Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UPP_otvet mp21.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
21.02.2020
Размер:
141.53 Кб
Скачать

21.Парламент депутатына, судьяға және Бас прокурорға қатысты істер бойынша қылмыстық сот ісінің ерекшеліктері.

Республика Парламентiнiң депутатына қатысты қылмыстық iстi Қазақстан Республикасының анықтау мен алдын ала тергеудi жүзеге асырушы мемлекеттiк органының басшысы ғана қозғауы мүмкiн. Қылмыстық iстiң қозғалуы туралы дереу Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры хабардар етiледi. Шұғыл тергеу қимылдарын жүргiзген соң iс қырық сегiз сағаттан кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасының Бас прокуроры арқылы тергеушiге берiледi. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарына қатысты iстер бойынша алдын ала тергеу iсiн жүргiзу мiндеттi. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатын өз өкiлеттiк мерзiмi iшiнде, қылмыс жасаған орнында қолға түсу немесе ауыр не аса ауыр қылмыстар жасау жағдайларын қоспағанда, Парламенттiң тиiстi Палатасының келiсiмiнсiз қамауға алуға, мәжбүрлеп келтiруге, қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.Депутатты қылмыстық жауапқа тартуға, қамауға алуға, мәжбүрлеп келтiруге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Парламенттiң Сенатына немесе Мәжiлiсiне ұсыныс енгiзедi. Ұсыныс депутатқа айып тағу, қамауға алуға санкция беру, депутатты қылмыстық iзге түсу органынан мәжбүрлеп жеткiзу қажеттiгi туралы мәселенi шешу алдында енгiзiледi. Қылмыс жасаған деп айыпталушы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатын қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы мәселені алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қолдаған қаулысының негізінде Астана қаласының аудандық соты шешеді. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы депутатты қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм берсе, бұдан кейiнгi тергеу осы Кодексте белгiленген тәртiппен осы бапта көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүргiзiледi. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы қамауға алуға, мәжбүрлеп келтiруге келiсiм берсе, депутатқа осы бұлтартпау шараларын, iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселе осы Кодексте белгiленген тәртiппен шешiледi.  Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы депутатты қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм бермеген жағдайда қылмыстық iс қысқартылуға жатады. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы қамауға алуға, мәжбүрлеп келтiруге келiсiм бермеген жағдайда, депутатқа осы Кодексте белгiленген тәртiппен өзге бұлтартпау, iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн.

Судьяға қатысты тергеу iсiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ғана қозғауы мүмкiн, ол анықтау мен алдын ала тергеудi жүзеге асырушы органға тергеу жүргiзудi тапсырады. Судьяға қатысты iстер бойынша алдын ала тергеу iсiн жүргiзу мiндеттi. Судья Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесiнiң қорытындысына негiзделген келiсiмiнсiз не Конституцияның 55-бабының 3-тармақшасында көзделген жағдайда - қылмыс үстiнде қолға түсу немесе ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасау жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының келiсiмiнсiз қамауға алынбайды, мәжбүрлеп келтiрiлмейдi, қылмыстық жауапқа тартылмайды. Қылмыс жасаған деп айыпталушы судьяны қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы мәселені алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қолдаған қаулысының негізінде Астана қаласының аудандық соты шешеді. 

 Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты қылмыстық iстi оның бiрiншi орынбасары ғана қозғауы мүмкiн. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын өзiне қатысты қылмыстық iс қозғалған кезден бастап Бас Прокурордың бiрiншi орынбасарының ұсынуы бойынша тергеу аяқталғанға дейiн өзiнiң қызметтерiн атқарудан Қазақстан Республикасының Президентi шеттетедi. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры өзiнiң өкiлеттiктерiнiң мерзiмi iшiнде Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының келiсiмiнсiз, қылмыс үстiнде қолға түскен немесе ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасау жағдайларын қоспағанда, қамауға алынбайды, мәжбүрлеп келтiрiлмейдi, қылмыстық жауапқа тартылмайды. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорын қылмыстық жауапқа тартуға, қамауға алуға, мәжбүрлеп келтiруге келiсiм алу үшiн Бас Прокурордың бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенатына ұсыныс енгiзедi. Ұсыныс Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына айып тағудың, қамауға алуға санкция берудiң, оны қылмыстық iзге түсу органына мәжбүрлеп жеткiзудiң қажет екенi туралы мәселенi шешудiң алдында енгiзiледi.  Қылмыс жасаған деп айыпталушы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы мәселені алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары қолдаған қаулысының негізінде Астана қаласының аудандық соты шешеді. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты қылмыстық iстi тексерудiң заңдылығын қадағалауды оның бiрiншi орынбасары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты тергеу қимылын жүргiзуге санкцияны оның бiрiншi орынбасары бередi. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты тергеу мерзiмiн ұзартуды осы Кодексте көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бiрiншi орынбасары жүргiзедi..  Айыптау қорытындысымен бiрге аяқталған iстi тергеушi осы Кодексте белгiленген тәртiппен сотқа жiберу үшiн Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бiрiншi орынбасарына тапсырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]