
- •1.Полимерлі материалдар ұғымына анықтама беріңіз.
- •2.Пм колдануы жане арналуы б-ша жиктеу. Пластикалық массаның құрамына полимерден басқа қандай заттар
- •3.Кристалдану дәрежесі жоғары полиэтиленді алу жағдайын көрсетіңіз
- •7. Молекулалық массасы және тазалығы жоғары полимерлерді алу әдістерін сипаттаңыз.
- •9. Полимерлі материалдарды медицина мен биологияда қолдану перспективаларын түсіндіріңіз.
- •11. Полиолефиндер үшін жақсы еріткіштерге (бөлме температурасында) мысал келтіріңіз.
- •12. Полимерлі материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Полимерлі материалдардың ерекше қасиеттері
- •14. Полиолефиндердің физика-химиялық және диэлектрлік қасиеттерін төмендететін, яғни, полимерді «ескіртетін» факторларды анықтаңыз.
- •15. Этиленнің полимерленуіне температураны 70-80 с-қа жоғарылытудың әсерін түсіндіріңіз.
- •16. Төмен тығыздықты полиэтиленді (ттпэ) өндірісте алу жағдайларының (температура, қысым, катализатор) түзілетін полимердің физика-химиялық қасиеттеріне әсерін болжаңыз.
- •17. Жоғары тығыздықты полиэтиленді (жтпэ) өндірісте алу жағдайларының (температура, қысым, катализатор) түзілетін полимердің физика-химиялық қасиеттеріне әсерін болжаңыз.
- •18.Соққыға төзімді полистиролды алу жолдарын түсіндіріңіз
- •19) Көбікті полистиролды қасиеттеріне әсер ететін параметрлерді анықтаңыз. Көбіктендіргіштер ретінде қолданылатын қосылыстарды айтыңыз.
- •20) Полимерлі материалдар өндірістерінің дамуына шолу жасаңыз. Сол кезеңдердегі тарихи оқиғалармен байланысын тағайындаңыз.
- •21. Төмен тығыздықты полиэтилен (ттпэ) мен жоғары тығыздықты полиэтилен (жтпэ)
- •22. Этиленнің полимерлену жылдамдығы мен алынатын жоғары тығыздықтағы полиэтиленнің қасиеттеріне әсер ететін параметрлерді анықтаңыз?
- •24.Төмен қысымда полиэтиленді өндірудің технологиялық процесінің негізгі сатыларын бағалаңыз.
- •25. Эмульсиялық полистиролды периодты әдіспен алу үрдісінің сызба-нұсқасы.
- •26.Полистиролды массада алу технологиясын түсіндіріңіз
- •27. Суспензиялық полистиролды периодты әдіспен алу процесінің сызбасын түсіндіріңіз:
- •30. Полимер (полипропилен) құрылымының қалыптасуына (кристалды, аморфты) әсер етуші факторларды анықтаңыз.
- •33. Поливинилспирті алудын үздіксіз және периодты өндірісінің басты критерийлерін салыстырыңыз.
- •34.Поливинилхлорид негізіндегі композициялық материалдарды (винилпласт пен пластикат) өзгешіліктерін түсіндіріңіз.
- •35. Суспензиялық поливинилхлорид өндірісі
- •37.Химиялық талшықтарды классификациялаңыз. Талшық түзгіш полимерлер қандай талаптарға сай болу керектігін жобалаңыз
- •38. Жасанды талшықтарға анықтама беріңіз. Целлюлозаны түрлендіру жолдарын қарастырыңыз. Қажетті реакция теңдеулерін жазыңыз.
- •41. Акрил- және метакрил қышқылдары полимерлерінің шикізаттарын алу жолдарын ұсыныңыз.
- •42. Акрил- және метакрил қышқылдарының эфирлерін полимерлеу әдістерін ұсыныңыз және салыстырыңыз.
- •43.Химиялық түрлендірілген және түрлендірілмеген целлюлозаның қасиеттерін салыстырыңыз.
- •44. Блокты полиметилметакрилат сызбасы
- •45.Фенол-альдегидті полимерлерді синтездеу процестерінің ерекшеліктерін бағалаңыз. Новолакты және резолды олигомерлердің түзілу механизмін келтіру.
- •55.Вискозды талшық өндірісінде сілті ерітіндісін дайындайтын бактардың санын анықтау
1.Полимерлі материалдар ұғымына анықтама беріңіз.
Heгізгі құрамын (матрицасын) жоғары молекулалық косылыстар немесе полимерлер құрайтын бip немесе көп компонентті жүйелерді полимерлі материалдар деп атайды. Полимерлі материалдардың құрамы әр түрлі болады: жекеленген полимерлермен қатар өте күрделі жүйелер де болады. Олардың құрамында материалдың технологиялық және тасымалдау қасиеттерін реттейтін әр түрлі компоненттер болады. Мұндай компоненттер ретінде химиялық инертті немесе активті заттар: еріткіштер, пластификаторлар, коюлатқыштар, бояулар, антипирендер, антиоксиданттар, жылу- және жарықтұрактандырғыштар, антирадалар, құрылым- және кеуек-түзгіштер қолданылады.
Дәстүрлі материалдардан (металдар, керамика, ағаш) артықшылығы, полимерлі материалдардың құрамын, құрылымы және қасиеттерін реттеудің үлкен мүмкіндіктері бар. Осыған байланысты ПМ қолданудың аймағы өте кең - оларды химиялық талшықтардан бастап қатты ракеталық отын ретінде қолданылады.
Полимерлі материалдардың ерекше қасиеттері:
Тығыздығы төмен, беріктілік көрсеткіштері жоғары материал.
агрессиялық ортаға, атмосфералық және радиациялық әсерлерге төзімді;
радио- және электротехникалық касиеттері жоғары, сонымен бipre диэлектрлік көрсеткіштері температура мен электр өрісінің жиілігіне аз тәуелді;
арнайы оптикалық қасиеттерге ие: толқын ұзындықтарының кең аймағында жарық, сонымен бipгe ультракүлгін сәулесін өткізу қасиеті (Мысалы, полиметилметакрилат 70% пайыз өткізетін болса, силикат шынысы небәрі 1-3% өткізеді).
физика-механикалық қасиеттерінің кеңдігі (каттыдан серпімді резеңке тектес материалдарға дейін) және 6ip материалда карама-қарсы касиеттерді біріктіру, мысалы қаттылық пен иілгіштік («брондалған» полимерлер).
ПМ кемшіліктері:
жылуға төзімділіктері төмен (фторопластар мен кремнийорганикальқ полимерлерден басқаларында бұл қасиет 120 °С-дан төмен);
каттылығы төмен (6-60 кг/мм2 );
• жогары жылулық кеңею;
жылу өткізуді қиындататын төмен жылуөткізгіштік (металдардың жылуөткізгіштігінен 500-600 есе төмен);
биологиялық ыдырауға ұшырамайтындығына байланысты экологиялық мәселелерді шешу кажет.
2.Пм колдануы жане арналуы б-ша жиктеу. Пластикалық массаның құрамына полимерден басқа қандай заттар
ПМ_классификациясы. Полимерлі материалдардың қолданылуы және арналу аймағына, полимерлі фазасының табиғатының, оларды ендіру және өңдеу барысында жүретін физикалық және химиялық түрленулерге байланысты классификациялайды.
Қолданылу және арналуына қарай ПМ:
Пластикалық массалар (пластиктер) және композиттерге;
Эластомерлер (каучуктер мен резиналар);
Химиялық талшықтар мен қабыршықтар;
Полимерлі қаптағыштар, желімдер мен герметиктерге бөлінеді. Арналуына байланысты оларды жалпы қолдануға және функционалды (фрикционды, жылу- және электроизоляциялайтын, электрөткізетін, коррозияға қарсы және т.б.) деп бөледі.
Полимерлі фазаның (матрицаның) табиғатына карай:
Табиғи
Химиялық (жасанды және синтетикалық) деп бөледі.
Өндіру және бұйымға өңдеу барысында полимерлі фазада жүретін өзгерудің түрленудің сипатына қарай полимерлі материалдар:
Термопластикалық;
Термореактивті деп белінеді.
Полимерлер (жоғары молекулалық қосылыстар – ЖМҚ) пластикалық массалардың негiзгi құрам бөлігі болып табылады, олар басқа компоненттердi бiртұтас етіп бiрiктіріп, материалға қажеттi қасиеттер бередi. Яғни, полимерлік заттар – байланыстырушылар болып табылады. Пластикалық массаның құрамына толықтырғыштар, пластификаторлар, тұрақтандырғыштар, қатайтқыштар, майлаушы заттар, бояғыштар, кеуек түзушілер және басқа қоспалар кiредi.
Толықтырғыштар – қатайтқан кезде полимердiң көп отырмауына себепшi болып, әртүрлi ортаның әсерiне тұрақтылығын арттырып, полимерлік композиттік материалдардың механикалық қасиеттерiн жақсартатын жәнеде полимерлiк материалдардың құнын төмендететін заттар.
Толықтырғыштар өзiнің табиғатына қарай төмендегідей бөлiнедi:
1) органикалық дисперстi толықтырғыштар – техникалық көмiртек, ағаш ұнтағы;
2) органикалық талшықты толықтырғыштар – мақта линті, целлюлоза, гипон, тоқыма қиындылары, қағаз, мақта маталары, көмiртек маталары;
3) бейорганикалық талшықты толықтырғыштар – асбест, шыны талшықтар және т.б.
Пластификаторлар – полимерлерге эластикалық, аязға төзімділік, отқа төзімділік, ультракүлгiн сәулелердiң әсерiне тұрақтылық беретiн заттар. Полимерлердiң бұл қасиеттерi, оларды өңдегенде үлкен температура аралығында сақталады. Оларға әртүрлi қышқылдардың күрделi эфирлерi дибутилфталат, трикрезолфосфат, төмен молекулалық полиэфирлер және басқалар жатады.
Тұрақтандырғыштар (стабилизаторлар) – пластмассаларды қайтадан өңдеу және пайдалану кезінде қасиеттерiнiң ұзақ сақталуына себепшi болатын заттар, яғни олар полимерлердің жылудың, жарықтың, ауадағы оттектің әсерiне тұрақтылығын арттырады. Оларға термототығып, деструкциялану үрдісін болдырмайын антиоксиданттар, фотолиз бен фотототығуға қарсы қолданылатын тұрақтандырғыштар жатады.
Қатайтқыштар – полимерге үш өлшемді құрылым берiп, термотұрақтылығын арттыратын заттар.
Майлаушы заттар – материалдарды дайындағанда және бұйымдар жасау үшін, қайта өңдегенде олардың жабдықтарға жабыспауын қамтамасыз етедi, оған стеарин, олеин қышқылдары жатады.
Бояғыштар мен пигменттер – түсті пластмассалар алу үшін полимерге қосылатын заттар. Кеуек түзушiлер мен көбiктендіретін агенттер қыздырғанда газ тәрiздес заттар бөлу арқылы ыдырайтын қосылыстар. Оларды газбен толтырылған пластмассалар (кеуектi пластар мен көбікті пластар) өндірісінде пайдаланды.