Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-30 teoria.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
170.56 Кб
Скачать

Жобаның мақсат ағашы

Жауапкершілікті бөлу матрицасы (ResponsibilityAssignmentMatrix) – жобаның ұйымдастырушылық құрылымына сәйкес әр жұмысқа жауапты тұлғаларды тағайындау үшін жұмыстардың декомпозиция құрылымын (WBS) қоя алатын құрылым. Жауапкершілік матрицасы (ResponsibilityMatrix) WBS және OBS негізінде жұмыстар пакетін орындаушы ұйыммен байланыстырады. Желілік модельдер (Project Network Diagram). Желілік графиктер жұмыс кестесіне жобаның жұмыс істеу жоспарын енгізуді қамтамасыз етеді. Олар жоба жұмысының мониторингісі мен бақылаудың негізі бола алады. Жоспар мен бюджетпен бірге олар жобаны басқарудың бас құралы болып табылады.

Жауапкершілікті бөлу матрицасына мысал.

Бұл жердегі : Ж - жетекші, М - менеджер, А - аналитик, Д – дизайнер, Ө – өңдеуші, П - программист, ЖА - жүйелік администратор

12.Жұмыстардың декомпозициясының құрылымын сипаттаңыз. Жобаның ұйымдастырушылық құрылымын ашып жазыңыз.

Жобаның мазмұнын нақтылау кезінде жұмыстың иерархиялық құрылымын (WBS) құру жобаның жоспарлануы мен орындалуының негізі болып табылады.

WBS – бұл жобаның іске асуы үшін орындалуы тиіс жұмыстардың байланысқан пакеттері мен нәтижелерінде жобаны декомпозициялау жолымен жобаның мақсаты мен қарастыратын мәселесін сипаттау тәсілдері.

WBS: нәтижелердің иерархиясын анықтайды; соңғы мақсатқа және жоба нәтижелеріне жету үшін қажетті жұмыс көлемін сипаттайды; есепке алуға бола алатындай нәтижелерді және өлшенетін элементтерді бөлу жолымен құрылады; орындалу, жұмыс көлемі мен құны бойынша жобаның орындалуын біріктіру және бағалауға арналған механизм болып табылады .

WBS құру мақсаты: жобаның барлық жұмыстарын жоспарлауды қамт-сыз ету; қажет емес жұмыстарды, жобаны іске асыруға қатыссыз жұмыстардың болмауын қамтамасыз ету.

Жоба тәуекелдігі мен WBS арасындағы байланыс. Тәуекелдігі жоғары жобалар үшін WBS құрылымын неғұрлым бөлшектеп құру, тәуекелдік жағдайларды бөліп көрсетуге болатын деңгейге дейін жұмыстар пакетінің әрқайсысын талдау ұсынылады. WBS декомпозициясына келтіру тәуекелдікті анықтау мен азайтуға мүмкіндік береді. Ресурстарды жоспарлау, бақылау және WBS байланысы: WBS жоспарлау мен бақылау үшін қажетті деңгейге дейін декомпозицияланады.

Жобаның ұйымдастырушылық құрылымы – жобаға сәйкес келетін уақытша ұйымдастырушылық құрылымы, ол жоба мақсатына жетістікпен жету үшін барлық қатысушыларды құрамына алады. Үш термин қолданылады: функциясы; рөлі; лауазымы. Функция — бұл жоба кезінде орындалатын қызмет түрі. Функцияларға мысал келтірейік: Басқару. Келісім-шарттарды жүргізу; тапсырыс берушімен сөйлесу; сыртқы шынайы емес құжаттарды, басшылардың баяндамасын жазу. Жобалау. Қағаз және электронды түрдегі негіздемелерді, модельдерді, арнайы тапсырмаларды, жоспарларды құру.Кодтау. Программалау тілінде кодтың қолмен атқарылатын және жартылай автоматты генерациясы. Кодтың автономдыретке келтірілуі. Интерфейстік элементтердің суретін салу және сынақтан өткізу. Сынақтан өткізу. Қосымшаны есеп шығару үшін емес, оны жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру мақсатында қолдану.Сүйемелдеу. Жаңа өнімді шығару, қолданушыларды оқып үйрету, тәжірибелік іске асыру кезінде құрастырылған немесе орнатылған программалық жабдықтауды басқару.

Рөл – нақты жоба көлемінде қызметкерге қандай да бір функцияларды орындау үшін уақытша сол жұмысқа тағайындау. Рөлдің мысалдары: Талдаушы. Әкім. Программист. Сынаушы. Жүзеге асырушы.

Лауазым– бұл нақты рөлдерді ойнайтын және нақты функцияларды орындайтын сертификатталған қабілеті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]