Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kadastr (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
159.8 Кб
Скачать

33. Жер кадастрының негізгі мәселелерін тұжырымдап, оларды шешу жолдарын көрсетіңіз.

Мемлекеттік жер кадастрының негізгі міндеті - елдің жер ресурстарының сапасы мен санын зерттеу мен есептеу болып табылады. Сонымен қатар, оның жұмысына - түрлі облыс, регион бағасын басқа облыс пен региондармен салыстыру да кіреді. Топырақ бонитировкасы – топырақ сапасының табиғи денесі және өндіріс заты ретіндегі салыстырмалы бағасының әдістері мен принциптерін анықтайтын арнайы іс-әрекет. Н.М.Сибирцев (1951) анықтамасы бойынша:"топырақ бонитировкасы - өсімдіктер мекені ретінде қарастырылатын топырақтың табиғи түрлерінің салыстырмалы қасиеттері жайындағы ілім".Бонитировка жұмыстарын орындау үшін мына жағдайларға ерекше мән берген жөн: Статистикалық өңдеуге берілген топырақтың қасиеттері мен сапасын нақтылау: Жақсы өңделген классификация және топырақтың агроөндірістік топтамасы. Ең алдымен, зерттеуге алынған, жердегі топырақтың табиғи және экономикалық жағдайларына көңіл болу керек. Мұндай жұмыстарға мысал ретінде - В.В.Докучаевтың 19-ғасыр соңында Нижегородск губерниясы мен Молдавиядағы 20-ғасыр ортасында жүргізген зерттеуі. Бонитировкалауда топырақты сандық көрсеткіш -" баллмен " - бағалайды. Бағалау үшін топырақтың тек ауыл шаруашылығына қатысы бар қасиеттері ғана іріктеліп алынады. Академик Н.П.Горшенин - топырақ бонитировкасын топырақтың ауыл шаруашылық маңызын танудағы жалпылау кезеңі ғана болып қоймай, сонымен катар басқада ауыл шаруашылық ғылымдарының алдында тұрған тапсырмаларды анықтау үшін негізгі әрекет болып табылатындығын атап көрсеткен. Міне, сол үшін де топырақ бонитировкасы - топырақ жайындағы ілімнің өте күрделі проблемаларының бірі. Топырақ бонитировкасынсыз ауыл шаруашылық өндірісін рационалды түрде жоспарлау мүмкін емес. Бонитировка материалдары сонымен қатар ауыл шаруашылық өндірісіне шынайы өлшемдер қоюға мүмкіндік береді. Қазакстанда топырақты бонитировкалау жұмыстары 1970-1980 жылдары жүргізілді. Топырақ бонитировкасының принциптері мен әдістері Топырақ бонитировкасының қазіргі кездегі әдістері В.В.Докучаев қалыптыстырған принциптерден туындайды. Олар топырақ қасиеттерінің сандық көрсеткіштері мен агроклиматтық жағдайларда құрылады. Топырақ қасиеттеріне - оның кышкылдығы, механикалық құрамы, қатпарлану тығыздығы, гумустық қабаттың күші жатады. Агроклиматтық көрсеткіштер ішінде егендікпен едәуір байланыстысы –ылғалдылық коэффициенті ( Высоцкий-Иванов әдісі бойынша),климат континенталдығының деңгейі. Ауыл шаруашылық егінділіктің едәуір тығыз коррелятивті байланыстары топырақтың келесі физика-химиялық және морфологиялық қасиеттері мен бақыланады" ылғалдылығы басым өңірлерде - физикалық саздағы фракцияның құрамы, гидролитикалық қышкылдық, негіздердің құнарлылық деңгейі; ылғалдылығы аз өңірлерде - гумус құрамы, барлық қатпардағы гумустың қоры 0-20,0-50,0-100см (т/га), физикалық саздың фракциясының құрамы, тұздылық деңгейі т.с.с. Агроклиматтық көрсеткіштерді агроклиматтық карталардан түсіреді немесе агроклиматтық анықтама кітапшаларынан таңдап алады.

Бонитет баллдарынын есебі Алдымен топырақ баллын мына формуламен әрбір "n"бойынша анықтайды: Б=Зф/ЗМХ100 мұнда - Зф- берілген топырақ белгісінің орташа атауы (гумус,азот,фосфор және калийдің қоры т.с.с) Зм-топырақтың өз белгісінің мағынасы, мұнда 100 баллдык жүйемен есептеледі. Әрбір деңгей келесідей агротехникалық және агроэкономикалық көрсеткіштермен сипатталады: 1га жер жыртуға арналған ауыл шаруашылық машиналарының орташа бағасы 1га жерге кеткен құнарландырғыш заттар;жұмысты орындауға жұмсалған күш т.с.с. Бұл берілген ұғымдардың барлығы қасиеттері бойынша математикалық өңдеуден өтеді. Топырақ бонитировкасы деңгейлерінің құрылымы үшін қолданылатын материалдар 3 әдіс бойынша өңделеді: 1)Топырақ бонитетінің 2 параллельді деңгейін (шкала) құрайды, біріншісін топырақ қасиеттері бойынша және екіншісін бақылау деңгейі ретінде (Ф.Я.Гаврилюк,А.С.Фатьянов,Н.Ф.Тюменцев); 2)Осы қарастырылған екі негіз бойынша бір уакытта бір деңгей құрастырылады. Соның ішінде топырақтың негізгі топтарының орта бонитетин егіндікпен, ал нақты топырақ бонитетін бұл негізден бөлек топтың жаплы бонитеті есебімен анықтайды(С.А.Шувалов); 3)Топырақ бонитеттерін егіндік бойынша есептейді, ал топырақ қасиеттері бойынша материалдарды деңгейлерді тексеруде және топырақ топтары мен классификациясын анықтауда қолданады.(В.П.Кузьмичев). Бұл үш әдіс те бонитировка денгейлерін құру үшін қолданылады, алайда екіншісі сентетикалық сияқты едәуір жемісті болады. Топырақтың агроөндірістік тобы – бұл барлық топырақ түрлерінің ішіндегі агроөндірістік көрсеткіштері бірдей немесе ұқсас және де біртипті құнарландыру жұмыстарын қажет ететін ерекшеленген топ. Бұған мысал ретінде бидай, картоп, күріш, қант қызылшасы және күнбағыс алқаптарын атап көрсетуге болады. Бонитировка және топырақтың агроөндірістік тобы жердің экономикалық бағасының негізі болып табылады. Жердің экономикалық бағасы - озінің қолдану есебі негізінде жүзеге асырылады және де табиғи – экономикалық факторларға негізделуі тиіс. Мұнда шаруашылықтың мамандандырылуы, өнімнің сапасы және де берілген өңірдің негізгі ауыл шаруашылық әдеби сияқты факторлар есепке алынуы тиіс. 34. Атмосфераға зиянды әсерді бағалауды жүргізу үшін қолданылатын көрсеткіштер мен индекстерді пайдаланып, ластану деңгейін анықтаңыз.

Атмосфера – жердің ауа қабығы. Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Амочфераның ластануын бағалау арнайы бір комплекс көрсеткіштері арқылы бағаланады, одан кейін аймақтың атмосферасының ластану деңгейін бағалайды. Атмосфераның ластануын тексеру үшін, аймақтық гидрометке, санитарлық-эпидемиологиялық қызметке немесе арнайы инспекцияларға тапсырылады. Атмосфераның ластануын арнайы компьютерлік программа арқылы ауаның ластану деңгейін есептеп қана қоймай, ластайтын заттардың картасын, кестесін алуға болады. Атмосфераны бағалау сапасы нормативтік және директивтік құжаттар арқылы жасалып, тура мониторингтік әдіспен және жанама әдіспен бағаланған. Атмосфераның ластану деңгейі қауіптілікті ескере отырып, ПДК-ның жиілігі мен қысқалығы арқылы бағаланады және ластаушы заттардың биологиялық қозғалысы да ескеріледі. Атмосфераның ластануын бағалайтын ең басты критерий топтық көрсеткіш болып табылады. Атмосфераның ластануын топтық индекс арқылы есептеледі. Атмосфераның ластану деңгейі 4 баллдық шкаламен анықталады:

  • Шамалы – ауаның ластану деңгейі елдегі қалалардан орташа мөлшерде;

  • Қауіпті – орта деңгейге тең;

  • Дағдарыс – орта деңгейден жоғары;

  • Қайыршылық – орта деңгейден көп;

Сонымен қатар атмосфераның жанама ластануын бағалау атмосферадағы құрғақшылықтан түсетін қалдықтар мен атмосфералық төгінділерінің жуылуына байланысты.

Атмосфераны бағалау жағдайы:

Санитарлы-гигиеналық деңгейде бағалану керектігі, атмосфераның әлеуметтік ресурстық бағалауы, белгілі бір қоршаған ортаға әсерін бағалау, табиғат пен техникаға байланысты.

Атмосфераға стационарлық көздерден ластаушы заттар шығарындыларының нормативтері - өнеркәсіп кәсіпорындарының даму болашағын және атмосферада зиянды заттардың сейілуін ескере отырып, осы көзден және қаланың немесе басқа елді мекеннің көздерінің жиынтығынан жер бетіндегі шоғырлану елді мекендердің шекті жол берілген шоғырлануларынан аспайтындай етіп әрбір нақты атмосфераны ластау көзі үшін анықталады.

35. Гидросфераға зиянды әсерді бағалауды жүргізу үшін қолданылатын көрсеткіштер мен индекстерді пайдаланып, ластану деңгейін анықтау. Қазіргі кезде дүниежүзінде, соның ішінде Қазақстанның гидросферасының қалдық сумен ластануы, экологиялық өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Гидросферадағы организмдердің тіршілігіне ластаушы заттардың уыттылық әсері, яғни экожүйедегі тіршілік пен экологиялық факторлар туралы ғылыми деректерді, биологиялық индикаторлардың көмегімен әсер ету арқылы ақпарат алуға болады. Биологиялық модельді обьектілерді пайдалану нәтижелерінде гидросфераға биомониторинг жүргізу әдісі – биология ғылымында кеңінен таралған тәсілдердің бірі болғанымен, біздің елімізде ол әдіс әлі дами қойған жоқ. Биологиялық бақылауға дафнияны пайдалану өте қолайлы, әрі арзан әдіс. Оның себебі, Қазақстанда өндіріс түрлерінің көп болуы себебінен, жер беті су көздерінің алуан түрлі ксенобионтты әсер ететін қалдық сулардың әсерінің жете зерттелінбеуімен түсіндіріледі.Қазіргі кезе Кентау қаласында қаланың қалдық суларына экскаватор, және трансфарматор зауытының қалдық сулары қосылады. Қалдық суларды тазалау орталығының еңбек өнімділігі тәулігіне 19 мың м³ болғанымен, ол жерде тазалауға тәулігіне 48 мың м³ қалдық сулар жіберіледі. Сондықтан, Кентау қаласының қалдық суларының бір бөлігі тазаланбаған күйінде «Қосқорған» су қоймасына қосылып отырады. Кентаудағы қалдық суларды фильтрлейтін жер телімдері көлемі 100 х 100 м болатын 33 картадан тұрады және олардың 12-сі сүзінділерден тазалануы үшін құрғатылып отырады. Қалдық сулар құрамындағы ауыр металдар сүзінділер құрамында жинақталып, ол сүзінділерді ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде пайдаланылатындықтан, су көздерінен басқа топырақтар да ауыр металдармен ластанады.Қазіргі кезде улы заттардың су көздерінің гидробионаттарына әсері арзандап, жылдам жүргізілетіндігімен ерекшеленетін биотестілеу әдісімен жүзеге асыру, аса өзекті мәселе болып отыр. Бұл әдісте заттың химиялық табиғаты қарастырылмайды. Олар су ортасындағы гидробионттарға қоспалардың зиянды әсерін, әсіресе улылық дәрежесін көрсетеді \2\. Сондықтан бұл жұмыста кейбір жеке немесе улы заттардың әсер ету дәрежесін биологиялық әдістер арқылы анықтау жолдары қарастырылған. Сонымен, дафнияны пайдалана отырып, биотест жүргізу шаралары зеріттелініп отырған судың аса үлкен улылық мөлшерінің қандай қоспаны араластырғанда байқалатындығын, қаншалықты қысқа уақыт аралығында әсер етететінін және ластанған суды таза сумен араластырғанда, оның улылығының қаншалықты азаятындығына көз жеткізуге мүмкіндік береді. Өндірістегі ағызынды суларды биотестілеу әртүрлі этапта жүргізіледі және олардың улылығын бақылау тиімділігі, ластанған сулардың аса қауіптілік мөлшерін таба білуге байланысты. Сонымен, суаттардың өмір сүруге қолайлылығын шаяндардың ұрпақтарын ұзақ уақыт зерттеу нәтижерерімен бағалауға болады. Дафниялық тест, басқа биотесттерге қарағанда, табиғи улы жерлерге аса сезімталдығымен, тәжірибелерде жақсы нәтижелерімен ерекшеленеді.Сынақ жүргізу үшін мынадай лабораториялық құралдарды қолданады: АЭН ТУ 16 - 064011 бойынша микрокомпрессор, аналитикалық таразы, 250 мл-к өлшегіш және конус тәрізді колбалар, 500 мл-к стакан, өлшеуіш цилиндр, аквариум, лупа, диаметрі 5 - 7 мм шыны түтікше, пипетка, шыны таяқша .Зерттелу жұмыстарында қолданылатын зиянды заттар: Ca(OH)2, FeCL3, CuCL2·2H2O,NaHCO3, сабын ерітіндісі, трансформатор заводының гальваника сулырын зерттеу көздері болып қарастырылды.

Əр түрлі су қоймаларының сулары көптеген микроорганизмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар жəне т. б.) тіршілік ететін табиғи ортасы болып есептеледі. Судағы микроорганизмдердің дамуын көрсететін фактор – ондағы қоректік заттардың мөлшері деп есептеуіміз керек. Су неғұрылым органикалық заттарға бай болса, соғұрылым микробтар да көп болады. Судағы микробтардың өніп – өсуіне қарап оның тазалық нəтижесін де анықтауға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]