Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31-60 esepter.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.3 Mб
Скачать

40.Ms Project-те ресурстарды жүктеуді талдау мен оңтайландыру.

Жобаны жүзеге асыру үшін мына ресурстар қажет: орындаушылар, жобада қолданылатын жабдықтар және материалдар. Жобалау кезінде ресурстарды тағайындау. Тағайындалған ресурстар бойынша әрбір тапсырманың орындалуы анықталады.Мысалы, ресурстар туралы ақпарат және тапсырмаларға ресурстардың тағайындалуы MS Project бойынша көрсетілген.Ресурстарды жүктеу. Ресурстар ешқашан шектеусіз болмайды. Тапсырмаларға ресурстар тағайындау кезінде қолда бар қаражаттармен есептеу керек. Ресурстарды бөлу мыналардан тұрады:Еңбек шығыны, жұмыстың көлемі және ұзақтылығы (жұмыс көлемі = жұмыс ұзақтылығы *жүктеу);Ресурстарды жүктеуді түзету ( ресурстарды қайта жүктеуді болдырмайтын әрекет. MS Project (автоматты түзету күйінде) сәйкесінше тапсырманы ұзартуға арналған барлық ресурстарды жүктеу және де әрбір тапсырма канша уақытқа ұзарғандығын есептейді (levelingdelay).Ресурстық гистограмма – бұл гистограмма, әртүрлі түрдегі ресурстың кез келген мерзіміндегі жобаның қажеттілігін айқындайды.Ресурстарды автоматты түзету мүмкіндіктерін ақпараттық технология ауқымындағы жобаларға пайдаланбағаны жөн.Ресурстық күнтүзбелік жобалау – бұл шектеулі қолда бар ресурстармен жұмыстың басталу мерзімін жобалау. Күнтүзбелік жобаның іске асырылуын ресурстық жобалау функцияларын салыстыруын және жобадағы ресурстардың қажеттіліктерін анықтайды. Жұмыстың сыни емес күндерін ең кеш басталатын мерзімге жылжыту, егер ресурстардың тиімді қолданылуын қамтамасыз етсе, онда ресурстық профиль түрін өзгертуге болады.Жобаның ресурстық талдау нәтижесінде алынған ақпарат менеджерлердің көзқарасын және жұмыс барысында команда мүшелерінің назарын аударуға көмектеседі, мұндағы ресурстың басқару тиімділігі табысты факторы болып табылады.

41.Ms Project-тегі жобалар параметрін оңтайландыру.

Жобаларды басқару – бұл жобаға бөлінген ресурстарды пайдалану көлемінде және белгіленген мерзімде мақсатқа жету үшін ұжымның қызметінің мақсатын анықтаушы және ұйымдастырушы ғылым саласы. Жоба құрылымы- бұл әр түрлі дәрежеде бөлініп көрсетілген бір-бірімен байланысқан жобаның элементтері мен үдерістерінің жиынтығы. Бұл элементтер мен үдерістер жобаның әр түрлі аспектілерін бейнелейді: жұмыстың жалпы бағдарламасы, мақсат ағашы, ұйымдастыру құрылымы, штаттағы қызметкерлердің міндеттемелері мен жауапкершіліктерін бөлу матрицасы, ресурстарды бөлу ағашы, тәуекелдік пен құн ағашы. Жобаны басқару функциялары: жоспарлау, бақылау, талдау, шешімдерді қабылдау, жоба бюджетін жасау және сүйемелдеу, жүзеге асыруды ұйымдастыру, мониторинг, бағалау, есеп беру, сараптама жүргізу, тексеру және қабылдау, бухгалтерлік есеп, басқару.Жобаны басқарудың ішкі жүйелеріне кіреді: жұмыстың мазмұны мен көлемін басқару, уақытты басқару, құнды басқару, сапаны басқару, сатып алулар мен жеткізілімдерді басқару, ресурстарды бөлуді басқару, адам ресурстарын басқару, тәуекелдікті басқару, ресурстар қорын басқару, интеграциялық басқару, ақпарат пен коммуникацияны басқару. Жобаны басқару әдістерінің мүмкіндіктері: жобаның мақсатын анықтауға және оның негіздемесін жүргізу; жобаның құрылымын айқындау; қаржыландырудың қажет көлемі мен көздерін анықтау; орындаушыларды конкурс арқылы таңдау; келісім-шарттарды дайындау және келісімдерге отыру; жобаның орындалу мерзімін анықтау, оны іске асыру графигін құруға, қажет ресурстарды есептеу; жобаның сметасы мен бюджетін есептеу, тәуекелдікті жоспарлау және ескеру; жобаның орындалу барысына бақылауды қамтамасыз ету. Жобаның басқарылатын параметрлері: жоба бойынша жұмыстың көлемі мен түрлері; құн, шегерілімдер, жоба бойынша шығындар; уақытша параметрлер; ресурстар мен шектеулер;жоба шешімдерінің, қолданыстағы ресурстардың, жобаның компоненттерінің сапасы және т.с.с.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]