
- •16) Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеудің негіздері мен қайта қалпына келтіру институты
- •19. Қылмыстық істі тоқтата тұру мен қылмыстық істі қысқартудың іс жүргізу тәртібі.
- •2. Қайтадан ашылған мән-жайлардың түсінігі мен түрлері.
- •3. Сезікті мен айыпталушының түсінігі мен іс жүргізу ережесі.
- •5. Қылмыстық істе қорғаушының іс жүргізу тәртібі мен өкілеттілігі. Қорғаушының міндетті түрде қатысуы.
- •7. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру және одан бас тарту.
- •8.Соттық сараптама түрлері (жеке-дара, комиссиялық, кешенді сараптама, қосымша және қайталама).
- •11. Қылмыстық істердің соттылығы.
- •1.Аудандық ж-е оған теңестірілген соттың соттауына жатқызылған істерді қоспағанда,барлық қ.Істер облыстық ж-е оған теңестірілген соттың соттауына ждатады. (290бап)
- •12.Басты сот талқылауын белгілегенге дейін келіп түскен қылмыстық іс бойынша соттың әрекеті.
- •14. Оқиға орнында айғақтарды тексеру мен нақтылау және тергеу сараптамасының іс жүргізу тәртібі.
- •15. Басты сот талқылауының жалпы шарттары.
- •16. Қылмыстық іс бойынша дәлелдемелердің түсінігі мен түрлері. Дәлелдеме ретінде рұқсат етілмейтін іс жүзіндегі деректер.
- •17. Сот тергеуінің түсінігі мен мазмұны
- •18. Сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің мен куәгер айғақтарының сипаттамасы және дәлелдеме көзі ретіндегі сарапшының қорытындысы.
- •19.Сот жарыссөздері мен сотталушының соңғы сөзінің іс жүргізу ережелері.
- •20. Заттық дәлелдемелер, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары және дәлелдеме көзі ретіндегі құжаттар.
- •21.Парламент депутатына, судьяға және Бас прокурорға қатысты істер бойынша қылмыстық сот ісінің ерекшеліктері.
- •22.Дипломатиялық иммунитетке ие тұлғалардың қатысуымен жүргізілетін қылмыстық сот ісінің ерекшеліктері.
- •23.Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру барысында шет мемлекеттер құқық қорғау органдарымен ықпалдасудың іс жүргізу тәртібі.
- •24.Сезіктіні ұстаудың тәртібі мен негізі.
- •25.Қылмыстық процестегі бұлтартпау шараларының түсінігі мен түрлері.
- •26.Сот талқылауына қатысу үшін алқабилер кандидаттарын іріктеудің жалпы ережелері.
22.Дипломатиялық иммунитетке ие тұлғалардың қатысуымен жүргізілетін қылмыстық сот ісінің ерекшеліктері.
Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес қылмыстық iзiне түсуден иммунитеттi мынадай адамдар пайдаланады: 1) шет мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшылары, осы өкiлдiктердiң дипломатиялық қызметкерлерi және, егер олармен бiрге тұрса және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, олардың отбасыларының мүшелерi; 2) өзара негiзде дипломатиялық өкiлдiктердiң қызмет көрсету қызметкерлерiмен, егер осы қызметкерлер мен олардың отбасыларының мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, олармен бiрге тұратын олардың отбасыларының мүшелерi, консулдықтардың басшылары және олардың қызмет мiндеттерiн атқаруы кезiнде жасаған әрекеттерiне қатысты, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, басқа да консулдық лауазымды адамдар; 3) өзара негiзде дипломатиялық өкiлдiктердiң әкiмшiлiк-техникалық қызметтерiнiң қызметкерлерi және, егер бұл қызметкерлер мен олардың отбасыларының мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, олармен бiрге тұратын олардың отбасыларының мүшелерi; 4) дипломатиялық курьерлер; 5) шет мемлекеттердiң басшылары мен өкiлдерi, Парламент және Үкiмет делегацияларының мүшелерi және өзара негiзде - Қазақстанға халықаралық келiссөздерге, халықаралық конференциялар мен кеңестерге қатысу үшiн немесе басқа ресми тапсырмалармен келетiн, не сондай мақсаттармен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жол шеккен шет мемлекеттер делегацияларының қызметкерлерi және егер бұл отбасылар мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, аталған адамдардың олардың қасына ерiп жүрген отбасыларының мүшелерi; 6) халықаралық ұйымдардағы шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң басшылары, мүшелерi мен қызметкерлерi, халықаралық шарттардың немесе жалпы жұрт таныған халықаралық салт-дәстүрлер негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн осы ұйымдардың лауазымды адамдары; 7) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтушi шет мемлекеттердiң үшiншi бiр елдегi дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшылары, өкiлдiктерiнiң дипломатиялық қызметкерлерi және аталған адамдардың қасына ерiп жүретiн немесе оларға қосылу немесе өзiнiң елiне оралу үшiн жеке келе жатқан олардың отбасыларының мүшелерi; 8) Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар.
Дипломатиялық иммунитеттi пайдаланушы адамдар қылмыстық процестi жүргiзушi органға хат-хабар мен өздерiнiң қызметтiк мiндетiн атқаруға қатысты басқа да құжаттарды табыс етуге мiндеттi емес.
23.Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру барысында шет мемлекеттер құқық қорғау органдарымен ықпалдасудың іс жүргізу тәртібі.
Құқықтық көмек көрсету ретiмен Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы халықаралық шарт жасасқан шетел мемлекеттерiнiң тергеу органдарына және соттарына не өзара негiзде осы Кодексте көзделген iс жүргiзушiлiк iс-әрекеттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен халықаралық шарттарында көзделген өзге де iс әрекеттер жүргiзiлуi мүмкiн.Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттың ережелерi осы Кодекске қайшы келетiн жағдайда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. Құқықтық көмек көрсетуге байланысты шығындарды, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, оны сұраған мекеме өз мемлекетiнiң аумағында өтейдi.
Тергеу қимылдарын жүргiзу туралы тапсырма Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, ал сот iс-әрекетi - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi не тиiсiнше олардың орынбасарлары, не уәкiлеттi лауазымды адамдар арқылы жiберiледi, олар қажеттi жағдайларда Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң делдал болуын сұрайды. Тапсырманы ресiмдеу кезiнде, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, ол жiберiлетiн шет мемлекеттiң тiлi пайдаланылады. Сот, прокурор, тергеушi, анықтаушы басқа мемлекеттiң аумағында iс жүргiзу және өзге де iс-әрекеттердi орындау жөнiнде құқықтық көмек көрсету туралы тиiстi бланкiде тапсырма жасайды, қол қойып, қылмыстық iс жүргiзушi органның елтаңбалы мөрiмен куәландырады. Тиiстi прокурордың, соттың дәлелдi өтiнiшi бойынша құқықтық көмек көрсету туралы тапсырма тиiсiнше Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына, Әдiлет министрiне немесе уәкiлеттi прокурорға жiберiледi. Басқа мемлекеттiң құзыреттi мекемесiне құқықтық көмек көрсету туралы тапсырма жiберу жөнiндегi мәселенi Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Әдiлет министрi шешедi.
Сот, прокурор, тергеушi, анықтау органы тергеу немесе сот iс-әрекеттерiн жүргiзу туралы шетел мемлекеттерiнiң тиiстi мекемелерi мен лауазымды адамдарының белгiленген тәртiппен өздерiне берген тапсырмаларын ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексінiң жалпы ережелерi бойынша атқарады. Тапсырманы атқару кезiнде, егер бұл Қазақстан Республикасының осы мемлекетпен халықаралық шартында көзделген болса, шетел мемлекетiнiң iс жүргiзу нормалары қолданылуы мүмкiн.Тапсырманы орындау кезiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi не орыс тiлi қолданылады.