- •16) Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеудің негіздері мен қайта қалпына келтіру институты
- •19. Қылмыстық істі тоқтата тұру мен қылмыстық істі қысқартудың іс жүргізу тәртібі.
- •2. Қайтадан ашылған мән-жайлардың түсінігі мен түрлері.
- •3. Сезікті мен айыпталушының түсінігі мен іс жүргізу ережесі.
- •5. Қылмыстық істе қорғаушының іс жүргізу тәртібі мен өкілеттілігі. Қорғаушының міндетті түрде қатысуы.
- •7. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру және одан бас тарту.
- •8.Соттық сараптама түрлері (жеке-дара, комиссиялық, кешенді сараптама, қосымша және қайталама).
- •11. Қылмыстық істердің соттылығы.
- •1.Аудандық ж-е оған теңестірілген соттың соттауына жатқызылған істерді қоспағанда,барлық қ.Істер облыстық ж-е оған теңестірілген соттың соттауына ждатады. (290бап)
- •12.Басты сот талқылауын белгілегенге дейін келіп түскен қылмыстық іс бойынша соттың әрекеті.
- •14. Оқиға орнында айғақтарды тексеру мен нақтылау және тергеу сараптамасының іс жүргізу тәртібі.
- •15. Басты сот талқылауының жалпы шарттары.
- •16. Қылмыстық іс бойынша дәлелдемелердің түсінігі мен түрлері. Дәлелдеме ретінде рұқсат етілмейтін іс жүзіндегі деректер.
- •17. Сот тергеуінің түсінігі мен мазмұны
- •18. Сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің мен куәгер айғақтарының сипаттамасы және дәлелдеме көзі ретіндегі сарапшының қорытындысы.
- •19.Сот жарыссөздері мен сотталушының соңғы сөзінің іс жүргізу ережелері.
- •20. Заттық дәлелдемелер, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары және дәлелдеме көзі ретіндегі құжаттар.
- •21.Парламент депутатына, судьяға және Бас прокурорға қатысты істер бойынша қылмыстық сот ісінің ерекшеліктері.
- •22.Дипломатиялық иммунитетке ие тұлғалардың қатысуымен жүргізілетін қылмыстық сот ісінің ерекшеліктері.
- •23.Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру барысында шет мемлекеттер құқық қорғау органдарымен ықпалдасудың іс жүргізу тәртібі.
- •24.Сезіктіні ұстаудың тәртібі мен негізі.
- •25.Қылмыстық процестегі бұлтартпау шараларының түсінігі мен түрлері.
- •26.Сот талқылауына қатысу үшін алқабилер кандидаттарын іріктеудің жалпы ережелері.
8.Соттық сараптама түрлері (жеке-дара, комиссиялық, кешенді сараптама, қосымша және қайталама).
Жеке,комиссиялық-сараптама 1.Сараптаманы сарапшы жеке не сарапшылар комиссиясы жүзеге асырады. 2. Комиссиялық сараптама күрделi сараптамалық зерттеулердi жүргiзу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны бiр мамандықтағы кемінде екі сарапшы жүргiзедi. 3. Ақыл-есiнiң дұрыстығы туралы мәселе бойынша сот-психиатриялық сараптама жүргiзу үшiн кемiнде үш сарапшы тағайындалады. 4. Комиссиялық сот сараптамасын жүргізу кезінде сот сарапшыларының әрқайсысы сот-сараптамалық зерттеуді толық көлемінде тәуелсіз және дербес жүргізеді. Сараптама комиссиясының мүшелерi алынған нәтижелердi бiрлесiп талдайды және ортақ пiкiрге келгенде қорытындыға не қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы хабарламаға қол қояды. Сарапшылар арасында келiспеушiлiк болған жағдайда олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бiр бөлiгi жеке қорытынды бередi не пiкiрi комиссияның басқа мүшелерiнiң қорытындысымен сәйкес келмеген сарапшы пiкiрiн қорытындыда жеке тұжырымдайды. 5. Қылмыстық процесті жүргізуші органның комиссиялық сараптама жүргiзу туралы қаулысы сот сараптамасы органының басшысы үшiн мiндеттi болып табылады. Сот сараптамасы органының басшысы ұсынылған материалдар бойынша комиссиялық сараптама жүргiзу туралы өз бетiнше шешiм қабылдауға және оны жүргiзудi ұйымдастыруға құқылы. 250-бап. Кешендi сараптама 1. Кешендi сараптама iс үшiн маңызы бар жағдайларды анықтау үшiн әртүрлi бiлiм саласының негiзiнде зерттеулер жүргiзу қажет болған кезде тағайындалады және оны әртүрлi мамандықтағы сарапшылар өз құзыретiнiң шегiнде жүргiзедi. 2. Кешендi сараптаманың қорытындысында әрбiр сарапшының қандай зерттеудi, қандай көлемде жүргiзгенi және оның қандай қорытындыға келгенi көрсетiлуге тиiс. Әрбiр сарапшы қорытындының осы зерттеулер мазмұндалған бөлiгiне қол қояды. 3. Әрбiр сарапшы жүргiзген зерттеулер нәтижелерiнiң негiзiнде олар анықтау үшiн сараптама тағайындалған мән-жай туралы ортақ қорытынды (қорытындылар) тұжырымдайды. Ортақ қорытындыны (қорытындыларды) алынған нәтижелердi бағалауға құзыретi бар сарапшылар ғана тұжырымдап, қол қояды. Егер комиссияның немесе оның бiр бөлiгiнiң түпкiлiктi қорытындысына сарапшылардың бiрi (жекелеген сарапшылар) анықтаған фактiлер негiз болса, онда бұл туралы қорытындыда көрсетiлуге тиiс. 4. Сарапшылар арасында келiспеушiлiк болған жағдайда зерттеулердiң нәтижелерi осы Кодекстiң 249-бабының төртiншi бөлiгiне сәйкес ресiмделедi. 5. Сот сараптамасы органына тапсырылған кешендi сараптама жүргiзудi ұйымдастыру оның басшысына жүктеледi. Сот сараптамасы органының басшысы сол сияқты тергеушiнiң қаулысына сәйкес ұсынылған материалдар бойынша кешендi сараптама жүргiзу туралы өз бетiнше шешiм қабылдауға және оны жүргiзудi ұйымдастыруға құқылы. Қосымша және қайталама сараптама 1. Қосымша сараптама қорытынды толық немесе жеткiлiктi түрде айқын болмаған, сондай-ақ осының алдындағы зерттеумен байланысты қосымша мәселелердi шешу қажет болған жағдайда тағайындалады. 2. Қосымша сараптаманы жүргiзу сол сарапшының өзiне немесе басқа сарапшыға тапсырылуы мүмкiн. 3. Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткiлiктi түрде негiздi болмағанда не оның қорытындылары күмән туғызған не сараптаманы тағайындау мен жүргізу туралы iс жүргiзу нормалары елеулi түрде бұзылған жағдайларда дәл сол объектiлердi зерттеу және дәл сол мәселелердi шешу үшiн тағайындалады. 4. Қайталама сараптама тағайындау туралы қаулыда алдыңғы сараптаманың нәтижелерiмен келiспеудiң дәлелдерi келтiруге тиiс. 5. Қайталама сараптама жүргiзу сарапшылар комиссиясына тапсырылады. Алдыңғы сараптаманы жүргiзген сарапшылар қайталама сарапшылар жүргiзген кезде қатысып, комиссияға түсiнiктемелер бере алады, бiрақ олар сараптамалық зерттеуге және қорытынды жасауға қатыспайды. 6. Қосымша және қайталама сараптама тапсырылған кезде сарапшыға (сарапшыларға) алдыңғы сараптамалардың қорытындылары ұсынылуға тиiс. 7. Қосымша және қайталама сараптамалар осы Кодекстiң 240, 242-252-баптарының ережелерi сақтала отырып тағайындалады және жүргiзiледi. 8. Егер екінші немесе реті бойынша келесі сараптама бірнеше негіздер бойынша тағайындалып, олардың бірі - қосымша, ал басқалары қайталама сараптамаға жататын болса, мұндай сараптама қайталама сараптама жүргізу ережелері бойынша жүргізіледі.
9.Қылмыстық істе куәгерлердің іс жүргізуге қатысу тәртібі.
1. Қылмыстық iзге түсу органы осы Кодексте көзделген жағдайда тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн куәландыру үшiн тартқан адамдар куәгерлер болып табылады. 2. Өздерiнiң қатысуымен болып жатқан iс-әрекеттердi толық және дұрыс қабылдауға қабiлеттi, iске мүдделi емес және қылмыстық iзге түсу органдарына тәуелсiз кәмелеттiк жастағы азаматтар ғана куәгерлер бола алады. 3. Тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге кемiнде екi куәгер қатысады. 4. Куәгердiң: тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге қатысуға; тергеу iс-әрекетi жөнiнде хаттамаға енгiзуге жататын мәлiмдемелер мен ескертулер жасауға; өзi қатысқан тергеу iс-әрекетiнің хаттамасымен танысуға; қылмыстық ізге түсу органының іс-әрекетіне шағым жасауға; қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өзiне келтiрiлген шығындарға өтем алуға; қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті мәлімдеуге құқығы бар. 5. Куәгер: қылмыстық iзге түсу органының шақыруы бойынша келуге; тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысуға; осы iс-әрекеттiң жүргiзiлу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн тергеу iс-әрекеттерiнiң хаттамасында өзiнiң қолымен куәландыруға; анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың рұқсатынсыз алдын ала тергеу материалдарын жарияламауға; тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу кезiнде тәртiп сақтауға мiндеттi. 6. Куәгер дәлелдi себептерсiз келуден немесе өзiнiң мiндетiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн әкiмшiлiк жауапқа тартылады
10.Айыпталушыны сотқа тапсыру сатысындағы прокурордың өкілеттілігі.
Прокурор қылмыстық істің материалдарымен танысу нәтижесінде сезіктіні, айыпкерді қамауға алу туралы тергеушінің, анықтаушының қамауға алуға санкция алу туралы ұсынысын қолдаудан бас тартса, онда сезіктіні, айыпкерді қамауға алуға санкция беру туралы ұсыныстан бас тарту туралы қаулы шығарады. Мұндай бас тарту туралы прокурордың қаулысы шыққаннан кейін сезікті немесе айыпкер адам дереу босатылуы керек.
Сезіктіні, айыпкерді қамауға алуға санкция алу туралы ұсынысын қолдаудан бас тартқан прокурордың қаулысына және сезікті, айыпкердің қамаудан дереу босатылуына тергеуші, анықтаушы келіспеушілік білдірген жағдайда жоғары тұрған прокурорларға шағымдана алады. Сонымен қатар мұндай шағымды осы қылмыстық іске мүдделілік білдіретін өзге де қатысушылар (мысалы жәбірленуші немесе оның жақын адамдары, куәлар) бере алады.
Прокурор қылмыстық істің материалдарымен танысу нәтижесінде сезіктіні, айыпкерді қамауға алу туралы тергеушінің, анықтаушының қамауға алуға санкция алу туралы ұсынысын қолдауды жөн деп тапса, онда сезіктіні, айыпкерді қамауға алуға санкция беру туралы ұсынысын қолдау туралы қаулы шығарады. Бұл қаулыны шығару барысында прокурор қылмыстың ауырлығын, қылмыскердің қауіптілік дәрежесін, сонымен бірге өзге де ҚІЖК 139 бабында келтірілген бұлтартпау шараларын қолдану негіздерін ескереді.
Прокурордың сезіктіні, айыпкерді қамауға алу туралы тергеушінің, анықтаушының қамауға алуға санкция алу туралы ұсынысын қолдау туралы қаулысы және қамауға алуды негіздейтін қылмыстық істің материалдарымен бірге қамауға алудың мерзімі аяқталуына дейін 12 сағаттан кешіктірмей сотқа тапсыруы керек.
Қамауға алуға санкцияны аудандық және оған теңестірілген соттар бере алады, ал аудандық және оған теңестірілген соттардың санкция беруден бас тартуына шағымдану орын алғанда және бұл шағым қанағаттандырылғанда санкцияны облыстық және оған теңестірілген соттар бере алады.
Сезіктіні, айыпкерді қамауға алу туралы тергеушінің, анықтаушының қамауға алуға санкция алу туралы ұсынысын қолдау туралы прокурордың қаулысы сотқа келіп түскеннен кейін аудандық және оған теңестірілген соттар іс материалдары келіп түскен кезден бастап алғанда 8 сағаттың ішінде прокурорды сезіктіні, айыпкерді, олардың қорғаушысын қатыстыра отырып қамауға алуға санкция беру немесе бермеу мәселесі бойынша сот мәжілісін өткізе алады. Бұл мәжіліске адамдардың кейбіреулерінің келмей қалуы сот мәжілісінің өткізілмеуіне себеп бола алмайды. Сот мәжілісі кезінде бұл туралы арнайы хаттама толтырылады және соттар мұндай мәжілісте тергеу жұмыстарымен айналыспай, тек қолда бар материалдарға сүйеніп мәжіліс өткізеді.
