Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kadastr (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
159.8 Кб
Скачать

56. Таулы қара топырақтың құнарлығының көрсеткіштерін келтіріп, олардың балл бонитетін есептеңіз.

Биік таулы аймақтың топырағы республиканың оңтүстік-шығысын алып жатыр. Аумағы 37 млн. га, республика жерінің 14%-ын құрайды.

Қазақстанда топырағы мен климаты жағынан ерекшеленетін 4 биіктік белдеу бар:

Тау етегіндегі шөлді-далалы белдеу теңіз деңгейінен 450 – 750 м (кейбір аймақтарда 300 – 1000 м) биіктікте орналасқан. Тянь-Шань тау етектерінде негізінен сұр, Батыс Тянь-Шань тау етегінде сұр-қоңыр, Солтүстік Тянь-Шань мен Алтай таулары етектерінде ашық қара-қоңыр топырақ таралған. Бұл жерлерде суармалы және тәлімі егіншілік және мал шаруашылығы дамыған.

Аласа таулы дала белдеуі – әр түрлі таулы аймақта 600 – 2200 м биіктікте орналасқан алқап. Алтай мен Солтүстік Тянь-Шаньда таудың күңгірт қара-қоңыр және қара топырағы таралған. Ал Батыс Тянь-Шаньда (Оңтүстік Қазақстанда) сұр қоңыр және таудың қоңыр топырағы басым. Қарашірік мөлшері 10 – 15%-дай. Жайылымы – шүйгін, ағашы қалың алқап, мал шаруашылығы жақсы дамыған.

Орташа таулы орманды-далалы және шалғынды-орманды белдеулері әр түрлі таулы аймақтарды 1000 – 2500 м-ге дейінгі деңгейді қамтиды. Негізінен таудың шайылған, сілтісіз қара топырақтары мен орманның сұр топырақтары және таулы-шалғынды топырақ тараған. Батыс Тянь-Шаньда таудың қоңыр, Алтайда күлгін топырақтар түзілген. Жайылымы – шүйгін, орман шарушылығы жақсы дамыған.

Биік таулы альпілік, субальпілік шалғынды және қарлы-мұзды белдеулері Батыс Тянь-Шань мен Алтай аралығындағы биік таулы аумақтардың 1800 – 3800 м кейде одан да биік деңгейлерді алып жатыр. Топырағы альпілік, субальпілік, шалғынды-шымды. Көпшілік жері топырақсыз тасты шыңдар мен мәңгі мұз, қар басқан шыңдардың үлесіне тиеді. Шалғынды жерлері – жазғы жайлау ретінде пайдаланылады.

Балл бониетін есептеу: күңгірт қара-қоңыр топырақ көрсеткіші: А+В=57см, гумус қоры 165т/га.

Эталонды қара топырақ көрсеткіші: А+В=76см, гумус қоры 234т/га.

Балл бонитетін табу үшін: Б=(Ф/Э)*100

Орташа балл бонитетін есептеу үшін:( Б+Бг)/2

Б=57/76*100=75

Б=165/234*100=70

Б+Бг/2=(75+70)/2=72,5 балл.

Топырақ құнарлығы жоғары.

57.Шөлді аймақтың топырағының құнарлығының көрсеткіштерін келтіріп, олардың экологиялық жағдайларымен байланысын көрсетіп, орташа балл бонитетін есептеңіз. Қазақстан мен Орталық Азиядағы ірі шөлді аймақтар: Мырзашөл, Қарақұм, Қызылқұм, Бетпақдала. Шөлдің ландшафтысы Жер шарының 19%-нда, Қазақстан жерінің 44%-нда қалыптасқан; Шөл белдемі. Қара-қоңыр топырақты құрғақ дала және шөл дала (шөлейт) аймағы еліміздің жалпы жер ауданының 38,6% алады.Ауданы 90,4 млн.га. Ол 48 және 520 солтүстік ендіктер аралығында орналасқан. Бұл аймақ Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының көп жерін, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының бірталай жерін алып жатыр.Топырақ түзуші экологиялық факторлардың кейбір өзгешеліктерінің болуына байланысты аймақ үш аймақшаға бөлінеді. Олар: күңгірт қара қоңыр топырақты құрғақтау дала; нағыз қара қоңыр топырақты құрғақ дала; ашық қара-қоңыр топырақты шөл дала (шөлейт).Қара қоңыр топырақты зонаның оңтүстігінде шөлді аймақ топырақтары алып жатыр. Мұнда негізінен қоңыр және сұр қоңыр топырақ жамылғысы басым келеді. Топырақтың Бұл типі 120 млн гектар жерді, республика жерінің 44%-ын алып жатыр. Қазақстанның оңтүстік бөлігін түгел камтыған. Бұл топырақтың гумусы аз (2,0-1,0%), сондықтан онда негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Бұл өңірде суармалы егіс қана тиімді.Солтүстік Қазақстандағы Батыс Сiбiр ойпатынан оңтүстіктегi Алатау өңiрлерiне дейiнгi аралық 1500 — 1600 км, Батыстағы Атырау алқабынан Алтай тауларына дейiнгi 3000 км-ге жуық өңiрлердi әр түрлi топырақтар жамылғысы басқан. Бұл топырақ жамылғысының әр аймақтарда түзiлiп, орналасуы географиялық белдемдiлiк заңына байланысты. Мысалы, Қазақстанның 86% жерiн алып жатқан жазық алқаптарында климаттың, топырақтың солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеруi көлденең белдемдiк заңына сәйкес өзгерсе, Қазақстанның 14% жерiн алып жатқан оңтүстік, оңтүстік-шығыс таулы алқаптарында — тiк белдемдiк (биiктiк белдеулiк) заңына сәйкес болады. Жалпы жартылай шөл мен шөл зоналарын сипаттай келіп, ол  алқаптарды өнімсіз, құнарсыз деп айтуға әсте болмайды. Өйткені, осы жердің ыстығына бейім сорланған топырақта өсетін сор шөптерді қой малы, оның ішінде әсіресе қаракөл қойлары, “шөл кемесі” атанған түйе малдары сүйсіне жейді. Ал мұнда қолдан су беріп, мелиорация шараларын қолданған кезде, шөлдің ұзақ күнін ұнататын кейбір қымбатты дақылдар, суға да қанығып, мол өнімдер береді. Дегенмен, осыған қарап, барлық шөл жерлерді бау – бақшаға айналдыруға болады деген қиялға берілмеген абзал. Себебі, қоғам үшін шөлдер қоғамға шөл күйінде қажет. Табиғатта бір жер шөл болып, екінші жері көл болып бірін – бірі толықтыратын, бірін – бірі теңгеретін заңдылық бар.Шөлді аймақ топырағының балл бонитетін есептеу: 1) барлық топырақтық параметрлер (тұрақты көрсеткіштер) 0-50 см-ік қабатқа есептелінді;

2) негізгі көрсеткіш болып осы қабаттағы қарашірінді мөлшері саналады;

3) этолон – үлгі (100 балл) ретінде қарашірінді мөлшері 7 пайызға тең сапа алынады;

4)шығырылған бағалау баллдары сутектік және қыйыршық тастылық қасиеттерге түзетулік коэффициенттер арқылы дәлелденеді;

5) Бонитеттік шкала бастапқы гумустік баллды осы топыраққа тән түзетулік санға көбейтіліп құрастырылады.(В.Бобров).

Топырақ жамылғысы шөлдік топырақ құралу типіне келетін суармалы аймақта негізгі критерийлік сапаға майда түйірлі топырақ қабатының қалыңдығы мен механикалық құрамы алынады.(Ли В., 1989). шөлді аймақтың ашық қоңыр топырақ .А жиегі қалың /30-40см/, күңгірт-сұр немесе қара түсті, айқын дәнді немесе кесек дәнді түйіртпектерден тұрады. Ол біртіндеп келесі күрең реңді күңгірт-сұр кесекті немесе кесек-призма түрлі В1 жиекшеге ауысады. Жалпы гумус жиегінің /АВ1/ қалыңдығы=65-80 см.

В1 астында гумус ағыны бар В2 жиекше орналасқан, ол көбінесе карбонатты иллювилік жиекпен ұштасқан немесе оған дереу ауысады. Карбонаттар «ақкөз» түрінде айқындалған. Бұл белгі-кәдімгі қара топырақтың жоғарыда сыпатталған типшелерінен айырмашылығы. Банитет баллы (40-50).

58)Сұр топырақтардың құнарлығының көрсеткіштерін келтіріп,олардың экологиялық жағдайларымен байланысын көрсетіп, орташа балл бонитетін есептеңізСұр топырақ құрамындағы қарашіріктің қоры жағынан қара топырақтарға қарағанда кедей болуына қарамастан, құрамындағы микроорганизмдердің саны жағынан қара топырақтағы микроорганизмдерден анағұрлым артық болады. Мәселен, 1 грамм сұр топырақтарда — 218,5 млн микроорганизм болса, қара топырақ¬тарда тек қана 57,4 млн микроорганизмдер бар. Мұның өзі сұр топырақтардағы әртүрлі биологиялық, физикалық және химиялық жұмыстарының белсенділігінің артуына және дақылдардың өнімін молайтуға жағдай жасайды. Жүргізілген зерттеулердін нәтижесінде топырақтағы негізгі минералдық қоректік заттар — азот, фосфор, калий т. б. тыңайтқыштардың өсімдікке әсер етуі арасында белгілі бір байланыс бар екені анықталады. Егер топырақта өсімдікке сіңімді фосфор көп болса, фосфор тыңайтқыштарын енгізуден егіннің түсімі онша артпайды. Мәселен, күздік қара бидай мен күздік бидай көктемде қыстан әлсіреп шығады. Осы кезде өсімдікке қоректік элементтер өте қажет, бірақ топырақта өсімдікке сіңімді азот жетіспейді, өйткені күзде жаңбыр суы нитраттарды топырақтың терең қабатына жуып әкетеді, ал нитрлеуші бактериялар әрекеті ерте көктемдегі салқын әсерінен баяулайды. Жаздық дәнді дақылдарды себу кезінде және олардың өсуінің алғашқы кезеңінде де топырақта өсімдікке сіңімді азот мөлшері жеткіліксіз болады, сондықтан осы кезде тынайтқыш, әсіресе, азот тыңайтқыштарын енгізгенде (күздік дақылдарды көктемде үстеп қоректендіру, жаздық дақылдар тұқымын тыңайтқыш қосып себу) өсімдік тез және жақсы өседі. Егер топырақта қажетті элементтердің біреуі жетіспесе, өсімдікке екінші элементті тиімді пайдалануға мүмкіндік болмайды, соның салдарынан өсімдік нашар жетіледі және егін түсімі кемиді. Дақылдардың қоректік заттарды пайдалануы екі топқа бөлінеді. Олар: 1) минералдық тыңайтқыштарды аз мөлшерде кажет ететін масақты дәнді дақылдар — жаздық және күздік бидай, арпа, сұлы т. б. 2) минералдық тыңайтқыштарды көп кажет ететін техникалық дакылдар — мақта, қант қызылшасы, картоп, көкөніс және жоғары өнімді дәнді дақылдар — күріш, жүгері. Құрамына қарай тыңайтқыштар органикалық, минералдық, органикалық-минералдық және бактериялық тыңайтқыштар болып жіктеледі.

Балл бонитетін Гаврюлюк формуласы бойынша есептейді:

Б =Б( а÷в×100) + Бг(а÷в×100) ÷2

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]