- •Ақша-несиелік реттеудің түсінігі мен әдістерінің жіктелуі.
- •Ақша массасының түсінігі және құрылымы.
- •3.Ақша базасының құрамы және компоненттері.
- •4.Ақша базасы мен акша массасын реттеу.
- •5. Ақша мультипликаторының мағынасы мен маңызы.
- •6. Ақша базасын сегменттеудің негіздері.
- •7.Ақша-несиелік реттеу - мемлекеттің ақша-несие саясатының бір элементі ретінде.
- •8.Ақша агрегаттарының сипаттамасы.
- •Ақша-несиелік реттеудің пәні, мақсаты мен міндеті.
- •10. Ақша базасына ықпал ететін факторлар
- •11.Ақша агрегаттары туралы түсінік, олардың түрлері.
- •12.Ақша несиелік реттеу әдістерінің түсінігі және оларды классификациялау.
- •13.Ақша-несиелік реттеудің объектілері мен субъектілері.
- •14.Артық резервтік ақшалар және оған сипаттама
- •15. Ақша массасының құрамы және құрылымы, оған ықпал ететін факторлар.
- •16. Инфляциялық таргеттеу тәжірибесі.
- •19.Қр ақша массасының құрылымының және құрамының ерекшеліктері.
- •20.Ақша массасын бағалау әдістері
- •21. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің ерекшеліктері.
- •22. Экономиканы ақша-несиелік реттеудің әдістері мен құралдары.
- •23.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің халықаралық валюта-қаржылық ұйымдармен ынтымақтастығы.
- •25.Артық резервтер және оның қалыптасу ерекшеліктері.
- •26.Міндетті резервтік ақша және оны қалыптастыру тәртібі.
- •27. Ақша-несиелік саясатты болжау.
- •29 Мемлекет тарапынан ақшаны ұсынудың жолдары.
- •30Ақша айн-мын реттеу әдіс-гі касса айналымын болжау.
- •31 Банкноттар эмиссиясына сипаттама
- •32.Қазақстандағы ақша базасының құрылымы.
- •33. Инфляцияның экономикалық салдары.
- •34. Ақша белгілерінің резервтік қорлары, олардың мәні.
- •35.Ақша айналымын эмиссиондық –кассалық реттеу.
- •36.Минималды резервтік талаптар және оларды ақша-несиелік реттеу құралы ретінде қолдану.
- •37.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі заң және нормативтік актілерінің ақша-несиелік реттеу жүйесіндегі ролі
- •38.Елдегі инфляциялық таргеттеу тәжірибесі
- •39. Ақша-несие саясаты және оның негізгі бағыттары.
- •41. Ақша-несиелік реттеудегі Орталық банктің ролі.
- •42.Қазақстан банктерінің минималды резервтік талаптарды орындауын талдау
- •46.Қазақстан Республикасының 2013 жылға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттары көрсету
- •47.Инфляцияның әлеуметтік салдарын анықтау
- •48.Қазақстан Республикасындағы эмиссиялық операцияларды ұйымдастыру принциптеріне сипаттама беру
- •50. Қазақстандағы ақша агрегаттарының ерекшеліктері талдау
- •51. Дамыған елдердегі ақша-несиелік реттеудің негізгі әдістері мен құралдарына сипаттама беру
- •52. Мемлекет экономикасын ақша-несиелік реттеудің негізгі міндеттері мен мақсаттарын анықтау
- •53. Дамыған елдердің ақша-несиелік реттеу тәжірибесіне сипаттама беру
- •54. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бөлімшелеріндегі резервтік қорды ұйымдастыру тәртібін көрсету
- •55. Банктердің операциялық кассаларына қолма-қол ақшалардың түсуін ұйымдастыруға сипаттама беру
- •57.Мемлекеттің орталық банкі және оның экономиканы ақша-несиелік реттеудегі ролін анықтау
- •Инфляция әлеуметтік-экономикалық процесс ретінде
- •Артық резервтер ақшаның комммерциялық банктер үшін маңызын анықтау
- •60. Ақша базасының құрамын депозит арқылы түрлендірудің маңызын талдау
26.Міндетті резервтік ақша және оны қалыптастыру тәртібі.
Міндетті резервтер – бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің бөлігі (бұл Ұлттық банкінің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты банктерімен қолданылатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады).
Коммерциялық банктер Орталық банкке пайыз мөлшерлемесі есептелмейтін салым ретінде ақшаны сақтайды. Бұл депозиттегі ақшаларының белгілі бір бөлігі, мұны міндетті резервтер деп атайды.
Әр мемлекетте ақшаны сақтау формалары әр түрлі болады.
Міндетті резервтердің нормасы депозиттің көлемімен белгілі бір пайыз мөлшерлемесі арқылы тағайындалады. Олар салымның түрлеріне байланысты бөлінеді. Мысалы, жедел салым талап етілген салымнан төмен болады.
Банктер артық резервтерді сақтайды — бұл міндетті резервтердің артық сомасы өтімді құралдарға сұраныс есетін төтенше жағдайларда пайдаланылады.
Міндетті резерв нормаларын шектен тыс жоғарылату іскерлік белсенділікті төмендетеді, банктер тартылған ресурстарды тиімді пайдалана алмайды. Өйткені кредит берудің аясы азайып, айналыстағы ақша массасы кемиді. Айналымдағы ақша массасын реттеудің тиімді құралына қайта қаржыландырудың пайызд.мөлшерлемесі жатады. Орталық банк бұл саясат арқылы коммерц/қ банктерге кредит береді. Орталық банк құнды қағаздарды сату ж/е сатып алу арқылы резервтерді банк жүйесіне тартады н/е олады бұл жүйеден алады. Осы арқылы айналымдағы ақша массасын көбейтеді н/е азайтады.
Практикада міндетті резервтер нормасы қайта қаржыландыруға сирек түседі, өйткені ондай жұмыстар өте күрделі, ал бұл құралдың күші мультипликатор арқылы жүргізгенде үлкен болады.
27. Ақша-несиелік саясатты болжау.
Ақша-несие саясатының мәні елдегі ақша тепе-теңдігін, яғни, сұраныс пен ұсыныстың арасындағы тепе-теңдікті, инфляцияны мақсатты макро- экономикалық көрсеткішке сәйкес келетін деңгейде ұстап тұру болып табылады. Дәлелді болжамдар ақша-несие саясатының негізгі мақсатына қол жеткізуге көмектесетін ақша-несие саясатының құралдарын таңдауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты ақша-несие саясатының экономиканың нақты секторына ықпал ету нәтижесін болжау техникасын әзірлеу өзекті проблема болып табылады. Ақша-несие саясатын әзірлеу мен жүргізуге ақша-несие саясатының негізгі құралдарын таңдау, ақша массасы, несиелер және жинақ ақша бойынша статистикалық деректер базасын құру мен жүргізу, осы елдің және ақша-несие саясатының негізін құрайтын басқа мемлекеттердің экономика және ақша-несие саласының кейбір мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу, қаржы бағдарламаларын жасау және олардың орындалуын бақылау кіреді.
28.Валюта нарығындағы орталық банктердің интервенциясы.
Валюталық интервенция деп – ұлттық валюта бағамына әсер ету мақсатында Ұлттық Банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуын айтады.Айналыстағы ақша массасына ықпал ету мақсатында Ұлттық Банк айналысқа өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығарады. Қысқа мерзімді ноталарды орналастыру Ұлттық Банкпен қысқа мерзімді ноталармен операциялар жасау туралы келісім-шарт жасаған және нақты ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығын беретін бағалы қағаздар нарығында кәсіби қатысушылары арқылы жүргізіледі. Ақша нарығында тұрақтылыққа, шетел валютасына, сұраныстың тепе-теңдігіне және инфляцияның бақыланатын деңгейіне қол жеткізу, валюталық операцияларды жүргізу кезінде жекелеген шектеулерді алуға бағытталған валюталық режимді ырықтандыруға деген жаңа тәсілдерді шығару, уақыт және халықаралық тәжірибе талаптарына сәйкес валюталық операцияларды реттеудің өзге де әдістерін қолдану қажеттілігін тудырды. Орталық банктердің маңыздылығы жағынан жоғары реттеуші функциясы – ақша және валюта нарықтарында интервенциялық операциялар жүргізу арқылы несиеге және шетел валютасына деген сұраныс пен ұсынысты реттеу болып табылады. Валюталық реттеу және бақылау саласындағы заңдар бекіткен, шетел валютасын пайдалануға байланысты операцияларға әкімшілік бақылаудың басқа да шаралары қолдануда. 1993 жылы қабылданған "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында шектеусіз жүзеге асырылатын ағымдағы валюталық операциялардың тізбесі белгіленген болатын. Қалған өзге операциялар капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатқызылды және олар бойынша Ұлттық Банк шектеу енгізуге құқылы еді.Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды лицензиялау 1996 жылы қабылданған "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңында капитал қозғалысына байланысты және валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместерге көшуін көздейтін валюталық операциялар Ұлттық Банкте лицензияланатыны белгіленді. Мұндайда Қазақстан Республикасының валюта заңдарында сыртқы экономикалық қызметтің барлық субъектілері үшін, олардың ұйымдық-құқықтық нысанына және экономика саласына қарамастан, валюталық операцияларды лицензиялау тәртібіне бір ізге салынған амалы көзделді. Ұлттық Банкі төлемдері және ақша аударымдарын ұйымдастыруды, үйлестіруді, реттеуді жүзеге асырады, төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілдерін қолданудың ережелері мен ерекшеліктерін, төлем нұсқауларының мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды айқындайды, қолма-қол ақша пайдаланылатын төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен талаптарын белгілейді. Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы аумағында төлем жүйелері жұмысының тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды, өз құзіреті шегінде халықаралық (мемлекетаралық) төлемдер жүйесін ұйымдастыруға қатысуға құқылы. Ұлттық валюта жұмыс істеген алғашқы жылдары сұраныс негізінен инфляциялық қысым, банк аясына сенімділіктің төмен дәрежеде болуы, жалпы халық үшін балама төлем құралдарының қол жетімсіздігі, шетел валютасынан басқа жинақ ақшаны сақтауға арналған сенімді құралдардың іс жүзінде толықтай болмауы есебінен қалыптасты. Осы кезеңде айналыстағы қолма-қол ақшаның орташа жылдық өсуі 48% құрады. Әлемдік қаржы нарықтарындағы дағдарысты жағдайлар асқынған және Қазақстанның экспорттық тауарлар конъюнктурасы нашарлаған кездегі қолма-қол ақшаға сұраныстың азаюымен қатар, сол кезеңде айналыстағы қолма-қол ақша массасы артық болып шыққан және Ұлттық Банк қолма-қол ақша сомасының төрттен біріне жуығын айналыстан алған 1998 жыл ерекше жағдай болып табылады.
