- •1.Кадастр түсінігіне анықтама беріп, оның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп, сипаттаңыз.
- •2.Кадастрлар түрлерінің жіктелуін, кадастрлық іс шаралар нысандарын сипаттап, олардың арасындағы байланысты көрсетіңіз.
- •I. Экономикада – елдің, мемлекеттің экономикалық ресурстары туралы негізгі мәліметтердің дүркін-дүркін немесе үздіксіз бақылау негізінде жүйеге келтіріліп, ресми түрде жасалған жиынтығы.
- •3. Табиғи ресурстар кадастрын анықтап, олардың экологиялық маңыздылығын айтып көрсетіңіз.
- •4. Кадастр жұмыстарының даму тарихын сипаттап, әртүрлі кезеңдерінің ерекшеліктерін көрсетіп,жетістіктерін анықтаңыз.
- •7.Жер кадастрының мақсаттары мен міндеттерінін анықтап, оған түсініктеме беріп, құрастыру прициптерін көрсетіз
- •8.Топырақ бонитировкасына анықтама беріп, оның маңыздылығын айтып сипаттаңыз
- •9. Қазақстан жерінің агроөнеркәсіптік маңыздылығын түсіндіріп, сол бойынша жерлердің категорияларға бөлінуін тұжырымдаңыз.
- •11. Қазақстанның табиғи ресуртарының экологиялық жағдайын бағалау жұмыстарының негізін ашып корсетиниз
- •14 Жер кадастры барлық табиғи ресурстардың кадастрлық жұмыстарының негізі екеніні дәлелдеп түсіндірме береіңіз
- •16 Қазақстанның жер қорларына сипаттама беріп , олардың экологиялық жағдайларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •17. Казақстан топырақтарының әр аймақтағы айырмашылықтарын көрсетіп, бағалау жұмыстарын жүргізуде пайдалануын анықтаңыз;
- •18.Қазақстанның жануарлар әлеміне сипаттама беріңіз,фауналық кадастрды құрастыру принциптерін көрсетіңіз.
- •19.Қазақстан флорасының кадастрын құрастыру негіздерін түсіндіріп,оның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп беріңіз
- •20.Қазақстанның су ресурстарына сипаттама беріп, су кадастрын құрастыру принциптерін тұжырымдаңыз.
- •21) Оңтүстік аймақтардағы суармалы егістіктерге пайдаланатын топырақтардың ерекшеліктерін түсіндіріп, оларды бағалау жұмыстарына мысал келтіріңіз
- •22.Қазақстанның жайылым жерлерінің ерекшеліктерін көрсетіп, олардың экологиялық жағдайларын сипаттап бағалау жолдарын көрсетіңіз
- •23. Өсімдіктер ресурстарының экологиялық кадастрына түсініктеме беріп, жүргізу жолдарын анықтап айтыныз
- •24. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарларды кадастрын принциптерін түсіндіріп,тұжырымдап, сипаттама беріңіз
- •25.Пайдалы қазбалар алынған кен орындарының кадастрын құрастырудың Қазақстан үшін маңыздылығын анықтап көрсетип,болжам жасап,жүргізу жолдарын көрсетіңіз
- •26. Қ.Р балықтар түрлерінің кадастрларын құрастыруының маңыздылығын дәлелдеп,қр балық қорының тізімін келтіріңіз.
- •33. Жер кадастрының негізгі мәселелерін тұжырымдап, оларды шешу жолдарын көрсетіңіз.
- •36.Топырақ құнарлығының көрсеткіштерін пайдаланып,оларды жерді бағалау үшін қолданып сапасы туралы мысалдар
- •39. Ерекше қорғалатын табиғи қорықтар территориясының кадастрын құрастыру жолдарын көрсетіп, маңыздылығын дәлелдеңіз.
- •40. Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстарын сипаттап, олардың экологиялық кадастрын құрастыру жолдарын көрсетіңіз
- •41) Семей облысының табиғи ресурстарын сипаттап, олардың экологиялық құрастыру жолдарын көрсетіңіз
- •44.Қостанай облысының табиғи ресурстарының ерекшеліктерін айтып, олардың экологиялық кадастрын құрастыру жолдарын көрсетіңіз.
- •47.Топырақ бонитировкасын жүргізу үшін негізгі қажетті топырақ көрсеткіштерін пайдаланып, мысалдар келтіріп, балл бонитеттерін есептеңіз.
- •48.Жерді экономикалық бағалау үшін ескерілетін экологиялық көрсеткіштерді көрсетіп, оларға мысалдар келтіріп, жердің құнын есептеңіз.
- •49.Топырақтағы гумус мөлщерін анықтау әдісін түсіндіріп,гумус мөлшері бойынша оның қорын есептеңіз
- •52. Кадастрлар кітабы, оларды толтыру және пайдалану жолдары.
- •I. Экономикада – елдің, мемлекеттің экономикалық ресурстары туралы негізгі мәліметтердің дүркін-дүркін немесе үздіксіз бақылау негізінде жүйеге келтіріліп, ресми түрде жасалған жиынтығы.
- •54.Жерді бағалаудың статистикалық әдісін көрсетіп,мысалдар келтіріңіз
- •56. Таулы қара топырақтың құнарлығының көрсеткіштерін келтіріп, олардың балл бонитетін есептеңіз.
- •59. Қоңыр топырақтардың құнарлылық көрсеткіштерін келтіріп, олардың экологиялық жағдайлармен байланысын көрсетіп, орташа балл бонитетін табыңыз.
- •60.Қара топырақтардың құнарлылығының көрсеткіштерін келтіріп, олардың экологиялық жағдайларымен байланысын көрсетип,орташа балл бонитетін есептеңіз
25.Пайдалы қазбалар алынған кен орындарының кадастрын құрастырудың Қазақстан үшін маңыздылығын анықтап көрсетип,болжам жасап,жүргізу жолдарын көрсетіңіз
Пайдалы қазбалар алынған жердің кадастры - бұл пайдалы қазбалардың барлық түрінің пайда болуы мен шығу орны жағдайындағы мәліметтердің жүйелі саласы. Сонымен қатар мұнда түрлі пайдалы қазба байлықтарының құрылымы және геофизикалық аномалиялары жайында да айтылады. Пайдалы қазбалардың айқындалуы мен шығу орнының мемлекеттік кадастры - бұл ҚР жерінде табылған пайдалы қазбалардың айқындалуы және шығу жерінің мемлекеттік санағының формасы. Мұнда құрамында гидрогеологиялық және экологиялық компоненттері бар пайдалы қазбалардың сандық және сапалық қасиеттері жөніндегі мәселелер қарастырылады. Пайдалы қазбалардың айқындалуы мен табылған жерлерінің қоры - бірыңғай мемлекеттік кадастр және де пайдалы қазбалар қорының бірыңғай мемлекеттік балансы формасында мемлекет мүлкіне жатады. Мемлекеттік кадастр ҚР заңы бойынша шешілген республикалық геологиялық фонд жұмыстарын жүргізеді. Бірыңғай мемлекеттік балансты қордың қоданушылары құрастырады.Кадастрларды құру және толықтырудағы мәселелердің негізгі көзі - режимдік станциялар, бақылау посттар желісі, сонымен қатар арнайы экспедициялар болып табылады. Мұндай кадастрларды өңдеу мен енгізу - ресурс сақтау технологиялары және табиғат ресурстарын рационалды пайдалану проблемаларын шешуде база құруға мүмкіндік береді. Соңғы кездері өндіріс қалдықтарын құрамына және улылық деңгейіне қарай болу қажеттілігі туындады. Қоршаған ортаны ластауды тіркеуші ксенобиотик мәселелері де талқылануда. Мұнда қалдықтар реестрін (кадастр) құру мәселелері көтеріледі. Тіркеу объекті - барлық қауіпті және қаупі болуы мүмкін заттар болуы қажет. Бұ заттар ҚР аумағында өндірілуі, сонымен қатар шетелден әкелінген де болуы мүмкін. Темір, жез, күміс рудаларының саны бойынша ҚР ТМД -да бірінші орында. Орталық Қазақстан, Жоңғар Алатауында, Алтайда - полиметалл рудаларының шығу орындарында ертеде б.э.д 700-1500 ж.ж жүргізілген металл өндіру жұмыстарынан қалған іздері әлі де бар. Революцияға дейінгі кезеңде табылған пайдалы қазбалар орыс және шетел капиталистерінің қолына түсіп аяусыз жұмсалды. Қазақстан және Ресей архивінің материалына сүйенсек, (И.Т.Тажиков, П.Н. Крупко,1956), 1910 ж австриялық князь Турн-и-Таксис пен доктор Жанэ патша өкіметінен Алтайдағы Зыряновск, Путинцевское, Москвинское сияқты кен орындарын әрқайсысына 40 тиыннан 2 рубльге дейін төлеп сатып алған. 1859 жылы орыс саудагерлері Ушаков пен Рязанов Қарағандыны байлардан 250 рубльге сатып алған.
Ал , ағылшын капиталисті Лесли Уркварт Романовтар әулетінің князьдерінің біріне 500 мың рубль пара беру арқылы Алтайдағы алтын мен күміске бай - Риддерді алған. Англия, Франция, Америка, Германия, Швеция, Австрия және т.б елдерден келген капиталисттер Қазақстанның байлығын аяусыз өндіріп, үстінен өте көп пайда көрді. Кеңес дәуірінде әлемдік маңызы бар жаңа кен орындары ашылды. Олар: Соколов-Сарыбай темір -кен орны, Жезқазған және Қоңырат мыс өндіріс орны, Қаратау фосфориті және де басқа да көп түрлері Қазақстан аумағында пайдалы қазбалардың 100-ден астам түрі табылған.
Қазір республикамызда тас және қара көмірдің 500-дей, ал мұнай мен табиғи газдың 50-ден астам орындары ашылған. Қарағанды көмір өндіру орны - ТМД-дағы ең ірі өндіріс орындарының бірі болып табылады. Қарағанды көмірі жоғары техникалық сапаға ие.Оның құрамында күкірт мөлшері (1,0-3,5% дейін) және фосфор мөлшері (0,01-0,04%) аз болады. Оның бұл қасиеті жоғары сапалы болат балқытуда бағаланады. ҚР-да екінші ірі көмір өндіру орны Павлодар облысындағы - Екібастұзда. Мұнда миллиардтаған тонна көмір бар, оны ашық әдіспен өндіреді. Батыс Қазақстанда жылыны 40 млн тонна мұнай өндіріледі. Қазіргі кезде Ақтөбе және Қызылорда облыстарында да мұнай өндірілуде. ҚР территориясында вольфрам, молибден, боксит және де басқа сирек кездесетін түсті металлдар қоры бар. Осылайша ванадий кенінің қоры бойынша Қазақстан дүние жүзі бойынша 1-ші орынды алады. Пайдалы қазбалар алынған кен орындарының кадастры – бұл пайдалы қазбалардың барлық түрінің болуы мен шығу орны жағдайындағы мәліметтердің жүйесінің жиынтығы. Сонымен қатар мұнда түрлі пайдалы қазба байлықтарының құрылымы және геофизикалық аномалиялары жайында да айтылады.
Бұл ҚР жерінде табылған пайдалы қазбалардың айқындалуы және шығу жерінің мемлекеттік санағының формасы. Мұнда құрамында гидро-геологиялық және экологиялық компоненттері бар пайдалы қазбалардың садық және сапалық қасиеттері қарастырылады.
Пайдалы қазбалардың айқындалуы мен табылған жерлері нің қоры – біріңғай мемлекеттік кадастр және де пайдалы қазбалар қорының біріңғай мемлекеттік балансы формаларында мемлекет мүлкіне жатады. Мемлекеттік кадастр ҚР заңы бойынша шешілген республикалық геологиялық фонд жұмыстарын жүргізеді. Бірыңғай мемлекеттік балансты қордың қолданушылары құрастырады.
Кадастырларды құру және топырақтағы мәселелердің негізгі көзі – режимдік станциалар, бақылау посттар желісі, сонымен қатар арнайы экспедициялар болып табылады.
