Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия ШПОР.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
372.74 Кб
Скачать

55. Поппердің ғылыми позициясын баяндаңыз.

Поппер ғылымды адамды еркін ететін «ұлы күштердің бірі» деп атайды. Поппер ғылымның екі тобын бөледі: 1) теориялық және жалпылаушы (физика, биология, әлеуметтеһану және т.б.) Олардың мақсаты – әмбебап заңдарды немесе гипотезаларды ашу. 2) тарихи ғылымдар. Олар заңдарға емес, нақты спецификалық оқиғалармен және олардың себептік түсіндірмелеріне қығушылық танытады. Себебі «ешқандай тарихи заңдардың болуы мүмкін емес». Тарихи ғылымдарда белгілі бір көзқарастарды білдіретін жалпы түсіндірулер туралы айтылады.

Поппердің ойы бойынша, ғылым «пікірлердің мол топтамасы емес», түсініктер, тұжырымдамалар мен теориялық мәселелердің жүйесін білдіреді. Бұл мәселелерді табысты шешу үшін және ол кезде көп қателіктер жасамас үшін ғылымға сенімді әдіс, нақтырақ айтқанда, әдістердің жүйесі қажет. Сондықтан да ғылым тек қана өзінің логикалық нысанымен ғана емес, сонымен қатар өзіндік әдісімен де сипатталады.

56. Г.Спенсердің эволюция ілімін талдаңыз. Спенсер өзінің теориясывда эволюциялық сатылардьщ сызықтық емес тұжырымдамасын бейнелейді. Ол прогресті қоғам күрделілігінің дөрежесімен өлшемек болды. Адамзат қоғамы дамуының ортақ үрдісі С. бойынша қарапайым бөлінбеген тұтастықтан күрделі гетерогенді құрынымдарға өту қозғалысы болды, мүңда неғүрлым маманданған бүтіннің бөлшектері өзара байланыса отырып жеке-жеке салаларға бөлініп кетеді. Спенсердің айтуынша, қоғамньщ дамуы барысында бір әлеуметтік институттар орындаған әлеуметтік іс-әрекеттер кешені ендігі жерде жаңадан пайда болған немесе бүрыннан бар институттар арасында бөлінеді. Саралану қоғамның өртұрлі бөлшектерінің үдемелі мамандануын білдіреді де, қоғам ішіндегі гетерогеңцікті көбейте түседі. Мәселен, бұрыңғы заманда отбасы репродуқтивті, экономикалық, құрылымдықжәне аздап саяси функциялар аткзрды. Алайда қоғам дамыған сайын, бұрындары бір ғана әлеуметтік институт — отбасы атқарған әлеуметтік іс-әрекеттер кешені еңдігі жерде баска институттар арасында бөліске түседі. қалай дегенмен де, қазіргі қоғамдарда Жұмыс пен білімнің мамандандырынған институттары отбасынан тыс дамуда. Сонымен, Спенсер эволюция деп аталған процеске мынадай жалпы анықтама береді. Эволюция дегеніміз — қозғалыстың тармақталуымен қоса жүретін және оның барысында зат белгісіз, байланыссыз әртектілік күйінен белтілі, өзара байланыскзн әртеқті күйге әсер ететін заттар интеграциясы, ол зат сақтаған қозғалыс дәл осындай өзгерісті бастан кешіреді. Спенсердің ойынша, әлеуметтік ағза үш негізгі органдар (институттар) жүйесіне бөлінеді: реттеуші (басқарушы), өңдірістік (қолдаушы) және реттеп-таратушы (қатынас жолдары, көлік, сауда, т.б.) Ғылымға қазіргі мағынасындағы "эволюция" терминін енгізгеннен баска Спенсер жалпы ғылыми әлеуметтану парадигмасының қалыптасуына қандай жаңалықтар енгізді? Біріншіден, Спенсер қоғамдық күбыныстарды талдауда эволюциялық әдіс қолданды. Екіншіден, ол эволюция идеясының жануарлар-өсімдіқтер әлемі мен қоғамға ғана емес, сонымен бірге органикалық емес табиғатқа да қолданылатынын көрсетті.

57. Қазіргі заманғы жаһандық экономикалық дағдарысты талдаңыз. Әлемдік қаржылық дағдарыс экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторы ретінде 2008 жылдан басталған жаһандық дағдарыс және жүйелі сипатқа ие болған осы дағдарыс қазіргі заманғы ғылыми зерттеулердің, яғни экономикалық, саяси, әлеуметтік-мәдени салалардың нысанына айналды. Жаһандық дағдарыс күрделі және көптарапты құбылыс ретінде әртүрлі тараптан және экономика ғылымының әртүрлі ғылыми бағыттары аясында зерттеліп келеді. Жаһандық экономиканың терең экономикалық және қаржылық дағдарысы – шаруашылық жүргізудің басқа да қағидаларына қолайлы көшудің тосын факторы.Жаһандық қаржылық дағдарыс күн тәртібіне әлемдік қаржы жүйесінің түбегейлі қайта құрылу қажеттігі мәселесін қойды. Маңызды өзгерістер валюталық, банктік, несиелік, қор және т.б. қаржылық нарықтың барлық сегменттері үшін іс жүзінде қажет. Жалпыға ортақ дағдарыс әлемнің көптеген елдерін қамтыды және бірліктерге иелік етуші әртүрлі елдерге кіретін өзара қарым-қатынастардың арасындағы күрделі жүйесін растайды және олардың әрқайсысындағы дағдарыс үрдістерінің ерекше себептерін көрсетеді. Жалпыға ортақ дағдарыстың жалпы себептерінің қатарына дамудың ашық сатысына оның көшуі кіреді, ол экономиканың жаһандануы болып табылады. Жаһандандыру үрдістерінің қажеттігін мойындай отырып, көптеген елдер арасындағы артық тығыз байланыстар мен өзара тәуелділіктер әлемдік экономикалық жүйені одан сайын жүйелік жалпыға ортақ дағдарысқа тәуелді ететінін атап кеткен жөн.

XXI ғасырдың бірінші онжылдығындағы капитал нарығының, өндірістік өзара қатынастардың, ұлтаралық корпорациялардың логистикалық жолдардың, ақпараттық ағындардың; сонымен қатар әлемде материалдық тұтынудың төмен деңгейін иеленген (жоғары дамыған елдерден басқасы) материалдық өндіріс саласымен салыстырғанда әлемдік экономикадағы қызмет көрсету саласының басым дамуы жаһандандырылуы жалпыға ортақ дағдарыстың катализаторы болып табылды. Осы факторлар қаржылық дағдарыс бүкіл әлім бойынша тізбектік реакцияның қозғалуына әкелді.

58.К.Поппер бойынша «кез келген теория эксперимент арқылы жалғанға айналатын гипотеза». Осы тұжырымдама дұрыс па?

К. Поппер – ғылымның философиялық концепциясын жасаушы. Поппер неопозитивизмнің ғылыми сөйлемдерді верификациялау концепциясының сәтсіздігін заңды дейді. Еске сала кетейік, неопозитивизм – көрінген ғылыми теория тәжірибеден алынуы керек деген қағиданы ұстанады. Ғалымдар жаналықты ашқанда фактіден теорияға өтпейді, керісінше гипотизадан жалқы пайымдауға өтеді, яғни гипотетико-дедуктивті әдісті пайдаланады дейді. Поппер ғылыми принциптерді фактілер арқылы тексере алмайсын. Сынау үшін оған сәйкес келетін фактілерді іздеу емес, керісінше оны жоққа шығаруға талпыну керек. Сонымен, К. Поппер ғылыми біліммен жалған білімді айырып алу үшін фальсификация принципін ұсынады. Ғылым мен философия, К. Поппердің пікірінше әртүрлі бір – біріне ұқсамайтын құрылымдар. Философиялық тұрғыдан ғылыми ақиқаттылықтың жолы жалған білімдерден әлсін-әлсін тазарып отыру. Оған мысал ретінде Поппер марксизм философиясын алады. Алғашқы кезеңде марксизм концепциясында ғылымилықтың белгісі болған, өйткені оның кейбір қағидаларын жоққа шығаруға болған болар еді. Кейіннен, қайшылықтары айқындала бастағанда, теорияны “құтқару” мақсатында ол қайшылықтарды түсіндірумен айналысып фальсификация принципін бұзды. Сондықтан, К. Поппер марксизмді жалған теория деп есептейді. Философия ғылым емес, өйткені оның пайымдауларын жоққа шығара алмайсын, бірақ оны мағынасыз деп айта алмаймыз. Фальсификация принципі арқылы ғылым мен философияның арасын ажыратамыз. Осы принцип, философиялық білімдер жүйесін керексіз, мағынасыз деп жоққа шығармайды. Философия, К. Поппердің пікірінше ғылыми прогресстің қозғаушы күші. Осы пайымдаулардың авторының философияны жақтап шыққаны байқалады, басқа позитивистер сияқты оны жоққа шығармайды, бірақ философияның пәні тарылған. Философия ғылым болғысы келсе сынмен айналасуы керек.