
- •16) Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеудің негіздері мен қайта қалпына келтіру институты
- •19. Қылмыстық істі тоқтата тұру мен қылмыстық істі қысқартудың іс жүргізу тәртібі.
- •2. Қайтадан ашылған мән-жайлардың түсінігі мен түрлері.
- •3. Сезікті мен айыпталушының түсінігі мен іс жүргізу ережесі.
- •5. Қылмыстық істе қорғаушының іс жүргізу тәртібі мен өкілеттілігі. Қорғаушының міндетті түрде қатысуы.
- •7. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру және одан бас тарту.
- •8.Соттық сараптама түрлері (жеке-дара, комиссиялық, кешенді сараптама, қосымша және қайталама).
- •11. Қылмыстық істердің соттылығы.
- •1.Аудандық ж-е оған теңестірілген соттың соттауына жатқызылған істерді қоспағанда,барлық қ.Істер облыстық ж-е оған теңестірілген соттың соттауына ждатады. (290бап)
- •12.Басты сот талқылауын белгілегенге дейін келіп түскен қылмыстық іс бойынша соттың әрекеті.
- •14. Оқиға орнында айғақтарды тексеру мен нақтылау және тергеу сараптамасының іс жүргізу тәртібі.
- •15. Басты сот талқылауының жалпы шарттары.
- •16. Қылмыстық іс бойынша дәлелдемелердің түсінігі мен түрлері. Дәлелдеме ретінде рұқсат етілмейтін іс жүзіндегі деректер.
- •17. Сот тергеуінің түсінігі мен мазмұны
- •18. Сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің мен куәгер айғақтарының сипаттамасы және дәлелдеме көзі ретіндегі сарапшының қорытындысы.
- •19.Сот жарыссөздері мен сотталушының соңғы сөзінің іс жүргізу ережелері.
- •20. Заттық дәлелдемелер, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары және дәлелдеме көзі ретіндегі құжаттар.
- •21.Парламент депутатына, судьяға және Бас прокурорға қатысты істер бойынша қылмыстық сот ісінің ерекшеліктері.
- •22.Дипломатиялық иммунитетке ие тұлғалардың қатысуымен жүргізілетін қылмыстық сот ісінің ерекшеліктері.
- •23.Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру барысында шет мемлекеттер құқық қорғау органдарымен ықпалдасудың іс жүргізу тәртібі.
- •24.Сезіктіні ұстаудың тәртібі мен негізі.
- •25.Қылмыстық процестегі бұлтартпау шараларының түсінігі мен түрлері.
- •26.Сот талқылауына қатысу үшін алқабилер кандидаттарын іріктеудің жалпы ережелері.
7. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру және одан бас тарту.
Қоғаушыдан:бас-тарту 1. Сезiктi, айыпталушы iс бойынша iс жүргiзудiң кез келген сәтiнде қорғаушыдан бас тартуға құқылы. Осындай бас тартуға іске қатысушы қорғаушының не осы Кодекстің 71-бабының үшінші бөлігінде белгіленген тәртіппен тағайындалған қорғаушының қатысуымен күдіктінің, айыпталушының бастамасы бойынша ғана жол беріледі. Заңгерлiк көмекке ақы төлеу үшiн қаражаттың жоқтығы себептi қорғаушыдан бас тарту қабылданбайды. Бас тарту жазбаша нысанда ресiмделедi немесе тиiстi тергеу не сот әрекетiнiң хаттамасында көрсетiледi. 2. Осы Кодекстiң 71-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 2) - 4), 5) (жазалау шарасы ретiнде өлiм жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкiн қылмыстарды жасаған адамды айыптау кезiнде), 6) тармақтарында (айыпталушыны тұрақты сот-психиатриялық сараптамаға мәжбүрлеп жiберу кезiнде) көзделген жағдайларда айыпталушының қорғаушыдан бас тартуын қылмыстық процестi жүргiзушi органның қабылдауына болмайды. 3. Қорғаушыдан бас тарту айыпталушыны немесе сезiктiнi кейiн қорғаушының iске қатысуына рұқсат ету туралы өтiнiш жасау құқығынан айырмайды. Қорғаушының iске қатысуы осы уақытқа дейiн тергеу немесе сот талқылауының барысында жасалған әрекеттердi қайталауға әкеп соқтырмайды.
Қорғаушыны күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ күдiктiнің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның тапсырмасы бойынша немесе келiсiмiмен басқа да адамдар шақырады. Күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам қорғану үшiн бiрнеше қорғаушыларды шақыруға құқылы. 2. Күдiктiнiң, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның сұрауы бойынша қорғаушының қатысуын қылмыстық процестi жүргiзушi орган қамтамасыз етедi. 3. Таңдалып алынған немесе тағайындалған қорғаушының ұзақ мерзiм (кемiнде бес тәулiк) iшiнде қатысуы мүмкiн болмайтын жағдайларда қылмыстық процестi жүргiзушi орган күдiктiге, айыпталушыға немесе сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға басқа қорғаушы шақыруды ұсынуға немесе адвокаттардың кәсiптiк ұйымы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушы тағайындауға шаралар қолдануға құқылы. Қылмыстық процестi жүргiзушi органның қорғаушы ретiнде белгiлi бiр адамды шақыруға ұсыныс жасауға құқығы жоқ. 4. Ұстау немесе күзетпен ұстау жағдайында, егер күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам таңдаған қорғаушының келуi жиырма төрт сағаттың iшiнде мүмкiн болмаса, қылмыстық iзге түсудi жүзеге асырушы орган күдiктiге, айыпталушыға немесе сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға басқа қорғаушы шақыруды ұсынады, ал одан бас тартылған жағдайда қорғаушыны адвокаттардың кәсiптiк ұйымы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы тағайындауға шаралар қолданады. 7. Егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге бiрнеше қорғаушы қатысқан жағдайда қорғаушының қатысуы қажеттi iс жүргiзу әрекетi тиiстi күдiктiнiң, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның қорғаушыларының түгел қатыспауынан заңсыз деп таныла алмайды. 8. Адвокат қорғаушы ретінде адвокаттың куәлігін және нақты істі жүргізуге оның өкілеттігін куәландыратын ордерді көрсетуі бойынша қылмыстық іске қатысуға жіберіледі. Осы Кодекстің 70-бабының екінші бөлігінде аталған басқа адамдар қорғаушы ретінде қылмыстық іске қатысуға олардың құқығын растайтын құжаттарды (неке туралы куәлігін, күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен, сотталған адаммен, ақталған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжатты, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың шешімдерін) тапсырады