Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31-60 esepter.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.3 Mб
Скачать

38.Microsoft Project ортасында жұмыстарды күнтізбелік жоспарлау

Жоба мерзімін басқару –жобаның әр есебі үшін уақыт шекарасын анықтау немесе басқаша айтқанда, күнтізбелік жоспарды оңтайландыру және бір қалыпқа келтіру.Кез-келген жоспарлаудың негізіне жататын жобаның күнтізбелік жоспары жобаның немесе оның әр фазасының ұзақтығын анықтау үшін қолданылады. Күнтізбелік жоспар – бұл басталу және аяқталу күні көрсетілген жобаның барлық жұмыстарының тізімі. Ол ірі немесе кішігірім болуы мүмкін, кесте немесе график түрінде болуы мүмкін. Жұмыстарды декомпозициялау құрылымы (WBS-work breakdown structure)- бұл күнтізбелік жоспар бойынша және шығындарды бақылау бойынша есеп берулердегі есептерді ұйымдастыруда қолданылатын иерархиялық құрылым. Фаза (фаза, phase) – бұл байланысқан есептер тобы, олардың аяқталуы жобаның маңызды бөлігінің орындалуын білдіреді. Есеп (жұмыс, task) – басы және соңы бар жұмыстар. Жоба жоспары есептерден тұрады. Күнтізбелік жоспарды құру: MS Project программасында есептер тізімін және жұмыстарды декомпозициялау құрылымын құру: Есептердің орындалу ұзақтығын және еңбек шығынын бағалау;Есептерді орындауда жұмсалатын уақытты анықтау үшін еңбек шығындылық немесе ұзақтық мәні енгізіледі. Еңбек шығындылығы – бұл есептерді аяқтау үшін қажетті жұмыс көлемі немесе адам-сағат саны. Ұзақтығы – есептің аяқталуына дейін өтетін нақты уақыт.Байланыстыру (Linking) – жобадағы есептер арасындағы тәуелділікті орнату. Қолданушы есептерді байланыстыру үшін олардың басталу және аяқталу күндері арасындағы байланысты анықтайды. Алдыңғы есеп(Predecessor) – басқа есептің басталуы немесе аяқталуына дейін басталуы немесе аяқталуы тиіс есеп. Кейінгі есеп (Successor) – басқа есептің басталуы немесе аяқталуына дейін басталмайтын немесе аяқталмайтын есеп. Есептер арасындағы байланыстар типтері: АБ (аяқталуы- басталуы), ББ (басталуы- басталуы), АА (аяқталуы - аяқталуы); БА (басталуы - аяқталуы).Гантт диаграммасы күнтізбелік жоспарды көрсету болып табылады.Гант диаграммасы- көлденеңінен сызықты диаграмма, жоба есебі басталу мен аяқтау күндерімен сипатталатын уақыт кесінділерімен беріледі. Веха (Milestone) – жобадағы маңызды оқиғаны көрсететін тірек нүктесі және жобаның орындалу барысын бақылау үшін қолданылады.

39.Ms Project-те ресурстарды жоспарлау және тұжырымдамаларды құру.

Жоба ресурстары:кадрлар;программалық жабдықтар;ақпараттық жабдықтар; техникалық жабдықтар.Жобада әр қызметкердің өз рөлі бар. Адам ресурстарының тізімін жасау кезінде рөлдік жоспарлау жиі қолданылады, яғни жұмысты орындау үшін мамандардың қажеттілігі анықталады, содан кейін ғана қызметкерлер жұмысқа алынады. Ресурстар құны – жобада оларды қолдану құны. Екі баға қолданылады:уақыт бойынша бірлік;пайдалану құны (уақытқа қатыссыз).Тағайындау – нақты есептер мен ресурстар байланысы. Тағайындау жоспардағы ресурстар мен есептерді біріктіреді. Есептің орындалуына жауапты тағайындалады. Жеке есептерге ресурстарды тағайындау арқылы есептердің орындалу мерзімін реттеуге болады. Жоба үшбұрышы (жобаны орындау параметрлері): уақыт;ақша;жұмыс көлемі.Жоба құрамының кез-келгенінің өзгерісі басқаларының өзгерісіне алып келеді. Үшбұрыштың ішіндегі төртінші элемент – сапа. Кез-келген құрамның өзгеруі сапаға әсер етеді. Жоба жоспарын құрған кезде мына сипаттамаларды берген жөн:ұзақтығы;еңбек өнімділігі; жоспарлау әдістемесі.Ресурстарды жоспарлау және тағайындау құрамына кіреді:ресурстар тізімін жасау;жұмыс уақытын анықтау (қашан қай ресурс қажет және қай уақыт аралығында ол қолданылады) ;жоба құнын жоспарлау.Бұл үшін ресурстарды жүктеу талданады және оңтайландырылады. Ресурстардың құны, жұмысы, есебі анықталады. Жоспарлау кезінде ең бастысы– ресурстар арасындағы жұмыстарды бірдей етіп бөлу. Құнды жоспарлау әдістері:аналогия бойынша (басқа жобамен) ;«төменнен жоғарыға» қағидасы бойынша- жеке есептердің бастапқы құнын есептеу және олардың қосындысы;«жоғарыдан төменге» қағидасы бойынша- жобаның (фазаның) жалпы құны анықталады, содае кейін жеке есептерге бөлінеді. Бұл әдіс шектелген бюджет кезінде қолданылады; параметрлер бойынша баға негізінде– әр түрлі параметрлік ресурстық модельдер (код қатарының саны және т.б.).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]