Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kadastr (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
159.8 Кб
Скачать

40. Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстарын сипаттап, олардың экологиялық кадастрын құрастыру жолдарын көрсетіңіз

“Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы” мемлекеттік мекемесі Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы табиғи ресурстарды мемлекеттік басқару және табиғат пайдалануды реттеу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру функцияларын орындауға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының негізгі миссиясы: табиғи ресурстарды пайдалы қолдануды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету аумақтық саясатын қалыптастыру және іске асыру, қоршаған ортаны қорғау, су, орман және жануарлар ресурстарын қорғау, қалпына келтіру, теңгерімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу.Қазақстанның басқа аймақтарына қарағанда Оңтүстік Қазақстан облысы өсімдіктер және жануарлар әлеміне бай. Облыс көлемінде Қазақстан Республикасының геоқоры Кітабында көрсетілген аңдардың 178 түрінің - 83 түрі, сүтқоректілердің 42 түрінің – 18 түрі, сонымен қатар құстардың 56 түрінің – 38 түрі тіркелген. Облыстың мемлекеттік орман қоры 01.01.2010 жылы 3129922 га болды, оның ішінде орманның көмкерілген алаңы - 1548973 га, сүрек қоры – 3,0 млн текше метр, кесілген жерлер мен ашық алақандай 339,9 мың гектарды құрады.Облыс көлемінде 1700 өсімдік түрі өседі оның 122 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген, ал 68 түрі эндемикалық болып табылады, яғни тек Оңтүстік Қазақстан облысында кездесетіндер. Орманды қорғау және дамыту адамдар мен жаһан щаруашылығына үлкен мәні бар бүгінгі күнге мәнді міндеті. Орман ресурстары – биологиялық ресурстардың бірі болып саналады. Олар айрықша екі көрсеткішпен сипатталады: орманды алаң көлемі мен өсіп тұрған сүрек қоры бойынша. Орман ресурстары қайта түлеуіштерге жатады. Сүректерді құрылысқа, отынға, ағаш өңдеу және қағаз шығару, жиһаз жасау өнеркәсіптерінде шикізат есебінде пайдаланады.Орман ресурстарын тиімді пайдалану үшін оны кешенді пайдаланып, шикізат үшін орманды жылдық өсімінен артық кесуге болмайды, орманды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізілуі керек. Орманның санитарлық жағдайы қураған ағаштар бойынша анықталады. Ағаштардың қурауының негізгі себептері орманда аурулар және орман зиянкестерінің пайда болуы, жабайы аңдардың ағашты кеміруі, орман өрттері, гидрологиялық режимінің бұзылуы, өндіріс қалдықтарымен орманның ластануы т.б.

Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде –7 – 9°С, оңт-нде –2 – 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 – 29°С. Облыстың жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы таралған. Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп; Сырдария, Шу өзенінің аңғарларында жиде, жыңғыл, тал; тау етегінде бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, альпілік шалғын өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, елік, арқар, таутеке, жабайы шошқа, қоңыр аю, барыс, сусар, борсық, шөлді аймақтарда бауырымен жорғалаушылардың түрлері тіршілік етеді. Құстардан ұлар, кекілік, бүркіт, шіл, торғайдың көптеген түрлері мекендейді. Табиғи өсімдіктерді, жануарлар дүниесін сақтап қалу үшін Төле би, Түлкібас аудандары аумағында мемлекеттік Ақсу – Жабағылы қорығы (1926) ұйымдастырылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]