Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kadastr (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
159.8 Кб
Скачать

26. Қ.Р балықтар түрлерінің кадастрларын құрастыруының маңыздылығын дәлелдеп,қр балық қорының тізімін келтіріңіз.

Қазақстан Республикасының су айдындарында 100 – ден аса балық түрлері кездеседі, 16-сы сирек кездесетін, жойылу қаупі бар түрлерге жатады.

Балықшаруашылығында маңызды балықтың 19 түрі бар: осетр тұқымдасна жататын ( ақсерке, орыс бекіресі, шоқыр балық, шип) шортан, плотва, аққайран, ақ амур, жерех, қара балық, сазан, кәдімгі жайын, кәдімгі алабұға, кәдімгі көксерке. Республикадағы балық шаруашылығының күрделі суайдындары: Каспий теңізі, Балхаш көлі, Солтүстік Арал, Алакөл, Бұқтырма, Шүлбі, Қапшағай, Шардара су қоймалары.

Каспий теңізінде 130 – дан аса балық түрі кездеседі, ішіндегі ең маңыздысы осетр типтегі балықтар ақсерке, орыс бекіресі, шоқыр балық, шип т.б. осы балық түрлері ежелде 85% аса қорды құрайтын негізгі қорек болып табылды.

Мәліметтер бойынша ҚРХ ҚР 2005ж республикадағы балықшаруашылық су айдындарын 53,83мың т, игерілгені 83,4%, 44902,2т құрайды.

Бұл кестеден ҚР берілген лимит бойынша балықтарды аулау процентін меңгеру 83,4, лимитті игеру 100% дан 14 облысқа, ал қалғаны балық қорының жойылу көрсеткіштеріне байланысты. Республикамызда балықшаруашылық суайдындарының өнімділігін көтеру мақсатында 12 республикалық мемлекеттік шаралар жүргізілді, 7 балық көшеттігі, 3 даму үстіндегі шаруашылық және Қазақстан өндірістік – жерсіндіру станциясы

2005ж бойынша балықшаруашылық суайдындарында 23,2млн.дана тұқы құрты, 20млн.дана личинок сиговых, 6,2млн. Осетр типтегі құршабақ балық, 26,1млн.дана тұқы және өсімдікқоректі балықтар, 0,7 млн тұқы.

2005ж балық қорғау органдары, балыққорғау заңы бойынша 12205 заңбұзушылық 12003 адам тарапынан болғандығы анықталды. Конфискаттардың анықтауы бойынша (балық, балық өнімі, аулау құралдары) 1,08млн.т құрады. Аталған сумма бойынша келтірген залал, айыппұл үшін 561,6 мың т құрайды.

СХН Академиясы отырысында (Астана, 11-12.08.05 ) тіркелгендей , бізде ихтиология, балықшаруашылығы бойынша мамандар, ғалымдар жоқ делінген. Заңсыз балық аулау, сусу шекараларын бұзушыларға қарсы тұратын балық қорғау қызметі жоқ. Мамандардың айтуы бойынша,Каспий өзенінде осетр тұқымдасына жататын балықтардың 10 пайызы ғана заңға сәйкес ауланады екен.

Негізгі проблема мұнай тасқыны, бұрғылау, өндіру кезінде оның қалдықтары көлдің жағалауына, бетіне қалқып шығуда. Судың беткі қабатында мұнаймен қоректенуші омыртқасыз мнемиопсис тіршілік етеді.

Балық шаруашылығын дамыту үлкен қаржыны талап етеді: универсалды флотты жабдықтауға. Балық аулау қажет уақытта, керек жерде, қажет мөлшерде экологиялық маңызды шара болып табылады.

27.ҚР дәрілік өсімдіктер ресурстарын сипатта беріп, дәрілік өсімдіктердің кадастрларын құрастыру принциптерін дәлелдеп,сипаттаңыз.Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер –медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Жүрек-қантамырларының ауруларын емдеуде, олар 80 %-ға дейін, ал бауыр жэне асқазан-ішек ауруларында шамамен 70 % құрайды. Сондықтан мамандар көптеген ауруларға сондай-ақ қатерлі ісік ауруына қарсы препараттар алуда жаңа дәрілік өсімдіктер түрлерін қарастыруда. Дэрілік өсімдіктердің емдік қасиеті ондағы белсенді заттар немесе химиялық құрамы мөлшерінде жэне олардың дам организміне тигізетін физиологиялық эсеріне байланысты. Биологиялық белсенді заттар өсімдіктердің барлық бөліктерінде немесе оның кейбір бөліктерінде болуы ықтимал.

28.ҚР аңшылық кәсіби жануарлар түрлерінің кадастрын құрастыру принциптерін көрсетіп, осы жұмыстардың маңыздылығын көрсетініз.Аңшылық кадастр- фауналық кадастрдың бір бөлшегі ретінде қарастырылады. Жаңа теориялық негізде жүргізілетін фаунаның кадастрлық инвентаризациясы – қазіргі заманға зоология ғылымының аса маңызды мәселесі ретінде қарастырылады. ҚР аң аулауға рұқсат етілген жерлердің жалпы көлемі-240 млн га, aл жыртқыш аңдар мекен ететін жерлер-73 млн га-ны құрайды.Тұяқты жануарлар саны-125,4 мың басқа өсті. 2005 жылдың 25-наурызынан бастап ҚР-да жабайы жануарлардың санын көбейту мақсатында сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан жабайы жануарлар түрлерінің қалпына келтіру мен қадағалау атты бағдарлама құрылды. Тұяқты жануарлар саны жайында мәлімет мына кестеде көрсетілген.

Жұмсақ жүнді аңдардың саны 4910,8 мың басты құрады, олардың Ақмола облысында -37,3 , қарағанды облысында 32,4%, қостанай облысында -7,4% , Алматы облысында 5,5% , ШҚО -4,7 %анықталған. Ауланатын сүтқоектілердің мына түріне мына аңдар кіреді. Бұғы, қабан, сайгак, сібір тауешкісі, марал және жыртқыштар: ілбіс, аю , қасқыр т.б.

Қазақстанда маралдың жалпы саны- 5,5-6 мыңдай, тауешкі -13,2-14 мың, қабан -10мың, ондатр -300 мың, өзен борсығы -4,5-5 мыңдай бас болады. 2000 жылдармен салыстырғанда сайгак саны төмендеп кетті.( 2000 ж – 148 мың ; 2003 ж -21,2 мың; 2004 ж -30,7 мың ; 2005 ж -39,6 мың бас).Бюджеттік қаражаттандырудың арқасында бұл түрлерге қорғау іс-шаралары қарқынды жүргізіліп отыр.

2005 жылдың желтоқсанында Қазақстанда миграцияланушы жабайы жануарлар түрлерін қорғау мақсатында құрылған конвенцияға қосылды. Қазақстанда ұзақ уақыт бойы дала тасбақаларын көбейту жұмыстары қолға алынды ( 40-мыңнан -180 мыңға дейін ). Сонымен қатар , уы үшін ауланатын улы жыландар санында көбейту жұмыстары қолға алынды. Антропогендік іс –әрекеттер көптеген жануарлар түрлерінің азаюына әкеліп соғады . Мәселен ,1978-1998 жылдар арасында Қазақстан Қызыл кітабына 125 түрлі жануарлар өкілдері мен омыртқалылардың 15% –ы енгізілген. Тың игеруде орта есеппен Қазақстан аумағындағы дала фаунасының 70%-ы жойылды.

Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлеріндегі көлді аймақтар, сонымен қатар Зайсан ,Балқаш жағалаулары мен Каспийдің Солтүстік жағалауы суда маңында мекендеуші құстарымен – ТМД –дағы ең бай жерлердің ішінде. Одан бөлек Қазақстан территориясымен күзде және көктемде көптеген құстар ұшып өтеді. Браконьерлердің жауыздық іс-әрекеттерінен аққу мен қоқиқаз саны едәуір азайып кетті, сонымен қатар әдемі шығыс-азиаттық ақ тырналар да азаюда.

Аңшылық ережелерін бүзушылар және браконьерлермен күрес күрделі проблема.2005 жылғы 1967 тәртіп бұзушылық тіркелген және де 11,6 млн тг айыппұл алынға. 2005 жылы жануарлардың құтыру ауруына бақылау жүргізілді. ҚР аумағында құтырумен ауырған 127 бас жануар тіркелді. Бұл инфекцияның ең көп таралған жері-БҚО-26 оқиға, Атырау облысы -21 оқиға және Қостанай облысы -18 оқиға тіркелген. Құтырy ошақтарының көбеюінің себебі-жабайы аңдар, үйсіз иттер мен мысықтар популясиясының үлкеюімен байланысты табиғи ошақтардың белсендірілуі болып есептеледі.Бұл аурудың таралуының алдын-алудың негізгі жасы- ол жануарларды ату мен аулау жұмыстарын жүйелі жүргізу . Бұл ауруды тудыратын инфекциялар жылдар бойы сақталып, ауылшаруашылық жануарларына қауіп төндіреді.

2005-жылдың тамызында жоғары потогендік құс тұмауының 7 ошағы белгілі болды, оның ішінде Ақмола облысында -2; Павлодар және Қарағанды облысында – 1-ден; СҚО-3. Алайда 2005 жылдың 16 қыркүйегінен бастап бұл ауру бойынша эпизотикалық ситуация тұрақталды. Құс тұмауының жайылып кетуі және пайда болуының алдын алу мақсатында кең масштабты профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

29.Қазақстанның малазықтық өсімдіктері, оларды тиімді пайдалану жолдарын көрсетіңіз.Республикамыздағы егін шаруашылығында малазықтық дақылдар 2,7 млн. га. жерде орналасқан, яғни барлық егіс аумағының 16%-ын алып жатыр. Қазақстанда малдар қорада тұратын кезеңде және жазда үстемелеп азықтандыруға алатын мал азығы үшін жыртылатын жерлерде малазықтық дақылдар өсіріледі, оларды негізгі топтарға бөлуге болады: 1.сүрлем, 2.көпжылдық бұршақ тұқымдастар, 3.көпжылдық астық тұқымдастар, 4.біржылдық астық тұқымдастар, 5.біржылдық бұршақ тұқымдастар, 6.малазықтық тамыр жемістілер, 7.малазықтық бақша дақылдар, 8. Жемазықты дақылдар. Одан басқа аз тараған және дәстүрлі емес малазықтық өсімдіктер тобын көрсетуге болады, бірақ та олар қазірше маңызды өндірістік рөл атқармайды. Қазақстанда негізгі сүрлем дақыл ретінде жүгері, күнбағыс, ақ жүгері және судан шөбін өсіреді. Дақылдардың негізгі өсіру мақсаты – сүрлем алу және жаздың екінші жартысында (тамыз-қыркүйек басында) жасыл балаусамен үстеме азықтандыру. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер пішен, пішендеме, дәруменді шөп ұны және жазғы уақытта жасыл балауса мал азығына өсіріледі. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер құрамындағы сіңімді протеиннің жоғары мөлшерімен сипатталады: олардан алынған мал азығында жинау технологиясы сақталған жағдайда 1 а.ө-ге 180-250 г сіңімді протеин келеді. Бұл дақылдар тобы мал азығын өндіруде энергетиканың көзі ретінде ғана, малдар рационын ақуызбен алмастырылмайтын аминқышқылдар мен толықтыру үшін де маңызды. Бұршақ тұқымдас шөптер ретінде республикамызда жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқа, қызыл беде өсіріледі. Көпжылдық астық тұқымдас шөптер пішен, пішендеме, көк балауса дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын негізгі дақылдар еркекшөп, қылтықсыз арпабас, көген тамырсыз бидайық, шалғындық бетеге және т.б. Біржылдық шөптер пішен, пішендеме, жем азық дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын дақылдар жасыл конвейердің маңызды шикізат көзі болып табылады. Қазақстанда өсірілетін негізгі біржылдық шөптерге судан шөбі, итқонақ, қонақтары, малазықтық шай жүгері, сұлы, арпа, сиыржоңышқа, асбұршақ, ноғатық т.б.жатады. Малазықтық тамыржемістілер күзгі-қысқы мерзімде шырынды диетикалық және дәруменді мал азығын дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын дақылдардан біздің елімізде қант қызылшасы, малазықтық сәбіз өсіріледі.

30.ҚР ластану реестры туралы түсініктеме айтып,регионалдық экологиялық проблемаларды анықтап беріңізЛастану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағыЭкологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.2.Қоршаған ортаның ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - тізілім) онда ластану учаскелерінің түрлері мен шығу көзі, олардағы ластаушы заттардың көлемі мен шоғырлануы, ластану учаскелерінің тиесілілігі мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы деректер жиналатын деректер банкі болып табылады.3.Тізілімнің жүргізілуін ұйымдастыруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады. Тізілім орталық және аумақтық тізілімдерден тұрады.

4.Тізілім ластану учаскесінің тізілімдік паспорты (бұдан әрі - тізілімдік паспорт) негізінде жүргізіледі.

2.Тізілімді жүргізу тәртібі

5.Әрбір ластану учаскесіне табиғат пайдаланушы тізілімдік паспорт жасайды және оны тиісті аумақтық қоршаған ортаны қорғау органына ұсынады.

6.Ереже қолданысқа енгізілетін күні бар, табиғат пайдаланушылар ластаған учаскелерге қатысты 2007 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тізілімдік паспорттар жасалады және 2008 жылғы 10 наурыздан кешіктірмей аумақтық қоршаған ортаны қорғау органына жіберіледі.

7.Жаңа ластану учаскесіне арналған тізілімдік паспортты табиғат пайдаланушы оны анықтағаннан кейін үш ай ішінде жасайды

8. Тізілімдік паспорт (осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес) мыналарды қамтиды: 

1)тіркеу нөмірін;

2)ластану учаскесі орналасқан жердің схемалық картасы мен оның географиялық координаттарын; 

3)нәтижесінде ластану учаскесі пайда болған шаруашылық және өзге де қызметтің немесе табиғи құбылыстың түрін; 

4)меншігінде (иелігінде) ластану учаскесі орналасқан аумақ бар табиғат пайдаланушыны; 

5)жер санатын;

6)ластану учаскесінің параметрлерін;

7)орналасудың техникалық шарттарын;

8)химиялық құрамын (ластаушы заттардың атауын, көлемін және шоғырлануын); 

9)ластаушы заттар таралуы ықтимал жолдарды;

10)ластану учаскесінің зерттелу дәрежесін;

11)ластану учаскесі орналасқан аумақтың климаттық сипаттамаларын;  12)ластану учаскесін оқшаулау және қалпына келтіру жөнінде іске асырылған іс-шараларды.

9.Тізілімдік паспортты жасаған және тіркеген лауазымды тұлғалардың аты-жөнін және атқаратын лауазымын көрсете отырып, оған қол қойылады.

10.Тізілімдік паспорт аумақтық, қоршаған ортаны қорғау органында қабылданады, тіркеледі, есепке қойылады және сақталады.

11.Ластану учаскелерін тіркеу табиғат пайдаланушыдан тізілімдік паспортты алған күннен бастап бір ай ішінде ресімделеді.

12.Тізілімдік паспорттар Ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда олар тіркелмейді және олар аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдарына түскен күнінен бастап бес күнтізбелік күн ішінде табиғат пайдаланушыға тіркеуден бас тартылған күннен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде пысықтауға қайтарылады.

13.Тіркелген тізілімдік паспорттар осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес ресімделген тізілімге енгізіледі.

14.Табиғат пайдаланушыға тіркелген тізілімдік паспорттың көшірмесі беріледі.

15.Тізілімдік паспорттың осы Ереженің 8-тармағының 4), 6), 8), 12)тармақшаларында көрсетілген мәліметтерін табиғат пайдаланушы жыл сайын жаңартып отырады және 10 наурыздан кешіктірмей аумақтық қоршаған ортаны қорғау органына жібереді.

16.Аумақтық тізілімді жүргізу мыналарды қамтиды: 

1)аумақтық тізілімге тиісті жазба енгізу жолымен ластану учаскелерін тіркеуді; 

2) тізілімдік паспорттарды аудандар бойынша толықтыруды және сақтауды; 

3)мемлекеттік органдарды және өзге де мүдделі тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз етуді; 

4)аумақтық тізілімді өзекті етуді (жаңартуды), оның ішінде алып тастаудың күні мен негіздерін көрсете отырып, тізілімнен ластану учаскесін алып тастауды.

ҚР региональды проблемасы.Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді.Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып, жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен жағалауларды, мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің қамымен басқа жерлерге көшеді.Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда. Экологиялық проблема дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей қасіреттері еске түседі.Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны. Арал теңізі ірі экологиялық апатқа ұшырыағанға дейінгі көлемі - 1066 км2, тереңдігі - 30-60 м, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. 1966 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Амудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай 1970-1980 жылдар аралығында аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқында дамыды (Шардара).Оның үстіне ауылшаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 м-ге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 %-ға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өсен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тонна тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады

31.Есеп: Эталон – ауыр құмбалшықты оңтүстік қара топырақтың гумусты қабатының (А+В) қалыңдығы 76 см, ондағы гумус қоры – 234 т/га. Қалыңдығы орташа (А+В) 59 см, гумус қоры – 165,2 т/га кұңгітр қара-қоңыр топырақтың бонитет баллдарын анықтаңыз (Ф.Я.Гаврилюк бойынша).

Шешуі:

Бб=Sф/Sф*100

Борт12/2;

Б1=59/76*100=77,6

Б2=165.2/234*100=70.6

Жауабы: Борт=74,1балл

32.Есеп: Топырақтың бонитет баллын келесі мәліметтер бойынша есептеңіз (Ф.Я.Гаврилюк әдісімен): оңтүстік қара топырақта А+В = 76 см, гумус қоры – 234 т/га; орташа қалыңдықты қара-қоңыр топырақта А+В = 45 см, гумус қоры – 116,3 т/га; шалғынды күңгірт қара-қоңыр топырақта А+В = 55 см, гумус қоры – 217,8 т/га.

Шешуі:

1)эталон А+В=76см, гумус 234т/га

2)қара-қоңыр А+В=45см, гумус 116,3т/га

3)күнгірт қара қоңыр А+В=55см, гумус 217,8т/га.

Бб=Sф/Sф*100;

Бк2ортк2.1к2.2/2;

Бкл.орткл1кл2/2;

Бк2.1=45/76*100=59,21

Бк2.2=116,3/234*100=49,7

Бкл2=55/76*100=72,37

Бкл2=217,8/234*100=93,08

Бк2орт=54,45

Бкл.орт=72,83

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]