- •1.Кадастр түсінігіне анықтама беріп, оның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп, сипаттаңыз.
- •2.Кадастрлар түрлерінің жіктелуін, кадастрлық іс шаралар нысандарын сипаттап, олардың арасындағы байланысты көрсетіңіз.
- •I. Экономикада – елдің, мемлекеттің экономикалық ресурстары туралы негізгі мәліметтердің дүркін-дүркін немесе үздіксіз бақылау негізінде жүйеге келтіріліп, ресми түрде жасалған жиынтығы.
- •3. Табиғи ресурстар кадастрын анықтап, олардың экологиялық маңыздылығын айтып көрсетіңіз.
- •4. Кадастр жұмыстарының даму тарихын сипаттап, әртүрлі кезеңдерінің ерекшеліктерін көрсетіп,жетістіктерін анықтаңыз.
- •7.Жер кадастрының мақсаттары мен міндеттерінін анықтап, оған түсініктеме беріп, құрастыру прициптерін көрсетіз
- •8.Топырақ бонитировкасына анықтама беріп, оның маңыздылығын айтып сипаттаңыз
- •9. Қазақстан жерінің агроөнеркәсіптік маңыздылығын түсіндіріп, сол бойынша жерлердің категорияларға бөлінуін тұжырымдаңыз.
- •11. Қазақстанның табиғи ресуртарының экологиялық жағдайын бағалау жұмыстарының негізін ашып корсетиниз
- •14 Жер кадастры барлық табиғи ресурстардың кадастрлық жұмыстарының негізі екеніні дәлелдеп түсіндірме береіңіз
- •16 Қазақстанның жер қорларына сипаттама беріп , олардың экологиялық жағдайларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •17. Казақстан топырақтарының әр аймақтағы айырмашылықтарын көрсетіп, бағалау жұмыстарын жүргізуде пайдалануын анықтаңыз;
- •18.Қазақстанның жануарлар әлеміне сипаттама беріңіз,фауналық кадастрды құрастыру принциптерін көрсетіңіз.
- •19.Қазақстан флорасының кадастрын құрастыру негіздерін түсіндіріп,оның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп беріңіз
- •20.Қазақстанның су ресурстарына сипаттама беріп, су кадастрын құрастыру принциптерін тұжырымдаңыз.
- •21) Оңтүстік аймақтардағы суармалы егістіктерге пайдаланатын топырақтардың ерекшеліктерін түсіндіріп, оларды бағалау жұмыстарына мысал келтіріңіз
- •22.Қазақстанның жайылым жерлерінің ерекшеліктерін көрсетіп, олардың экологиялық жағдайларын сипаттап бағалау жолдарын көрсетіңіз
- •23. Өсімдіктер ресурстарының экологиялық кадастрына түсініктеме беріп, жүргізу жолдарын анықтап айтыныз
- •24. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарларды кадастрын принциптерін түсіндіріп,тұжырымдап, сипаттама беріңіз
- •25.Пайдалы қазбалар алынған кен орындарының кадастрын құрастырудың Қазақстан үшін маңыздылығын анықтап көрсетип,болжам жасап,жүргізу жолдарын көрсетіңіз
- •26. Қ.Р балықтар түрлерінің кадастрларын құрастыруының маңыздылығын дәлелдеп,қр балық қорының тізімін келтіріңіз.
- •33. Жер кадастрының негізгі мәселелерін тұжырымдап, оларды шешу жолдарын көрсетіңіз.
- •36.Топырақ құнарлығының көрсеткіштерін пайдаланып,оларды жерді бағалау үшін қолданып сапасы туралы мысалдар
- •39. Ерекше қорғалатын табиғи қорықтар территориясының кадастрын құрастыру жолдарын көрсетіп, маңыздылығын дәлелдеңіз.
- •40. Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстарын сипаттап, олардың экологиялық кадастрын құрастыру жолдарын көрсетіңіз
- •41) Семей облысының табиғи ресурстарын сипаттап, олардың экологиялық құрастыру жолдарын көрсетіңіз
- •44.Қостанай облысының табиғи ресурстарының ерекшеліктерін айтып, олардың экологиялық кадастрын құрастыру жолдарын көрсетіңіз.
- •47.Топырақ бонитировкасын жүргізу үшін негізгі қажетті топырақ көрсеткіштерін пайдаланып, мысалдар келтіріп, балл бонитеттерін есептеңіз.
- •48.Жерді экономикалық бағалау үшін ескерілетін экологиялық көрсеткіштерді көрсетіп, оларға мысалдар келтіріп, жердің құнын есептеңіз.
- •49.Топырақтағы гумус мөлщерін анықтау әдісін түсіндіріп,гумус мөлшері бойынша оның қорын есептеңіз
- •52. Кадастрлар кітабы, оларды толтыру және пайдалану жолдары.
- •I. Экономикада – елдің, мемлекеттің экономикалық ресурстары туралы негізгі мәліметтердің дүркін-дүркін немесе үздіксіз бақылау негізінде жүйеге келтіріліп, ресми түрде жасалған жиынтығы.
- •54.Жерді бағалаудың статистикалық әдісін көрсетіп,мысалдар келтіріңіз
- •56. Таулы қара топырақтың құнарлығының көрсеткіштерін келтіріп, олардың балл бонитетін есептеңіз.
- •59. Қоңыр топырақтардың құнарлылық көрсеткіштерін келтіріп, олардың экологиялық жағдайлармен байланысын көрсетіп, орташа балл бонитетін табыңыз.
- •60.Қара топырақтардың құнарлылығының көрсеткіштерін келтіріп, олардың экологиялық жағдайларымен байланысын көрсетип,орташа балл бонитетін есептеңіз
18.Қазақстанның жануарлар әлеміне сипаттама беріңіз,фауналық кадастрды құрастыру принциптерін көрсетіңіз.
Қазақстан жерінде сүтқоректілердің - 180, құстың - 500, бауырымен жорғалаушылардың - 52, қос мекенділердің - 12, балықтың 104-ке жуық түрі бар. Омыртқасыз жәндіктер шаян тәрізділер, ұлулар, құрттар, т.б. бұдан да көп. Тек жәндіктер түрлерінің өзі-ақ 30 мыңнан асады. Қазақстанның солтүстігіндегі орманды дала белдемінде бұлан, елік, ақ қоян, сұр тышқан, су егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақ кекілік, көл айдындарын су құстары – аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақ мекендеген. Еділ өзенінің жағалауынан Алтай тауы бөктеріне дейінгі астық тұқымдас шөп пен жусан, бетеге өскен далалық белдемде суыр, дала алақоржыны, сүйірбас сұр тышқан, кәдімгі сұр тышқан, дала тышқаны, саршұнақ, ал құстан – дуадақ, безгелдек, жылқышы, сұңқар, бозторғайлар, қыранқара, дала құладыны кездеседі. Едәуір бөлігін Жайық өзенінің аңғарындағы орман алып жатқан далалық белдемнің батыс бөлігін бұлан, елік жайлаған, мұнда еуропалық қара күзен, жұпартышқан, орман сусары да кездеседі. Далалық белдемнің шығысында суыр, дала тышқаны, дала шақылдағы, ақ қоян, сілеусін, елік, арқар мекендейді.Жануарлар әлемі кадастры Кадастрдың жасалуына базалық негіз болған «Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар әлемін қорғау және тиiмдi қолдануының қамтамасыз ету үшiн құрамында жануарлардың географиялық таралуы туралы жануарлар әлемінің мемлекеттк кадастрын және жануарлардың мемлекеттік есебін, олардың жағдайы мен санын, мекендейтін жерінің сипаттамасын, шаруашылықта қолдану сияқты мәлiметтердiң жиынтығын жүргізетін Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 21 тамыздағы «Қазақстан Республикасының аумағында жануарларға мемлекеттiк санақ және жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн бекiту туралы» №1153 Қаулысы болды. Жануарлар әлемi кадастрының порталы аңщылық нышаны болып табылатын жануарлар түрлерінің мемлекеттік есебінің жүйеленген мәліметтерін құрайды. Кадастр жүйесі пайдаланудың сенімді таратылған сақтайтын геоақпараттық функционалдық элементтер, мәліметтер базасын басқару және ұйымдастыру құралдарын пайдалану негізінде құралған заманауи компьютерлік технологияларды қолдану, арқылы ақпараттық ресурстарды жедел ұсынуды және көп мақсатты міндеттерді шешуді ақпараттық қамтамасыз ету, ақпараттық ресурстарды басқару, ақпаратты сақтау және толықтыруды үйлестіру үшін бағытталған.
19.Қазақстан флорасының кадастрын құрастыру негіздерін түсіндіріп,оның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп беріңіз
Қазақстан да өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы – саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы –қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрізділер және 6 мыңнан астамы – жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердің 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелінген 500-ден аса түрлерді қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның ішіндегі 730 түр тек Қазақстанда өсетін – эндемиктер. Бұлардың ішіндегі ең ерекше 12 монотипті туыс бар: физандра,рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл, птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Қазақстан флорасындағы түрлердің басым бөлігі 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы құрлықтық өсімдіктердің қалдықтары ОңтүстікБалқаш өңірі мен Бұрынтауда жоғарғы ордовиктік қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрізділерге жататын Akdalophyton caradockі пен қырықбуынға жататын – Sarіtuma tatjanae. Бұлар шамамен 450 млн. жыл бұрын тіршілік еткен.Республикамыздың қазіргі флорасы эоцендік субтропиктік (36 – 58 млн. жыл бұрын), олигоцендік орманды-мезофильдік (26 – 35 млн. жыл),неогендік ежелгі жерортатеңіздік таулы-ксерофиттік, субтропиктік-ксерофитті бұталық және миоцен-плиоцендік алғашқы далалық (13 – 25 млн. жыл), плейстоцендік (2 млн. жыл) флоралардың негізінде қалыптасқан. Өсімдіктердің мемлекеттік кадастры (ӨМК) – өсімдіктер туралы жинақталған деректер. ӨМК мемлекеттік ұйымдардың тапсырысы бойынша мемлекеттік ғылыми мекемелер мен кәсіпорындар орындаған ресми әкімшілік аумақтағы (аудан, облыс, республика) өсімдіктер туралы дерек жинайды. Қазір Қазақстанның 3 облысы (Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл) бойынша ӨМК жасалынған. ӨМК 2 бөлімнен тұрады. І бөлім – өсімдіктердің конспектісі. Мұнда зерттелген аумақтың табиғи жағдайына, өсімдік жамылғысына толықтай сипаттама жасалып, сол жердегі өсімдік түрлерінің тізімі беріледі. Әр өсімдіктің қандай тұқымдасқа жататыны (оның латынның және жергілікті атауы), түрдің латынның және жергілікті бинарлық атауы, жалпы биологиялық сипаттамасы; экологиялық сипаттамасы, Қазақстанда таралу ерекшелігі, зерттеліп отырған ресми аумақта таралуы көрсетіледі. ІІ бөлім – ресми аумақтың сиреп бара жатқан және жойылу қаупі бар өсімдіктер тізімі немесе Қазақстанның “Қызыл кітабы” Қазақстан жерінің 181 млн гектар алқабы – табиғи жайылымды жерлер. Ауыл шаруашылығының еншісіндегі 61,2 млн гектары (33,8 пайыз) жекеменшіктің қолында, 10,6 пайызы ғана ауылдар айналасындағы азаматтардың ортақ меншігіндегі аумақтар. Біздің жеріміздің 60 пайыздан астамы жайылымдық жер. Қазір республикамызда мал жаюға жарамды 188,4 миллион гектар жер бар деседі. Біз қазір оның 82,4 миллион гектарын пайдаланамыз, бұл дегеніміз бар жайылымдық жердің үштен бір бөлігін ғана пайдаланып, қалғанын жарамсыз деп танып отырмыз. Республикамыз төрт табиғи-климаттық аймақ пен екі таулы аймақта орналасқандықтан, біздің жайылымдарымызды пайдалану маусымдық сипатқа ие.
Бұл жерлердегі жыл сайын жаңаратын азық ресурсы шамамен 25 миллион тонна шөпке тең, бұл өзінің құнары бойынша бір миллиард пұт бидайға тең. Дүниежүзілік банктің есебі бойынша, бұл жыл сайынғы азық қоры 1,2 миллиард долларға бағаланады.
Сонымен қатар, осы бір ұлттық байлығымызға үлкен қауіп төніп тұр. Жер ресурстарын пайдалану жөніндегі ҚР агенттігінің деректері бойынша, 25,5 миллион гектар жеріміз тозып кеткен. Бұл дегеніміз не? Біріншіден, ауыл шаруашылығы жағынан алғанда мал азығы массасының 50 және одан да жоғары пайызын жоғалтып алдық. Екіншіден, экологиялық тұрғыдан алғанда, жердің жоғары қабаты эрозияға ұшырап, шаңды-құмды ортаға айналды, бұл шаңды дауылдарға әкеледі. Үшіншіден, азығы жеткіліксіз болған мал дұрыс төлдей алмайды, бұл төрт түлік иелерінің экономикалық жағдайына әсер етеді.
