Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kadastr (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
159.8 Кб
Скачать

22.Қазақстанның жайылым жерлерінің ерекшеліктерін көрсетіп, олардың экологиялық жағдайларын сипаттап бағалау жолдарын көрсетіңіз

Қазақстан жерінің 181 млн гектар алқабы – табиғи жайылымды жерлер. Ауыл шаруашылығының еншісіндегі 61,2 млн гектары (33,8 пайыз) жекеменшіктің қолында, 10,6 пайызы ғана ауылдар айналасындағы азаматтардың ортақ меншігіндегі аумақтар. Біздің жеріміздің 60 пайыздан астамы жайылымдық жер. Қазір республикамызда мал жаюға жарамды 188,4 миллион гектар жер бар деседі. Біз қазір оның 82,4 миллион гектарын пайдаланамыз, бұл дегеніміз бар жайылымдық жердің үштен бір бөлігін ғана пайдаланып, қалғанын жарамсыз деп танып отырмыз. Республикамыз төрт табиғи-климаттық аймақ пен екі таулы аймақта орналасқандықтан, біздің жайылымдарымызды пайдалану маусымдық сипатқа ие.

Бұл жерлердегі жыл сайын жаңаратын азық ресурсы шамамен 25 миллион тонна шөпке тең, бұл өзінің құнары бойынша бір миллиард пұт бидайға тең. Дүниежүзілік банктің есебі бойынша, бұл жыл сайынғы азық қоры 1,2 миллиард долларға бағаланады.

Сонымен қатар, осы бір ұлттық байлығымызға үлкен қауіп төніп тұр. Жер ресурстарын пайдалану жөніндегі ҚР агенттігінің деректері бойынша, 25,5 миллион гектар жеріміз тозып кеткен. Бұл дегеніміз не? Біріншіден, ауыл шаруашылығы жағынан алғанда мал азығы массасының 50 және одан да жоғары пайызын жоғалтып алдық. Екіншіден, экологиялық тұрғыдан алғанда, жердің жоғары қабаты эрозияға ұшырап, шаңды-құмды ортаға айналды, бұл шаңды дауылдарға әкеледі. Үшіншіден, азығы жеткіліксіз болған мал дұрыс төлдей алмайды, бұл төрт түлік иелерінің экономикалық жағдайына әсер етеді.

23. Өсімдіктер ресурстарының экологиялық кадастрына түсініктеме беріп, жүргізу жолдарын анықтап айтыныз

Өсімдіктердің мемлекеттік кадастры (ӨМК) – өсімдіктер туралы жинақталған деректер. ӨМК мемлекеттік ұйымдардың тапсырысы бойынша мемлекеттік ғылыми мекемелер мен кәсіпорындар орындаған ресми әкімшілік аумақтағы (аудан, облыс, республика) өсімдіктер туралы дерек жинайды. Қазір Қазақстанның 3 облысы (Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл) бойынша ӨМК жасалынған. ӨМК 2 бөлімнен тұрады. І бөлім – өсімдіктердің конспектісі. Мұнда зерттелген аумақтың табиғи жағдайына, өсімдік жамылғысына толықтай сипаттама жасалып, сол жердегі өсімдік түрлерінің тізімі беріледі. Әр өсімдіктің қандай тұқымдасқа жататыны (оның латынның және жергілікті атауы), түрдің латынның және жергілікті бинарлық атауы, жалпы биологиялық сипаттамасы; экологиялық сипаттамасы, Қазақстанда таралу ерекшелігі, зерттеліп отырған ресми аумақта таралуы көрсетіледі. ІІ бөлім – ресми аумақтың сиреп бара жатқан және жойылу қаупі бар өсімдіктер тізімі немесе Қазақстанның “Қызыл кітабы”. Бұл кітапқа енгізілген түрлер Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау комиссиясы мақұлдаған санат бойынша мынадай талантарға сай іріктеледі: 0(Ех) – ұзақ жылдар табиғатта кездеспеген, жойылып кеткен түрлер; 1(Е) – жойылып кету қаупі бар түрлер; 2(U) – сирек түрлер, тез жойылып кету қаупі бар түрлер; 3(R) – саны азайып бара жатқан түрлер; 4(І) – белгісіз, бүгінгі күнде анықталмаған түрлер; 5(Со) – ресурстық (дәрілік, тағамдық, әсемдік, жем-шөптік) түрлер. Сондай-ақ, “Қызыл кітапқа” енген түрлер бойынша төмендегідей мәліметтер беріледі: сиректік статусы; түрдің толық морфологиялық сипаттамасы; таралу ерекшелігі; экологиясы және биологиясы; саны мен ареалының өзгеру бағыты; шектеуші факторлар; қорғау шаралары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]