Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UPP_otvet mp21.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
141.53 Кб
Скачать

5. Қылмыстық істе қорғаушының іс жүргізу тәртібі мен өкілеттілігі. Қорғаушының міндетті түрде қатысуы.

Қорғаушының қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысуы, егер:       1) ол туралы күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам өтiнiш жасаса;       2) күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам кәмелетке толмаса;       3) күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам дене немесе психикалық кемiстiгiнен өзiнiң қорғану құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмаса;       4) күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi бiлмесе;       5) адам жазалау шарасы ретiнде он жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айырылу, өмiр бойы бас бостандығынан айырылу не өлiм жазасы тағайындалуы мүмкiн болатын қылмысты жасағаны үшiн айыпталса;       6) айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылса немесе ол мәжбүр етiлiп стационарлық сот-психиатриялық сараптамаға жiберiлсе;       7) күдiктiлердiң, айыпталушылардың, сотталушылардың, сотталған адамдардың, ақталған адамдардың мүдделерi арасында қайшылық болып, олардың бiреуiнiң қорғаушысы болса;       8) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге жәбiрленушiнiң (жеке айыпталушының) немесе азаматтық талапкердiң өкiлi қатысса;       9) iс сотта қаралған кезде прокурор (мемлекеттік айыптаушы) қатысса;       10) айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болса және алдын ала тергеу органдарына келуден жалтарса міндетті.

Қорғаушы - заңда белгiленген тәртiппен сезiктiлер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегiн көрсететiн адам.       2. Қорғаушы ретiнде адвокат қатысады. Қорғаушы ретінде қылмыстық процеске адвокаттың қатысуы кезінде күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорғауды одан басқа оның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы не қамқоршысы, қорғаншысы не күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорғаншылыққа немесе асырауына алған ұйымның өкілі жүзеге асыра алады. Шетелдiк адвокаттардың iске қорғаушылар ретiнде қатысуына, егер бұл Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекетпен жасасқан халықаралық шартында өзара негiзде көзделсе, заңнамада белгiленген тәртiппен жол берiледi.       3. Қорғаушы айып тағылған не адам осы Кодекстiң 68-бабының бiрiншi бөлiгiне сәйкес сезiктi деп танылған кезден бастап, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізудің кез келген келесі сәтінде iске қатысуға жiберiледi.       4. Бiр адам, егер сезiктiнiң, айыпталушының бiреуiнiң мүддесi екiншiсiнiң мүддесiне қайшы келетiн болса, олардың екеуiне бiрдей қорғаушы бола алмайды.       5. Адвокаттың өзiне қабылдаған сезiктiнi немесе айыпталушыны қорғаудан бас тартуға құқы жоқ

Қорғаушы сезiктiнiң, айыпталушының айыбын жоққа шығаратын немесе жауаптылығын жеңiлдететiн жағдайларды анықтау мақсатында барлық заңды құралдар мен қорғау тәсiлдерiн пайдалануға және оларға қажеттi заңгерлiк көмек көрсетуге мiндеттi.       1) күдіктімен немесе айыпталушымен олардың саны мен ұзақтығы шектелместен оңаша және құпия жолығуға;       2) заң көмегін көрсету үшін қажетті заттарды, құжаттарды және мәліметтерді жинауға және ұсынуға;       3) айып тағылған кезде қатысуға, күдіктіден және (немесе) айыпталушыдан жауап алу кезінде, олардың өтініші не қорғаушының өзінің өтініші бойынша жүргізілетін өзге де тергеу және іс жүргізу әрекеттеріне қатысуға;       4) қарсылықтар білдіруге;       5) айыптау тізімін қоспағанда, ұстау хаттамасымен, бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулымен, күдіктінің, айыпталушының немесе қорғаушының өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, күдіктіге және (немесе) айыпталушыға ұсынылған не ұсынылуға тиіс болатын құжаттармен, ал анықтау, оңайлатылған сотқа дейінгі іс жүргізу немесе алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін – істің барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген мәліметті кез келген көлемде көшіріп алуға;       7) кез келген сатыдағы сотта істі қарауға қатысуға;       8) әрбір беттегі мәтіннің соңғы жолының астына және хаттаманың соңына өз қолын қоя отырып, ал сот отырысы хаттамасының бөлігімен танысқан кезде әрбір беттің соңына және осы бөліктің соңына қол қоя отырып, сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпе енгізуге;       9) іс жүргізу құжаттарының көшірмелерін алуға       11) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттері мен шешімдеріне шағым енгізуге және оларды қарауға қатысуға;       12) заңға қайшы келмейтін кез келген басқа да қорғау құралдары мен тәсілдерін пайдалануға құқылы.       3. Қорғаушы тергеу әрекетiнiң хаттамасына оның жазбаларының дұрыстығы мен толықтығына орай жазбаша ескертпе жасауға құқылы.       4. Қорғаушының: өзiнiң қорғауындағы адамның мүдделерiне қарсы қандай да болмасын әрекет жасауға және оған тиесiлi құқықтарды жүзеге асыруына кедергi жасауға құқығы жоқ.

6. Соттық сараптама түсінігі мен оны белгілеу тәртібі. Сараптаманы міндетті түрде белгілеу. Сараптаманы мiндеттi түрде тағайындау

      1. Егер iс бойынша:       1) өлiмнiң себептерiн, денсаулыққа келтiрiлген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесiн;       2) iс үшiн маңызды болып, бірақ жасы туралы құжаттар болмағанда немесе олар күмән туғызғанда күдіктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң жасын;       3) күдіктiнiң, айыпталушының есiнiң дұрыстығы немесе қылмыстық iс жүргiзуде өзінің құқықтары мен заңды мүдделерiн өз бетiнше қорғау қабiлетi жөнiнде күмән туғанда олардың психикалық немесе тәнiнiң жай-күйiн;       4) жәбiрленушiнiң, куәнiң iс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдау және олар туралы айғақтар беру қабiлетiне күмән туған жағдайда олардың психикалық немесе тәнiнiң жай-күйiн анықтау қажет болғанда;       5) iстiң өзге дәлелдермен дәйекті түрде анықталмайтын өзге де мән-жайын анықтау қажет болғанда, сараптаманы тағайындау мен жүргiзу мiндеттi болады.       2. Егер айыпталушының психикалық жай-күйiне Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде өлiм жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген қылмысты жасағаны үшін күмән келтірілсе, сот-психиатриялық сараптаманы тағайындау мен жүргiзу міндетті болады.

Сараптама сарапшы арнайы ғылыми бiлiмдер негiзiнде жүргiзетiн iс материалдарын зерттеу нәтижесiнде iс үшiн маңызы бар мән-жайлар алынуы мүмкiн жағдайда тағайындалады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы өзге адамдардың мұндай бiлiмiнiң болуы қылмыстық iстi жүргiзушi адамды тиiстi жағдайларда сарапшы тағайындау қажеттiлiгiнен босатпайды.

Сот сараптамасын жүргiзу тапсырылуы мүмкiн адамдар1. Сот сараптамасын жүргізу:       1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;       2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға;       3) заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін.       2. Сараптама жүргiзу iс жүргiзуге қатысушылар ұсынған адамдардың бiрiне тапсырылуы мүмкiн.       3. Сараптама жүргiзу тапсырылған адамды шақыру туралы тергеушiнiң талабы аталған адам жұмыс iстейтiн ұйымның басшысы үшiн мiндеттi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]