- •1.Кадастр түсінігіне анықтама беріп, оның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп, сипаттаңыз.
- •2.Кадастрлар түрлерінің жіктелуін, кадастрлық іс шаралар нысандарын сипаттап, олардың арасындағы байланысты көрсетіңіз.
- •I. Экономикада – елдің, мемлекеттің экономикалық ресурстары туралы негізгі мәліметтердің дүркін-дүркін немесе үздіксіз бақылау негізінде жүйеге келтіріліп, ресми түрде жасалған жиынтығы.
- •3. Табиғи ресурстар кадастрын анықтап, олардың экологиялық маңыздылығын айтып көрсетіңіз.
- •4. Кадастр жұмыстарының даму тарихын сипаттап, әртүрлі кезеңдерінің ерекшеліктерін көрсетіп,жетістіктерін анықтаңыз.
- •7.Жер кадастрының мақсаттары мен міндеттерінін анықтап, оған түсініктеме беріп, құрастыру прициптерін көрсетіз
- •8.Топырақ бонитировкасына анықтама беріп, оның маңыздылығын айтып сипаттаңыз
- •9. Қазақстан жерінің агроөнеркәсіптік маңыздылығын түсіндіріп, сол бойынша жерлердің категорияларға бөлінуін тұжырымдаңыз.
- •11. Қазақстанның табиғи ресуртарының экологиялық жағдайын бағалау жұмыстарының негізін ашып корсетиниз
- •14 Жер кадастры барлық табиғи ресурстардың кадастрлық жұмыстарының негізі екеніні дәлелдеп түсіндірме береіңіз
- •16 Қазақстанның жер қорларына сипаттама беріп , олардың экологиялық жағдайларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •17. Казақстан топырақтарының әр аймақтағы айырмашылықтарын көрсетіп, бағалау жұмыстарын жүргізуде пайдалануын анықтаңыз;
- •18.Қазақстанның жануарлар әлеміне сипаттама беріңіз,фауналық кадастрды құрастыру принциптерін көрсетіңіз.
- •19.Қазақстан флорасының кадастрын құрастыру негіздерін түсіндіріп,оның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп беріңіз
- •20.Қазақстанның су ресурстарына сипаттама беріп, су кадастрын құрастыру принциптерін тұжырымдаңыз.
- •21) Оңтүстік аймақтардағы суармалы егістіктерге пайдаланатын топырақтардың ерекшеліктерін түсіндіріп, оларды бағалау жұмыстарына мысал келтіріңіз
- •22.Қазақстанның жайылым жерлерінің ерекшеліктерін көрсетіп, олардың экологиялық жағдайларын сипаттап бағалау жолдарын көрсетіңіз
- •23. Өсімдіктер ресурстарының экологиялық кадастрына түсініктеме беріп, жүргізу жолдарын анықтап айтыныз
- •24. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарларды кадастрын принциптерін түсіндіріп,тұжырымдап, сипаттама беріңіз
- •25.Пайдалы қазбалар алынған кен орындарының кадастрын құрастырудың Қазақстан үшін маңыздылығын анықтап көрсетип,болжам жасап,жүргізу жолдарын көрсетіңіз
- •26. Қ.Р балықтар түрлерінің кадастрларын құрастыруының маңыздылығын дәлелдеп,қр балық қорының тізімін келтіріңіз.
- •33. Жер кадастрының негізгі мәселелерін тұжырымдап, оларды шешу жолдарын көрсетіңіз.
- •36.Топырақ құнарлығының көрсеткіштерін пайдаланып,оларды жерді бағалау үшін қолданып сапасы туралы мысалдар
- •39. Ерекше қорғалатын табиғи қорықтар территориясының кадастрын құрастыру жолдарын көрсетіп, маңыздылығын дәлелдеңіз.
- •40. Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстарын сипаттап, олардың экологиялық кадастрын құрастыру жолдарын көрсетіңіз
- •41) Семей облысының табиғи ресурстарын сипаттап, олардың экологиялық құрастыру жолдарын көрсетіңіз
- •44.Қостанай облысының табиғи ресурстарының ерекшеліктерін айтып, олардың экологиялық кадастрын құрастыру жолдарын көрсетіңіз.
- •47.Топырақ бонитировкасын жүргізу үшін негізгі қажетті топырақ көрсеткіштерін пайдаланып, мысалдар келтіріп, балл бонитеттерін есептеңіз.
- •48.Жерді экономикалық бағалау үшін ескерілетін экологиялық көрсеткіштерді көрсетіп, оларға мысалдар келтіріп, жердің құнын есептеңіз.
- •49.Топырақтағы гумус мөлщерін анықтау әдісін түсіндіріп,гумус мөлшері бойынша оның қорын есептеңіз
- •52. Кадастрлар кітабы, оларды толтыру және пайдалану жолдары.
- •I. Экономикада – елдің, мемлекеттің экономикалық ресурстары туралы негізгі мәліметтердің дүркін-дүркін немесе үздіксіз бақылау негізінде жүйеге келтіріліп, ресми түрде жасалған жиынтығы.
- •54.Жерді бағалаудың статистикалық әдісін көрсетіп,мысалдар келтіріңіз
- •56. Таулы қара топырақтың құнарлығының көрсеткіштерін келтіріп, олардың балл бонитетін есептеңіз.
- •59. Қоңыр топырақтардың құнарлылық көрсеткіштерін келтіріп, олардың экологиялық жағдайлармен байланысын көрсетіп, орташа балл бонитетін табыңыз.
- •60.Қара топырақтардың құнарлылығының көрсеткіштерін келтіріп, олардың экологиялық жағдайларымен байланысын көрсетип,орташа балл бонитетін есептеңіз
14 Жер кадастры барлық табиғи ресурстардың кадастрлық жұмыстарының негізі екеніні дәлелдеп түсіндірме береіңіз
Жер кадастры — мемлекет аумағындағы жер ресурстарының табиғи және шаруашылық жағдайы мен оларды бағалау туралы мәліметтер жүйесі. Жер телімдерінің орналасқан жері, нысаны, пайдаланылуы, ауданы мен шекарасы, сапалық сипаттамасы, жер пайдалану есебі мен жер телімдерін бағалау Жер кадастрының мәліметтері жүйесіне кіреді. Мемлекеттік Жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлаған, жерге орналастырған, шаруашылық қызметін бағалаған, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да шараларды жүзеге асырған кезде сүйенетін негіз болып табылады. Ол деректер жер үшін төлем мөлшерін анықтау кезінде, құқықтық және басқа кадастрды жүргізген кезде пайдаланылуы мүмкін. Жер кадастрын жүргізу мемлекеттік тапсырыспен бюджет есебінен жүзеге асырылады. Жер кадастрының мәліметтеріне әркімнің қолы жете алады, ол мүдделі тұлғаларға ақылы түрде беріледі. Мемлекеттік органдарға Жер кадастры мәліметтерін беру тегін жүзеге асырылады. Мемлекеттік Жер кадастрын жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Жалпы елдің жер ресурстары әлеуетін тиімді пайдалану мен қорғаудың негізгі стратегиялық бағыттарын белгілеу бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі болып отыр.
Жер кадастры Қазақстан Республикасы жерiнiң табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi, нысаналы пайдаланылуы, мөлшерi мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерiнiң кадастрлық құны туралы мәлiметтердiң, өзге де қажеттi мәлiметтердiң жүйесi болып табылады. Мемлекеттiк жер кадастрына жер учаскелерiне құқықты субъектiлер туралы ақпарат та енгiзiледi. Жер кадастрының құрамдас бөлiгi суармалы жер учаскелерiнiң мелиорациялық жай-күйi, олардың табиғи және ирригациялық-шаруашылық жағдайлары бойынша сапалық сипаттамаларын бағалау туралы, оларды пайдаланудың есебi туралы мәлiметтер жүйесiн құрайтын суармалы жердiң мелиорациялық кадастры болып табылады. Қазақстан Республикасында жер кадастрын жүргiзудi ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
Облысымызда да жер қорын тиімді пайдалана отырып, топырақтың құнарлығын сақтау, жер ресурстарын қорғау, нарықтық экономика жағдайында қоршаған ортаны басқа да шаралармен бірге қорғау, жер ресурстарын экономикалық, техникалық ұйымдастыру-шаруашылық және құқықтық шаралармен біріктіре отырып аумақтық бағдарлама жасақтау қажеттігі көтеріліп отыр.
Жерді тиімді пайдалануға қатысты жүргізілетін іс-қимылдарды мақсатына қарай үш бөлікке бөлуге болады. Олардың алғашқысы жерді тиімді пайдалануға байланысты заңнамаларды жетілдіру. Қолданыстағы Жер кодексіне сәйкес (92-бап), екі жыл пайдаланбаған жер учаскелері, жерді бақылау инспекциялары тарапынан жазбаша ескерту берілген соң, жер учаскесі тағы да бір жыл пайдаланылмаған жағдайда, сот тәртібінде жер учаскесі оның иесінен мәжбүрлеп алынады. Ал ауылшаруашылық жерлері оларды пайдалануда жер құнарлылығының едәуір төмендеуіне соғатын болса (93-бап), жер инспекциясының, талап арыз беруден үш ай бұрын, заң бұзылуын жою туралы жазбаша ескертуден кейін ғана және осы мерзімде жер иесі заңдардың бұзылуын жоймаған жағдайда сот тәртібімен жер учаскесі мәжбүрлеп алынуы мүмкін.
15.Мемлекеттік табиғи кадастрлар түрлеріне сипаттама беріп ,олардың ерекшеліктерін көрсетіп , тұжырымдама жасаңыз.
Табиғи ресурстардың Мемлекеттік кадастры ҚР табиғи ресурстарының ахуалы туралы мәліметтерді кеңістікті-үйлестіруді көрсетеді және өңдейді, сақтайды, жүйелеу, жинақтаудың автоматтандырылған жүйесін береді, бұл мәліметтердің сараптамалары Республикамыздың аймағындағы табиғи ресурстарды сақтауға және қайта қалпына келтіруге, қорғаумен байланысты, ғылыми және өндірістік, басқарушылық міндеттерді шешу кезінде тиімді қолдану үшін қажет. Бұл жүйе “Сандық геоақпараттық жүйелер негізінде Қазақстан Республикасы табиғи объектілерінің бірыңғай мемлекеттік кадастрлар жүйесін құру туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі қаулысына сәйкес құрылған.
Табиғи ресурстар Мемлекеттік кадастрлерінің негізгі міндеттері мен мақсаттары:
- табиғи ресурстардың ахуалы туралы шынайы және дер кезіндегі ақпараты туралы мемлекеттік басқару органдарына, ғылыми орта өкілдеріне, мемлекеттік емес және қоғамдық ұйымдарына, заңды және жеке тұлғаларына ақпараттық қолдау көрсету;
- Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының есебі, қазіргі заман бағдарламалы-техникалық құралдарды қолдану негізінде ақпаратты өңдеу және сақтау, жинақтау мүмкіндіктерінің стандартизациясы;
- шолыма-сараптамалық сипаттағы құжаттардың және мемлекеттік статистикалық есептердің автоматты түрде құрылуы, ақпараттық ресурстарға жедел рұқсатты қамтамасыз етеді.
ТРМК Кадастрлар қызметі:
- ақпараттарды жинау, жүйелеу, өңдеу
- ақпаратты сақтау және жинақтаудың координациясы
- қазіргі заман талабының компьютерлі технологияларын қолдану
-цифрлы картография
- стандарттарға негізделі
- біртұтас ақпараттық кеңістік
-ақпараттық ресурстарды басқару
- табиғатты қолдану мәселелерін шешу
Кадастрлер құрылымы
Табиғат кадастрлерінің ақпараттық жүйесі енгізеді:
- орман қоры, жануарлар және өсімдік дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың, балық ресурстары обьектілерінің мәліметтер базасы
- картографиялық мәліметтер (1:1 000 000 масштапты ҚР топографиялық картасының векторлы қабатын(30 планшет), 1:200 000 (565 планшет), тақырыптық кадастрлы қабаттар, әртүрлі суреттегі карталар (объектілердің үлкен масштапты карталары,объектілердің кестесі).
Кадастрлы орман, жануарлар және өсімдік дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың, балық кадастры обьектілерінің картасымен жұмыс істеуге, кадастрлы обьектілерді теңдестіруге, атрибутты ақпараттан басқа сыртқы дерекқордан мәліметтерді алуға, үлкен көлемді обектілердің карталарына өтіп жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Дерекқордың мәліметтері тәжірибедегі бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
табиғи ресурстарды рыноктың жағдайына сәйкестендіре бағалау; экологиялық қауіпті жағдайдың алдын алу үшін аймақтың табиғи жүйесіне түсетін нақты жүгін бағалау. аймақтың табиғи ресурстарын алу үшін лимиттерді құру; аймақтың экологиялық ахуалын есепке ала отырып шаруашылық обьектілерді орнату; ерекше қорғалатын табиғи аймақтарға табиғатты қорғау бақылауын жүзеге асыру; республика, облыстың т.б экологиялық балансын сақтай отырып өндірістік инфрақұрылымының және ауылшаруашылықты дамыту үшін аймақтың қорын анықтау.
