
- •1.Жобаларды басқару әдістерінің даму тарихына шолу жасаңыз. Ақпараттық жүйелердің жобасын басқаруға түсініңтеме беріңіз.
- •2.Жоба және жобаларды басқаруға анықтама беріңіз. Жобаның ерекше белгілерін жазыңыз. Жобаларды басқару функцияларын атаңыз.
- •3.Ақпараттық жүйелердің жобаларын басқару қызметінің түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •4.Жобаның өмірлік айналымына анықтама беріңіз және фазалары мен сатыларын ашып ашып жазыңыз. Программалық өнімнің өмірлік айналымын сипаттаңыз.
- •5.Жоба қатысушыларын атаңыз және әрқайсысына анықтама беріңіз. Жобаларды басқару объектісі мен субъектісін түсіндіріңіз.
- •6.Жобаны басқарудың функциялары, әдістері және үдерістері жайлы толық мағлұмат беріңіз.
- •8.Жобаны жоспарлаудың негізгі түсініктеріне тоқталыңыз. Жобаның жоспарын түсіндіріңіз. Мысал келтіріңіз.
- •9.Жобаның жоспарын құру және талдау әдістемесін түсіндіріңіз.
- •10.Жоспарлау үдерісі. Ақпараттық жүйелердің және программалық жабдықтардың жобасын құруды жоспарлауды түсіндіріңіз.
- •11.Мақсат ағашы, жұмыстардың иерархиялық құрылымына сипаттама беріңіз. Жауапкершілік матрицасын құруға мысал келтіріңіз.
- •Жобаның мақсат ағашы
- •12.Жұмыстардың декомпозициясының құрылымын сипаттаңыз. Жобаның ұйымдастырушылық құрылымын ашып жазыңыз.
- •13.Жобаның күнтізбелік жоспарының анықтамасы. Желілік жобалар және жобадағы бір есепті желілік жобалау көмегімен жазып көрсетіңіз.
- •14.Жоба ресурстары анықтамасын беріңіз. Ресурстарды бөлу туралы толық мағлұмат беріңіз.
- •15.Басқару құны анықтамасын беріңіз.Өмірлік айналым кезеңіндегі басқару құнының құрылымын ашып жазыңыз.
- •16.Жоба сапасын басқару анықтамасын беріңіз және ақпараттық жүйелердің сапасын қамтамасыз ету шараларына тоқталыңыз.
- •17.Тәуекелдік ұғымы және түрлеріне тоқталыңыз. Тәуекелдікті басқару және талдауды сипаттаңыз.
- •18.Сапаны сандық бағалау тұрғысынан сипаттаңыз. Парето диаграммасы анықтамасын беріңіз және диаграммадағы сандық көрсеткіштердің формуласын жазыңыз.
- •19.Жобадағы коммуникацияларды басқаруды ашып жазыңыз.
- •20.Жобаның орындалуын бақылауға тоқталыңыз. Бақылаудың түрлерін атаңыз.
- •21.Программалық жабдықтауды жасайтын жоба қызметкерлерін басқару жолдарына тоқталыңыз. Жобаға қатысушылар анықтамасын беріңіз.
- •22.Тәуекелдікті анықтаңыз және алдын ала жобалауға түсініктеме беріңіз. Тәуекелдік және анықталмағандық туралы толық мағлұмат беріңіз.
- •23.Жобаларды басқаруға арналған программалық жабдықтауларды бекіту рәсімдеріне тоқталыңыз.
- •24.Жобалық топты басқаруды түсіндіріңіз. Кадрларды стратегиялық басқарудың басты қағидаларын атаңыз және ашып жазыңыз.
- •25.Бақылаудың мақсаты мен тағайындалуы. Бақылаудың түрлеріне тоқталыңыз. Бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды анықтаңыз.
- •26.Конфигурациялық басқарудың негізгі түсініктеріне тоқталыңыз. Конфигурация объектілерінің идентификациясын түсіндіріңіз.
- •27.Жобаның күнтізбелік жоспары жайлы толық мағлұмат беріңіз.
- •28.Ақпараттық жүйелерді өңдеу жобаларын түсіндіріңіз.
- •29.Жобадағы сапаны жоспарлау әдістері мен жабдықтарын сипаттаңыз.
- •30.Программалық өнімнің сапасын қамтамасыз ету мәселелері мен жолдарын көрсетіңіз.
1.Жобаларды басқару әдістерінің даму тарихына шолу жасаңыз. Ақпараттық жүйелердің жобасын басқаруға түсініңтеме беріңіз.
Шетелдерде жобаны басқару түсінігі ХХ ғ.30-50 ж. пайда бола бастады. 1937 ж. американдық ғалым Л. Гулик күрделі жобаларды басқару және оны жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырудың алғашқы матрицалық құрылымын жасады. Ол 1953-1954 ж. алғаш рет АҚШ әскери-әуе күштерінің бөлімдерімен бірлескен жоба ретінде толық көлемде қолданыла бастады. Ал 1955ж АҚШ әскери-теңіз флотының арнайы жобаларында да қолданысқа ие бола бастады. Бұл ауқымды күрделі жобаларды басқару кезінде интеграцияға жету үшін ұйымдастырылған ең алғашқы механизм болды.1956ж. DuPont de Nemours & Со компаниясы жобаларды басқару әдістері мен жабдықтарын жасау үшін арнайы топты құрды. 1957 ж. бұл жұмыстарға UNIVAC зерттеу орталығы және Remington Rand фирмасы қосылды. 1957 ж. аяғына қарай Дж. Келли мен Р. Уолкер жетекшілігімен UNIVAC ЭЕМ-де программалық қамтудың сыни жол (Critical Path Method — СРМ) әдісі жасалынды. 1957—1958 ж. аралығында Buz, Allen and Hamilton фирмасы СРМ-нан кейін Polaris (US Navy) программасы үшін жобалар мен программалар (Program Evaluation and Review Technique — PERT) жоспарын бағалау және қайта қарау жүйесі сынақтан өткізілді және аяқталды.Осы жылдары құрастырылған желілік жоспарлау, басқарудың әдістері мен техникасы жобаны басқарудың дамуына зор үлес қосты. 1958ж. өзінде жұмыстарды жоспарлау, тәуекелдікті бағалау, бағаны бақылау және ресурстарды басқару үшін АҚШ-дағы ірі әскери және азаматтық жобалар қатарында PERT пен СРМ қолданылды. 1959ж. Андерсон комитетімен (NASA) өмірлік кезеңнің әр кезеңінде жобаны басқаруға арналған жүйелік тәсілдеме дайындалды.PERT/ COST базасында IBM фирмасы жобаны басқару үшін жүйе ретінде программалар пакетін құрастырды, желілік техника негізінде жобаларды бақылаудың алғашқы жүйелері жасалынды ж/е т.б. Еуропа мен Америкада жобаларды басқарудың желілік әдістері қолданыла бастады. 70-ші жылдар желілік жоспарлау мен басқарудың даму, ендірілу жылдары болып саналады. Жүйелер теориясы мен жүйелік тәсілдемеге негізделген мақсат функциясын оңтайландыру кезінде тиімді қолданылатын әдістер мен жабдықтар құрылды.Жобаны басқару (80-жылдар) нақты тапсырыс берушіге бағдарланған кәсіби сала ретінде дами бастады. 90-жылдары жобаны басқару кәсіби деңгейде пәнаралық сала ретінде қалыптасты.АЖ-дің жобасы д/з қандай да бір уақыт аралығында және қойылған есепке н/е алға қойылған мақсатқа жету кезінде орындалатын өзара байланысқан іс-шаралар кешені. Штат санына, уақытқа, жобаның құнына шектеулері бар ж/е сапалы жаңа өнім мен қызметті құру мақсаты жобаға тән. АЖ-ді құру жобасы – шектелген ресурстары, сапалық көрсеткіштері бар жүйені құру үшін бөлінген іс-шаралар кешені. Жоба көрсеткіштері есептердің мақсаттарынан шығады, негіздемелерді жасау стадияларында анықталады және жобаның іске асуы үшін қолданылады. Көрсеткіштер: жобаның орындалу мерзімінің ұзақтығы; жұмыстың еңбекөнімділігі; жобаны жүзеге асыру барысы мен қарқыны; құны; коммерциялық тәуекелдік; өміршеңдік қабілеті; бәсекелестік қабілеті; қоғамдық және әлеуметтік мәнділігі. Жобаның орнықты сипаттамалары: жаңалығы; заманауилығы; кешенділігі; жүйелілігі; сенімділігі; техникалық жүзеге асуы; практикалық жарамдылығы ж/е т.б.