- •1.Кадастр түсінігіне анықтама беріп, оның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп, сипаттаңыз.
- •2.Кадастрлар түрлерінің жіктелуін, кадастрлық іс шаралар нысандарын сипаттап, олардың арасындағы байланысты көрсетіңіз.
- •I. Экономикада – елдің, мемлекеттің экономикалық ресурстары туралы негізгі мәліметтердің дүркін-дүркін немесе үздіксіз бақылау негізінде жүйеге келтіріліп, ресми түрде жасалған жиынтығы.
- •3. Табиғи ресурстар кадастрын анықтап, олардың экологиялық маңыздылығын айтып көрсетіңіз.
- •4. Кадастр жұмыстарының даму тарихын сипаттап, әртүрлі кезеңдерінің ерекшеліктерін көрсетіп,жетістіктерін анықтаңыз.
- •7.Жер кадастрының мақсаттары мен міндеттерінін анықтап, оған түсініктеме беріп, құрастыру прициптерін көрсетіз
- •8.Топырақ бонитировкасына анықтама беріп, оның маңыздылығын айтып сипаттаңыз
- •9. Қазақстан жерінің агроөнеркәсіптік маңыздылығын түсіндіріп, сол бойынша жерлердің категорияларға бөлінуін тұжырымдаңыз.
- •11. Қазақстанның табиғи ресуртарының экологиялық жағдайын бағалау жұмыстарының негізін ашып корсетиниз
- •14 Жер кадастры барлық табиғи ресурстардың кадастрлық жұмыстарының негізі екеніні дәлелдеп түсіндірме береіңіз
- •16 Қазақстанның жер қорларына сипаттама беріп , олардың экологиялық жағдайларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •17. Казақстан топырақтарының әр аймақтағы айырмашылықтарын көрсетіп, бағалау жұмыстарын жүргізуде пайдалануын анықтаңыз;
- •18.Қазақстанның жануарлар әлеміне сипаттама беріңіз,фауналық кадастрды құрастыру принциптерін көрсетіңіз.
- •19.Қазақстан флорасының кадастрын құрастыру негіздерін түсіндіріп,оның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп беріңіз
- •20.Қазақстанның су ресурстарына сипаттама беріп, су кадастрын құрастыру принциптерін тұжырымдаңыз.
- •21) Оңтүстік аймақтардағы суармалы егістіктерге пайдаланатын топырақтардың ерекшеліктерін түсіндіріп, оларды бағалау жұмыстарына мысал келтіріңіз
- •22.Қазақстанның жайылым жерлерінің ерекшеліктерін көрсетіп, олардың экологиялық жағдайларын сипаттап бағалау жолдарын көрсетіңіз
- •23. Өсімдіктер ресурстарының экологиялық кадастрына түсініктеме беріп, жүргізу жолдарын анықтап айтыныз
- •24. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарларды кадастрын принциптерін түсіндіріп,тұжырымдап, сипаттама беріңіз
- •25.Пайдалы қазбалар алынған кен орындарының кадастрын құрастырудың Қазақстан үшін маңыздылығын анықтап көрсетип,болжам жасап,жүргізу жолдарын көрсетіңіз
- •26. Қ.Р балықтар түрлерінің кадастрларын құрастыруының маңыздылығын дәлелдеп,қр балық қорының тізімін келтіріңіз.
- •33. Жер кадастрының негізгі мәселелерін тұжырымдап, оларды шешу жолдарын көрсетіңіз.
- •36.Топырақ құнарлығының көрсеткіштерін пайдаланып,оларды жерді бағалау үшін қолданып сапасы туралы мысалдар
- •39. Ерекше қорғалатын табиғи қорықтар территориясының кадастрын құрастыру жолдарын көрсетіп, маңыздылығын дәлелдеңіз.
- •40. Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстарын сипаттап, олардың экологиялық кадастрын құрастыру жолдарын көрсетіңіз
- •41) Семей облысының табиғи ресурстарын сипаттап, олардың экологиялық құрастыру жолдарын көрсетіңіз
- •44.Қостанай облысының табиғи ресурстарының ерекшеліктерін айтып, олардың экологиялық кадастрын құрастыру жолдарын көрсетіңіз.
- •47.Топырақ бонитировкасын жүргізу үшін негізгі қажетті топырақ көрсеткіштерін пайдаланып, мысалдар келтіріп, балл бонитеттерін есептеңіз.
- •48.Жерді экономикалық бағалау үшін ескерілетін экологиялық көрсеткіштерді көрсетіп, оларға мысалдар келтіріп, жердің құнын есептеңіз.
- •49.Топырақтағы гумус мөлщерін анықтау әдісін түсіндіріп,гумус мөлшері бойынша оның қорын есептеңіз
- •52. Кадастрлар кітабы, оларды толтыру және пайдалану жолдары.
- •I. Экономикада – елдің, мемлекеттің экономикалық ресурстары туралы негізгі мәліметтердің дүркін-дүркін немесе үздіксіз бақылау негізінде жүйеге келтіріліп, ресми түрде жасалған жиынтығы.
- •54.Жерді бағалаудың статистикалық әдісін көрсетіп,мысалдар келтіріңіз
- •56. Таулы қара топырақтың құнарлығының көрсеткіштерін келтіріп, олардың балл бонитетін есептеңіз.
- •59. Қоңыр топырақтардың құнарлылық көрсеткіштерін келтіріп, олардың экологиялық жағдайлармен байланысын көрсетіп, орташа балл бонитетін табыңыз.
- •60.Қара топырақтардың құнарлылығының көрсеткіштерін келтіріп, олардың экологиялық жағдайларымен байланысын көрсетип,орташа балл бонитетін есептеңіз
41) Семей облысының табиғи ресурстарын сипаттап, олардың экологиялық құрастыру жолдарын көрсетіңіз
Табиғи – климаттық зонасына әркелкілік тән. Аймақ өңірін –таулы, таулы-орманды, орман-тоғайлы, далалы, шөлді, шөлейтті, ландшафт алып жатыр. Кенді Алтай және Оңтүстік Алтай жеріне Қалба, Сауыр-Тарбағатай таулары орналасқан. Таулардың биіктігі- 800ден 1500 м-ге дейін, Алтайдың шығысы-3000 м-ден-4000 м. аралығында. (Мұзтау тауы-4506 метр).Алтайдың Қазақстан бөлігінде 350 мұздық бар. Жалпы көлемі 99.1 кв. км-ге орналасқан.Шығыс Қазақстан облысы пайдалы қазындыларға өте бай. Мұнда мырыш, қорғасын, мыс, күміс, кадмий, сурьма,мышьяк, темір, күкірт, висмут, индий, калий, селен, теллур, сынап, қалайы, тантал, молибден, вольфрам, титан, никель, кобальт, көмір және т.б кездеседі. Кенді Алтайдың полиметалл кен орындары - Лениногор, Зырян, Березовка, Белоусовка, Глубокое, Бұқтырма, Тишин рудниктері.Климаты тым континенттік, оңтүстік шығысына қарай континенттілігі арта түседі. Тау етектері мен төменгі беткейлерінің климаты ылғалды. Қысы суық, жазық өңірінде қар жамылғысы өте жұқа, жазы ұзақ, ыстық. Қыста абсолюттік минимальдық температурасы –52 градус, максимальды температурасы жазда + 46 градус. Атмосферадағы жауын-шашын мөлшері барлық жерінде біркелкі емес. Жылына- тау бөктеріне 400-500 мм, таулы бөлігіне 1000-1500 мм., Зайсан қазан шұңқырына –130-200мм. ылғал түседі.Облыстың солтүстігінде вегатациялық кезеңнің ұзақтығы –176 сөтке, оңтүстігінде-198 сөтке.Облыста республика көлеміндегі су қоймасының 40% -і шоғырланған. Кенді Алтай өңірі арқылы ұзындығы 10 000 км. асатын 800 өзен ағады.Басты өзені Ертіс, және оның салалары Қалжыр, Күршім, Бұқтырма, Шар,Үлбі, Уба, Қызылсу. Ең үлкен көлдері- Марқакөл , Зайсан, Алакөл, Сасықкөл. Ертіс өзені бойында Бұқтырма, Өскемен бөгендері салынған. Зайсан көлі Бұқтырма су электр станциясы салынғаннан кейін үлкен бөгенге айналды.Көлемі 1га.- дан 528 кв.км. жететін 2000 нан астам көл бар. Олардың ішіндегі ең ірілері – Марқакөл, Зайсан, Сібе, Рахман қайнары, Кемеркөл, Сасықкөл, Алакөл.
Таулы аймақтардың солтүстігінде ( теңіз деңгейінен) 400ден- 800 метрге дейінгі биіктікте және оңтүстікте 600ден –1300 ге дейін бозды –бетегелі және бұталы өсімдіктер жапқан таулы-далалық белдеулік кетеді: тау беткейлерінде- ( тобылғы, итмұрын, ырғай, қараған, долана; өзен жағалауларында-тал, итмұрын, шәңгіш, қарақат, шырмауық, бүлдірген). Солтүстікте 800 ден –1700м.ге дейінгі және оңтүстікте 2300м-ге дейінгі биіктікте орманды белдеулік алып жатыр ( қайың, көк терек, терек, бал қарағай, шырша, самырсын, қарағай және алуан түрлі өсімдіктер).
Облыстың орманды алқабы 2 млн. га. жерге орналасқан. 2000м.-ден 3000м. аралығын альпі биіктері мен көгалдары алып жатыр.
Облыс -республикамыздағы – дәрі – дәрмек жасап шығару өндірісі үшін емдік қасиеті жоғары өсімдіктерді әзірлеудің және жабдықтаудың бірден – бір орны болып табылады.
Облыстың жануарлар дүниесі алуан түрлі жан- жануарлар мен аңдарға, жәндіктерге бай. ( бұлғын, құндыз, тиін, күзен, түлкі, саршұнақ,суыр, борсық, қасқыр, аю, марал, теңбіл бұғы, қоян, арқар т.б. мекендейді. Өзендері мен көлдерінде балықтың 33 түрі бар( табан, сазан, шортан, ақ қайран, тұқы және т.б.).
Құстардан: аққу, қара ләйлек, қаз, тырна, ақ шағала, үйрек т.б. мекендейді.
Өлкенің ғажайып табиғатын қорғау мақсатында – Марқакөл, Батыс-Алтай, Тарбағатай, Алакөл, Төменгі Тұрғысын тәрізді т.б. қорықтар бар.
Облыстың топырақ-өсімдік жамылғысына биіктік белдеулік тән. Жазық бөлігінде негізінен қара, қоңыр, сұр топырақ қабаттары қалыптасқан. Солтүстік батысындағы жазықтың қара топырағында шөпті далалық өсімдік өседі. Ертістің сол жағасында бозды-бетегелі, Зайсан қазан шұңқырындағы қоңыр топырақта жусанды-бетегелі өсімдіктер өседі.
Облыстың жануарлар дүниесі алуан түрлі , терісі бағалы аңдарға бай. Бұлғын, құндыз, тиын, күзен,түлкі, саршұнақ, суыр, борсық, қасқыр, аю, марал, теңбіл бұғы мекендейді.
Ертіс пен Зайсанда балықтың 33 түрі бар, табан, сазан, шортан, көксерке, аққайран, тұқы және т.б
43.Жамбыл облысының табиғи ресурстарын анықтап, олардың экологиялық кадастрын құрастыру жолдарын көрсетіңіз.Жамбыл облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағандыоблыстарымен және Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. Жамбыл облысының территориясы Бетпақдаладан Тянь-Шаньғадейін Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы — 144,2 мың км².
Жамбыл облысының табиғи ресурстары. Табиғи ландшафтардың флорасы мен фаунасы кең және әртүрлі. Облыста өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар. Аң аулайтын өңірдің жалпы алаңы 13,9 мың га құрайды, онда жануарлардың 40-тан астам түрі мекендейді. 27,8 мың га алаңды құрайтын балық шаруашылық қоры 74 су айдынынан тұрады, оның ішінде 73 су айдыны балық шаруашылығына жарамды. Ірі бөгендерден Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ бар. Балық аулау кәсібінде толстолобик, ақмарқа, карп, сазан, көк серке, тыран балық, краль, торта балықтарын аулау кең таралған.
Облыс аумағында 3 мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалы бар.
Жамбыл облысының экологиялық кадастрын құрастырудың ерекшеліктері.
1)Жамбыл облысының табиғи ресурстарына байланысты ақпараттарды жүйелеп, өңдеп, кадастр жұмыстарын жүргізу;
2)Жамбыл оюлыссының кадастырн құруда ондағы табиғи ресурстарға байланысты құжаттарды рәсімдеп, табиғи ресурстарын бағалау;
3)Жамбыл облысының кадастр жүргізуге байланысты қолданылатын экологиялық жағдайларын бағалау.
