
- •16) Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеудің негіздері мен қайта қалпына келтіру институты
- •19. Қылмыстық істі тоқтата тұру мен қылмыстық істі қысқартудың іс жүргізу тәртібі.
- •2. Қайтадан ашылған мән-жайлардың түсінігі мен түрлері.
- •3. Сезікті мен айыпталушының түсінігі мен іс жүргізу ережесі.
- •5. Қылмыстық істе қорғаушының іс жүргізу тәртібі мен өкілеттілігі. Қорғаушының міндетті түрде қатысуы.
- •7. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру және одан бас тарту.
- •8.Соттық сараптама түрлері (жеке-дара, комиссиялық, кешенді сараптама, қосымша және қайталама).
- •11. Қылмыстық істердің соттылығы.
- •1.Аудандық ж-е оған теңестірілген соттың соттауына жатқызылған істерді қоспағанда,барлық қ.Істер облыстық ж-е оған теңестірілген соттың соттауына ждатады. (290бап)
- •12.Басты сот талқылауын белгілегенге дейін келіп түскен қылмыстық іс бойынша соттың әрекеті.
- •14. Оқиға орнында айғақтарды тексеру мен нақтылау және тергеу сараптамасының іс жүргізу тәртібі.
- •15. Басты сот талқылауының жалпы шарттары.
- •16. Қылмыстық іс бойынша дәлелдемелердің түсінігі мен түрлері. Дәлелдеме ретінде рұқсат етілмейтін іс жүзіндегі деректер.
- •17. Сот тергеуінің түсінігі мен мазмұны
- •18. Сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің мен куәгер айғақтарының сипаттамасы және дәлелдеме көзі ретіндегі сарапшының қорытындысы.
- •19.Сот жарыссөздері мен сотталушының соңғы сөзінің іс жүргізу ережелері.
- •20. Заттық дәлелдемелер, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары және дәлелдеме көзі ретіндегі құжаттар.
- •21.Парламент депутатына, судьяға және Бас прокурорға қатысты істер бойынша қылмыстық сот ісінің ерекшеліктері.
- •22.Дипломатиялық иммунитетке ие тұлғалардың қатысуымен жүргізілетін қылмыстық сот ісінің ерекшеліктері.
- •23.Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру барысында шет мемлекеттер құқық қорғау органдарымен ықпалдасудың іс жүргізу тәртібі.
- •24.Сезіктіні ұстаудың тәртібі мен негізі.
- •25.Қылмыстық процестегі бұлтартпау шараларының түсінігі мен түрлері.
- •26.Сот талқылауына қатысу үшін алқабилер кандидаттарын іріктеудің жалпы ережелері.
11. Қылмыстық істердің соттылығы.
Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша қылмыстық істердің құрамына байланысты бірінші сатыдағы соттар ретінде іс-қимыл жасайды.
Істің соттылығы-бұл барлық қылмыстық істің белгілері ҚРҚІЖК-нің 38 тарау негізінде бірінші сатыдағы істің қай сотта соттың қай құрамында қарастыралатыны анықталады.
Қылмыстық істің жағдайына байланысты (қылмыстың жасаған жері,субьект,және оның түрі, қылмыстың сипаты және зақымдалған дәрежесі)сотқа жататындағын былайша айырады.:
-соттылықтың тума(пәндік)белгісі
-соттылықтың арнайы белгісі
-соттылықтың мекендік(аумақтық)белгісі
Соттылықтың тума белгісінде қылмыс сипаттамасы және оның қоғам үшін қауіптілігі анықталып,заң бойынша ол қай сотта қарастырылатыны анықталады.
1.Аудандық ж-е оған теңестірілген соттың соттауына жатқызылған істерді қоспағанда,барлық қ.Істер облыстық ж-е оған теңестірілген соттың соттауына ждатады. (290бап)
Облыстық ж-е оған теңестірілген соттар бірінші сатыдағы,апелляциялық ж-е қадағалау соты ретінде іс-қимыл жасайды.
Аудандық және оларға теңестірілген соттар бірінші сатыдағы сот ретінде әрекет етеді. 2. Мамандандырылған соттардың соттауына жатқызылған қылмыстық істерді қоспағанда, барлық қылмыстық істер аудандық және оған теңестірілген соттың соттауына жатады. 3. Аудандық және оларға теңестірілген соттар қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын прокурордың шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымдарды қарайды, тергеушінің, анықтау органының күдіктіге, айыпталушыға қатысты үйде қамауда ұстау, қамауға алу түріндегі таңдаған бұлтартпау шараларына, олардың-мерзімдерін-ұзартуға-санкция-береді. 4. Үкімді орындау сатысында аудандық және оларға теңестірілген соттар өздерінің соттауына жатқызылған істер бойынша осы Кодекстің 452 және 453-баптарында көрсетілген мәселелерді қарайды. 5. Осы Кодексте көзделген жағдайларда аудандық және оларға теңестірілген соттар өздерінің соттауына жатқызылған істер бойынша прокурордың жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына жасалған шағымдарды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттауына: 1) қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың және гарнизонның әскери сотының соттауына жатқызылған істерді қоспағанда, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы; Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаса, оның соттауына жататын істерді аудандық (қалалық) сот қарауға құқылы.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың соттауына жатқызылған істерді қоспағанда, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың соттауына аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істер жатады
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың соттауына: 1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 16-тарауында көзделген аса ауыр әскери-қылмыстар-туралы; 2) Қарулы Күштерде, басқа да әскерлерде және әскери құралымдарда шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер; әскери жиындардан өту кезінде запастағы азаматтар; өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты немесе осы бөлімдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық персоналының адамдары жасаған басқа да аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істер жатады.
Жоғарғы-Сот: 1) істерді кассациялық сатыда қарағаннан кейін ғана бірінші және апелляциялық сатылардағы-соттардың:үкімдеріне,қаулыларына; 2) кассациялық сатыдағы соттың қаулыларына тараптардың өтініштері мен прокурордың наразылықтары бойынша істерді алқа болып қарайтын жоғары сот сатысы ретінде әрекет етеді.