Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-30 teoria.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
170.56 Кб
Скачать

22.Тәуекелдікті анықтаңыз және алдын ала жобалауға түсініктеме беріңіз. Тәуекелдік және анықталмағандық туралы толық мағлұмат беріңіз.

Тәуекелдік –жобаның шығысына кері әсер ететін, мүмкін болатын сипаттағы теріс оқиға. Жобаның тәуекелдігі (Р) – жобаның сәтті аяқталуына қауіп төндіретін, күтпеген оқиға. Р жобаға көрсетуі мүмкін оқиға мен әсерді біріктіреді.Р – жобаны өңдеу уақыты мен оның бағасын өзгерту қаупі. Р-ның табиғаты жоба мен оның орындалу ерекшеліктеріне негізделген «сыртқы» және «ішкі» факторлардан туындаған белгісіздікпен байланысты.Тәуекелдікті талдау керек, оны басқару керек, кері жағдайда жобаның уақытында іске аспауы немесе қаржы көлемі немесе функционалды талаптарына сәйкес келмеуі мүмкін.Тәуекелдікті басқару – негативті тәуекелдік оқиғаларын азайтатын және позитивті оқиғалардың болуын көбейтетін бастамалармен, шешім қабылдау және тәуекелдікті талдаумен байланысты жүйелік үдерістер.Тәуекелдікті басқару және талдау түрлері:Р-ның идентификациясы,Р-ны анықтау және жобалау,Р-ның сандық бағасы,Р-ны басқару және оның мониторингісі.3 пункт жобаға байланысты Р-ны анықтайды; оны ↓-у жолын таңдау немесе оған әсер етуді болдырмау. Р-ны идентификациялау және оған баға беру жобалауда Р-ның негізгі аймақтарын анықтайды және Р-ның табиғаты жайлы, әсер ету дәрежесі мен олардың байланысы туралы толық мәлімет береді. Бұл ақпарат Р-ны басқару үшін қолданылады.Тәуекелдікаймақтары:қолданушылардың талаптарының сапасы және тұрақтылығы;сыртқы интерфейстердің өзгермейтіндігі және сипаттау сапасы;барлық ресурстардың бар болуы және сәйкестігі;кадрлардың тәжірибесі және біліктілігі; қызметкерлердің жауапкершілігін анықтаудағы нақтылық;құрушылар үшін жобаның техникалық жаңартылуы;құру уақытының орындалу мерзімін қадағалау қатаңдығы. Тәуекелдік Р пайда болғанда оқиғаның болу ықтималдығы мен жобаның бағасының өзгеруін ескере отырып, жоғалту функциясымен сандық байланыста болуы мүмкін. Ықтималдық жалпы жобада немесе оның этаптарында анықталуы мүмкін. Тәуекелдікті алдын ала жобалау – әр тәуекелдікті орындалу ықтималдығы мен оның аяқталу нәтижесі тұрғысынан бағалау.Жобаның жоспарын құрушы эксперттік баға нәтижесінде 4 келесі түрді анықтайды:Тәуекелдіктің ықтималдығын анықтайтын шкаланы анықтайды; Нәтижелерін анықтайды;Тәуекелдіктің өнімге және жобаға әсерін анықтайды;Тәуекелдікті жобалаудағы жалпы дәлдікті анықтайды;Тәуекелдіктің ықтималдық бағасының шкаласы сандық, сапалық, бульдік түрде анықталуы мүмкін. Ең жақсысы – жоғары ықтималды, ықтималды, орташа ықтималды, төмен ықтималды мәндерінен тұратын сапалы ықтималдықтар шкаласы. Сандық бағада – бұрынғы жобалардың статикалық материалдарына негізделген.Тәуекелдік тәуекелдік табиғаты, әрекет ету аймағы, әрекет ету уақыты анықтайтын, жобаға әсер ету дәрежесіне қарай өлшенеді:ПР – бұл оқиға болғанда әсте ықтимал мәселелерді көрсетеді: қолданушының техникалық жабдықтармен нашар анықталған сыртқы интерфейс өзіндік жобалауға және тестілеуге әсер етеді және келесі этаптарда мәселелерді шешуге, программалық өнімді интеграциялауға алып келеді. Тәуекелдіктің әсер ету аймағы жобалауда және оның пайда болуында қаралатын тәуекелдіктің байптылығын және көлемін көрсетеді.Уақыттық фактор – қашан және қанша уақыт тәуекелдіктің әсері анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]