаныс құралдарын дайындау мен жүргізу кезінде, жұмыс уақытының аяқталуы бойынша немесе басталар алдында.

2) жұмыс ұйымдастырушы немесе жұмыс берушінің тапсырмасымен байланысты, өзінің міндетін немесе жұмысын орындаумен болған орнында немесе іс сапар уақытында және жұмыс орнында, жұмыс уақыты аралығында;

3) өндірістік зиянды және қауіпті әсерлердің нәтижесінже;

4) жұмыс уақытында, жұмысшы зерттеуінің жолы бойынша, жұмыс орнында қызмет ету объектілері арасындағы жылжумен байланысты әрекеттерді, жұмыс берішінің тапсырмасын орындауы бойынша әрекеттерді, жұмыс берушінің тапсырмасын орындауы бойынша;

5) жұмыс берушінің көлігінде;

6) қызметтік жол жүруі үшін пайдалану құқығына жұмыс берушінің жазба түріндегі келісімі бар болған кездег, жеке көлікте;

7) жұмыс берушінің бұйрығы бойынша, өзінің және басқа ұйымның территориясына келген кезеңінде, сонымен бірге жұмыс берушінің жеке меншігін қорғау кезінде;

8) жұмыс орны бойынша немесе іс сапары кезінде жұмысшының қызметтік міндетін орындауы кезінде, оны қасақана өлтіру және оны жарақаттауы.

Өндіріспен байланысты әрбір нақты жағдайды тексеріп комиссия анықтайды. Егер жұмысшыға, жұмыс берушінің қатесінен сәтсіз жағдайдың нәтижесінде денсаулығына зиян келсе, онда Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілері қарастырылған жағдайлар мен тәртіпте, егер жұмысшыға сақтандыру салымы төленбейтін болса, жұмыс берушіні жазалайды.

ҚР 17.03.93 жылы өзгеріп, қосымша 28.06.2002 жылы толықтырылған Министрлер кабинетінің бұйрығымен бекітілген «Еңбек қызметін орындаумен байланысты жұмысшылар мен қызметкерлердің денсаулығының зақымдалуы мен жеке меншігінің барлық шығынын есептеудің ұйымдық ережесіне» сәйкес зиян келтіру мөлшері 12 айда, орташа еңбек ақысы негізінде есептелінеді.

Егер жарақат алған жұмысшы, тұрғындарды әлеуметтік қорғау аймағындағы орталық орындаушы органдардың территориялы бөлімшесінде көмек түрлерін (емдеу, қосымша тамақтану, дәрі –дәрмек алу, медициналық тексеруден өту, санитарлы- курорттық емдеу, зиян шегушінің емделу орнына барып – қайтуына төлем ақысын қоса алғанда), алмаса, ұйым жарақат алған жұмысшыға еңбек ақысына қосымша жәрдем ақы береді және қосымша шығынды төлейді.

Арнайы медициналық және тұрмыстық күтім қажет, зиян шегушіге, шығынды әрбір күтім түріне байланысты бірден кем емес есептік айлық көрсеткішінен бөліп отырады.

Ұйым зиян шеккен жұмысшыға және оның отбасы мүшелеріне және зардап шеккен жұмысшыныңы қаза болуына байланысты шығынын төлеуге, тұрғын ауданның төлемі бойынша жеңілдіктер жасауға, балалар мекемелеріндегі балалардың шығынын төлеуге, жалпы көлік түрлеріндегі жол ақысын төлеуге және басқа да көмек түрлерін көрсетуге міндетті.

15.01.98 жылы ҚР Министрлігініңеңбек пен әлеуметтік қорғанысты енгізу бұйрығымен «Еңбек жағдайы бойынша ұйымның өндірістік объектілерін аттестациядан өткізу туралы жағдаймен» сәйкес, объектіні аттестацидан өткізу мерзімі (3 жылда 1 реттен көп емес) және кезектен тыс қайтадан аттестациядан өткізу, сонымен бірге комиссия мен оның құрамын аттестациядан өткізу және ұымдарды регламенттеу. Еңбек шарты мен объектінің жарақат қауіптілігіне бағаны комиссия береді.

Қауіптілік пен еңбекті қорғау мен бақылаудағы Мемлекеттік басқару мен негізгі жағдайлар

Берілген жағдай ҚР «Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау туралы» заңымен регламенттеледі. Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік облысындағы, бақылау, болжау, мемлекеттік басқару, ҚР Басқару орындарымен, басқарушы органдармен және оның территориясындағы бөлімшелерімен, сонымен бірге бұрынғы басқару органдарымен жүзеге асырылады. Осы заңда «Еңбекті қорғау» аймағындағы құқықтары ұсынылған.

50 адамнан көп жұмысшысы бар, барлық ұйымдарда, жұмыс беруші еңбек пен қауіпсіздік қызметін құруға міндетті және ол өзінің статусы бойынша, негізгі өндірістік қызметтермен теңестіріледі. 50 адамға дейінгі жұмысшы бар ұйымдарда, «Еңбекті қорғау» бойынша міндеттері, жұмыс берушінің бұйрығы бойынша мамандыққа біріктіріліп басқарылады.

Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік бойынша заң шығарушылықты сақтауды бақылау мен қадағалау түрлері келесідей бөлінеді:

  • мемлекеттік; ведомствалық; ұйымдық.

Мемлекеттік бақылау, арнайы мемлекеттік органдардың басқаруымен жүзеге асырылады (ҚР ТЖ Министрлігі, ҚР әлеуметтік қорғанысы мен еңбек Министрлігі; Мемлекеттік энергияны бақылау; Мемтаутех бақылау, Мем жол бақылау).

Министрліктер мен ведомствалар, мекемедегі алынған еңбек туралы заң шығарушылықты ведомствалық бақылаумен жүзеге асырылады.

Еңбекті қорғау мен қауіпсіздіктің жағдайын ұйымдық бақылауды («Еңбек қорғау» бойынша мекеменің басинженері) жұмысшыларп ұйымдарының басқарушылары және оларға сәйкес органдар түріндегі профсоюздар жүзеге асырады.

Қауіпсіз еңбек шартын құруға бағытталған, шараларды орындамаған және техника қауіпсіздігі ережелерін бұзған кезде, ол сәтсәз оқиғаларға ұшырауы мүмкін, сол себептен қауіпсіздік дәрежесіне байланысты заңды бұзуына байланысты заңмен қудаланады. Еңбекті қорғау бойынша заңды бұзуына байланысты, жауапкершіліктің келесі түрлері қарастырылады:

  1. Дициплинарлы

  2. Административті

  3. Материалды

  4. Қылмыстық.

Дисципнарлы жауапкершілікте, ұсыныс айту туралы шешімді жұмыс беруші қабылдайды. Еңбекті қоғау бойынша заңды бұзғанда дисциплинарлы ұсыныстары, ол ескерту сөгіс, қатаң сөгіс және жұмыстан шығару. Жауапты объектілер, бағыныштылар мен жалдамалы жұмыскерлер.

Дисциплинарлы жауапкершіліктен административтінің артықшылығы, ҚР административтік заң шығарушылық кодексімен сәйкес, мұнда басшылар жауапты адамдар және басқада жауапты жұмысшылар түгелдей қатысты. Ұсыныс айту туралы шешімдер, ол әртүрлі мөлшердегі айып төлеуді, Мембақылау органдарының басшылары мен инспекторлары тағайындайды. Материалды жауапкершілік еңбекті қорғау ережелерін бұзу салдарынан мемлекетке және зардап шегушіге материалдық шығын келтірген жағдайда пайда болады.

Еңбек қорғауды басқару жүиесінің психофизиологиялық негіздері.

  1. Психофизиологиялық факторлардың еңбек қорғаудағы рөлі.

Физиология – грек. Physis – табиғат, logos – ғылым, медико-биологиялық ғалым. Ол организімнің тіршілік болмысын, яғни оның ағза, ұлпаларымен клеткаларының тіршілік қызметін түрлі жағдайда зерттейтін, (тәжрибе арқылы зерттелетін) ғылым саласы. Физиология – организм қызметтерінің дамуын, баяулауын және бір түрден екінші түрге өтуі мен бір біріне қатнасын зерттейді.

Психофизиологиялық факторлар олар организімнің психофизиологиялық рецепторлармен қабылданылатын ортаның әсері. Оларға жатады: көру, есту, иіс, дәм, нәзіктік, ыстық, суық, дене қалпын және ауырғанды сезетін ағзалардың рецепторлары.

Психогальваникалық рефлекс – вегетативтік нерв жүйесінің организмдегі ағзалардың рефлекторларының жолы мен қызметінің өзгеру әсерін зерттеуде қолданылады. Мысалы адамның көңіл-күиін (эмоциясын) өзгерту арқылы түрлі ағзалардың қызметін симпатикалық не парасимпатикалық нерв жолымен басқарып өзгертуге болады.

Психофизиологиялық факторлар:

  1. Табигый (Физически) статикалық, динамикалық қозғалу мұшелеріне күштің түсуі (аур жүктерді көтеру тасмалдау, дененің қолайсыз жағдайда болуы, теріге, буынға, бұлшық етке, сүйекке ұзақ қысымның әсері).

  2. Физиологиялық қозғалу белсенділігінің жетіспеуі.

  3. Физиологиялық артық жұмыс салдарынан болатын денедегі факторлар (қан айналуы, тыныс алу, дыбыс шығару органдарында).

  4. Нервтік-психикалых артық жұмыс салдары: ақыл-ойға артық күш жұмсау, эмоционалдық күшеніп артық жұмыс жасау, анализаторлардың мөлшерден тыс жұмысы, еңбектің монтондылығы.

  1. Еңбектің ауырлығы және қызулығы.

Еңбектің ауырлығы – организімнің қозғалу, жүрекке қан тамырларына, тыныс алу және т.б. жүиелерге еңбек жасау процессі кезіндегі түсетін ауырлықтың күштің сипаттамасын айтамыз.

Еңбектің қызулығы дегеніміз еңбек процессі кезіндегі орталық нерв жүиесіне түсетін ауыртпалықпен күшпенен сипатталынатын көрсеткішті айтамыз. Жұмыс жасау үшін жұмылдырылған бұлшық еттерге байланысты табиғый (нагрузканы) жүктемені үш түрге бөлеміз: жалпы – егер дененің барлық еттері қосылса, регионалды – аяқпен қолдың бұлшық еттері жұмыс жасағанда, локалды – қолдың, саусақтың, алақанның көк еттері жұмыс жасау кезі.

Табйғый жұмыс екіге бөлінеді динамикалық және статикалық болып.

Динамикалық жұмыс – жүктің төмен, жоғары горизонталды орын ауыстыру прцессі адамның тікелей әсерімен. Табйғый көзқарас түсінік бойынша істелген жұмыстың саны жүктің массасының көбейтіндісі кеңістіктегі вертикалды горизанталды ара қашықтықтағы орын ауыстыруна байланысты болады. Төмендегі кейптемемен сипатталынады:

P ∙ l P ∙ H1

А=( P∙H+-------+--------)∙K,

9 2

A – Жұмыстың саны, кг/м;

Р – Орын ауыстырған жүктің массасы кг;

H – жүкті көтерудің биіктігі, м;

l – жүктің горизонталды орын ауыстыру қашықтығы, м;

H1жүкті түсірудің қашықтығы, м;

K – коэффициент,тең 6.

Сонымен қатар организм үшін жұмыстың қандай уақыт ішінде орындалатындығы шартты жағдай болғанда “Жұмыстың қуаты” – “Мощность труда” түсінік туындайды.

“Жұмыстың қуаты” – дегеніміз берілген уақыт аралығындағы орындалған жұмыс саны.

A

N =-----------,

t ∙ K1

N – Жұмыстың қуаты, Вт/с;

A – Жұмыстың саны, кг/м;

t – Жұмысқа кеткен уақыт;

K – килограммометрді ватқа ауыстыратын коэффицент тең болады 10;

Статикалық жұмыс – кеңістікте адамның қолының аяғының бұлшық еттерінің күшінсіз заттың кеңістікте орын ауыстыру процесінсіз болатын жұмыс. Бұл жұмыстан жүйке тозып қажиды адам динамикалық жұмысқа қарағанда.

Статикалық жұмыс кезінде оттегін сіңіру

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]