- •Жыныс жүйесі мүшелерінің эмбриональді шығу тегі. Жыныстық дифференциациялау факторлары. Жыныс мүшелерінің эмбриональді дамуы.
- •Қан плазмасындағы жыныстық тероидтардың қалыпты мөлшері (орташа және өзгеру шектері).
- •Қыз балалар үшін
- •Ер балалар үшін
- •Жыныс мүшелерін және жыныстық жетілуді зерттеу әдістері.
- •Ер балалар
- •Қыз балалар
- •Сперматогенез және аталық жыныс безінің құрылысы.
- •Сперматогенез.
- •Аналық жыныс безі.
- •Өсу сатысындағы және көпіршікті овоцит.
- •Аналық жыныс жасушасы; 2- мөлдір қабығы; 3- сәулелі тәж; 4- дәнді
- •Аналық жыныс безінің жасқа байланысты ерекшеліктері.
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер:
Өсу сатысындағы және көпіршікті овоцит.
Аналық жыныс жасушасы; 2- мөлдір қабығы; 3- сәулелі тәж; 4- дәнді
қабаттың фолликулярлы жасушалары; 5- жұмыртқа төмпешігі; 6- көпіршікті фолликулдың сұйыққа толған қуысы; 7- фолликулдың дәнекер тінді қабығы; 8- біріншілік фолликулдар.
Овогенездің сперматогенезден біраз айырмашылықтары немесе
ерекшеліктері бар. Аталық безіндегідей, аналық жыныс жасушалары да овоциттердің метаболизмі үшін қолайлы жағдай туғызатын гематофолликулярлы сүзгінің микроқоршаумен белгілі бір дәрежеде бөлектенген. Овуляция немесе фолликулдың жарылып, екінші реттік овоциттің құрсақ қуысына шығуы лютеин гормонының әсер етуінен болады.
Менструальді кезеңдегі әйел адамның жатыры.
Сыпырылып түсетін қабат; 2- кілегейлі қабықтың базальді қабаты;
3- жатыр бездері; 4- етті қабығы; 5- қан тамырлары.
Менструальды цикл-бұл жатырдың шырышты қабығының өзгеруі. Овариальды-менструальды циклдың орташа ұзақтығы 28 күн құрайды, бірақ ұзақтығы әр адамда әр түрлі болуы мүмкін.
Жатыр
Жатыр қабырғасы үш қабаттан тұрады-шырышты,бұлшықетті және сірлі.Жатырдың шырышты қабығы (эндометрий) борпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер тінді, шырышты меншікті пластинкасында жататын бір қабатты цилиндрлі эпителийден тұрады. Эпителий жасушаларын секреторлы және кірпікшелі деп бөлуге болады. Шырышты қабықтың меншікті пластинкасында жатыр саңылауына ашылатын ұзын иілген қарапайым түтікті бездер-жатыр бездері (крипталар) бар.
Бұлшықетті қабығы (миометрий) тегіс бұлшықет тінінің үш қабатынан тұрады. Сыртқы қабаты бойлық талшықтан, ортаңғы-циркулярлық, ішкі-бойлық талшықтан құралған. Ортаңғы қабығында қан тамырлары көп. Жүктілік кезінде бұлшықет қабығының қалыңдығы артады, сондай-ақ тегіс бұлшықет талшықтарының да көлемі артады. Жатыр сыртынан дәнекер тінді сірлі қабықпен қапталған.
Жатыр мойны - бұл қынапқа жалғасқан ағзаның төменгі сегменті. Жатыр мойнының қынапүстілік және қынаптық бөлігін ажыратады. Қынапүстілік бөлігі қынап қабырғаларының бекітілген жерінен жоғары орналасқан және жатыр саңылауына ашылады. Қынаптық бөлігі сыртынан көпқабатты жалпақ эпителиймен жабылған. Бұл эпителийтүгелімен әр 4-5 күн сайын базальды жасушаның пролиферациясы және беткей жасушалардың десквамациясының көмегімен жаңарып отырады. Жатыр мойны орталық бөлігінде аз кеңейетін тар өзек.
Жатыр мойнының қабырғасы коллагенді және эластинді талшықтардың арасында жеке тегіс етті элементтер кездесетін тығыз дәнекер тіннен тұрады. Жатыр мойны өзегінің шырышты қабығы бірқабатты цилиндрлі эпителийден тұрады,ол көпқабатты жалпақ эпителийге ауысады. Эпителийде кірпікшелері бар жасушалар мен шырыш өндіретін безді жасушалар бар. Меншікті пластинкасында жатыр мойны өзегінің саңылауына ашылатын көптеген бұтақталған түтікті бездер бар. Мұнда спиральды артериялар болмайды,сондықтан циклдың менструальды сатысында шырышты қабығы жатыр денесінің эндометриі секілді сылынбайды.
Аналық жыныс безінің жасқа байланысты ерекшеліктері.
Жыныс жұмыртқалары. Жаңа туған қыз балалардың жұмыртқа жасушаларда біріншілік артериялық фетальды фолликулалары болады. Сәбидің жасы ұлғайған сайын артериялардың жетілуі жақс ы жүреді, сол себепті борпылдақ дәнекер тіні жақсы дамыған. 12-13 жасқа жеткен кезде екіншілік үшіншілік фолликулалары дамиды. Әйел ағзасы егде тартқан сайын оның ағзасындағы фетальды фолликулалар азаяды, ол минструальды кезең тоқтаған кезде олар мүлде организмнен жойылады, сонымен қатар өсуші фолликулалар және жаңа сары денешіктердің өндірілуі тоқтайды, жасы ұлғайған сайын, паренхима фиброзды тінмен араласып жыныс жұмыртқалары көмескіленіп, әжімделіп кетеді. Қан тамырлардың тығыздылығы төмендейді. Жыныс жұмыртқаларының гормондық белсенділігі төменделуіне байланысты кері байланыс пайда болады, яғни гипофизден фолитропин көптеп өндіріледі. Нәтижесінде климаторикалық дисгормоноз дамиды. Оның салдарынан адам ұйқысы бұзылады вегетативті реакциялар бұзылысы байқалады. Әдетте оны эстрогенді терапиямен емдейді. Жаңа туған қыз балаларда жатыр толық жетілмеген. Эндометрия безі кішкене түтік түрінде нашар дамыған түрінде болады. Жатырдың бұлшық етті қабығы дәнекер тінді
болып келеді. Қызбала 12 жасқа келгенде бұл тін өте тез дамиды. 10 жасқа дейін жатырда өзгерістер баяу дамиды. Он жастан кейін даму өте белсенді түрде өтеді. Өтпелі кезеңде эндрметрияның морфо функциональды ерекшеліктері қалыпты жыныстық жетілу кезеңінде жатыр жан жақты толық жетіледі. Егде тартқан шақта жатырдың бұлшық етті қабаты атрофияға ұшырайды. Жасушалық қабатында фиброциттер және эозинофильдер көбейе бастайды. Кейбір аймақтары керісінше гипертрофияға ұшырайды. Ол қатерсіз ісікке фибромаға әкелуі мүмкін.
Қынап.
Жаңа туған нәрестелерде қысқа, тар эпителий көп қабатты үлкен гликогенге бай болып келеді. Дүниеге келгенннен кейін екі аптадан соң эпителий биіктігі төмендейді. Бұл кезеңде базальді жасушалардың саны артып жоғарғы қабат жасушалардың саны азаяды. Сірлі қабықтың өз пластинкасы өте жіңішке бұлшық ет қабаты жетілмеген.
Ер адамның жасқа байланысты ерекшеліктері.
Аталық жыныс безі жаңа туған ер балаларда шәуіт өзегі иректелген түрде болады. Сертоли жасушаларының саны аздау болады. Уақыт өте келе Лейдиг жасушалардың саны азаяды. он жасқа келгенде олар мүлде азаяды. Төрт он жасқа дейін иректелген ұрық түтікшесінің қалыптасуы бәсең түрде өтеді. Бес алты жасқа келгенде сперматозойд бөлетін аймақ пайда болады. Олардың үлкені бойдың өсуіне байланысты болад ы. Тоғыз он жаста бірінші топтағы сперматозойд пвйда болады. Он он екі жаста шәуіт өзегі үлкейеді. Біріншімен қоса екінші қатардағы сперматозойдтар байқалады. Егде тартқан кезде ұрық түтікшелері андрогендерге байланысты. Сол себепті бұл ағза он он бес жасқа дейін белсенді дамиды, ал толық дамуы жиырма отыз жастарда болады. Жаңа туған нәрестелерде қуық асты безі анық құрылымға ие болмайды. Қарт шақта дәнекер тіні ұлғайып тегіс миоциттер атрофияға ұшырайды. Егде тартқан кезде қуық асты безінің аденомасы болады.
