Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Polimer.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.98 Mб
Скачать

43.Химиялық түрлендірілген және түрлендірілмеген целлюлозаның қасиеттерін салыстырыңыз.

Целлюлоза да крахмал сияқтытабиғи полимер — полисахарид. Оның молекулалық формуласы да крахмалдікі сияқты (С6Н10О6)n.Целлюлозаны клетчатка деп те айтады. Ол — өсімдіктер клеткасы кабықшасының негізгі кұрам бөлігі. Едәуір көп таралған биополимер. Мақта талшығында 98%-ке дейін, ағаш сүрегінде 50%-ке жуық, жасыл жапырақтарда, шөпте (10—25%) болады. Целлюлозаның макромолекуласы циклді (3- глюкозаның қалдықтарынан тұрады, түзу құрылымды Целлюлозаның макромолекулалары бір бағытта орналасқандықтан, талшық түзеді (зығыр, мақта, кендір, т.б.).

Целлюлозаның қасиеттері Целлюлоза ақ немесе сүр түсті талшықты қатты зат. Целлюлоза суда, спиртте, эфирде, ацетонда жәнет.б. органикалық еріткіштерде ерімейді.

Табиғатына қарай ц/а 2-ге бөлінеді:1.табиғи –химиялық түрлендірілмеген 2.жасанды-химиялық түрлендірілген

Химиялық түрлендірілмеген ц/ға табиғи ц/лар ж/ды. Олардың қасиеттері химиялық түрлендірілгенге қарағанда өзгеше. Олар өте қатты, көптеген еріткіштерде ери қоймайды. Тек кейбір еріткіштерде ғана ісінеді. Сондықтан оларды қолдану қиындау ж/е тиімсіз болып келеді.

Химиялық түрлендірілгенц/ға яғни табиғи ц/ларды химиялық түрлендіріп не модифицирлеу арқылы жана түрін алу.Олардың қасиеттері химиялық түрлендірілмегенге қарағанда ерекше. Олар табиғиға қарағанда жұмсақ, әртүрлі қасиеттерге ие болып келеді. Сондықтан оны пайдалану да тиімді.Мысалыреакцияға бір, екі, үш гидроксил топтары қатысуы мүмкін. Реакцияны жүргізу жағдайына байланысты целлюлозаның әр түрлі нитраттары алынады:

Целлюлозаның нитраттары өте жанғыш және қопарылғыш заттар. Целлюлозадан толық емес нитрлеп, нитросырлар және лак алады.

Целлюлозаға сірке кышқылымен (немесе сірке ангидридімен) күкірт қышқылы қатысында әсер етіп, целлюлозаның диацетатын немесе триацетатын алуға болады:

Целлюлоза ацетатын ацетонда ерітіп, кішкентай тесіктер арқылы (фильер) өткізіп, жылы ауамен үрлеп кептіргенде, жіңішке жылтыр жіпке айналады Бұл жіп ацетаты жібек талшығы деп аталады.

44. Блокты полиметилметакрилат сызбасы

Метилметакрилаттың блокты полимерленуі өңделген силикатты шыныдан жасалған формада периодты әдіспен жүзеге асады. Кейде блокты полиметилметакрилат өндіру процесін жылдамдату үшін және реакциялық массаның тұнуын болдырмау мақсатында полимерлеу процесіне мономерді емес, полиметилметакрилаттың метилметакрилаттағы ерітіндісінен тұратын сиропты пайдаланады. Табақты органикалық шыныны периодты алу технологиялық процесі мынандай сатылардан тұрады: шыны формаларды даярлау; мономерді не сиропты дайындап оны формаға құю; мономерді формаларда полимерлеу; суыту; формадан шығару; өңдеу; сақтау.

Блокты полиметилметакрилат өндірісінің технологиялық сызбанұсқасы.

1 – ұсақтағыш аспап, 2 - термотартпа, 3 – жинақтағыш сыйымдылық, 4 – еріткіш аппарат,5 - мерник, 6 — вакуумизатор, 7 - арба, 8 – термокамера

Формалар алдын –ала жуылған, кептірілген екі силикатты шыныдан жасалынады. Форманы шынының периметрі бойынша резиналы немесе поливинилхлоридті трубаны төсеу және шеттеріне қағаз жабыстыру арқылы құрастырады. Шыны арасындағы қашықтығы алынатын блокты полиметилметакрилаттың қалыңдығын анықтайды. Форманың жоғарғы бөлігінен сиропты құю үшін саңылау қалдырады. Сиропты дайындау үшін полиметилметакрилаттың қалдығын пайдаланады және оны (1) ұсақтағыш аспапта майдалайды. Кейін ұсақталған полиметилметакрилатты оның молекулалық массасын төмендету мақсатында термотартпада (2) термоөңдеуге ұшыратады. Сосын оны жинақтағыш сыйымдылыққа(3) жібереді. Сироп еріткіш аппаратта (4) дайындалады, оған (5) мерниктан метилметакрилатты енгізеді. 45°С температурада полиметилметакрилат ұнтағын 2- 3 сағ араластырады,кейін инициатор, пластификатор қосып тағы 30 мин араластырады.Дайын болған сиропты вакуумизаторға (6) құяды,дегаздайды. Дегаздалған сиропты арбадағы (7) орнатылған формаларға құяды, сосын термокамераға (8) жібереді, ол жерде полимерлеу процесі жүзеге асады. Полимерлену процесі аяқталған соң, форманы салқындатып, шығарды. Алынған шыныны зақымданудан сақтау үшін қағазбен орап, сақтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]