Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Polimer.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.98 Mб
Скачать

18.Соққыға төзімді полистиролды алу жолдарын түсіндіріңіз

Соққыға төзімді полистирол (УПС СТС) – стиролды бутадиен немесе бутадиен-стиролды каучукпен жалғанған сополимерлеудің өнімі.

Полимерлеу процесін пероксидті инициаторлар мен регуляторлардың қатысында жүргізеді. ММ=70÷100 мың. Бұл кезде стиролдың гомополимерленуі және стиролдың каучукпен сополимерленуі біруақытта жүреді. Сополимердің үлесі 15% шамасында.

Соққыға төзімді полистиролдың маркалық ассортименті алыну әдісіне және қолданылу саласына байланысты анықталады. Полимерлеуді массада жүргізгенде – УПМ, суспензиялық полимерлеуде – УПС, компоненттерді механикалық араластырғанда (компаундтағанда) – УПК. Соққыға төзімділігіне байланысты маркалар соққыға төзімділі жоғары (мысалы, УПС - 1104) немесе соққыға төзімділігі төмен, бірақ мөлдірлігі жоғары болып ажыратылады.

Соққыға төзімді полистирол тұрақтандырылған ақ түйіршіктер түрінде өндіріледі. Төрттаңбалы номердің алдыңғы екі цифрлары тұтқырлықтың (кДж/м2) мәніне тура келеді, ал соңғы сан – қалдық мономердің мөлшері (%).

Бұл материалды қатты полистиролдың матрицасынан тұратын (ММ=70÷100 мың), көлемдері 1-5 мкм каучуктердің бөлшектерін құрайтын, жалғанған сополимердің жұқа қабығымен қоршалған композициялық деп атауға болады. Полистирол матрицасының молекулалық массасының төмен шамасына қарамастан, құрамында каучуктың болуына байланысты соққыға төзімді полистиролдың тұтқырлығы жалпы қолдануға арналған ПС-тің тұтқырлығына жақын.

Каучукті ендіру УПС-тың қатаңдығын, беріктілігін және қаттылығын төмендетеді. Жылуғатөзімділік 20-25 °С-ға төмендейді. Электроизоляциялық смпаттамалар өзгереді. Каучук бөлшектерінің болуы соққыға берік полстиролдың мөлдірлігін төмендетеді. Радио-, электро- және приборжасауда, негізінен қомақты корпусты детальдарды, техникалық бұйымдар мен фурнитураларды жасауға, біррет қолдануға арналған таралар мен ыдыстарды жасауда кеңінен қолданылады.

Негізгі өңдеу әдістері – қысыммен құю, бетті экструзиялап, әрі қарай пневмо- немесе вакуум-қалыптау.

19) Көбікті полистиролды қасиеттеріне әсер ететін параметрлерді анықтаңыз. Көбіктендіргіштер ретінде қолданылатын қосылыстарды айтыңыз.

Көбікті полистиролдың құрылысы қатып қалған көбік сияқты. Көбікті полистирол агрессивтік ортаның әсеріне тұрақты, шірімейді, кеміргіштер құртпайды. Көбікті полистиролдың мықтылық қасиеттері құрылысының кеуектілігіне байланысты. Оның негізгі кемшілігі ішінде изопентан болғандықтан өте жанғыш келеді. Антипирендер қосу арқылы жанғыштығын төмендетеді. Механикалық қасиеттері оның тығыздығымен анықталады: тығыздығы жоғары болған сайын оның беріктілігі жоғары, суды сіңіруі төмен болады. Көбікті полистирол суды сіңіріп алады. Пластмассаға судың енуі жылына 0,25 мм-ді құрайды. Сондықтан да көбікті полистиролдың суды сіңіруі құрылысының ерекшелігіне, тығыздығына, жасау технологиясына байланысты. Көбікті полистиролдың еріткіштерге тұрақтылығы төмен болып келеді. Ол бастапқы стиролда, ароматты көмірсутектерде, күрделі эфирлерде, ацетонда, күкіртсутекте жақсы ериді және спирттерде, алифатты көмірсутектерде, жай эфирлерде ерімейді. Көбікті полистиролдың тығыздығы жоғары емес 0,015-0,5 г/см3. Осыған қарамастан көбікті полистирол жоғары беріктілікке, сығылуға және иілуге ие. Көбікті полистиролдың дұрыс эксплуатациясы жүрген жағдайда олардың физикалық қасиеттері көп уақытқа дейін сақталады. Көбікті полистиролды зерттеу барысында олар көп уақытқа дейін механикалық және физикалық қасиеттерін сақтайтыны анықтылған. Кейбір органикалық заттар ылғал мен ауаның әсерінен бұзылуы мүмкін. Көбікті полистирол мұндай әсерлерден бұзылмайды.

Көбіктендіргіш агент ретінде қолданылатын заттар: жеңіл қайнайтын көмірсутектер : пентан, изопентан, дихлорметан, петролейнді эфир; газ түзуші қосылыстар: диаминобензол, аммоний нитраты, азобисизобутиронитрил. Сонымен қатар көбікті полистиролдың құрамына антипирендер, бояғыштар, пластификаторлар және әртүрлі толықтырғыштар кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]