- •1.Кадастр түсінігіне анықтама беріп, оның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп, сипаттаңыз.
- •2.Кадастрлар түрлерінің жіктелуін, кадастрлық іс шаралар нысандарын сипаттап, олардың арасындағы байланысты көрсетіңіз.
- •I. Экономикада – елдің, мемлекеттің экономикалық ресурстары туралы негізгі мәліметтердің дүркін-дүркін немесе үздіксіз бақылау негізінде жүйеге келтіріліп, ресми түрде жасалған жиынтығы.
- •3. Табиғи ресурстар кадастрын анықтап, олардың экологиялық маңыздылығын айтып көрсетіңіз.
- •4. Кадастр жұмыстарының даму тарихын сипаттап, әртүрлі кезеңдерінің ерекшеліктерін көрсетіп,жетістіктерін анықтаңыз.
- •7.Жер кадастрының мақсаттары мен міндеттерінін анықтап, оған түсініктеме беріп, құрастыру прициптерін көрсетіз
- •8.Топырақ бонитировкасына анықтама беріп, оның маңыздылығын айтып сипаттаңыз
- •9. Қазақстан жерінің агроөнеркәсіптік маңыздылығын түсіндіріп, сол бойынша жерлердің категорияларға бөлінуін тұжырымдаңыз.
- •11. Қазақстанның табиғи ресуртарының экологиялық жағдайын бағалау жұмыстарының негізін ашып корсетиниз
- •14 Жер кадастры барлық табиғи ресурстардың кадастрлық жұмыстарының негізі екеніні дәлелдеп түсіндірме береіңіз
- •16 Қазақстанның жер қорларына сипаттама беріп , олардың экологиялық жағдайларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •17. Казақстан топырақтарының әр аймақтағы айырмашылықтарын көрсетіп, бағалау жұмыстарын жүргізуде пайдалануын анықтаңыз;
- •18.Қазақстанның жануарлар әлеміне сипаттама беріңіз,фауналық кадастрды құрастыру принциптерін көрсетіңіз.
- •19.Қазақстан флорасының кадастрын құрастыру негіздерін түсіндіріп,оның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп беріңіз
- •20.Қазақстанның су ресурстарына сипаттама беріп, су кадастрын құрастыру принциптерін тұжырымдаңыз.
- •21) Оңтүстік аймақтардағы суармалы егістіктерге пайдаланатын топырақтардың ерекшеліктерін түсіндіріп, оларды бағалау жұмыстарына мысал келтіріңіз
- •22.Қазақстанның жайылым жерлерінің ерекшеліктерін көрсетіп, олардың экологиялық жағдайларын сипаттап бағалау жолдарын көрсетіңіз
- •23. Өсімдіктер ресурстарының экологиялық кадастрына түсініктеме беріп, жүргізу жолдарын анықтап айтыныз
- •24. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарларды кадастрын принциптерін түсіндіріп,тұжырымдап, сипаттама беріңіз
- •25.Пайдалы қазбалар алынған кен орындарының кадастрын құрастырудың Қазақстан үшін маңыздылығын анықтап көрсетип,болжам жасап,жүргізу жолдарын көрсетіңіз
- •26. Қ.Р балықтар түрлерінің кадастрларын құрастыруының маңыздылығын дәлелдеп,қр балық қорының тізімін келтіріңіз.
- •33. Жер кадастрының негізгі мәселелерін тұжырымдап, оларды шешу жолдарын көрсетіңіз.
- •36.Топырақ құнарлығының көрсеткіштерін пайдаланып,оларды жерді бағалау үшін қолданып сапасы туралы мысалдар
- •39. Ерекше қорғалатын табиғи қорықтар территориясының кадастрын құрастыру жолдарын көрсетіп, маңыздылығын дәлелдеңіз.
- •40. Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстарын сипаттап, олардың экологиялық кадастрын құрастыру жолдарын көрсетіңіз
- •41) Семей облысының табиғи ресурстарын сипаттап, олардың экологиялық құрастыру жолдарын көрсетіңіз
- •44.Қостанай облысының табиғи ресурстарының ерекшеліктерін айтып, олардың экологиялық кадастрын құрастыру жолдарын көрсетіңіз.
- •47.Топырақ бонитировкасын жүргізу үшін негізгі қажетті топырақ көрсеткіштерін пайдаланып, мысалдар келтіріп, балл бонитеттерін есептеңіз.
- •48.Жерді экономикалық бағалау үшін ескерілетін экологиялық көрсеткіштерді көрсетіп, оларға мысалдар келтіріп, жердің құнын есептеңіз.
- •49.Топырақтағы гумус мөлщерін анықтау әдісін түсіндіріп,гумус мөлшері бойынша оның қорын есептеңіз
- •52. Кадастрлар кітабы, оларды толтыру және пайдалану жолдары.
- •I. Экономикада – елдің, мемлекеттің экономикалық ресурстары туралы негізгі мәліметтердің дүркін-дүркін немесе үздіксіз бақылау негізінде жүйеге келтіріліп, ресми түрде жасалған жиынтығы.
- •54.Жерді бағалаудың статистикалық әдісін көрсетіп,мысалдар келтіріңіз
- •56. Таулы қара топырақтың құнарлығының көрсеткіштерін келтіріп, олардың балл бонитетін есептеңіз.
- •59. Қоңыр топырақтардың құнарлылық көрсеткіштерін келтіріп, олардың экологиялық жағдайлармен байланысын көрсетіп, орташа балл бонитетін табыңыз.
- •60.Қара топырақтардың құнарлылығының көрсеткіштерін келтіріп, олардың экологиялық жағдайларымен байланысын көрсетип,орташа балл бонитетін есептеңіз
24. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарларды кадастрын принциптерін түсіндіріп,тұжырымдап, сипаттама беріңіз
Жануарлар дүниесiнiң кадастрын жүргiзу
Қазақстан Республикасы жануарлар дүниесiнiң кадастры табиғи еркiндiк жағдайларында, ерiксiз немесе жартылай ерiктi жағдайларда республика аумағында тұрақты немесе уақытша мекендейтiн жабайы жануарлар түрлерiнiң (түрлер топтарының) таралуы, биологиялық жай-күйi, саны, шаруашылық мақсатта пайдаланылу сипаты мен қарқындылығы туралы қажеттi мәлiметтер мен құжаттар жүйесiн, сондай-ақ осы жануарлардың тiршiлiк ету жағдайлары (мекендейтiн ортасы), жүргiзiлетiн биотехникалық, қорғау, қалпына келтiру және өзге де iс-шаралар туралы негiзгi деректердi қамтиды.
Қазақстан Республикасы жануарлар дүниесiнiң кадастрын құрайтындар мыналар болып табылады:
1) жануарлар дүниесiнiң гендiк қор кiтабы - ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi. Ол жануарлар дүниесiн есепке алудың және оның кадастрының бірыңғай зоологиялық негізiн қамтамасыз етеді және мынадай:
республика фаунасының құрамы;
жануарлар түрлерiнiң (түрлер топтарының) жүйелiк жағдайы, олардың ғылыми атаулары туралы мәлiметтердi;
жануарлардың таралуы және олардың саны;
экологиялық жүйелері мен популяцияларының таралуы жай-күйiнiң өзгеру үрдiстерi;
жануарларды шаруашылық мақсатта пайдалану туралы мәлiметтердi қамтиды;
2)аң аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiнiң және өзге шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын жануарлар түрлерiнiң кадастр кітаптары - өздерінiң аумақтық органдары, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегi мекемелер, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар беретiн деректер бойынша балық ресурстарын және басқа су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган және ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi;
3)балықтардың және балық аулау объектiлерiне жатқызылған басқа су жануарларының және балықтар мен өзге шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын басқа су жануарларының кадастр кiтаптары - өзiнiң аумақтық органдары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар беретiн деректер бойынша балық ресурстарын және басқа су жануарларын қорғау, өсімiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган және ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi;
4)омыртқасыз жануарлардың ауыл шаруашылық кадастры кiтабы - өсiмдiктердiң зиянкес жәндiктерi мен ауыл шаруашылығы үшін пайдалы жәндiктер туралы өзінің аумақтық органдары беретін деректер бойынша өсiмдiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган жүргізедi;
5)омыртқасыз жануарлардың орман кадастры кітабы - өзiнiң аумақтық органдары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар беретін жәндіктер - орман зиянкестерi мен орман шаруашылығы үшін пайдалы жәндіктер туралы мәлiметтердi қамтитын деректер бойынша орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган және ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган жүргiзедi;
6)сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiнiң кадастры кiтабы - Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жануарлар түрлерi туралы өздерiнiң аумақтық органдары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар беретiн деректер негiзiнде тиiстi уәкiлеттi органдар және ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi;
7)жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың жылдық есептерi;
8)жануарлар санын есепке алу материалдары.
Жануарлар дүниесiнiң кадастры цифрлық геоақпараттық жүйелер негiзiнде жүргiзiледi және Қазақстан Республикасы табиғи объектiлерiнiң мемлекеттiк кадастрлары бiрыңғай жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады. Кадастр кiтаптарын жүргiзудiң нысандары мен тәртiбiн тиiстi уәкiлеттi орган айқындайды. Кадастрлар шеңберiнде алынған жануарлар дүниесi объектiлерiн есепке алу мен тiркеу нәтижелерi Қазақстан Республикасы табиғи объектiлерi мемлекеттік кадастрларының бiрыңғай жүйесiне тегiн берiледi.
