- •1.Кадастр түсінігіне анықтама беріп, оның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп, сипаттаңыз.
- •2.Кадастрлар түрлерінің жіктелуін, кадастрлық іс шаралар нысандарын сипаттап, олардың арасындағы байланысты көрсетіңіз.
- •I. Экономикада – елдің, мемлекеттің экономикалық ресурстары туралы негізгі мәліметтердің дүркін-дүркін немесе үздіксіз бақылау негізінде жүйеге келтіріліп, ресми түрде жасалған жиынтығы.
- •3. Табиғи ресурстар кадастрын анықтап, олардың экологиялық маңыздылығын айтып көрсетіңіз.
- •4. Кадастр жұмыстарының даму тарихын сипаттап, әртүрлі кезеңдерінің ерекшеліктерін көрсетіп,жетістіктерін анықтаңыз.
- •7.Жер кадастрының мақсаттары мен міндеттерінін анықтап, оған түсініктеме беріп, құрастыру прициптерін көрсетіз
- •8.Топырақ бонитировкасына анықтама беріп, оның маңыздылығын айтып сипаттаңыз
- •9. Қазақстан жерінің агроөнеркәсіптік маңыздылығын түсіндіріп, сол бойынша жерлердің категорияларға бөлінуін тұжырымдаңыз.
- •11. Қазақстанның табиғи ресуртарының экологиялық жағдайын бағалау жұмыстарының негізін ашып корсетиниз
- •14 Жер кадастры барлық табиғи ресурстардың кадастрлық жұмыстарының негізі екеніні дәлелдеп түсіндірме береіңіз
- •16 Қазақстанның жер қорларына сипаттама беріп , олардың экологиялық жағдайларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •17. Казақстан топырақтарының әр аймақтағы айырмашылықтарын көрсетіп, бағалау жұмыстарын жүргізуде пайдалануын анықтаңыз;
- •18.Қазақстанның жануарлар әлеміне сипаттама беріңіз,фауналық кадастрды құрастыру принциптерін көрсетіңіз.
- •19.Қазақстан флорасының кадастрын құрастыру негіздерін түсіндіріп,оның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп беріңіз
- •20.Қазақстанның су ресурстарына сипаттама беріп, су кадастрын құрастыру принциптерін тұжырымдаңыз.
- •21) Оңтүстік аймақтардағы суармалы егістіктерге пайдаланатын топырақтардың ерекшеліктерін түсіндіріп, оларды бағалау жұмыстарына мысал келтіріңіз
- •22.Қазақстанның жайылым жерлерінің ерекшеліктерін көрсетіп, олардың экологиялық жағдайларын сипаттап бағалау жолдарын көрсетіңіз
- •23. Өсімдіктер ресурстарының экологиялық кадастрына түсініктеме беріп, жүргізу жолдарын анықтап айтыныз
- •24. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарларды кадастрын принциптерін түсіндіріп,тұжырымдап, сипаттама беріңіз
- •25.Пайдалы қазбалар алынған кен орындарының кадастрын құрастырудың Қазақстан үшін маңыздылығын анықтап көрсетип,болжам жасап,жүргізу жолдарын көрсетіңіз
- •26. Қ.Р балықтар түрлерінің кадастрларын құрастыруының маңыздылығын дәлелдеп,қр балық қорының тізімін келтіріңіз.
- •33. Жер кадастрының негізгі мәселелерін тұжырымдап, оларды шешу жолдарын көрсетіңіз.
- •36.Топырақ құнарлығының көрсеткіштерін пайдаланып,оларды жерді бағалау үшін қолданып сапасы туралы мысалдар
- •39. Ерекше қорғалатын табиғи қорықтар территориясының кадастрын құрастыру жолдарын көрсетіп, маңыздылығын дәлелдеңіз.
- •40. Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстарын сипаттап, олардың экологиялық кадастрын құрастыру жолдарын көрсетіңіз
- •41) Семей облысының табиғи ресурстарын сипаттап, олардың экологиялық құрастыру жолдарын көрсетіңіз
- •44.Қостанай облысының табиғи ресурстарының ерекшеліктерін айтып, олардың экологиялық кадастрын құрастыру жолдарын көрсетіңіз.
- •47.Топырақ бонитировкасын жүргізу үшін негізгі қажетті топырақ көрсеткіштерін пайдаланып, мысалдар келтіріп, балл бонитеттерін есептеңіз.
- •48.Жерді экономикалық бағалау үшін ескерілетін экологиялық көрсеткіштерді көрсетіп, оларға мысалдар келтіріп, жердің құнын есептеңіз.
- •49.Топырақтағы гумус мөлщерін анықтау әдісін түсіндіріп,гумус мөлшері бойынша оның қорын есептеңіз
- •52. Кадастрлар кітабы, оларды толтыру және пайдалану жолдары.
- •I. Экономикада – елдің, мемлекеттің экономикалық ресурстары туралы негізгі мәліметтердің дүркін-дүркін немесе үздіксіз бақылау негізінде жүйеге келтіріліп, ресми түрде жасалған жиынтығы.
- •54.Жерді бағалаудың статистикалық әдісін көрсетіп,мысалдар келтіріңіз
- •56. Таулы қара топырақтың құнарлығының көрсеткіштерін келтіріп, олардың балл бонитетін есептеңіз.
- •59. Қоңыр топырақтардың құнарлылық көрсеткіштерін келтіріп, олардың экологиялық жағдайлармен байланысын көрсетіп, орташа балл бонитетін табыңыз.
- •60.Қара топырақтардың құнарлылығының көрсеткіштерін келтіріп, олардың экологиялық жағдайларымен байланысын көрсетип,орташа балл бонитетін есептеңіз
36.Топырақ құнарлығының көрсеткіштерін пайдаланып,оларды жерді бағалау үшін қолданып сапасы туралы мысалдар
Топырақтың табиғи ландашфаттар мен экожүйелердегі маңызы зор, оны жекелеген экожүйе деп қарастыруға болады.
Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В.Докучаев ХХ ғ басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін - өзі реттеуге қаблиетті табиғи – тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихы мен тау жыныстармен, климатымен, өсімдіктерімен, тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен.
Тау жыныстарының топыраққа айналу процесінің аса бір маңызды және жалпы құблысы құрлықтың бүкіл бетін жауып жатқан гумустық қабаттың түзілуі болды. Бүл қабат топырақтың ең белсенді бөлігі болып саналады. Топыраққа ең алғаш рет М.В.Ломоносов ғылми анықтама берді, ол:топрақ түзілу процесі құнарлық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарм – қатынас деп көрсетті.
Топырақ ресурстары жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Алайда оның шын мәніндегі маңызы мен рөлін өз дәрежесінде бағалай алмай келеміз. Топырақ биосфераның компоненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық симдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе – теңдікте сақтап түра алатын өздігінен тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық – түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағыдай тек топырақ арқылы ғана жасалыныды.
Топырақ – сыртқы орта жағыдайлары : жылу, су, ауа, өсімдіктер мен жануарлар, микрооргаизмдердің біріккен әсерінен қалптасқан жердің беткі құнарлы қабаты. Топырақ түзгіш факторларға сол сияқты рельеф пен адамның іс - әрекеті де жатады. Тірі организмдер топырақтың негізгі қасиеті – құнарлығының қалптасуына жағыдай жасайды.
Топырақтың құнарлығы дегеніміз – оның өсімдіктерді оларға қажетті қоректік элементтермен, сумен және ауамен қамтамасыз ету қабілеті. Ол топырақ түзілу процесі барысында және адамның топыраққа әсер ету нәтижесінде қалыптасады. Од бүкіл адам баласының тіршілігінің көзі болып табылатын аса мыңызды байлық, ауылшаруашылық дақылдарының өнімінің, ауылшаруашылық дақылдарының өндірісінің негізі.
Топырақ – барлық элементтерінің аккумалияторы: ол оларды өзіне жинақтап, су мен шайылып кетуден сақтайды, өхінің қалыптасқан зат алмасу процесі бар, тұрақты динамикалық жүйе болғандықтан топырақ табиғи факторлар (су тасқыны, құрғақшылық т.б.) әсеріне қарсы түра алады .бырақ топырақ көптеген антропогентік факторлардың (жер жырту, мал жаю, техниканы қолдану т.б.)ұзақ уақытқа созылатын әсерінен сезімтал келеді. топырақтың құнарлығы адам іс - әрекетінеде байланысты .
Топырақ – барлық материалдық игіліктердің көзі. Ол азық түлік, малға жем, ким үшін талшық, құрлыс материялдарын береді. Топырақтың ең маңызды байлық екенін айта отырып, К.Маркс, еңбек – байлықтың әкесі болса , топырақ – анасы деген.
Топырақ ешнәрсеге айрбастамайтын табиғи ресурс. Қазіргі таңда, ғылм әлі күнге дейін топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған жоқ. өсімдіктерді топырақсыз өсірудің кез келген әдісі топырақтың рөлін дәл өз мәнінде орындай алмайды . сондықтан адамзат қоғамы алдында тұрған және әлі де маңызды болып қала беретін аса маңыздаы проблема топырақтың топырақ түзілу процесіндегі өздігінен қалпына келу сақтап қалуға барынша жағыдай жасау.
Топырақтың қорғау мен бақылау обьектісі ретінде қоршаған ортаның басқа обьектілерімен салыстырғанда бірқатар өз ерекшеліктері бар. Ең алдымен топырақ атмосфералық ауа менжер бетілік суларға қарағанда әлде қайда қозғалссыз орта, соған байланысты басқа орталарға тән аса қуатты табиғи өздігінен тазару қасиеті жоқ. Топыраққа түскен атропогендік ластаушылар онда жинақталып, көбеие береді.
37.Алматы облысының табиғи ресурстарын толық сипаттап, олардың экологиялық кадастрын құрастыру жолдарын көрсетініңізАлматы облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224,0 мың км2. Облыс аумағында 16 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала (Қапшағай, Талдықорған, Текелі) бар. Тұрғыны 1631,7 мың адам (1998). Әкімшілік орталығы — Талдықорған қаласы. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көліарқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі. Алматы облысының табиғаты. Облыстың табиғаты мен жер бедері ала-құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Оның басым бөлігін Сарыесікатыраудың, Тауқұмның, Лөкқұмның, Қарақұмның, Қорғанқұмның қырқалы және төбешікті құмды алқаптары алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғары өтетін атыраулық бөлігі көне құрғақ арналармен тілімделген. Солтүстік шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жетісу (Жоңғар) қақпасы орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері толығымен қамтыған. Олар тауаралық ойпаңдар мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы — Бесбақан (4442 м) орналасқан. Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық бар, олардың жалпы ауданы 1,0 мың км2-ге жуық. Жетісу Алатауының кейбір сілемдері (Қолдытау, Алтынемел, Малайсары, Тышқантау, Текелі, Сайқан т.б.) өзен маңындағы жазық өңірлерге сұғына еніп жатыр. Облыстың оңт. және оңтүстік-шығысы Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары, Кетпен (Ұзынқара) жотасы және Солтүстік Тянь-Шань сілемдерінің т.б. жоталарынан құралған. Жетісу Алатауы мен Іле, Күнгей Алатаулары және Кетпен таулары аралығында Іле ойысы (аңғары) жатыр. Алматы облысының оңтүстік-батысын және батысын Шу, Іле таулы үстірттері мен далалары қамтыған (Жусандала, Бозой, Қараой үстірттері).3.Алматы облысының топырағының балл бонитетін есептеу
Б
=
*100
Ф- нақты қор; Эт- эталон топырақтың қоры.
Алматы облысы топырағының балл бонитеті:
Б
=
*100 = 91,8%
Таулы – шалғынды топырақтың балл бонитеті -91,8%
Топырақты экономикалық бағалау бойынша:
Б
=
=
=
95%
Алынған нәтижелер топырақтың өте құнарлы екендігін көрсетеді.
Алматы облысының өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.
Алматы облысының өсімдіктер дүниесі.
Облыстың өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан.
Жазық бөлігінде жусан, өлеңшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған. Балқаш, Алакөл көлдерінің батпақты жағалауында, Іле өз-нің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі-боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі. Биік таудың альпілік шалғынында өлең шөп, алтай, қоғажайы, тастесер т.б. өсімдіктер басым. Бұл өңір — облыс малшыларының жазғы жайлауы.
Алматы облысының жануарлар дүниесі.
Жазық жерінде қарақұйрық, бөкен, елік, қасқыр, жабайы шошқа, түлкі, борсық, жабайы мысық; кеміргіштерден: ондатр т.б. кездеседі. Таулы бөлігінде: барыс, сілеусін, қоңыр аю, ақкіс,арқар, тауешкі, марал, аққұлақ, бұлғын;құстардан: дуадақ, үйрек, қаз, қырғауыл, кекілік, аққу, тырна, тау құры, бұлбұл, ұлар, альпілік қарға т.б. мекендейді. Бауырымен жорғалаушылардан: жылан, тасбақа, кесіртке, зиянды жәндіктерден: қарақұрт, бүйі т.б. кездеседі. Өзен-көлдері мен су айдындарында сазан, маринка, алабұға, аққайраң т.б. балықтар бар.
