- •Ақша-несиелік реттеудің түсінігі мен әдістерінің жіктелуі.
- •Ақша массасының түсінігі және құрылымы.
- •3.Ақша базасының құрамы және компоненттері.
- •4.Ақша базасы мен акша массасын реттеу.
- •5. Ақша мультипликаторының мағынасы мен маңызы.
- •6. Ақша базасын сегменттеудің негіздері.
- •7.Ақша-несиелік реттеу - мемлекеттің ақша-несие саясатының бір элементі ретінде.
- •8.Ақша агрегаттарының сипаттамасы.
- •Ақша-несиелік реттеудің пәні, мақсаты мен міндеті.
- •10. Ақша базасына ықпал ететін факторлар
- •11.Ақша агрегаттары туралы түсінік, олардың түрлері.
- •12.Ақша несиелік реттеу әдістерінің түсінігі және оларды классификациялау.
- •13.Ақша-несиелік реттеудің объектілері мен субъектілері.
- •14.Артық резервтік ақшалар және оған сипаттама
- •15. Ақша массасының құрамы және құрылымы, оған ықпал ететін факторлар.
- •16. Инфляциялық таргеттеу тәжірибесі.
- •19.Қр ақша массасының құрылымының және құрамының ерекшеліктері.
- •20.Ақша массасын бағалау әдістері
- •21. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің ерекшеліктері.
- •22. Экономиканы ақша-несиелік реттеудің әдістері мен құралдары.
- •23.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің халықаралық валюта-қаржылық ұйымдармен ынтымақтастығы.
- •25.Артық резервтер және оның қалыптасу ерекшеліктері.
- •26.Міндетті резервтік ақша және оны қалыптастыру тәртібі.
- •27. Ақша-несиелік саясатты болжау.
- •29 Мемлекет тарапынан ақшаны ұсынудың жолдары.
- •30Ақша айн-мын реттеу әдіс-гі касса айналымын болжау.
- •31 Банкноттар эмиссиясына сипаттама
- •32.Қазақстандағы ақша базасының құрылымы.
- •33. Инфляцияның экономикалық салдары.
- •34. Ақша белгілерінің резервтік қорлары, олардың мәні.
- •35.Ақша айналымын эмиссиондық –кассалық реттеу.
- •36.Минималды резервтік талаптар және оларды ақша-несиелік реттеу құралы ретінде қолдану.
- •37.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі заң және нормативтік актілерінің ақша-несиелік реттеу жүйесіндегі ролі
- •38.Елдегі инфляциялық таргеттеу тәжірибесі
- •39. Ақша-несие саясаты және оның негізгі бағыттары.
- •41. Ақша-несиелік реттеудегі Орталық банктің ролі.
- •42.Қазақстан банктерінің минималды резервтік талаптарды орындауын талдау
- •46.Қазақстан Республикасының 2013 жылға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттары көрсету
- •47.Инфляцияның әлеуметтік салдарын анықтау
- •48.Қазақстан Республикасындағы эмиссиялық операцияларды ұйымдастыру принциптеріне сипаттама беру
- •50. Қазақстандағы ақша агрегаттарының ерекшеліктері талдау
- •51. Дамыған елдердегі ақша-несиелік реттеудің негізгі әдістері мен құралдарына сипаттама беру
- •52. Мемлекет экономикасын ақша-несиелік реттеудің негізгі міндеттері мен мақсаттарын анықтау
- •53. Дамыған елдердің ақша-несиелік реттеу тәжірибесіне сипаттама беру
- •54. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бөлімшелеріндегі резервтік қорды ұйымдастыру тәртібін көрсету
- •55. Банктердің операциялық кассаларына қолма-қол ақшалардың түсуін ұйымдастыруға сипаттама беру
- •57.Мемлекеттің орталық банкі және оның экономиканы ақша-несиелік реттеудегі ролін анықтау
- •Инфляция әлеуметтік-экономикалық процесс ретінде
- •Артық резервтер ақшаның комммерциялық банктер үшін маңызын анықтау
- •60. Ақша базасының құрамын депозит арқылы түрлендірудің маңызын талдау
54. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бөлімшелеріндегі резервтік қорды ұйымдастыру тәртібін көрсету
Қолма-қол ақшаның резервтiк қорлары (бұдан әрi - резервтiк қорлар) Ұлттық Банктiң әрбiр бөлiмшесiнде құрылады. Резервтiк қорларда қолма-қол ақша эмиссиялық бумада, Ұлттық Банктiң бумасында және клиенттердiң бумасында болады.
Эмиссиялық бумадағы қолма-қол ақша резервтiк қорларда оларды парақтап санамай-ақ немесе көлемi бойынша қайта санамай-ақ сақталады.
Ұлттық банк бөлiмшелерiнiң бумасындағы айналымға жарамды қолма-қол ақша резервтiк қорларда оларды парақтап санамай-ақ немесе көлемi бойынша қайта санамай-ақ қалыптасқаннан бастап бiр жыл аралығында, ал жарамсыз банкноттар мен ақаулы (бүлiнген) металл ақшалар 2 жылға дейiн сақталады.
Клиенттердiң бумасындағы қолма-қол ақша резервтiк қорларда оларды парақтап санамай-ақ немесе көлемi бойынша қайта санамай-ақ клиенттерден алған күннен бастап 15 жұмыс күнi аралығында сақталады.
Ұлттық банк бөлiмшесi мен Ұлттық банктiң орталық аппаратының арнайы өкiлеттi бөлiмшесiнiң басшысы резервтiк қорларды ақша айналымы үшiн қажеттi банкноттар мен металл ақшалардың барлық нақты құнындағы қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету және тозған (ақаулы) банкноттарды дер мезгiлiнде жеткiзу жөнiнде шаралар қабылдайды.
. Кассалық құжаттарға қол қою және резервтiк қорлармен операциялар және айналым кассасындағы қолма-қол ақшамен операциялар жасағанда қойманы ашып-жабу жөнiндегi мiндеттер Ұлттық Банк бөлiмшелерi бойынша бұйрыққа сәйкес мынадай лауазымды адамдарға:
* қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар жөнiндегi бөлiмнiң бастығына, ал ол уақытша болмаған кезде - Ұлттық банк бөлiмшесi бастығының орынбасарына;
* Ұлттық банк бөлiмшесi бас бухгалтерiнiң орынбасарына, ал ол уақытша болмаған кезде - Ұлттық Банк бөлiмшесiнiң бас бухгалтерiне;
* касса меңгерушiсiне жүктеледi.
Резервтiк қорларды сақтау және олармен операциялар жасауды қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердiң бөлiнуiне қарамастан бөлiмшенiң басшысы мен бас бухгалтерi резервтiк қорлардың сақталуы мен эмиссиялық-кассалық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн дербес жауап бередi. Ұлттық банк бөлiмшесiнiң басшысы, бас бухгалтерiнiң орынбасары, касса меңгерушiсi, сондай-ақ қолма-қол ақша айналымы үшiн жауапты Ұлттық Банктiң арнайы өкiлеттi бөлiмiнiң басшысы (бұдан әрi - арнайы өкiлеттi бөлiмнiң басшысы):
* заңды (оның iшiнде екiншi деңгейдегi банктерге) және жеке тұлғаларға дер кезiнде кассалық қызмет көрсетудi қамтамасыз етуге;
* Ұлттық Банк бөлiмшелерiнiң резервтiк қорларында тұрған барлық құндылықтардың толық сақталуын қамтамасыз ету және тиiсiнше сақтауды ұйымдастыруға;
* құндылықтармен операциялар жасайтын касса қызметкерлерiн тиiсiнше тағайындауды және оларды дайындау мен бiлiктiлiгiн көтеру жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыруға;
* дұрыс санамау, ысырап ету және ұрлау жағдайларына жол бермеу, ал ондай жағдайлар бола қалса, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес кiнәлi адамдардан келтiрiлген залалды төлеттiрiп алу шараларын қабылдауға;
* құндылықтарға жүргiзiлген тексерулердiң нәтижесi бойынша анықталған кемшiлiктердi жою үшiн осы тексерудi жүргiзген адамдардың жазбаша нұсқауларын мiндеттi түрде орындауға мiндеттi.
