Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UPP_otvet mp21.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
141.53 Кб
Скачать

18. Сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің мен куәгер айғақтарының сипаттамасы және дәлелдеме көзі ретіндегі сарапшының қорытындысы.

 Сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, куәнiң айғақтары – жауап алу және беттестіру тәртібімен анықтау немесе алдын ала тергеу процесiнде жауап алуда олар жазбаша немесе ауызша нысанда хабарланған мәлiметтер.  Сезiктi өзiне қарсы туып отырған сезiк жөнiнде, сондай-ақ iс бойынша маңызы бар өзiне белгiлi өзге де мән-жайлар мен дәлелдемелер туралы айғақтар беруге құқылы. Айыпталушы өзiне тағылған айыптау бойынша, сонымен бiрге iс бойынша маңызы бар, өзiне белгiлi өзге де мән-жайлар мен дәлелдемелер жөнiнде айғақтар беруге құқылы.  Айыпталушының қылмыс жасаудағы өзiнiң кiнәсiн мойындауы оның кiнәлiлiгi бар дәлелдемелердiң жиынтығымен расталған кезде ғана айыптау негiзiне жатқызылуы мүмкiн.  Жәбiрленушiден iс бойынша дәлелдеуге жататын кез келген мән-жайлар туралы, сондай-ақ сезiктiмен, айыпталушымен, басқа да жәбiрленушiлермен, куәлармен өзiнiң өзара қарым-қатынасы туралы жауап алынуы мүмкiн. Егер ол өзiнiң хабардарлығының көзiн көрсете алмаса, жәбiрленушi хабарлаған мәлiмет дәлелдеме бола алмайды. Куәдан кез келген iске қатысты мән-жайлар туралы, оның iшiнде айыпталушының, жәбiрленушiнiң жеке басы туралы, өзiнiң олармен және басқа да куәлармен өзара қатынасы туралы жауап алынуы мүмкiн. Егер ол өзiнiң хабардарлығының көзiн көрсете алмаса, куә хабарлаған мәлiмет дәлел бола алмайды. Куә ретiнде жауап алуға жатпайтын адамдардың хабарлауы дәлел болып табылмайды.  Айыпталушының жеке басына сипаттама беретiн деректер туралы айғақтар айыптаудың негiзiне жатқызыла алмайды және дәлел ретiнде жаза тағайындаумен немесе жазадан босатумен байланысты мәселелердi шешу үшiн ғана пайдаланылады.  Егер белгіленген тәртіппен жауап алу кезiнде қылмыстық iс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдауға немесе ұғынуға қабiлетсiз деп танылған адамның айғақтары дәлелдеме болмайды.

Сарапшының қорытындысы – ҚР ҚІЖ Кодексінің талаптарына сәйкес ресімделген, сот-сараптамалық зерттеудің барысы мен нәтижелерін көрсететін құжат. Сарапшының ауызша түсiнiктемесi ол бұрын берген қорытындыны түсiндiруi бөлiгiнде ғана дәлел болып табылады.Сарапшының қорытындысы қылмыстық процестi жүргiзушi орган үшiн мiндеттi болып табылмайды, алайда оның қорытындымен келiспеушiлiгi дәлелдi болуы тиiс.

19.Сот жарыссөздері мен сотталушының соңғы сөзінің іс жүргізу ережелері.

 Сот тергеуi аяқталған соң төрағалық етушi соттың сот жарыссөзiне көшетiнiн хабарлайды. Сот жарыссөзiне қатысушының өтiнiшi бойынша оған сот жарыссөзiне дайындалу үшiн уақыт берiледi, ол үшiн төрағалық етушi оның ұзақтығын көрсете отырып, сот отырысында үзiлiс жариялайды. Сот жарыссөзi айыптаушының, жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң, азаматтық талапкердiң және азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң, сотталушы мен қорғаушының сөздерiнен тұрады. Iске қатысушылардың сөздерiнiң реттiлiгiн олардың ұсыныстары бойынша сот белгiлейдi, бiрақ барлық жағдайларда бiрiншi болып айыптаушы сөз алады. Егер мемлекеттiк айыптауды бiрнеше мемлекеттiк айыптаушы қолдаса, iске бiрнеше жәбiрленушi, қорғаушы, азаматтық жауапкер мен олардың өкiлдерi, азаматтық талапкерлер мен олардың өкiлдерi, сотталушылар қатысса, төрағалық етушi өз сөздерiнiң кезектiлiгiн өзара келiсуi үшiн оларға уақыт бередi. Қажет болғанда бұл үшiн сот отырысында үзiлiс жариялануы мүмкiн. Егер аталған адамдар жарыссөздегi өз сөздерiнiң кезектiлiгi туралы келiсiмге келе алмаса, сот олардың пiкiрлерiн тыңдап болып, сөз кезегi туралы қаулы алады.Сот жарыссөзiне қатысушылар өз сөздерiнде сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сiлтеме жасауға құқылы емес. Сотқа жаңа айғақтар ұсыну қажет болса, олар сот тергеуiн қайта бастау туралы өтiнiш жасай алады. Сот сот жарыссөзiнiң ұзақтығын белгiлi бiр уақытпен шектей алмайды, алайда төрағалық етушi, егер жарыссөзге қатысушы азаматтардың сөзi қаралатын iске қатысы жоқ мән-жайларға қатысты не сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге негiзделген болса, оларды тоқтатуға құқылы. Сот отырысына қатысушылардың барлығы сөз сөйлеп болған соң олардың әрқайсысы тараптар өкiлдерiнiң сөзiнде айтылғандар бойынша тағы бiр реттен қысқаша қарсылықтарын немесе ескертпелерiн (репликаларын) бiлдiруге құқылы. Соңғы ескертпенi айту құқығы барлық жағдайларда сотталушы мен оның қорғаушысына тиесiлi.        Сот жарыссөзi аяқталған соң, төрағалық етушi сотталушыға соңғы сөз бередi. Сотталушыға оның соңғы сөзi кезiнде ешқандай сұрақ қоюға жол берiлмейдi. Сот сотталушының соңғы сөзiнiң ұзақтығын белгiлеуге құқылы емес. Төрағалық етушi, егер сотталушының сөзi қаралған iске қатысы жоқ мән-жайларға қатысты болса, оны тоқтатуға құқылы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]