- •1.Кадастр түсінігіне анықтама беріп, оның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп, сипаттаңыз.
- •2.Кадастрлар түрлерінің жіктелуін, кадастрлық іс шаралар нысандарын сипаттап, олардың арасындағы байланысты көрсетіңіз.
- •I. Экономикада – елдің, мемлекеттің экономикалық ресурстары туралы негізгі мәліметтердің дүркін-дүркін немесе үздіксіз бақылау негізінде жүйеге келтіріліп, ресми түрде жасалған жиынтығы.
- •3. Табиғи ресурстар кадастрын анықтап, олардың экологиялық маңыздылығын айтып көрсетіңіз.
- •4. Кадастр жұмыстарының даму тарихын сипаттап, әртүрлі кезеңдерінің ерекшеліктерін көрсетіп,жетістіктерін анықтаңыз.
- •7.Жер кадастрының мақсаттары мен міндеттерінін анықтап, оған түсініктеме беріп, құрастыру прициптерін көрсетіз
- •8.Топырақ бонитировкасына анықтама беріп, оның маңыздылығын айтып сипаттаңыз
- •9. Қазақстан жерінің агроөнеркәсіптік маңыздылығын түсіндіріп, сол бойынша жерлердің категорияларға бөлінуін тұжырымдаңыз.
- •11. Қазақстанның табиғи ресуртарының экологиялық жағдайын бағалау жұмыстарының негізін ашып корсетиниз
- •14 Жер кадастры барлық табиғи ресурстардың кадастрлық жұмыстарының негізі екеніні дәлелдеп түсіндірме береіңіз
- •16 Қазақстанның жер қорларына сипаттама беріп , олардың экологиялық жағдайларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •17. Казақстан топырақтарының әр аймақтағы айырмашылықтарын көрсетіп, бағалау жұмыстарын жүргізуде пайдалануын анықтаңыз;
- •18.Қазақстанның жануарлар әлеміне сипаттама беріңіз,фауналық кадастрды құрастыру принциптерін көрсетіңіз.
- •19.Қазақстан флорасының кадастрын құрастыру негіздерін түсіндіріп,оның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп беріңіз
- •20.Қазақстанның су ресурстарына сипаттама беріп, су кадастрын құрастыру принциптерін тұжырымдаңыз.
- •21) Оңтүстік аймақтардағы суармалы егістіктерге пайдаланатын топырақтардың ерекшеліктерін түсіндіріп, оларды бағалау жұмыстарына мысал келтіріңіз
- •22.Қазақстанның жайылым жерлерінің ерекшеліктерін көрсетіп, олардың экологиялық жағдайларын сипаттап бағалау жолдарын көрсетіңіз
- •23. Өсімдіктер ресурстарының экологиялық кадастрына түсініктеме беріп, жүргізу жолдарын анықтап айтыныз
- •24. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарларды кадастрын принциптерін түсіндіріп,тұжырымдап, сипаттама беріңіз
- •25.Пайдалы қазбалар алынған кен орындарының кадастрын құрастырудың Қазақстан үшін маңыздылығын анықтап көрсетип,болжам жасап,жүргізу жолдарын көрсетіңіз
- •26. Қ.Р балықтар түрлерінің кадастрларын құрастыруының маңыздылығын дәлелдеп,қр балық қорының тізімін келтіріңіз.
- •33. Жер кадастрының негізгі мәселелерін тұжырымдап, оларды шешу жолдарын көрсетіңіз.
- •36.Топырақ құнарлығының көрсеткіштерін пайдаланып,оларды жерді бағалау үшін қолданып сапасы туралы мысалдар
- •39. Ерекше қорғалатын табиғи қорықтар территориясының кадастрын құрастыру жолдарын көрсетіп, маңыздылығын дәлелдеңіз.
- •40. Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстарын сипаттап, олардың экологиялық кадастрын құрастыру жолдарын көрсетіңіз
- •41) Семей облысының табиғи ресурстарын сипаттап, олардың экологиялық құрастыру жолдарын көрсетіңіз
- •44.Қостанай облысының табиғи ресурстарының ерекшеліктерін айтып, олардың экологиялық кадастрын құрастыру жолдарын көрсетіңіз.
- •47.Топырақ бонитировкасын жүргізу үшін негізгі қажетті топырақ көрсеткіштерін пайдаланып, мысалдар келтіріп, балл бонитеттерін есептеңіз.
- •48.Жерді экономикалық бағалау үшін ескерілетін экологиялық көрсеткіштерді көрсетіп, оларға мысалдар келтіріп, жердің құнын есептеңіз.
- •49.Топырақтағы гумус мөлщерін анықтау әдісін түсіндіріп,гумус мөлшері бойынша оның қорын есептеңіз
- •52. Кадастрлар кітабы, оларды толтыру және пайдалану жолдары.
- •I. Экономикада – елдің, мемлекеттің экономикалық ресурстары туралы негізгі мәліметтердің дүркін-дүркін немесе үздіксіз бақылау негізінде жүйеге келтіріліп, ресми түрде жасалған жиынтығы.
- •54.Жерді бағалаудың статистикалық әдісін көрсетіп,мысалдар келтіріңіз
- •56. Таулы қара топырақтың құнарлығының көрсеткіштерін келтіріп, олардың балл бонитетін есептеңіз.
- •59. Қоңыр топырақтардың құнарлылық көрсеткіштерін келтіріп, олардың экологиялық жағдайлармен байланысын көрсетіп, орташа балл бонитетін табыңыз.
- •60.Қара топырақтардың құнарлылығының көрсеткіштерін келтіріп, олардың экологиялық жағдайларымен байланысын көрсетип,орташа балл бонитетін есептеңіз
16 Қазақстанның жер қорларына сипаттама беріп , олардың экологиялық жағдайларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының ортасында аса көлемді аумақты 272,5 миллион гектарды алып жатыр. Ол батысында Еділ (Волга) өзенінің сағасынан бастап – шығысында Алтай тауларына дейін 3 мың километрге дейін және солтүстікте Батыс Сібір ойпатынан, оңтүстікте Солтүстік Тянь-Шянь тауларынан Іле Алатауына дейін 1,6 мың километрге созылып жатыр. Республика алаңы жағынан дүние жүзі елдерінің ондығының құрамына кіреді. Қазақстанның шекаралас мемлекеттермен құрылықтағы шекарасының жалпы ұзындығы 13 392,6 км, оның ішінде Ресей Федерациясымен – 7 591,0 км, Өзбекстан Республикасымен – 2351,4 км, Қытай Халық Республикасымен – 1 241,6 км, Қырғыз Республикасымен – 1 241,6 км, Түрікменстан Республикасымен 425,8 км. құрайды.
Қазақстан Республикасы жер балансының 2011 жылғы 1 қарашадағы деректері бойынша республиканың әкімшілік-аумақтық құрылымының жүйесіне 14 облыс, 2 республикалық маңызы бар қала, 161 әкімшілік аудандар, 231 облыстық, аудандық маңыздағы қалалар мен кенттер және 6789 селолық ауылдық елді мекендер және 2453 ауылдық (селолық) округтер кіреді
Жер қоры — мемлекеттің аумағындағы бүкіл жер құрамы. Қазақстан Республикасы “Жер туралы” (2001) заңына сәйкес жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді:
1) ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға жарамды жерлер;
2) елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері;
3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шарушылығы мақсатына арналмаған жер;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
5) орман қорының жері;
6) су қорының жері;
7) босалқы жер
Республика жерінің үлкен ауданы құрғақ далалы – 62386,8мың.га, шөлейт - 37258,8мың.га, далалық -26448,0 мың.га аумақта орналасқан. Ең үлкен егістік аудандар: далалық -26448,0 мың.га және құрғақ далалық - 10768,0 мың.га аймақтары орталығында орналасқан. Республиканың жалпы егістік ауданы -26610,7 мың.га, ал ауыл шаруашлық алқаптарының ауданы -222568,7 мың.га құрайды.
Жерді осы аталған санаттарға жатқызуды, сондай-ақ жерді оның нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты бір санаттан басқасына ауыстыруды мемлекеттік органдар Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген, жер учаскелерін алып қою және беру жөніндегі өз құзіреті шегінде жүргізеді.
Қазақстан Республикасындағы жер қатынастарын Жер кодексі және соған сәйкес қабылданған басқа да Қазақстан Республикасының заң актілері реттеп отырады.
Жердің құқықтық қатынастары дегеніміз – жер заңдары ережелерімен реттелетін жерді иемдену, пайдалану және қорғауға, яғни жер заңының ережелеріне сәйкес пайда болатын, жүзеге асырылатын, өзгеретін және жойылатын немесе тоқтатылатын нақты қоғамдық қатынастарды құрайтын адамдардың ерікті қызметінің нәтижесі.
Жердің құқықтық қатынастарының субъектілеріне Қазақстан Республикасының жерге меншік құқығын жүзеге асырып отыратын өкілді және атқарушы органдар, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар жатады. Оларға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік заңды ұйымдар мен жеке тұлғалар жатады. Жердің құқықтық қатынастарының объектілеріне жоғарыда көрсетілген жер қорының барлық санаттарындағы жерлер жатады
Сонымен қатар, жерді пайдалану құқығын біз тұрақты және уақытша деп қарастырамыз. ҚР жер кодексінің 34, 35 баптырына сәйкес:
Тұрақты жер пайдалану құқығы :
1. Жер учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен мынадай мемлекеттiк жер пайдаланушыларға:
1) кондоминиум объектiлерiндегi үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды), үй-жайларды шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетiн заңды тұлғаларға;
2) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, тәжірибе және оқу мақсаттарына;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;
4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда берiледi.
Жер балансының 2011 жылғы 1 қарашадағы деректері бойынша Қазақстан Республикасының аумағы 272,5 млн гектарды құрайды, оның 11 317, 3 мың гектар жерін Ресей Федерациясы Байқоңыр ғарыш айлағы және әскери полигоны ретінде ұзақ мерзімге жалға пайдаланылады, сонымен бірге Өзбекстан Республикасының аумағынан 0,9 гектар жер Қазақстан Республикасына «Шымған» санаторий үшін берілген. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының пайдаланып отырған жер қоры 261 173,8 мың гектарды құрайды. Қазақстан Республикасының территориясы табиғи-климаттық, топырақ жағдайларының әр түрлі болғандығына байланысты 10табиғи-ауыл шаруашылық аймақтарға бөлінген.
