
- •Жыныс жүйесі мүшелерінің эмбриональді шығу тегі. Жыныстық дифференциациялау факторлары. Жыныс мүшелерінің эмбриональді дамуы.
- •Қан плазмасындағы жыныстық тероидтардың қалыпты мөлшері (орташа және өзгеру шектері).
- •Қыз балалар үшін
- •Ер балалар үшін
- •Жыныс мүшелерін және жыныстық жетілуді зерттеу әдістері.
- •Ер балалар
- •Қыз балалар
- •Сперматогенез және аталық жыныс безінің құрылысы.
- •Сперматогенез.
- •Аналық жыныс безі.
- •Өсу сатысындағы және көпіршікті овоцит.
- •Аналық жыныс жасушасы; 2- мөлдір қабығы; 3- сәулелі тәж; 4- дәнді
- •Аналық жыныс безінің жасқа байланысты ерекшеліктері.
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер:
Жыныс жүйесі мүшелерінің эмбриональді шығу тегі. Жыныстық дифференциациялау факторлары. Жыныс мүшелерінің эмбриональді дамуы.
Бластоциттің сыртқы қабаты өсіп, дамып хорион түзеді. Хорионда ұрықтың қоректенуі және керек емес заттарды сыртқа шығарудың маңызы зор. Жасушаның ішкі беткейінде екі қуыс пайда болады. Бірі - амнион, екіншісі - ұрық қабы. Амнион - жұқа қабық, ол ұрықты қаптап жатады. Ол механикалық зақымданудан сақтайды.
Жасушаның ішкі массасы және ұрық қабы ұрық дискісінің басты құрылымын жасайды. Одан эмбрион дамиды. Осы эмбрион дискісінің диаметрі 2 мм жеткенде 2 жасуша қабаты эктодерма және эндодерма пайда болады. Ал кейінірек мезодерма пайда болады. Осы үш ұрық жапырақшалары эмбрионның тканьдерінің бастамасы болып табылады.
Ұрық дамуының алғашқы кезеңдерінде нәресте мен ананың арасындағы зат алмасу трофобласт ворсинкалары арқылы болады. Сонымен, хорион амнион, ұрық қабы және аллантоис ұрықтың немесе кейіннен ұрықтық қабат деп атайды. Жыныс бездерінің эндокринді және экскреторлық қасиеті бар. Эндокринді қасиетінің баланың өсуі мен дамуы үшін маңызы зор. Жыныс гормондары, сонымен қатар, анаболиттік ықпал етеді және белок алмасуын реттеп, сүйек жүйесінің қалыптасуы мен гемопоезді реттейді.
Жыныс фенотипінің қалыптасу құбылысы баланың өсіп даму кезеңдерінің бәрінде бірдей жүріп отырады. Дегенмен, екі кезеңде, яғни ұрықтың құрсақтағы дамуының 4 ай шамасында және жыныстық жетілу кезеңінде (қыз балаларда 2-3 жыл бойына, ер балаларда 4-5 жылдай ішінде), бұл құбылыс өте және қысқа мерзімде жүреді.
Ер және қыз бала эмбрионында алғашқы жыныс жасушалары гистологиялық бір - біріне өте ұқсас болады және 7 аптаға дейін жынысты айыруға мүмкіндік болмайды. Бұл кезде екі жыныс өзегі де бірдей кездеседі: алғашқы бүйрек өзегі (Вольф өзегі) және парамезонефриттік өзек (Мюллер өзегі). Алғашқы гонада қабықтан, милы қабаттан тұрады.
Жыныстың қалыптасуы негізінен ұрықтанған жұмыртқа жасушаның хромосомды жиынтығына байланысты жүреді. Егер бұл жиынтықта У-хромосомдар болса бір- біріне таза үйлесімді беткі жасушалық антиген пайда болады, ол Н- антиген деп аталады. Осы пайда болған антиген арқылы, әлі жіктелмеген жыныс жасушасы, ер гонадасы қалыптасады.
Гонададан милы қабықтың және аталық ұрық безінің пайда болып қалыптасуына У-хромосоманың белсенділігі ықпал етеді. Қабығы сола бастайды. Бұл құбылыстар құрсақ ішіндегі даму кезеңінің 6-7 апталарда жүреді. 8-ші аптадан бастап аталық ұрық безінде интерстициальді гландулоциттер, яғни Лейдич жасушалары анықталып, біліне бастайды. Егер 6-7 аптаға дейін У-хромосомның ықпал етуі басталмаса, онда алғашқы гонада қабық арқылы тасымалданады да, аналық безге айналып кетеді. Ал, милы қабаты түзеліп, өз қалпына келеді. Яғни, еркектік жыныста қалыптасуы белсенді меңгеру арқылы жүрсе, қыз баланың жынысы өздігінен жүретін табиғи құбылыс арқылы қалыптасады екен. Еркек жынысының қалыптасуы келесі сатыларда пайда болып үлгерген аталық ұрық безі шығаратын гормондар арқылы жүреді. Аталық ұрық безі гормондардың екі тобын бөліп шығара бастайды. Бірінші топтың гормондары тестестерон мен дигидростерон аталық ұрық бездегі гландулоциттерден шығады. Гландулоциттердің белсенділігін плацента шығаратын хорионды гонадотропиндер реттеп отырады және оған ұрықтың гипофизінің лютеинизирлеуші гормондардың қатысуы да мүмкін. Тестостерон аздаған концентрацияда жалпы ықпал етуі мүмкін немесе аталық ұрық безінің өзіне ғана өте жоғары деңгейде әсер етуі мүмкін. Жалпы әсері арқылы сыртқы жыныс мүшелері қалыптасып, алғашқы жыныс бұдыры жыныс мүшесіне айналады. Ұ-ма мен үрпі каналы пайда болады. Жергілікті әсерінен алғашқы бүйрек өзегінен шәуһет жолдары мен шәуһет көпіршіктері пайда болады.
Екінші топқа жататын гормондар, яғни ұрықтың тестикулалары бөлетін гормондар, парамезонефрит өзегінің жетілуін баяулатып тастайды. Бұл гормондар біріңғай бөлінбегенде парамезонефрит өзегі одан әрі дами береді, әсіресе аталық ұрық безінің кемістігі бар жағында, бір жақты өсуі мүмкін және осы жерде қыз баланың ішкі жыныс мүшелерінің элементтері, яғни жатыр мен жартылай қынап қалыптаса бастайды.
Тестестерон жетіспеушілігінің нәтижесінде, оның жалпы әсер етуі жүзеге аспайды да, қыз балаға тән сыртқы жыныс мүшелері қалыпта бастайды.
Егер әйелдің хромосом жиынтығы болса сыртқы және ішкі жыныс мүшелері аналық бездің әрекеттеріне және аналық бездің қаншалықты дисгенетикалық өзгеріп, зақымдалуына қарамастан қалыптаса береді.
Бұл гормондар тек еркектік жыныс мүшелерінің қалыптасуына ғана емес, сонымен қатар, нейроэндокрин жүйесінің белгілі бір бөліктерінің жетілуіне де әсер етеді және тестестерон гипоталамус пен гипофиз текті эндокринді әрекеттерінің циклді қайта құрылып отырылуын басып тастайды.
Демек ерлердің жыныс жүйелерінің, мүшелерінің табиғи қалыптасуы үшін тестикулдың гормональді әрекеттерінің толық, әрі уақытында қосылуының маңызы зор.
Жаңа туған қыз баланың аналық безі құрылысы жөнінен әйел адамның аналық безіне ұқсас болады, бірақ кіші жамбас сағасынан біраз жоғары орналасады. Ал, 2-5 жас аралығында кіші жамбасқа түсіп, өзінің қалыпты орнына орналасады.
Н.П. Гундобиннің деректері бойынша жаңа туған қыз баланың аналық безінің ұзындығы 0,5- 3-см-ге тең, 16 жасқа дейін ол тек 0,6 см-ге дейін ғана ұзарады, бірақ біраз жуандайды.
8-10 жастағы қыз баланың аналық безінің бөлген эстроген гормондарының әсерінен жыныс мүшелері өсе бастайды және екінші жыныстық белгілер пайда бола бастайды.
Қыз балалардың жыныстық жетілуін 3 сатыға немесе кезеңге бөледі: Нейтральді, немесе асексуальді (6-7 жасқа дейін), пресексуальді немесе препубертатты (8 жастан алғашқы етеккірі келгенге дейін), пубертатты (алғашқы етеккірі келгеннен бастап, жыныстық жетілуі толық аяқталғанына дейін).
Нейтральді кезеңде жыныс гормондары баланың өсіп - жетілуіне әсер етпейді. Пубертатты кезеңде организмде айтарлықтай жыныстың жетілуі жүреді. Ішкі секрециялық бездер бөлу әрекеттерін бастайды. Пубертатты кезеңде жыныстық жетілу күшейіп, кейін аяқталады.
Аналық безде арнайы гормондар-эстрогендер және басқа да стероидты жалғаулар (андрогендер, кортикостероидтар) жинақталады. Аталық ұрық бездері қос безді мүше, ол бөліктерден тұрады. Бөліктер ирек және тіке шәуһет түтікшелерінен тұрады. Ер адамның аталық безінің салмағы орташа 25 г, ұзындығы 3-5 см, ені 2-3 см-ге тең. Ал, жаңа туған ер балада ұзындығы да, ені де 8 мм-ге тең болады. Оң аталық ұрық безі әдетте сол безден үлкендеу болады.
Ер баланың жыныстық жетілуін 2 кезеңге бөледі. 10-15 жастан бастап жыныс мүшелері мен екінші жыныс белгілері пайда болып, жетіле бастайды, ал 15 жастан кейін спермотогенез (шәуһет бөлу) кезеңі басталады.
Аталық ұрық безінің эндокринді әрекеттеріне, оның андроген бөлу қасиеті жатады. Андрогендер биологиялық жинақталу құбылыстары арқылы тестестеронға айналып, екінші жыныс белгілерінің қалыптасуына және ФСТ-мен бірігіп сперматогенезге ықпал етеді.