Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UPP_otvet mp21.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
141.53 Кб
Скачать

15. Басты сот талқылауының жалпы шарттары.

Сот талқылауында iс бойынша барлық дәлелдер тiкелей зерттелуге тиiс. Сот сотталушы адамның, жәбiрленушiнiң, куәлардың айғақтарын тыңдауы, сарапшылардың қорытындыларын жария етуi және зерттеуi, заттай дәлелдемелердi тексеруi, хаттамалар мен өзге де құжаттарды оқуы, ҚІЖ Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, дәлелдемелердi зерттеу жөнiнде басқа да сот iс-әрекеттерiн жүргiзуi тиiс. Алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде берiлген айғақтарды жария ету тек ҚР ҚІЖ Кодексінде көзделген ерекше жағдайларда ғана мүмкiн болады. Соттың үкiмi тек сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге, ал сот тергеуiнiң қысқартылған түрi кезiнде - анықтау жүргiзу кезiнде алынған және сотта тараптар дауға салмаған дәлелдемелерге ғана негiзделуi қажет. Iстi бiр судья қарауы тиiс. Судьяның сот талқылауына қатысуды жалғастыруы мүмкiн болмаған кезде ол басқа судьямен ауыстырылады. Талқылау үшiн ұзақ уақытты қажет ететiн iстi қарау кезiнде запастағы судья тағайындалуы мүмкiн.Запастағы судья басты сот талқылауында сот отырысы ашылғаннан бастап немесе сот оның қатысуы туралы шешiм қабылдаған кезден бастап қатысады және судья шығып қалған жағдайда оны алмастырады. Бұл ретте iстi талқылау жалғастырыла бередi. Запастағы судья алдыңғы судья шығып қалған кезден бастап судьяның құқықтарын пайдаланады. Шығып қалған судьяның орнына кiрген запастағы судья кез келген сот әрекетiн жаңартуды талап етуге құқылы.

 Басты сот талқылауында істі қарау тапсырылған судья төрағалық етеді.Төрағалық етушi сот отырысына басшылық жасайды, әдiл соттың мүддесiнде объективтiлiк пен бейтараптылықты сақтай отырып, тараптар құқықтарының теңдiгiн қамтамасыз ету үшiн осы Кодексте көзделген барлық шараларды қолданады, iстiң жай-күйiн жан-жақты және толық зерттеу үшiн қажеттi жағдайлар жасайды. Төрағалық етушi сондай-ақ сот отырысы күн тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз етедi, сот талқылауының барлық қатысушыларына олардың құқықтары мен мiндеттерiн және оларды жүзеге асырудың тәртiбiн түсiндiредi. Сот талқылауына қатысушы адамдардың бiрi төрағалық етушiнiң iс-әрекетiне қарсылық бiлдiрген жағдайда бұл қарсылық бiлдiру сот отырысының хаттамасына енгiзiледi.

Басты сот талқылауы осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделгеннен басқа жағдайларда сотталушының мiндеттi түрде қатысуымен өтедi. Сотталушы келмеген кезде iс кейiнге қалдырылуы тиiс. Сот дәлелдi себептерсiз келмеген сотталушыны келтiруге, сондай-ақ оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдануға немесе өзгертуге құқылы. Күзетпен ұстаудағы сотталушы сот отырысына келуден бас тартқан кезде сот iстi қорғаушының мiндеттi түрде қатысуымен ол болмағанда қарауға құқылы.       2. Сотталушы болмағанда iстi талқылауға:       1) ауырлығы шағын қылмыс жасағаны үшiн айыпталған сотталушы iстi оның қатысуынсыз қарау туралы өтiнiш берген;       2) сотталушы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған және сотқа келуден жалтарған жағдайларда ғана жол берiлуi мүмкiн.

 Прокурордың жеке айыптау iстерiн қоспағанда, мемлекеттiк айыптаушы ретiнде бас сот талқылауына қатысуы мiндеттi. Күрделi және көп эпизодты iстер бойынша мемлекеттiк айыптауды бiрнеше прокурор қолдауы мүмкiн. Егер сот талқылауы кезiнде прокурордың одан әрi қатысуының мүмкiн еместiгi анықталса, ол алмастырылуы мүмкiн. Iске жаңа прокурордың кiрiсуi осы уақытқа дейiн сотта жасалған iс-әрекеттердi қайталауға әкеп соқтырмайды, бiрақ прокурордың өтiнiшi бойынша сот оған iстiң материалдарымен танысу үшiн уақыт бере алады. Прокурор дәлелдердi ұсынады және оларды зерттеуге қатысады, сотқа айыптаудың мәнi бойынша, сондай-ақ сот талқылауы кезiнде туындаған басқа да мәселелер бойынша өзiнiң пiкiрiн баяндайды, сотқа қылмыстық заңды қолдану және сотталушыға жаза қолдану туралы ұсыныс айтады.Егер мұны азаматтардың құқықтарын, мемлекеттiк немесе қоғамдық мүдделердi қорғау талап етсе, прокурор iс бойынша азаматтық талап қояды немесе оны қолдайды. Айыптауды қолдай отырып, прокурор заң талаптарын және iстiң барлық жағдайларын қарау нәтижелерiне негiзделген өзiнiң iшкi көзқарасын басшылыққа алады. Сотталушының жағдайын нашарлатпайтын және оның қорғалу құқығын бұзбайтын болса, прокурор айыптауды өзгерте алады. Прокурор, егер айыптау сот талқылауында қолдау таппады деген қорытындыға келсе, айыптаудан бас тартуға (толық немесе iшiнара) мiндеттi. Мемлекеттiк айыптаушының айыптаудан бас тартуына сот тергеуi немесе сот жарыссөзi кезiнде жол беріледi. Прокурор айыптаудан толық бас тартқан жағдайда, егер айыптаудан жәбiрленушi де бас тартса, сот өз қаулысымен iстi қысқартады. Ал егер жәбiрленушi айыптауды талап етсе, сот iстi талқылауды жалғастырып, оны жалпы тәртiппен шешедi. Бұл жағдайда прокурор процеске одан әрi қатысудан босатылады, ал айыптауды жәбiрленушiнiң өзi немесе өкiлi арқылы қолдайды. Жәбiрленушiнiң өтiнiшi бойынша сот оған өкiл шақыру үшiн уақыт беруге тиiс. Прокурор мен жеке айыптаушы айыптаудан iшiнара бас тартқан кезде сот айыптаудың тарап айыптаудан бас тартқан бөлiгiнде iстi қысқартады, айыптаудың қалған бөлiгiндегi iс жалпы тәртiппен қаралады. Егер прокурор айыптауды өзгертсе және жәбiрленушi бұрынғы айыптауды талап етпесе, сот iстi жаңа айыптау бойынша қарайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]