- •26. Ғылым мен білім өзара қарым-қатынасын ашып қарастырыңыз.
- •27. Нақты ғылымдардың дамуына Қазақстанда қандай шарттардың жасалынып жатқанын көрсетіңіз.
- •28. Ғылым мен этика мәселелеріне көзқарасыңызды ашып көрсетіңіз.
- •30. Қазіргі таңда ғалым болу мәртебесін талдаңыз.
- •32. Ғылымның жаһандық даму контектісіндегі орны туралы жазыңыз.
- •35. Кунның ғылыми тұжырымын негізденіз
- •41.Сцентизм әне антисцитизм.
- •Можно выделить три основных направления в научных исследованиях:
- •55. Поппердің ғылыми позициясын баяндаңыз.
- •59. Экономика ғылымының философиялық мәселелерінің ерекшелігін көрсетіңіз.
- •20. Ғылым төңкерісінің құрылымын табыңыз.
35. Кунның ғылыми тұжырымын негізденіз
Кунның тұжырымы жаңа парадигманы ғалымдардың жаңа легі психологиялық деңгейде мойындап, мақұлдауы қажет. «Ғылым логикалық емес, психологиялық» дейді Кун. Яғни, парадигманы сыни эксперименттен өткізіп қажеті жоқ, ғалымдарыдң аға буыны ыдырап, жаңа легі жаңа парадигмамен жұмыс жасап дағдыланса болғаны. Ғылым динамикасының «кумулятивтік теориясының » авторы, француз ғалымы Пьер Дюгемнін пікірінше, ғылымның дамуы кірпіштен қаланған қабырғаның біртіндеп биіктеуі секілді, бұрын танылған нәрсенің біртіндеп өсуі. Ғалымның жұмысы – осы ғылым ғимаратының, оның теориясының кірпіштерін іздеп тауып, орнына қалау. Оның бастауын ғылым-ның бұрынғы тарихынан табуға болады. Дюгемнің осы көзқарастарына жүгінсек, дүниенің ғылыми бейнесі өзгермейді, тек кеңейе түседі, ғылым дамуында түбегейлі теңкеріс дегендер болмаған. Мұндай көзқарастарға қарсы шыққан Кун ғылымның дамуы ескі білімнің үстіне жаңа білімнің қалануы емес, бұрынғы беделді деген, жетекші түсініктердің мүлдем жаңа түсініктермен трансформациялануы, ауыстырылуы, яғни белгілі бір кезендерде болып отыратын ғылыми революциялар деген теорияны ұсынады. Негізінен алғанда, Т.Кунның теориясын қабылдауға болады. Ғылымның дамуы міндетті түрде өзіне дейінгі дәстүрлерге сүйене отырып дамитын-дығы күмән тудырмайды. Дәстүрлер көзге көрінетін (явное) немесе вербальді және көрінбейтін (неявное) немесе вербальдік емес болып бөлінеді, ғылыми таным процесінде өзара орын ауыстырып отырады. Көрінетін білімдерді кейбір ғалымдар басты, орталық білім деп те атайды, бұл білімдер басты назарда болады, негізінен алғанда оқулықтар мен ғылыми монографияларда мәтін-текст түрінде болады. Т.Кунның парадигмаларын білімнің осы түрінің мысалы ретінде қарастырған дұрыс.
36 Позитивизм бағытының негізін салушылар мен олардың көзқарастарының бірегейлігін көрсетіңіз. Позитивизм – XIX – XX ғасырдың бірінші жартысындағы философиялық бағыт. Позитивизмнің алғашқы тарихи формасы дәстүрлі метофизикаға, яғни болмыстың бастаулары және жалпыға бірдей принциптері туралы философиялық ілімге қарсы бағытталған. Осы философияның негізін салушы және насихаттаусышы Огюст Конт (1798-1857). Огюст Конт философиясы құбылыстардың мәніне тереңдеу емес, олардың арасындағы байланыстарға көңіл бөлген. Конт концепциясында білімдердің методологиялық бірлігін, яғни физиканың, астрономияның әдістерін қоғамдық өмір құбылыстарына пайдалану керектігін басты міндет деп санайды. Білімнің жалғыз бастауы – тәжірибе. Ол «метафизикалық» (философиялық) мәселелерді ғылымға бейімдеуге болмайды, өйткені ғылым өзіне сүйеніп дамиды. Ғылым өзіңе философия. Тек ғылым ғана пайдалы білім береді. Философия адамның дүниетанымдық белсенділігінің көрінісі. “Позитивті философия курсында” Конт ғылымдардың классификациясын ұсынады. Соған байланысты барлық ғылымдардың орналасу реттерін келтірген: математика, астрономия, физика, химия, биология, социология, этика және т.б. Позитивизмнің даму барысында оның субьективизмі айқындала түсті. Оған дәлел ағылшын позитивисі ілімі Г. Спенсер.
Герберт Спенсер (1820-1903) XIX ғасырдың эволюционизмнің ірі өкілі. Эволюция құбылыстар әлеміндегі жалпыға бірдей процесс, заңдылық. Эволюция баяу өтетін өзгерістер, яғни айқын емес байланыссыз біркелкіліктен, айқын байланысты әркелкілікке өту процесі. Осы заң тәжірибеден тумайды, оның түп негізі біздің ой-санамыздың табиғатында жатыр, сондықтан оны тану мүмкін емес. Дүниенің құпиясы тәжірибе арқылы берілмейді. Ғылыми танымда құбылыстың мәніне жетпейді. Философия ғылымға жақын, бірақ философиядан метафизикалық сауалдарды (дүниенің, болмыстың мәні, түпнегізі) алып тастау керек. Философияның басты міндеті ғылыми нәтижелерді жинақтау.
37. Ғылымдағы шынайылық мәселесін философиялық тұрғыдан түсіндіріңіз. Ғылым қоғамдық сана нысандарының бірі ретінде философия, дін және т.б. қатар объективті шындық туралы білімді алуға және жүйелендіруге бағыттал-ған, өзіне жаңа білімді өңдеу бойынша және анықталған нәтижелерді алудың іс-әрекетін енгізеді. Ғылым табиғат пен адам және оның тіршілік ететін әлеуметтік мәдени ортасының зерттелетін объектілерінің қасиеттері мен қарым-қатынастары туралы білімді тарихи жағынан дамытатын жүйесі болып табылады. Ғылым – мәдениеттің анықтаушы қосалқы жүйелерінің бірі. XXI ғасыр басында оның 800-ден астам анықтамасы болды, сондықтан «ғылым» ұғымын қайта тұжырымдау процесінде туындаған қиыншылықтар заңды, немесе әрбір ғалым ғылым феноменінің меншікті түсіндіруін береді. Альберт Эйнштейн, ғылым – бұл сезімтал әлемнің «ретсіздік көп түрлілігін» «ойлаудың бірыңғай жүйесіне» сәйкестендіруге ұмтылыс, — деп бейнелеп суреттеген. Жалпы оның анықтамасы шеңберінде ғылым – бұл рухани және материалдық шындық туралы объективті, жүйелі және дәлелденген білімдерді қалыптасты-румен байланысты теориялық та және практикалық та саладағы іс-әрекеттің ерекше нысаны. Егер неғұрлым дәлірек айтқанда, бұл анықтаманы нақтылайтын ғылыми қызметтің бірнеше бағыттарын атау керек: - шындықтың сыртқы емес, мағыналық сипаттамаларын анықтау; - әлемнің объективті бейнесі туралы білімнің логикалық тұрғыдан қарам-қайшылықты жүйесін қалыптастыру; - анықталған табиғи және әлеуметтік заңдар негізінде нақты объектілер және процестер жағдайын жобалау; - танымдық әрекеттің арнайы құралдарын жасау және әзірлеу, мысалы, математикалық әдістер, зерттеу жабдықтары және т.б.; - еңбекті қоғамдық бөлу саласында кәсіби қызметтің ерекше түрлерін тарату (ғалымдар, инженерлер және т.б.); - кітапханалардан, ақпараттық орталықтардан және т.б. алынған білімді алу, сақтау, тарату және енгізумен айналысатын ұйымдар және мекемелердің арнайы жүйесінің қызмет етуі.
38. Ғылыми әдістер классификациясын көрсетіңіз. Ғылыми танымның әдістері жалпы деңгейлеріне, ғылыми зерттелу үдерісіне, қолданылу ауқымының кеңдігіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Сондай-ақ олар: жеке, жалпы ғылыми жәнежалпылама (философиялық) әдістерге бөлінеді. Жеке әдістер нақты зерттеулердің тар шеңберінде қолданылады және зерттелетін объектілердің сапалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста болады. Пәндік бағдарына қарай зерттелу үдерісіне: физикалық, биологиялық, әлеуметтік әдістері қолданылады. Мысалы, химиядағы валенттілікті табу, социологиядағы анкета жүргізу әдістері сияқты. Зерттелетін объекті мен оны зерттеу арасындағы тәуелділікті ескере отырып, зерттеуші объект пен әдістің сәйкестілігін қадағалау керек. Жалпы ғылыми әдістер ғылыми зерттеулер аясында кең қолданылады. Жалпы ғылыми әдістердің кейбірі тек эмпириялық деңгейде (бақылау, эксперимент, өлшеу), басқалары тек теориялық деңгейде (идеалдау, формалау), тағы бірқатары эмпириялық және теориялық деңгейде (модельдеу) қолданылады. Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді. Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған: 1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау; 2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту; 3) өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру; 4) тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына байланыстыөзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.
Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады: 1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру; 2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру; 3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.
39. Ғылыми революция дегеніміз – ғылым дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып, оның ішкі қайшылықтарын шешетін, мазмұнын өзгертетін ерекше құбылыстар.Ғылымдағы революция сан қырлы. Олардың үш негізгі сипаттарын бөліп қарастыруға болады: 1) Жаңа эмпирикалық материалдарды теориялық түрде талдау жасау, 2) Табиғат туралы бұрын қалыптасқан түсініктерді түбірімен жою; 3)Тығырыққа тірейтін жағдайлардың пайда болуы.
Ғылыми революцияларға тән жағдай ол: ескі идеялар мен теориялар талқандап, шығарып тастау арқылы танымның теориялық негізін саналы қайта құру.Ғылыми танымның тарихи дамуы барысында бірнеше ғылыми революциялардың түрлерін бөліп қарастыруға болады. Олар: Жеке – білімнің тек бір аумағын қарастыратын микрореволюция;Кешендік – білім аумағының бірнеше салаларын қарастыратын революция; Әлемдік – ғылым негізін тұтасымен өзгертетін жалпы революция. Ғылыми революциялардың түрлерін анықтаған кезде мынандай жағдайларды еске алу қажет:ғылыми революциялардың аумағы; ғылымның іргелі теориялары мен заңдарын қайта құру тереңдігі; жаңа іргелі заңдар мен жаңа жалпы ғылыми жаратылыстық теориялар ашу;әлемнің жаңа картинасының қалыптасуы; ойлаудың жаңа түрін қалыптастыру;ғылым дамуының тарихи кезеңі,ғылыми революцияға ілесе жүретін әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар. Егер ғылым тарихына үңілетін болсақ, онда екі революцияны ғана әлемдік, іргелі революция деп атауға болады: XVI-XVII ғасырлардағы революция мен ХХ ғасырдағы ғылыми-техникалық революция. XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революция материя қозғалысының механикалық формасын зерттейтін ғалымдағы революциялық секіріс болды. Ол классикалық жаратылстанудың негізін қалады. XIX ғасырдың ортасында бірнеше кешендік революциялар қатар болды. Олардың ішінде ерекше бөліп қарайтын революциялар: органикалық клетканың ашылуы, энергияның сақталу және айналу заңы, Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі, химиялық элементтердің периодтық жүйесі.
40.Ғылымдағы эмпирикратиз бағытының мәні. Негізінен ғылымдарды екі санатқа бөледі:Жаратылыс құбылыстарын (биологиялық өмірді қоса) зерттейтін жаратылыстану ғылымдары және Адамзат өмірі мен қоғамдарын зерттейтін гуманитарлық ғылымдар.Бұл санаттар эмпирикалық ғылымдар болып табылады, яғни ондағы білім табиғатта көруге және зерттеушілердің әлдебір шарттарда тәжірибе арқылы тексеруге болатын құбылыстарға негізделген.Кейде фундаменталды ғылым деп аталып үшінші санатқа жатқызылатын математика ғылымының жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдармен ұқсастығымен қатар айырмашылықтары да бар. Ұқсастығы — объективті, ұқыпты және жүйелі әлдебір білімді зерттегенінде болса, айырмашылығы білімді тексеру тәсілінде: ол эипирикалық емес, көбінше априори тәсілдеріне жол береді. Статистика мен логистика ғылымдары жататын фундаменталды ғылымдар эмпирикалық ғылымдар үшін өте маңызды. Фундаменталды ғылымдарының ірі жетістіктері физика және биология ғылымдарына да жиі ірі жетістіктер әкеледі. Фундаменталды ғылымдар нәрселердің қалай жұмыс істейтінін (жаратылыстану ғылымдары) ашу мен сипаттауда, сонымен қатар адамдар қалай ойлап, қалай әрекет ететінін (гуманитарлық ғылымдар) сипаттауға маңызды гипотезалар, теориялар және заңдылықтар құруда үлкен рөль атқарады.
Қазіргі заманғы ғылымда жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың методологияларының бір-біріне жақындасу тенденциясы байқалуда, бірақ олардың негізгі және қағидалық айырмашылықтары әлі де сақталуда.Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді.Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған: 1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау; 2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту; 3) өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру; 4) тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына байланыстыөзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.
