Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31-60 esepter.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.3 Mб
Скачать

36.Ms Project интерфейстерінің компоненттері. Ортаны баптау.

MS Project жобаларды басқару жүйесінің кең тараған түрі, оның қолданушылары 3 миллионнан асады. Күнтізбелік кестені құрудың барлық функцияларын қолдайды.MS Project негізгі ерекше қасиеттері: есеп берудің дамыған жабдығы;ресурстар мен жұмыстардың онға дейінгі иерархиясы; ресурстар мен жұмыстар үшін есептелінгін аймағы.Жоба құрылымы- бұл әр түрлі дәрежеде бөлініп көрсетілген бір-бірімен байланысқан жобаның элементтері мен үдерістерінің жиынтығы. Бұл элементтер мен үдерістер жобаның әр түрлі аспектілерін бейнелейді: жұмыстың жалпы бағдарламасы, мақсат ағашы, ұйымдастыру құрылымы, штаттағы қызметкерлердің міндеттемелері мен жауапкершіліктерін бөлу матрицасы, ресурстарды бөлу ағашы, тәуекелдік пен құн ағашы.Жобаны басқару функциялары: жоспарлау, бақылау, талдау, шешімдерді қабылдау, жоба бюджетін жасау және сүйемелдеу, жүзеге асыруды ұйымдастыру, мониторинг, бағалау, есеп беру, сараптама жүргізу, тексеру және қабылдау, бухгалтерлік есеп, басқару.Жобаны басқарудың ішкі жүйелеріне кіреді: жұмыстың мазмұны мен көлемін басқару, уақытты басқару, құнды басқару, сапаны басқару, сатып алулар мен жеткізілімдерді басқару, ресурстарды бөлуді басқару, адам ресурстарын басқару, тәуекелдікті басқару, ресурстар қорын басқару, интеграциялық басқару, ақпарат пен коммуникацияны басқару.Жобаны басқару әдістерінің мүмкіндіктері:жобаның мақсатын анықтауға және оның негіздемесін жүргізу; жобаның құрылымын айқындау;қаржыландырудың қажет көлемі мен көздерін анықтау; орындаушыларды конкурс арқылы таңдау; келісім-шарттарды дайындау және келісімдерге отыру; жобаның орындалу мерзімін анықтау, оны іске асыру графигін құруға, қажет ресурстарды есептеу; жобаның сметасы мен бюджетін есептеу, тәуекелдікті жоспарлау және ескеру; жобаның орындалу барысына бақылауды қамтамасыз ету.Жобаны басқару әдістері: желілік жоспарлау және басқару, күнтізбелік жоспарлау, логистика, стандартты жоспарлау, құрылымдық жоспарлау, ресурстық жоспарлау, имитациялық модельдеу және т.б.

37.Microsoft Project ортасында жобаны құру.

Жоспарлауға жалпы бағыттама мына түрде болады: есептер тізімін жасау; жұмыстың орындалу графигін құру; талап етілген ресурстарды бөліп алу; жауапкершіліктерді бөлу; есептер арасындағы тәуелділікті анықтау; есептерге тұлғаларды тағайындау; есептің орындалу мерзімін анықтау; нақты есептермен байланысты тәуекелдікті бағалау; қиын жолдардан шығуды табу; басқарудың инфрақұрылымын құру; шығындарды бағалау.Жоба жоспарының құрамы:есептер;ресурстар;бағыты.Есеп – нәтижеге жету үшін жоба көлемінде орындалатын жұмыс. Бақылау ыңғайлы болу үшін жұмыстар фазаларға және топтарға біріктіріледі. Фазалардың жиынтығы өмірлік айналым деп аталады. Жоба жоспары неғұрлым бөлшектенген болса, соғұрлым жоспар нақты болады, әр жоба фазасы аяқталғанда нәтижені талдау жүргізіледі, түзетулер енгізіледі. Кей жағдайда келесі фазаға өту ерте болуы мүмкін. Есептер үш типті болуы мүмкін:нақтыланған ұзақтықпен; нақтыланған еңбек шығынымен;нақты ресурстар көлемімен.Веха – фазаның соңғы есебі. Әр есеп сипатталады:ұзақтығымен – есеп орындалуы үшін жұмыс уақытының кезеңі; еңбек шығынымен.Жоспардағы есептер өзара байланысқан, есеп бастала алмайды, егер алдыңғысы орындалмаса. Байланыстар жоба жұмыстарының логикалық тізбегін бейнелейді. Есептер арасындағы байланыс бір есептің қай уақытта басталғанын және қай уақытта аяқталғанын анықтайды, есептің басталуы-аяқталуы келесі есептің басталу мен аяқталу уақытына әсер етеді. Байланыстар типтері: аяқталуы – басталуы;басталуы – басталуы;аяқталуы – аяқталуы;басталуы – аяқталуы.Ресурстар:кадрлар;программалық жабдықтар;ақпараттық жабдықтар;техникалық жабдықтар. Жобада әр қызметкердің өз рөлі бар. Адам ресурстарының тізімін жасау кезінде рөлдік жоспарлау жиі қолданылады, яғни жұмысты орындау үшін мамандардың қажеттілігі анықталады, содан кейін ғана қызметкерлер жұмысқа алынады. Ресурстар құны – жобада оларды қолдану құны. Екі баға қолданылады:уақыт бойынша бірлік;пайдалану құны. Тағайындау – нақты есептер мен ресурстар байланысы. Тағайындау жоспардағы ресурстар мен есептерді біріктіреді. Есептің орындалуына жауапты тағайындалады. Жеке есептерге ресурстарды тағайындау арқылы есептердің орындалу мерзімін реттеуге болады.Ресурстарды жоспарлау және тағайындау құрамына кіреді:ресурстар тізімін жасау;жұмыс уақытын анықтау;жоба құнын жоспарлау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]