Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ANR_novyi_wpor(1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
361.47 Кб
Скачать

39. Ақша-несие саясаты және оның негізгі бағыттары.

Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша – несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасында ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Қазақстанның Ұлттық Банкіне ақша-несие жүйесінің жұмыс істеу жауапкершілігі, оның бюджетпен және банкілермен қарым-қатынастарында классикалык принциптерді енгізу, банктердің қызметін реттеудін жүйесін бекіту міндеттері жүктелді. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының — қазақстандық теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету — мемлекеттің орталык банкісі — Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі міндеттерінін біріне айналды.

40. ҰБ-тің валюталық реттеу саласындағы қызметтері

Қазақстан Республикасында валюталық реттеудiң негізгі органы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болып табылады. Қазақстан Республикасының Үкiметi және өзге де мемлекеттiк органдар валюталық реттеуді өз құзыретi шегінде жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Заңға сәйкес өз құзыреті шегінде резиденттер мен резидент еместер үшін мiндеттi нормативтік құқықтық актiлер шығарады.       Валюталық реттеу органдары әзiрлеген валюталық реттеу мәселелері жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен міндетті түрде келісiлуге тиіс. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық реттеудің негізгі органы ретiнде:       1) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін және оған қойылатын талаптарды;       2) резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртiбiн, соның iшiнде валюталық реттеу режимдерiн:

лицензиялауды;

тiркеудi; хабардар етудi;       3) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларына мониторингтi (валюталық мониторингтi) жүзеге асыру тәртiбiн;       4) уәкілеттi мемлекеттік органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес барлық резиденттер мен резидент еместердiң орындауы үшін мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алу және есептілік нысандарын белгілейдi.

41. Ақша-несиелік реттеудегі Орталық банктің ролі.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ұлттық Банктің ақша несие саясаты:

  • ресми қайта қаржыландыру ставкасын;

  • ақша несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерін;

  • ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін;

  • айырықша жағдайларда операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулерді белгілеу арқылы жүзеге асырылады.

Орталық банк тарапынан АНР-дің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттернің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алғандықтан, яғни ақша массасы, негізінен, банктердің кредит-дипозиттік қызметіне байланысты пайда болғандықтан, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді. тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсүі Ұлттық банктің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банкредің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банктен кредит алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады. Ұлттық банк – ақша резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне – банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады. 1995 ж ҰБ туралы заңы қабылданып, ҰБ-тің тәуелсіздігі заң жүзінде айқындалып, ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. ҰБ эк-ның несиелеу функцияларын 2-ші деңгейлі банктерге беріп, өз өкілеттігі шегінде тәуелсіздік алғаннан кейін нарық қағидаларына тиімді банктік қадағалауға негізделген . Қазіргі заманғы банктік жүйесін құру бойынша жұмысты жалғастырды. ҰБ-тің маңызды міндеті инф-ны төмендетуге бағытталған АНС-тын дамыту болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]