Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия ШПОР.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
372.74 Кб
Скачать

Можно выделить три основных направления в научных исследованиях:

  • Фундаментальные научные исследования — это глубокое и всестороннее исследование предмета с целью получения новых основополагающих знаний, а также с целью выяснения закономерностей изучаемых явлений, результаты которых не предполагаются для непосредственного промышленного использования.

  • Прикладные научные исследования — это такие исследования, которые используют достижения фундаментальной науки для решения практических задач.

  • Научно-исследовательские и опытно-конструкторские разработки (НИОКР) — здесь соединяется наука с производством, тем самым обеспечивая как научные, так и технические и инженерные проработки данного проекта. Иногда полученные результаты могут привести к научно-технической революции.

45. Философиялық білімнің өзіне тән ерекшеліктері. Философия және оның қоғамдағы рөлі . Тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі болашағына өз үлесін қосар білікті маман, зерделі азамат болып, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнін оқып-үйрену өте қажет.  Философияның басты ерекшелігі - әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол – дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады.  Белгілі бір адамдардың дербес қызметі ретінде философия ежелгі шығыс елдерінде – Қытайда, Индияда, т.б. елдерде, кейінірек антика дәуірінде ежелгі Греция топырағында қалыптаса бастаған. Бірақ, оның түпкі туындайтын түбірі адамдардың әлемдегі айрықша болмысында, дүниеге өзіндік қатынасында жатуы тиіс. Ол қатынас жануарлардың өзін қоршаған табиғи ортаға қатынасынан мүлдем өзгеше. Жануарлар табиғи дамудың төл туындысы, белгілі бір географиялық ортамен тікелей үйлескен, олар өздерін табиғаттан бөліп, оған бір бөгде күштей сырт қатынас жасай алмайды. Сондықтан олар үшін табиғатты игеру, оны түсіну, ішкі сырына қанығу мәселесі тұрған жоқ. Адамдар болса, ортаға тікелей бейімделудің нәтижесінде емес, сол ортаны игеру қызметі нәтижесінде, оған дәнекерлі, құрал-саймандар арқылы, өзара қоғамдасу арқылы қатынасады. Бұл процесс өзі атқаратын іс-әрекеттерді де, оның өзгеретін объектісін де және ақырында өзінің кім екенін де белгілі дәрежеде көре білуді, түсіне білуді де қажет етеді.  Осыған орай адам табиғатқа, жалпы әлемге солардың тек бір бөлшегі ғана емес, олардан біршама бөгделенген, оқшауланған сырт күштей қатынас жасай алады. Сол арқылы ол өзін де өзгертіп, өзінің мүмкіндіктерін ортаның мүмкіндіктерімен ұштастырады, өзіне де сырт көзбен қарай алады. Бұл, әрине, адамдардың тарихында өзгере беретін жағдай. Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. 

46 Ғылыммен философиянын басты айырмашылығы . Біреулер  ғылымның   дамуын  ата-бабамыздың тұрмыс- тіршілігін дамуынан пайда болды десе, келесілері сонау тас дәуіріндегі  адам әлем туралы білімін жинап, таратуынан деседі. Енді  біреулер бірінші орынға ежелгі Грециядағы біздің дәуірімізге дейінгі ғасардың бірінші жартысында философиядғы  дәлелденген білімнің пайда болуымен ұштастырады. Біздің заманымыздағы ғылымның әр түрлі салары өз бетінше дамығанымен олар бір бірінсіз маңызы жоқ және ажырамас заңдылықтарме байланысқан. Бұл салалардың барлығы көзге көрінбегенме олар ажырамаған, олардың барлығының мақсат мүдделері бір заман ағымында,  бір ізденіс бағытында даму үстінде. Ғылымдардың барлығы философиялық көзқарастың, ізденістің жемісі оның салдары. Біз оларды ажыратып қарастырсақ та оның маңыздылығы тұтастығында, яғни ғылымдар философиядан бастау алады және оны  дамытады. Философия біздің өмірлік тәжірибеміздің бір бөлігі  болып табылады.Біз мұны мойындасақ та, теріске шығарсақ та философиялық ой-толғаулар біздің күнделікті өмірімізді толықтырып, адамзат дамуының бүкіл ұзақ жолы ілесіп келеді. Философия б.з.д. VІ-V  ғасырларда қалыптасты, осы кезден бастап адазат әлемі туралы, ондағы өзнің орны мен тағдыры туралы рационалды көзқарас қалыптастыра бастады. Ғылым философиясы—ғылымды адам іс-іәрекетінің ерекше аясы және ұдайы дамудағы  білімнің жүйесі деп қарайтын философияның тарауы. Ғылымда білімді  философияның гносеологиялық және методологиялық  тұрғыдан зертеудің   аздаған тарихы болғанымен, Ғылым философиясы –соңғы кезде  20 ғасыр  кеңінен тарй бастады. Ең алғашқы бұл термин логикалық позитивтер деп аталатын  философтардың еңбектерінде   қолданылып, ғылым тілін философиялық тұрғыдан  зерттеулер тек ғана формальдық (математикалық) логика шеңберінде болуы керек. Ал ғылыми ғымдарды  эмпирикалық, тәжірибе, байқау арқылы түсіндіруге болады деп түсіндірілді.

47. Қазіргі заманғы дамыған елдердің ғылыми-техникалық потенциялының қалыптасуының мәні, негізгі кезеңдері және заңдылықтарын ашып көрсетіңіз. Дамыѓан нарық экономика елдерінің тәжірибесінен алатынымыз: ғылыми-техникалық дєрежесі бар нарықта жоғары инновациялық белсенділік басымдыќ негізде қамтамасыз етіледі жєне ұлттық экономиканыњ  мүмкіншіліктерін анықтауда мемлекеттің инновациялық ќызметті ќолдану жєне дамыту тетіктерін аныќтаумен сипатталады. Шет ел мемлекеттерінің тәжірибесіне көз жүгіртейік. Мысалы Францияның өндіріс министрлігі, Францияныњ әлсіз баѓыттарын анықтады. Оларға енді мемлекет тарапынан ќолдау жєне дамыту қажеттілігі аныќталды. Мемлекеттік мүмкіндіктер ретінде салықтыќ, кедендік баждыќ жењілдіктер ќарастырылды. Б±л ќадамдар өндіріс пен банктік-өндірістік ќорлар  мен ғылыми саланы біріктіру негізінде ж‰зеге асырылды. 1949 жылы Жапонияда жалпы ұлттық конференцияда басты мемлекеттік, ұлттық алты бағыт таңдалды Олар мемлекеттің, ғылым мен өндірістің, банктердің қатысуымен жүзеге асты. Атап айтсақ, кеме жасау, электроника, синтетикалық материалдар т.б.экономика салалары жатады.Басымдыќ ±лттык баѓдарламаларды ж‰зеге асырудыњ нәтижесінде Жапония экономикасы д‰ниеж‰зілік тауар µндіруде жетекші орынға ие болды. Шет елдік тәжірибені қалай пайдалану қажет және Қазақстан жағдайында не істеу керек? Ең алдымен, демократиялық негіздегі басымдыќ бағыттар таңдаѓан жєне оњ нєтижеге ќол жеткізген Франция, Жапония, АҚШ және т.б. елдердің тәжірибесін қолдану қажет. Бағыттарды бағалау үшін сұрау жүргізіп, ғалымдар мен инженерлердің пікірін білу қажет. Өзінің субъективтілігіне қарамай с±раулар тұтас және нақты кµрініс береді. Осы кµріністі негізге ала отырып, ±лттыќ басым бағыттардың сызбасын қарастыруға болады. Нәтижесінде алынатын ғылыми-техникалық өнім, табиғи шикізатты өндірістің басқарылуы мен тиімді қолдануы, ақпараттық қоммуникацияның дамуы мен ќол  жеткізген білім дєрежесі Қазақстанды ақпарат пен білім баѓытында жетекшілер қатарына шығаруы мүмкін.

48. Философиядағы постпозитивизм бағытын ерекшеліктерін баяндаңыз. Позитивизмнің даму барысында оның субьективизмі айқындала түсті. Оған дәлел ағылшын позитивисі ілімі Г. Спенсер.Спенсер (1820-1903) XIX ғасырдың эволюционизмнің ірі өкілі. Эволюция құбылыстар әлеміндегі жалпыға бірдей процесс, заңдылық. Эволюция баяу өтетін өзгерістер, яғни айқын емес байланыссыз біркелкіліктен, айқын байланысты әркелкілікке өту процесі. Осы заң тәжірибеден тумайды, оның түп негізі біздің ой-санамыздың табиғатында жатыр, сондықтан оны тану мүмкін емес. Дүниенің құпиясы тәжірибе арқылы берілмейді. Ғылыми танымда құбылыстың мәніне жетпейді. Философия ғылымға жақын, бірақ философиядан метафизикалық сауалдарды (дүниенің, болмыстың мәні, түпнегізі) алып тастау керек. Философияның басты міндеті ғылыми нәтижелерді жинақтау. Адам іс әрекетінің жетекші саласы ретінде ғылым өз тарихында өзін дәйектеу проблемасынан әлі айырылған жоқ. Осындай проблемалар туралы әртүрлі пікірлер жүйесі өте маңызды философияның бір бөлімі ғылымдар философиясын құрайды. Ғылымдар философиясының алға қойған мақсаты, ғылымның нәтижелерін бағалау критерийлерін негіздеу, ғылымдағы маңызды өзгерістерді байқап және бағалау, сонымен бірге ғылыммен және жалған ғылымның арасын ажырату (демаркациялау). Философиялық білімде ғылым туралы кереғар пікірлер қалыптасты. Біреулері ғылымға қарсы (антисциентизм) бағыт ұстанса, екіншілері ғылымды философиялық тұрғыдан терең талдап оның шығуын, дамыун негіздеуге күш салды. Осындай философиялық қағидалар (концепция), онша көп емес. Оған постпозитивизмді жатқызуға болады. Осы философиялық бағыттың негізін XX ғасырдың 30 – шы жылдары К. Поппер салды. Позитивизммен неопозитивизмнің жасаған ғылым картинасы XX ғасырдың ортасына таман әлсіреп, өзінің күшін жойды. К. Поппер – ғылымның философиялық концепциясын жасаушы. Поппер неопозитивизмнің ғылыми сөйлемдерді верификациялау концепциясының сәтсіздігін заңды дейді. Еске сала кетейік, неопозитивизм – көрінген ғылыми теория тәжірибеден алынуы керек деген қағиданы ұстанады.

49. Қазіргі өркениеттегі экологиялық құндылықтар мен ноосфера концепцияларын талдаңыз. Ғылымның күрделенуі, жедел дамуы адамның өмір сүруіне, табиғи қордың тамамдалуына жеткізе бастады. Адамзаттың өмір сүретін ортасы түзетуге келмейтін қатерге тап болу мүмкіндігі көріне бастады.Экологиялық (гр. үй, тұратын мекен, тірі организмдердің қоршаған ортамен ара-қатынасын зерттейтін биологиялық ілім) тепе-теңдікті сақтау үшін: - соғысты тоқтату, табиғатты жоятын, дүниені апатқа ұшырататын қаруға қарсы күресу; - қоғам өмірінде ерекше орын алатын, өндірістің, ғылыми-техникалық және мәдениеттік прогрестің дамуына сүйеніп, адамзаттың өз өмірін табиғат апаттарынан сақтау (жер сілкіністерінен, су апаттарынан қорғайтын құрылыс, бөгеттер салу жатады); - экологиялық тұрғыдан таза, үнемді, қалдықсыз өндіріс, жаңа энергия көздерін ашу, сапалы, денсаулыққа зияны жоқ өнімдер шығару, т. б. кешенді жолмен айналысуы керек.

Бэкон: «Адам табиғатты бағындырумен бірге оған бағыну керек», – деген.Адам табиғатты игере отырып, өзінің өмір сүруіне жаңа жағдайлар жасайды: киім киюін заманның талабына сай жетілдіру. Тұрғын үйлерді жаңа талаппен салу – (жасанды салқындық пен жылыту жағдайын жасау), жаңа тұрғын жерлерді игеру, демалу «өндірісін» жетілдіру, т. б. өз кезегімен дами беретіні айдан анық. Ғылым, техника, экология, мәселелерін шешкенде әлеуметтік факторларды сараптап, өндірістік ерекшеліктерді ескере отырып олардың қандай мәдени, идеологиялық, этикалық-гуманистік, эстетикалық, т. б. салдары болуы мүмкін? – деген сұрақтарға аса үлкен мән беріп отыру керек. Ноосфера ұғымы. Ноосфера туралы екі түрлі түсінік бар: 1) ақыл-ой сферасының үстемдік етуі (Фихте); 2) адамзат пен табиғаттың ақыл-ой арқылы қарым-қатынас жасау сферасы (Теяр де Шарден, Вернадский) Өзінің ноосфера туралы концепцияларына Вернадский мынандай алғы шарттарды ұсынады: 1) Адамзат біртутас бүтін қоғам; 2) Байланыс пен ақпарат таратудағы жаңалықтар; 3) Адамзаттың тең өмір сүруі; 4) Адамзаттың өмір сүру деңгейінің көтерілуі; 5) Энергетикалық дамуы; 6) Қоғам өмірінен соғыстың аластатылуы.

50. Сыни рационализм бағытын түсіндіріңіз. Сыни рационализм – бұл қазіргі философиядағы қандайда бір “таза” рационалистік моделді өндеп шығарумен айналысатын, барлық уақытта да барығына сенімділік танытатын бағыт. Ол постпозитивизмдегі ең ірі ағымдардың бірі бола отырып, ғылыми танымның методологиялық мәселесін өңдеуге өз үлесін қосады. Оның негізін салушы ағылшын философы К.Поппер(1902-1988ж.). Ғылыми білімнің табиғаты тұтас болып келеді, оны бір бірінен бөліп қарауға болмайды. Ғылыми білімдермен  философиялық концепциялар өте тығы “қабыса” отырып және өзара байланыста болады.

К.Поппер ғылым заңдылықтарын аналитикалық пайымдау  мен оларды бақылаудан анықталмайтындығы айтты. Яғни ақиқат еместің жалған екендігіне, ғылымға фальсификациялау принципі қажет. Фальсификация – бұл ғылымға қатысты кез келген орныққан анытаманы жалғанға шығару принципі. К.Поппер ақиқат деп тәсілмен теріске шығарылмаған дүниені айтуға болады. Егерде кейбір орын алған “атомарлық” анықтамалардың теорияларының немесе гипотезасының жалған екендігіне жағдай туылса, онда сол теориялар мен гипотезалар теріске шығарылмақ. Егер гипотезаның тәсілдік теріске шығарылуы орын алмаса, онда ол ақиқат немесе ақталып шыққан болып саналады. К.Поппер үшін фальсификация принципі – бұл эмпирикалық тексеріс тәсілі емес, ғылымның белгілі бір орын алуындағы ғылыми білімнің мазмүнына сыни талдау жасау, барлық оның жетістіктеріне әркез сыни көзбен қарап отыру қажеттігі. Ғылым – бұл әрдайым динамикалық процесс, яғни үздіксіз өзгеріс үстінде болатын.

Сыни рационализмнің өркендеуіне айтарлықтай үлес қосқандардың қатарына сонымен қатар Т.Кун, И.Лакатос, П.Фейерабендтер жатады.

51. Адам – техника жүйесіндегі басты элемент екендігін талдаңыз. «Техника» түсінігі гректің («techne») - өнер, шеберлік, іскерлік деген сөзінен шыққан. Антика заманында техника түсінігі, адамның жасампаз іскерлігі мен ішкі қабілетін, осы іскерліктің өзіндік заңдарын, сонымен бірге адам әрекетінің жемісті болуындағы көмегін айтады.

Техниканың әлеуметтік мәні және сипаты: - жеке еңбек қаруын техникаға жатқызуға болмайды; - «techne» - антикада жерді өңдеу, аң аулау, теңізде жүзу, дәрігерлік, тоқыма, қару жасау және театр өнерін айтады; - техникалық білім өндіріс процесінде ой арқылы объектіні құрастырады, проект жасайды. Оны мақсатты орындаудағы құрал ретінде көру қажет.

Техниканың даму барысын табиғаттың өзгерту мүмкіндігі бар. Бір жағынан, техника мен табиғат ұқсас қимылдайды, ал екінші жағынан ол табиғатты адамның керегіне қарай өзгертеді.

XVII-XVIII ғғ ғылыми революция дәуірінде Батыс Еуропа елдеріндегі өндірістегі өзгерістер, латын тіліндегі «technica ars» (өндірістегі өнер әдісі) француз тіліне «tehnigac» содан кейін неміс тіліне «technic» болып ауысты. Сөйтіп, термин арнайы мамандық бола бастайды. Жаңа дәуірде ол күрделі құралдардың бірлігін, әрекетін, өндірістегі шебер жасалуын, ең алдымен еңбек қаруы және машина ретінде қарастырылды. Сондықтан бұл сөздің түсінігі өзгереді. Техника өз дамуының жаңа кезеңіне, яғни ғылыми техникалық революцияның нәтижелерін өндірісте қолданудың сара бағыты болып табылатын автоматтандыру кезеңіне аяқ басты. Адам технологиялық процеске тікелей қатысып, оны басқарады, ал ол орындайтын еңбек процестерін технологиялық жүйенің өзі атқарады. XX ғасыр ғалымдары ашқан революциялық табыстар техникалық даму дәрежесіне өте үлкен әсер етіп, атом реакторларын, атом үдеткіштерін,космос ракеталарын, электрондық есептеу машиналарын, нәзік регистратор аппаратурасын, космос байланыс жүйелерін жасауға жол ашты. Қоғамның әлеуметтік құрылымы күрделеніп, одан сайын жіктеле түседі. Онда жаңа кәсіптік топтар пайда бола береді. Мысалы, менеджерлер, программистер, космонавтар т.б. Қала халқының саны өсіп, ал ауылдағылардың саны күрт азаюда.

52. Ғылым мен өндіріс интеграциясының қазіргі кезеңдегі ерекшеліктерін талдаңыз. Өндіргіш күштердің тарихи өркендеуінің нәтижесі қазіргі ғылыми техникалық прогресс. Сондықтан, қазіргі заман ғылыми-техникалық немесе технологиялық революция заманы. Олай болса осы құбылыстың басты көріністері және мәні қандай? -ғылыми- техникалық прогресс кең ауқымды, әмбебап сипатқа ие болды. Ол қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтиды, тұрмыс жағдайына да, ұдайы өндіріс фазаларына да ықпал етті; -ғылым мен өндірістің интергациялық қатынасы жоғары дәрежеге жетті. Экономикалық өсу-өрлеудің факторлары мен қайнар көздерін, шаруашылық құрылымын және т. б. жағдайларды күрт өзгертті; -жаңа принципті техника мен технология жасалып өндіріске енгізілуде. Сапалық жаңа өндіріс аппараты қалыптасып келеді. Бірлескен жұмыс күші даму үстінде; -қазіргі ғылыми -техникалық прогрестің ерекшеліктерінің бірі- микроэлектрониканың жедел қарқынмен дамуы және пайдаланылуы; -ғылыми –техникалық прогрестің қарқынды дамуы қоғамдық өндірісті алға бастыруда ғылымның рөлінің өскендігінің айқын көрінісі. Ғылым мен өндіріс қосылып біртұтас процеске айналды. Осының негізінде:

-қалдықты аз қалдыратын немесе тіпті қалдықсыз технология өмірге келді. Мұның экономикалық және экологиялық маңызы өз алдына ереше,

Қазіргі ғылыми- техникалық прогресс өте тапшы шикізаттарды жасанды жолмен алған заттармен алмастырудың негізгі бағыттарының біріне айналдырып отыр. Бұл материалдарды өңдеудің жаңа әдістерін одан сайн жетілдіріп және іс жүзінде пайдалануды тездетеді.

Ғылыми техникалық революция жұмыс күшінің сапасын жақсартуға жол ашады. Демек,бұл білімберу жүйесінде де революциялық өзгерістер енгізеді.

Тәуелсіздікке қолы жеткен жас мемлекет Қазақстан үшін мұның маңызы зор. Білім беру жүйесін уақыт, өмір талабына сай қайта құру сөзсіз ізгі ниеттен туған , ұлы мақсатты көздейтін прцесс екендігін естен шығармаған абзал.

53. Фейерабендтің философиялық анархизмін түсіндіріңіз. Фейерабенд өзінің тұжырымдамасын «эпистемологиялық анархизм» деп атады. Методология тұрғысынана анархизм екі қағиданың салдары болып табылады: пролиферация қағидасы және өлшемсіздік қағидасы. Пролиферация қағидасына сәйкес, қолданыстағы және мойындалған теорияларға сәйкес келмейтін теориялар мен тұжырымдамаларды жасап, ойлап табу қажет. Бұл әрбір ғалым, жалпы айтқанда, әрбір адам, ол қоршаған ортаға қаншалықты ерсі көрінсе де, өзінің жеке тұжырымдамасын ойлап тауып, дайындай алады. Өлшемсіздік қағидасы б/ша теорияларды салыстыру мүмкін емес дейді. Бұл қағида кез келген тұжырымдаманы басқа тұжырымдамалар тарапынан сыннан қорғайды. Осылайша, пролиферация және өлшемсіздік қағидаларының бірігуі анархизмнің методологиялық негізін қалыптастырады: ӘРКІМ ӨЗІНЕ ЖЕКЕ ТҰЖЫРЫМДАМА ОЙЛАП ТАБУҒА ЕРІКТІ; оны өзге тұжырымдамалармен салыстыруға болмайды, өйткені ондай салыстыруға ешқандай негіз жоқ; осылайша, бәріне рұқсат берілген. Барлық жағдайларды және адмазат дамуының барлық кезеңдерінде қорғауға болатын бір ғана қағида бар. ОЛ – барлығына рұқсат қағидасы.

Фейрабенд өзінің эпистемологиялық анархизмін саяси анархизмнен ажыратады. Дегенмен, олардың арасында, әлбетте, байланыс бар. Саяси анархистің белгілі бір саяси бағдарламасы бар, қоғам ұйымдастырылуының белгілі бір нысандарын жоюға тырысады. Эпистемеологиялық анархист болса, кей жағдайда ол нысандарды қорғауы мүмкін. Себебі ол ешқандай қоғамдық ұйымға және иделогия нысанына мүлтіксіз берілмеген немесе тұрақты қастығы жоқ. Оның ешқандай да қатаң бағдарламасы жоқ, ол бағдарламалардың болуына қарсы. Ол сана мен эоцияны, ирония мен қызметтік ұстамдылықты, жалпы айтқанда, адам баласының ойлап табатын барлық құралдарын пайдаланады. Оның қарсы шығатын жалғыз нәрсесі – «Шындық», «Сана», «Әділеттілік», «Махаббат» сияқты әмбебеап нормалар, әмбебап заңдар, әмбебап идеялар және бұл нормаларға негізделген мінез-құлық.

54. Ғылыми техникалық прогресс пен регресс түсінігін талдаңыз. Ғылыми-техникалық прогресс ретінде адамның материалдық игіліктер өндірісі саласына және қоғам өмірінің басқа да салаларына ықпал ететін ғылыми және технологиялық білімді толықтыруға жасаған қозғалысы. Өркениет тарихы ғылыми техникалық прогрестің үнемі жылдамдау үдерісіне куә болуда. Оған 19 ғасырдан басталған ғылымның, техниканың және өндірістің бірігу үдерісінің күшеюі айтарлықтай мөлшерде әсер етті. ҒТП материалдық өндіріс және өндірістік емес саладағы сапалы өзгерістерді ынталандырады, еңбек өнімділігің тұрақты өсуіне әкеледі, қоғам өмірінің барлық жақтарына ықпал етуді және әлеуметтік прогрестің маңызды бөлігі болып табылады. Ғылыми-техникалық прогрестің күрт дамуы барысында ірі өндірістік қалаларда автокөліктердің санының өсуінен, атмосфера және озон қабаттарына улы газдардың мол бөлінуінен, ірі елді мекендерде таза ауыз су тапшылығынан адам­ның денсаулығына залал келуде. Қазіргі кездегі қоршаған ортаның радиациялық, химиялық, биологиялық ластануы әлемдік деңгейде адам баласы мен тіршілік дүниесіне қауіп төндіруде. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы адам мен қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын күрделендіріп жіберді.

Регресс түсінігі соңғы 100 жыл ішінде экономистер мен математиктердің белсенді зерттеп жүрген ұғымымен байланысты. Себебі артқа жүру ғылымның соңғы жетістіктерімен сәйкес жүру қажет. Жүйесіз регресс хаосқа тең. Ғылыми негізделген, божамданған және графиктер мен түрлі есептеулермен көрсетілген регресс қана шынымен жағымды ықпал етуі мүмкін.