- •1.Кадастр түсінігіне анықтама беріп, оның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп, сипаттаңыз.
- •2.Кадастрлар түрлерінің жіктелуін, кадастрлық іс шаралар нысандарын сипаттап, олардың арасындағы байланысты көрсетіңіз.
- •I. Экономикада – елдің, мемлекеттің экономикалық ресурстары туралы негізгі мәліметтердің дүркін-дүркін немесе үздіксіз бақылау негізінде жүйеге келтіріліп, ресми түрде жасалған жиынтығы.
- •3. Табиғи ресурстар кадастрын анықтап, олардың экологиялық маңыздылығын айтып көрсетіңіз.
- •4. Кадастр жұмыстарының даму тарихын сипаттап, әртүрлі кезеңдерінің ерекшеліктерін көрсетіп,жетістіктерін анықтаңыз.
- •7.Жер кадастрының мақсаттары мен міндеттерінін анықтап, оған түсініктеме беріп, құрастыру прициптерін көрсетіз
- •8.Топырақ бонитировкасына анықтама беріп, оның маңыздылығын айтып сипаттаңыз
- •9. Қазақстан жерінің агроөнеркәсіптік маңыздылығын түсіндіріп, сол бойынша жерлердің категорияларға бөлінуін тұжырымдаңыз.
- •11. Қазақстанның табиғи ресуртарының экологиялық жағдайын бағалау жұмыстарының негізін ашып корсетиниз
- •14 Жер кадастры барлық табиғи ресурстардың кадастрлық жұмыстарының негізі екеніні дәлелдеп түсіндірме береіңіз
- •16 Қазақстанның жер қорларына сипаттама беріп , олардың экологиялық жағдайларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •17. Казақстан топырақтарының әр аймақтағы айырмашылықтарын көрсетіп, бағалау жұмыстарын жүргізуде пайдалануын анықтаңыз;
- •18.Қазақстанның жануарлар әлеміне сипаттама беріңіз,фауналық кадастрды құрастыру принциптерін көрсетіңіз.
- •19.Қазақстан флорасының кадастрын құрастыру негіздерін түсіндіріп,оның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп беріңіз
- •20.Қазақстанның су ресурстарына сипаттама беріп, су кадастрын құрастыру принциптерін тұжырымдаңыз.
- •21) Оңтүстік аймақтардағы суармалы егістіктерге пайдаланатын топырақтардың ерекшеліктерін түсіндіріп, оларды бағалау жұмыстарына мысал келтіріңіз
- •22.Қазақстанның жайылым жерлерінің ерекшеліктерін көрсетіп, олардың экологиялық жағдайларын сипаттап бағалау жолдарын көрсетіңіз
- •23. Өсімдіктер ресурстарының экологиялық кадастрына түсініктеме беріп, жүргізу жолдарын анықтап айтыныз
- •24. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарларды кадастрын принциптерін түсіндіріп,тұжырымдап, сипаттама беріңіз
- •25.Пайдалы қазбалар алынған кен орындарының кадастрын құрастырудың Қазақстан үшін маңыздылығын анықтап көрсетип,болжам жасап,жүргізу жолдарын көрсетіңіз
- •26. Қ.Р балықтар түрлерінің кадастрларын құрастыруының маңыздылығын дәлелдеп,қр балық қорының тізімін келтіріңіз.
- •33. Жер кадастрының негізгі мәселелерін тұжырымдап, оларды шешу жолдарын көрсетіңіз.
- •36.Топырақ құнарлығының көрсеткіштерін пайдаланып,оларды жерді бағалау үшін қолданып сапасы туралы мысалдар
- •39. Ерекше қорғалатын табиғи қорықтар территориясының кадастрын құрастыру жолдарын көрсетіп, маңыздылығын дәлелдеңіз.
- •40. Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстарын сипаттап, олардың экологиялық кадастрын құрастыру жолдарын көрсетіңіз
- •41) Семей облысының табиғи ресурстарын сипаттап, олардың экологиялық құрастыру жолдарын көрсетіңіз
- •44.Қостанай облысының табиғи ресурстарының ерекшеліктерін айтып, олардың экологиялық кадастрын құрастыру жолдарын көрсетіңіз.
- •47.Топырақ бонитировкасын жүргізу үшін негізгі қажетті топырақ көрсеткіштерін пайдаланып, мысалдар келтіріп, балл бонитеттерін есептеңіз.
- •48.Жерді экономикалық бағалау үшін ескерілетін экологиялық көрсеткіштерді көрсетіп, оларға мысалдар келтіріп, жердің құнын есептеңіз.
- •49.Топырақтағы гумус мөлщерін анықтау әдісін түсіндіріп,гумус мөлшері бойынша оның қорын есептеңіз
- •52. Кадастрлар кітабы, оларды толтыру және пайдалану жолдары.
- •I. Экономикада – елдің, мемлекеттің экономикалық ресурстары туралы негізгі мәліметтердің дүркін-дүркін немесе үздіксіз бақылау негізінде жүйеге келтіріліп, ресми түрде жасалған жиынтығы.
- •54.Жерді бағалаудың статистикалық әдісін көрсетіп,мысалдар келтіріңіз
- •56. Таулы қара топырақтың құнарлығының көрсеткіштерін келтіріп, олардың балл бонитетін есептеңіз.
- •59. Қоңыр топырақтардың құнарлылық көрсеткіштерін келтіріп, олардың экологиялық жағдайлармен байланысын көрсетіп, орташа балл бонитетін табыңыз.
- •60.Қара топырақтардың құнарлылығының көрсеткіштерін келтіріп, олардың экологиялық жағдайларымен байланысын көрсетип,орташа балл бонитетін есептеңіз
7.Жер кадастрының мақсаттары мен міндеттерінін анықтап, оған түсініктеме беріп, құрастыру прициптерін көрсетіз
Жер кадастры — мемлекет аумағындағы жер ресурстарының табиғи және шаруашылық жағдайы мен оларды бағалау туралы мәліметтер жүйесі. Жер телімдерінің орналасқан жері, нысаны, пайдаланылуы, ауданы мен шекарасы, сапалық сипаттамасы, жер пайдалану есебі мен жер телімдерін бағалау Жер кадастрының мәліметтері жүйесіне кіреді. Мемлекеттік Жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлаған, жерге орналастырған, шаруашылық қызметін бағалаған, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да шараларды жүзеге асырған кезде сүйенетін негіз болып табылады. Ол деректер жер үшін төлем мөлшерін анықтау кезінде, құқықтық және басқа кадастрды жүргізген кезде пайдаланылуы мүмкін. Жер кадастрын жүргізу мемлекеттік тапсырыспен бюджет есебінен жүзеге асырылады. Жер кадастрының мәліметтеріне әркімнің қолы жете алады, ол мүдделі тұлғаларға ақылы түрде беріледі. Мемлекеттік органдарға Жер кадастры мәліметтерін беру тегін жүзеге асырылады. Мемлекеттік Жер кадастрын жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.Қазақстандағы жер кадастрының мақсаттары мен арналуы оның міндеттерін және мазмұнын анықтайды. Кадастр жүйесінің бірлігі, өз кезегінде, қолданатын әдістемелердің бірдейлігін және барлық деңгейде сәйкесті тәртіпте жүргізуін, жеке әр жер учаскесінен бастап, жалпы мемлекеттік дәрежеде болғанын қажет етеді. Мемлекетке есепке алудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру мемлекеттік жоғарғы басқару органдарының міндеті болғандығынан сол органдар жер кадастрының мазмұнын және жүргізу тәртібін белгілейді.
8.Топырақ бонитировкасына анықтама беріп, оның маңыздылығын айтып сипаттаңыз
Топырақты бонитеттеу – топырақтың табиғи құнарлығын салыстырып бағалау, оларды табиғи қасиеттер бойынша жіктеу.
Жерді құнарлығы бойынша бағалау келесілерге бөлінеді:
топырақты бонитеттеу;
жерді экономикалық бағалау.
Жердің сапалық жағдайы 4 көрсеткіштерден тұрады:
1. Құнарлық;
2. Тұрған орны;
3. Экономикалық факторлар;
4. Кеңістік-технологиялық жағдайлар.
Құнарлылық 2 түрде болады:
табиғи;
жасанды;
Табиғи құнарлық – қоректік заттарды ұзақ процесінде жиалған нәтежиесінде пайда болған.
Жасанды құнарлық – адамның еңбек нәтежиесінде пайда болады.
Табиғи және жасанды құнарлылықпен қатар, экономикалық құнарлық құрастырады.
Топырақты бонитеттеу нәтижелері, табиғи құнарлықтың
негізгі факторлары бойынша, топыраққа қатысты жарамдылықты көрсетеді.
Бонитировка деген сөз латынша “bonitas” деген сөзден шыққан. Бұның аудармасы «сапалық, сапасы артушылық». Бонититеттеу дегеніміз топырақтың сапалылығын білдіреді. Топырақ бонитеті дегеніміз – оның сапасының көрсеткіші. Топырақтың сапасы, оның табиғи белгілері және қасиеттері бойынша бағаланады, ол ауылшаруашылық дақылдарының шығымдылығымен тығыз байланысты. Сондықтан топырақтың сапасын айыру дегеніміз, оларды ауылшаруашылық дақылдар шығымдылығымен өзара байланысты, табиғи белгілері және қасиеттері бойынша бағалау деп түсініледі. Топырақтың құнарлығы микроорганизмдердің қатысуымен қалпына келеді, бірақ оған ұзақ уақыт керек. 2,5 см құнарлы топырақ қабаты қалыптасу үшін 100 жыл, бірқалыпты ортада (жылу, ылғал, күн жүзі және т.б.) 90 см топырақ қабаты жасалу үшін 16 мың жыл керек. Топырақ сапасын айырудың негізгі мақсаты-топырақтың сапасына, құнарлылығына, ішкі белгілері және қасиеттері бойынша салыстырмалық (балл) сандық мінездеме беру болып табылады.
Бонитеттеу жұмыстарын жүргізгенде мынадай жағдайларды есте ұстау керек:
1) топырақтың сапасын бағалау агротопырақ аудандарының шекарасында жүргізіледі, сондықтан оның аудандық ерекшелігі болады;
2) топырақтың бағалайтын белгілерінің жиынтығы, әртүрлі топырақтың эколого-генетикалық қатарларына және топтарына әртүрлі болады;
3) топырақтың сапасын бағалау нәтижелері жерге экономикалық баға бергенде бағалау бірлігі ретінде пайдаланылады.
В.В.Докучаевтың топырақтың сапасын бағалау әдісі. Топырақтың сапасын бағалау мәселесін зерттеуге көп үлес қосқан және ғылыми топырақтанудың негізін салған В.В.Докучаев болды. Топырақтың сапасын бағалау жұмыстарын жүргізгенде В.В.Докучаев табиғи-тарихи әдісті қолданды. Бұл әдістің маңыздылығы мынады: ең алдымен топырақтың, оның негізіндегі қасиеттерін жан-жақты зерттеп алып, содан кейін олардың салыстырмалық бағасы белгіленеді, яғни сапасы бағаланады.
ерекшеліктері, сондай-ақ топырақтың ауа-райы мен өзара байланысын зерттейді.
Табиғи топырақ аудандарын анықтағаннан кейін олардың ауылшаруашылық – экономикалық жағдайын толық зерттеу үшін екінші кезеңге кіріседі.
В.В.Докучаевтың әдісі бойынша жоғарыда айтылған топырақтың сапасын бағалаудың кезеңдері бір-бірімен тек толық байланысты ғана емес, олардың біріншісі екіншісінің негізгі және белгілі болып қызмет етуге тиісті.
Техникалық жағынан В.В.Докучаевтың әдісі мына жұмыстарды біріктіреді:
1) топырақтардың табиғи топтамаларын жасау;
2) олардың геологиялық қасиеттерін (топырақтың қуаттылығы, қарашіріндінің мөлшері, топырақ астының мінездемесі мен олардың орналасу жағдайы) анықтау;
3) топырақтың химиялық құрамын белгілеу;
4) топырақтың физикалық қасиеттерін анықтау.
Әрбір топырақ түрі бойынша толық химиялық, механикалық сараптау (анализ) жүргізіледі, ылғал сіңірімділігі, су өтімділігі, капиллярлылығы, бу айналымы, жылу өткізгіштігі және т.б. анықталады.Топырақты далада және лабораториялық зерттеулердің негізінде төмендегідей тиісті диаграммалар жасалады:
1) геологиялық диаграмма (топырақтың қуаттылығы және қарашіріндінің мөлшері бойынша);
2) химиялық диаграмма (нәрлі заттардың, Менделеев және басқа көрсеткіштер бойынша).
3) Физикалық диаграмма (физикалық қасиеттері бойынша).
Осы үш орта диаграмма негізінде бір ортақ жалпы диаграмма жасалады. В.В. Докучаев топырақты осылай жан-жақты зерттеудің негізінде Нижегородской губерниясының топырағының сапасын бағалауды жүргізген. Бұл бағалау жүз (100) балдық жүйе бойынша жүргізілген: геологиялық, химиялық және физикалық сипаттамаларды салыстыра отырып сігіз топырақ тобы анықталған:
1) жон қара топырағы (ауыр қара шірінді аз батпақты)
2) қара сұр, қара топыраққа көшпелі топырақ (ауыр саздақты)
3) аңғар қара топырағы (қарашірінді-сазбалшықты)
4) Сұр солтүстік топыраққа көшпелі топырақ (орта сазды)
5) Ақшыл сұр (жеңіл сазды) топырақ
6) Құмды топырақ
7) Сазды құм топырақ
8) Құм топырақ
