
- •16) Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеудің негіздері мен қайта қалпына келтіру институты
- •19. Қылмыстық істі тоқтата тұру мен қылмыстық істі қысқартудың іс жүргізу тәртібі.
- •2. Қайтадан ашылған мән-жайлардың түсінігі мен түрлері.
- •3. Сезікті мен айыпталушының түсінігі мен іс жүргізу ережесі.
- •5. Қылмыстық істе қорғаушының іс жүргізу тәртібі мен өкілеттілігі. Қорғаушының міндетті түрде қатысуы.
- •7. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру және одан бас тарту.
- •8.Соттық сараптама түрлері (жеке-дара, комиссиялық, кешенді сараптама, қосымша және қайталама).
- •11. Қылмыстық істердің соттылығы.
- •1.Аудандық ж-е оған теңестірілген соттың соттауына жатқызылған істерді қоспағанда,барлық қ.Істер облыстық ж-е оған теңестірілген соттың соттауына ждатады. (290бап)
- •12.Басты сот талқылауын белгілегенге дейін келіп түскен қылмыстық іс бойынша соттың әрекеті.
- •14. Оқиға орнында айғақтарды тексеру мен нақтылау және тергеу сараптамасының іс жүргізу тәртібі.
- •15. Басты сот талқылауының жалпы шарттары.
- •16. Қылмыстық іс бойынша дәлелдемелердің түсінігі мен түрлері. Дәлелдеме ретінде рұқсат етілмейтін іс жүзіндегі деректер.
- •17. Сот тергеуінің түсінігі мен мазмұны
- •18. Сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің мен куәгер айғақтарының сипаттамасы және дәлелдеме көзі ретіндегі сарапшының қорытындысы.
- •19.Сот жарыссөздері мен сотталушының соңғы сөзінің іс жүргізу ережелері.
- •20. Заттық дәлелдемелер, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары және дәлелдеме көзі ретіндегі құжаттар.
- •21.Парламент депутатына, судьяға және Бас прокурорға қатысты істер бойынша қылмыстық сот ісінің ерекшеліктері.
- •22.Дипломатиялық иммунитетке ие тұлғалардың қатысуымен жүргізілетін қылмыстық сот ісінің ерекшеліктері.
- •23.Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру барысында шет мемлекеттер құқық қорғау органдарымен ықпалдасудың іс жүргізу тәртібі.
- •24.Сезіктіні ұстаудың тәртібі мен негізі.
- •25.Қылмыстық процестегі бұлтартпау шараларының түсінігі мен түрлері.
- •26.Сот талқылауына қатысу үшін алқабилер кандидаттарын іріктеудің жалпы ережелері.
2. Қайтадан ашылған мән-жайлардың түсінігі мен түрлері.
Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi қайта бастаудың негiздерi: 1) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде анықталған жәбiрленушiнiң немесе куәгердiң айғақтарының, сарапшы қорытындысының көрiнеу жалғандығы, сондай-ақ заңсыз немесе негiзсiз үкiм не қаулы шығаруға әкеп соққан заңсыз немесе негiзсiз үкiм не қаулы шығаруға әкеп соққан заттай айғақтардың, тергеу және сот iс-әрекеттерi хаттамаларының және өзге де құжаттардың жалғандығы немесе аударманың көрiнеу бұрыс жасалуы; 2) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде анықталған анықтаушының, тергеушiнiң немесе прокурордың заңсыз және негiзсiз үкiм, қаулы шығаруға әкеп соққан қылмыстық iс-әрекеттерi; 3) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде анықталған судьялардың осы iстi қарау кезiнде жасаған, қылмыстық iс-әрекеттерi; 4) осы Кодекстiң 474-бабында көзделген тәртiппен тексеру немесе тергеу арқылы анықталған және прокурордың қорытындысында баяндалған, үкiм шығару кезiнде сотқа беймәлiм болған өзге де мән-жайлар сотталушының айыпсыздығы туралы немесе оның ауырлық дәрежесi жөнiнен өзi сотталғаннан гөрi өзге қылмыс жасағаны туралы не ақталған адамның немесе өзiне қатысты iс тоқтатылған адамның айыптылығын өз алдына немесе бұрын анықталған мән-жайлармен бiрге айғақтайтын ұйғарымдар; 6) сот актісін шығару кезінде сот қолданған заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің конституциялық емес деп тануы болып табылады.
3. Сезікті мен айыпталушының түсінігі мен іс жүргізу ережесі.
Сезiктi 1. Тергеушi, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтiрiлгендiгiн хабарлап, соған байланысты осы Кодексте белгiленген негiздерде және тәртiппен өзiне қатысты қылмыстық iс қозғалған не оны күдіктi деп тану туралы қаулы шығарылған, не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейiн жолын кесу шарасы қолданылған адам күдікті болып танылады. 2. Сезiктi ұсталған немесе оған айып тағылғанға дейiн бұлтартпау шаралары қолданылған жағдайда ұсталған немесе бұлтартпау шаралары қолданылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешiктiрiлмей, өзi таңдаған немесе тағайындалған қорғаушымен алғашқы жауап алуға дейiн оңаша және құпия жолығу құқығы қамтамасыз етiле отырып, одан жауап алынуы тиiс. Ұсталған сезiктi телефон арқылы немесе өзге де тәсiлмен дереу өзiнiң тұрған жерiне немесе жұмыс орнына өзiнiң ұсталғандығы және ұсталып отырған жерi туралы хабарлауға құқылы.
69-бап. Айыпталушы
1. Өзiне қатысты айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын жасаған және бекіткен не тергеуші сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын жасаған адам айыпталушы болып танылады. Сотқа берілген, ал жеке айыптау істері бойынша өзіне қатысты шағымды сот өзінің іс жүргізуіне қабылдаған айыпталушы, - сотталушы, өзiне қатысты айыптау үкiмi шығарылған айыпталушы, - сотталған адам, өзiне қатысты ақтау үкiмi шығарылған айыпталушы, - ақталушы деп аталады. 2. Айыпталушы: 1) заңға қайшы келмейтін құралдармен және тәсілдермен өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қорғануға дайындалу үшін жеткілікті уақыты мен мүмкіндігінің болуына; 2) өзінің не үшін айыпталғандығын білуге және қылмыстық іс қозғалғандығы туралы, өзінің айыпталушы ретінде 4) қылмыстық процесті жүргізуші органның өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын іс жүргізу шешімдерін қабылданғаны туралы хабардар етуіне; 5) бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулының көшірмесін алуға; 6) өзіне тағылған айып бойынша түсініктеме мен айғақ беруге; 7) айғақ беруден бас тартуға;дәлелдер ұсынуға; 9) өтінішті, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті және қарсылықты мәлімдеуге; 10) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге және түсінісуге; 11) аудармашының тегін көмегін пайдалануға; 12) қорғаушысының болуына;; 14) тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен өзінің өтініші немесе өзінің қорғаушысының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға; 14-1) заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуға; 15) өзінің өтініші немесе өзінің қорғаушысының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге; 18) айыптау тізімін қоспағанда, айыптау қорытындысының немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасының және оның қосымшаларының көшірмелерін алуға; 19) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағым беруге; 20) ақтамайтын негіздер бойынша істі қысқартуға қарсылық білдіруге; 21) жария сот талқылауын талап етуге құқылы
4.Кәмелетке толмаған жасөспірімдер қылмыстары туралы істерді жүргізудің ерекшеліктері. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша iс жүргiзудiң тәртiбi 1. Осы тараудың ережелерi қылмыс жасалған сәтте кәмелеттiк жасқа, яғни он сегiз жасқа толмаған_адамдардың_iстерi_бойынша-қолданылады. 2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша iс жүргiзу тәртiбi осы Кодексте белгiленген жалпы ережелермен, сондай-ақ осы тараудың баптарымен айқындалады. 3. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша iс жүргiзу тәртiбi: 1) аталған адам жасаған бiрнеше қылмыс, олардың бiр бөлiгiн ол он сегiз жасқа толғаннан кейiн жасаған қылмыстар туралы iстер бiр iс жүргiзуге бiрiктiрiлген; 2) айыпталушы сот iсiн жүргiзу сәтiнде кәмелетке толған жағдайларда қолданылмайды.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша анықтауға жататын мән-жайлар
Кәмелетке толмағандардың iстерi бойынша, осы Кодекстiң 117-бабында көзделгендерден басқа, дәлелдеуге жататын мән-жайларды алдын ала тергеу және сот талқылауын жүргiзу кезiнде: 1) кәмелетке толмағанның жасы (туған күнi, айы, жылы); 2) кәмелетке толмағанның тұрмысы мен тәрбие жағдайы; 3) интеллектуалдық, ерiк-жiгерiнiң және психикалық даму дәрежесi, мiнезi мен тегеурiндiлiк ерекшелiктерi, мұқтаждары мен мүдделерi; 4) кәмелетке толмағандарға ересек адамдар мен басқа да кәмелетке толмағандардың ықпалы анықталуға тиiс.
Кәмелетке толмағандардың iстерi бойынша жариялылықты шектеу -сезiктi, айыпталушы кәмелетке толмағанның құпиялылыққа құқығы қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң барлық кезеңдерiнде сақталуы тиiс.
Қорғаушының қатысуы, Кәмелетке толмаған сезiктiнiң, айыпталушының заңды өкiлiнiң алдын ала тергеуге қатысуы, Педагог пен психологтың қатысуы іс жүргізуге қатысуы міндетті болып келеді.Сондай ақ- Кәмелетке толмағанға кешендi психологиялық-психиатриялық және психологиялық сараптам жасау міндетті,себебі кәмелетке толмағанның жүйке жүйесінің жетілгендігі,не ауытқылары бар жоғын анықтау, интеллектуалдық даму деңгейін анықтау қажет.