Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kadastr (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
159.8 Кб
Скачать

52. Кадастрлар кітабы, оларды толтыру және пайдалану жолдары.

Кадастр (французша: cadastre – парақ, тізілім) –кадастрлар кітабы оларды толтыру және пайдалану жолдарына байланысты экономикалық және биологиялық түрде ажыратамыз.

I. Экономикада – елдің, мемлекеттің экономикалық ресурстары туралы негізгі мәліметтердің дүркін-дүркін немесе үздіксіз бақылау негізінде жүйеге келтіріліп, ресми түрде жасалған жиынтығы.

Кадастрда ресурстар мен нысандардың орналасуы, олардың шамасы, нысандардың құндық бағасы мен кірісін құрайтын сапалық сипаттамалары туралы деректер беріледі. Кадастрдың белгілі түрлері:

Жер кадастры – ауыл мен орман саласында өндірістің басты құралы жер туралы егжей-тегжейлі мәліметтердің жиынтығы;

су кадастры – жер бетіндегі және жер астындағы су нысандары туралы гидрологиялық мәліметтердің жиынтығы;

сондай-ақ, жекелеген кәсіпшіліктер мен ұсақ нысандардың да кадастрлары болады. Кадастр деректері салықтарды, табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемдер белгілеу кезінде, нысандарды жалға беру, кепілге салу, сату кезінде олардың құнын бағалау үшін пайдаланылады;

II. биологияда – жүйеленген биологиялық мәліметтер жиынтығы. Кадастр белгілі бір нысанның үстінен үздіксіз немесе мезгіл-мезгіл жүргізген бақылау мәліметтерін тіркеу арқылы жасалады. Бұл мәліметтерді тіркеу үшін, алдымен, оның сапасы дұрыс бағаланып, категорияға, топтарға бөліп жіктелінеді. кадастрдың түрлері көп.

Мысалы, орман кадастры – орман алқаптарының көлемі, сапасы туралы мәліметтер жиынтығы; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кадастры – қорық, қорықша, ұлттық саябақтардағы тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтер жиынтығы; жануарлар Кадастры – белгілі бір аумақтағы жануарлар саны, таралуы, шаруашылық маңызы және оларды пайдалану туралы мәліметтер; өсімдіктер Кадастрды – жануарлар Кадастры сияқты өсімдіктер туралы жиналған деректер. Кадастры жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

54.Жерді бағалаудың статистикалық әдісін көрсетіп,мысалдар келтіріңіз

Бұл алгоритмдік статистикалық сараптамаларға және нарықтық модельдеу ақпараттарын қолдануға бағыттайды. Мұнда факторлардың ақпараттарына қатысты математикалық сараптамалар жасалады. Көбінесе бірегей нысандарға жердің құны жер өтеді. Жер телімдеріне параметрлеріне байланысты жер телімінің құнының математикалық қажеттілігін анықтайды, олар жердің нарықтық құнына жерін тигізеді, бұл әдіс объективтілік сипаттама береді және адамның иелігін қажет етпейді. Жер тілімдер бағасын бұндай жағдайда қалалардағы кварталдың есеп бойынша кадастрлық аймақтауды белгілеген кезде жүргізіледі.

Жер ресурстарының сандық көрсеткіштерінің мәліметтерін көрсетіңіз.

1)ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер

2)елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің ) жері

3)өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашыылығы мақсатына арналған жер

4)ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи мәдени мақсаттағы жер

5)орман қорының жері

6)су қорының жері

7)босалқы жер

55. есеп: топырақтың бонитет баллдарын келесі мәлімет бойынша есептеңдер: оңтүстік қара топырақта А+В=76см, гумус қоры- 234т/га; қара-қоңыр топырақта А+В=45см, гумус қоры-116 т/га.

Шешуі:

Балл бонитетін табу үшін: Б=(Ф/Э)*100

Орташа балл бонитетін есептеу үшін: Б+Бг/2

Б=45/76*100=59.21

Бг=116/234*100=49,57

Б=59,21+49,57/2=54,39 балл.

Біз бұл есепте эталон етіп қара топырақ көрсеткішін алдық.

Орташа балл бонитеті 54,39 баллды құрады, яғни қара-топырақ құнарлығы орташа деген тоқтамға келеміз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]