Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ANR_novyi_wpor(1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
361.47 Кб
Скачать

3.Ақша базасының құрамы және компоненттері.

Ақша базасына (резервтік ақша) Ұлттық Банктің кассасындағы қолма-қол ақшаны қоспағанда Ұлттық Банк айналысқа шығарған қолма-қол ақша (Ұлттық Банктен тыс қолма-қол ақша), банктердің аударылатын және басқа депозиттері, банктік емес қаржы ұйымдарының аударылатын және басқа депозиттері, мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржы ұйымдарының Ұлттық Банктегі теңгедегі ағымдағы шоттары кіреді.ол мынадай формуламен есептеледі: МВ =CIC+RR+DCB

CIC-айналыстағы нақты ақшалар;

RR- міндетті резервтер;

DCB- екінші деңгейдегі банктердің ҰБ коршоттағы қаражаттары

Тар ақша базасы банктердің Ұлттық Банктегі депозиттерін қоспағандағы ақша базасын білдіреді. ақша базасы (MB) — бұл міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді.

ҚҰБ-нің соңғы жылдардағы есептеулеріне байланысты, ақша базасы (резервтік ақша) мыналардан тұрады:

ҚҰБ-нің айналымға шығарған қолма-қол ақшаларынан (ҚҰБ- нің кассасындағы қолма-қол ақшаларды коспағандағы немесе Ұлттық Банктен тыс қолмақол ақшалардан);

ЕДБ-дің аудармалы және басқа депозиттерінен; банктік емес қаржылық ұйымдардың аудармалы депозиттерінен;

ҚҰБ-гі мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдардың теңгедегі ағымдағы шоттарынан.Қазақстандағы негізгі ақша агрегаттарына, қазіргі кезде ақша несие статистикасын жасау және таддауда қолданылып жүрген, ақша базасы мен белгіленуі МЗ — ақша массасы жатады

4.Ақша базасы мен акша массасын реттеу.

Ақша айналысының негізгі сандық көрсеткіштерінің біріне ақша массасы мен ақша базасы жатады.Ақша массасы — жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.

Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды.

Өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында төмендегідей ақша агрегаттары қолданылады:

Ml агрегаты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (банкноттар мен монеталарды) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды камтиды;

М2 агрегаты, ол Ml агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдарынан (төрт жылға дейінгі) тұрады;

МЗ агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі жинақсалымдарын кұрайды;

M4 агрегаты, ол МЗ агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттардан тұрады.

АҚШ-та, ақша массасын анықтауда төрт ақша агрегатын, Жапония мен Германияда — үш, Англия мен Францияда — екеу, Ресейде — үш ақша агрегаттары пайдаланылады.

Қазақстанда ақша массасына Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізіңде анықталады және оның құрамына айналыстағы қолма-қол ақша және резидент занды тұлғалар мен үй шаруашылығы (жеке тұлғалардың) депозиттері жатады.

Қазақстан Республикасында Ұлттық Банктің 12.01.1995 жылы Директорлар кеңесінің № 2 хаттамасымен бекітілген «Ақша массасын, ақша базасын анықтау әдісі және ішкі және сыртқы активтерді анықтау барысында баланстық шоттарды жіктеу туралы ережесіне» сәйкес ақша базасы мен ақша массасы есептеледі.

ақша базасы (MB) — бұл міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді.ҚҰБ-нің соңғы жылдардағы есептеулеріне байланысты, ақша базасы (резервтік ақша) мыналардан тұрады:ҚҰБ-нің айналымға шығарған қолма-қол ақшаларынан (ҚҰБ- нің кассасындағы қолма-қол ақшаларды коспағандағы немесе Ұлттық Банктен тыс қолмақол ақшалардан);

ЕДБ-дің аудармалы және басқа депозиттерінен; банктік емес қаржылық ұйымдардың аудармалы депозиттерінен;

ҚҰБ-гі мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдардың теңгедегі ағымдағы шоттарынан.Қазақстандағы негізгі ақша агрегаттарына, қазіргі кезде ақша несие статистикасын жасау және таддауда қолданылып жүрген, ақша базасы мен белгіленуі МЗ — ақша массасы жатады. Ақша массасы құрылымына мынадай ақша агрегаттары жатады:

М0 (айналыстағы қолма-қол ақша, немесе банк жүйесінен тыс ақша);

Ml = М0 + банктік емес занды тұлғалар мен халықтың теңгедегі аудармалы депозиттері;

М2 = М1 + теңгедегі басқа да депозиттер және банктік емес занды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттері;

МЗ (ақша массасы) = М2 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттері.

Мұндағы,Аудармалы депозиттер —

1) әрқашан айып-пұлсыз және шектеусіз атаулы құнымен ақшаға ауыстырылады;

2) чектің, траттаның немесе жиро-кепілдіктің көмегімен еркін айналады;

3) төлемдер жүргізуде кеңінен қолданылады. Аудармалы депозиттер қысқа ақша массасының бір бөлігін құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]