
- •1.1 Пәннің жұмыс бағдарламасы
- •1. Жалпы мәліметтер
- •2. Бағдарлама
- •2.3 Оқыту тапсырмасы:
- •2.4 Оқытудың нәтижесі
- •2.6 Постреквизиттері:
- •2.7 Тақырыптық жоспар
- •Студенттердің оқытушылармен бірге жүргізілетін өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары (соөж).
- •2.8 Оқыту және оқу әдістемесі
- •2.9 Оқушылардың білімдері мен дағдыларын бағалау әдістері:
- •Жіберу рейтинг
- •Қорытынды бақылау
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Алматы, 2011
|
|
|
|
|
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
|
|
|
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЯСАТЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ КАФЕДРАСЫ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ |
«Бекітемін»
ОТЖ проректоры
профессор Тулебаев К.А.
________________________ «___»_____________2011 ж.
1.1 Пәннің жұмыс бағдарламасы
1. Жалпы мәліметтер
Жоғарғы оқу орнының аты: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті.
Кафедра: «Денсаулық сақтау саясаты және басқару»
Пәні : «Дәлелді медицина негізі»
Мамандық: 051102 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Барлық - 45 сағат (1 кредит)
Оқу курс – 3, семестр – 5, 6
«Дәлелді медицинаның негізі» пәннің жұмыс бағдарламасы 051102 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына арналған ҚР МЖМБС 2006ж., типтік оқу бағдарламасы 2009ж., медициналық және фармацевттік жоғарғы оқу орындарының және университеттердегі медицина факультеттерінің кафедраларында оқу әдістемелік құжаттарды дайындау бойынша №6 нұсқау хат негізінде кафедра доценті, м.ғ.д Турдалиева Б.С. құрастырған.
«Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының отырысында талқыланды және бекітілді.
«_____» _____________ 2011 ж., хаттама №______
Кафедра меңгерушісі
м.ғ.д.__________________________________________________________________ Б.С. Турдалиева
ҚазҰМУ «Менеджмент» мамандығы бойынша Білім бағдарламасы комитетінде (ББК) талқыланды
«_____» _____________ 2011 ж., хаттама №______
«Менеджмент» мамандығы бойынша ББК төрайымы________________________ М.А. Рамазанова
С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Әдістемелік Кеңесімен келісілді
____________________________________________________________
«_____» _____________ 2011 ж., хаттама №______
ҚазҰМУ ОӘК төрағасы,
м.ғ.д., профессор _______________________________________________________ К.А.Тулебаев.
2. Бағдарлама
2.1 Кіріспе
Соңғы он жылдықта денсаулық сақтау саласында «дәлелді медицина» бағыты зор орын алуда.
«Дәлелді медицина» - бұл жаңа ілім емес. “Evidence-bazed Medicine”, немесе “Дәлелді негізі бар медицина,” (дәлелді медицина) түсінігін білдіреді немесе « ғылыми негізделген медициналық тәжірибе» немесе « ғылыми дәлелденген медицина». Ғылыми дәлелденген медицина – бұл жаңа қадам, технологиялық жинақтардың жаңа барысы, талдамасы ғылыми ақпараттардың интерпритациясы. Бұл ең жоғарғы дәрежелі клиникалық тәжірибесі бар дәрігерлердің және пациенттердің нақты клиникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша емдік үрдісін жүргізу интеграциясы.
Осыған байланысты қазіргі заманғы дәрігер жаңа технологияларды меңгеріп, өз тәжірибесінде ақиқатқа негізделген, ғылыми дәлелденген мәліметтерді қолдануы керек.
2.2 Пән мақсаты: Студенттерде дәлелді медицина негізін қалыптастыру, оны орындай білудің дағдыларын пайдаланудың тәсілдерін, әрбір медициналық жаңалықтарды сын көзбен бағалаумен болашақ тәжірибеде пайдалануды оқыту.
2.3 Оқыту тапсырмасы:
ДМ негізгі терминдері туралы студенттерге түсінік беру;
Студенттерге негізгі клиникалық зерттеу түрлерін ажырата білу;
ДМ негізгі мәліметтер базасын қолдану дағдысын қалыптастыру;
ДМ сүзгісі арқылы бар мәліметтерді сынай бағалау