- •26. Ғылым мен білім өзара қарым-қатынасын ашып қарастырыңыз.
- •27. Нақты ғылымдардың дамуына Қазақстанда қандай шарттардың жасалынып жатқанын көрсетіңіз.
- •28. Ғылым мен этика мәселелеріне көзқарасыңызды ашып көрсетіңіз.
- •30. Қазіргі таңда ғалым болу мәртебесін талдаңыз.
- •32. Ғылымның жаһандық даму контектісіндегі орны туралы жазыңыз.
- •35. Кунның ғылыми тұжырымын негізденіз
- •41.Сцентизм әне антисцитизм.
- •Можно выделить три основных направления в научных исследованиях:
- •55. Поппердің ғылыми позициясын баяндаңыз.
- •59. Экономика ғылымының философиялық мәселелерінің ерекшелігін көрсетіңіз.
- •20. Ғылым төңкерісінің құрылымын табыңыз.
32. Ғылымның жаһандық даму контектісіндегі орны туралы жазыңыз.
Адамзаттың дамуы тұрғысынан алғанда, біз өмір сүріп отырған заман осы кезге дейінгі интеллектуалдық, ғылыми және техникалық тәжірибе жинақтаудың ең биік шыңы екендігі еш күмән тудырмайды. Біз қордаланып қалған, шешімін таппаған көптеген жаһандық мәселелердің ортасында өмір сүріп келеміз. Адамзат ғаламдық деңгейдегі әртүрлі күрделі сын-қатерлермен бетпе-бет келіп қана қоймай, алдағы 20-30 жыл ішінде соларды шешудің оңтайлы жолдарын іздеп табуға мәжбүр. Ғаламдық сипаттағы сын-қатерлерді қарастырғанда мәселенің ғылыми-техникалық астарларымен қатар, философиялық, діни және рухани негіздерін де ұмыт қалдырмаған жөн. Тіпті, сол мәселелердің туындауының негізгі себебі адамның өзіне келіп саятынын, оның мінез-құлқына, тәлім-тәрбиесіне, жауапкершілігіне тікелей байланысты екендігін де ашық айту қажет.
Адамзат өз даму жолының қорытындысын жасап, өз өткеніне әділ баға беріп, дамудың жаңа сапалы кезеңіне аяқ басқалы тұр. Ғылым мен технология қарыштап дамыған ХХ-ХХІ ғасырларда тарихта бұрын-соңды болып көрмеген кісі өлімінің тіркелуі, дүниежүзілік соғыстар мен қарулы қақтығыстардың, құқықтық заң бұзушылықтар мен экологиялық қылмыстардың, геноцид пен қуғын-сүргіндердің, атомдық жарылыстар мен техногендік апаттардың орын алуы, өндірістік қалдықтардың табиғатты, жерді, суды, ауаны ластауы сынды оқиғалар адамзаттың психологиясында, санасы мен тіршілігінде жағымсыз әсерлер қалдырғаны рас.
Жаһандық мәселелер жеке адамның өмірін айналып өте алмайды. Жекелеген адамның өмірінде кездесетін күрделі мәселелер қоғамдық, мемлекеттік және жаһандық деңгейлерде қордаланып, жиналып, үлкен жаһандық сын-қатерлерге ұласады. Біз өмір сүріп отырған ғасырды адам санасын шатастыратын күрделілігі мен маңыздылығы жөнінен алғанда, күллі адамзаттың даму тарихының қорытындысы ретінде қарастыруға болады.
33. Гуманитарлық ғылымдардың ерекшеліктерін сипаттаңыз. Гуманитарлық білім -адамның әлеуметтік табиғаты жөнінде, сонымен бірге көркем мәдениет негіздері мен оның тілі туралы ғылыми білімдер негізін баяндайтын оқу пәндерініңкешенін қамтитын жалпы білімнің үш құраушысының бірі. Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланыстыратын негізгі нәрсе – ол қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму заңдарын ашып, тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенеді. Сондықтан әлеуметтанудың жалпы қоғам даму заңдары бұл ғылымдардың әдістемесі мен теориясы ретінде саналады. Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланысынң екінші түрі, ол адам туралы, оның іс-әрекетін қызметін оқып үйренудің, оны жан-жақты талдаудың, өлшеудің әдістері мен техникасын тұжырымдап қалыптастырды. Бұлар нақтылы қоғамдық және гуманисттік ғылымдарда кеңінен қолданылады. Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланысының үшінші негізгі түрі- ол нақтылы ғылымдар мен тығыз жақындасып, байланысу арқылы ғылыми арнайы тұжырымдық база қалыптастырады. Мысалы, экономикалық ғылымымен тығыз байланыста болып, экономикалық құбылыспен процесттерге бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде әлеуметтік экономиканың арнауы теориясы жасалды. Құқық ғылыммен бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде- құқықтық әлеуметтану; саяси теориямен бірге отырып, саяси әлеуметтану; педагогикамен бірге отырып, педагогикалық әлеуметтану, тәрбие әлеуметтануы; әдебиет, тіл, көркем өнер ғылымдарымен біріге отырып, әдебиет әлеуметтануы, тіл әлеуметтану, көркемөнер әлеуметтануы, т.б. әлеуметтанудың арнаулы теориялары (барлығы 100-ге тарта) пайда болды. Бұл ғылымдардың арнаулы теориялары, басқаша айтқанда, әлеуметтік теориялар немесе деңгейдегі теориялар деп аталады. Басқа ғылымдардың әлеуметтанумен тығыз байланысы олардың әрқайсысының әлеуметтанудың ғылыми категорияларының (жалпы ғылымдарын) қағидаларын, заңдарын нақтылы әдістерін кеңінен пайдалануынан байқаймыз.
34. Ғылыми рационалдық концепциясының ұғымы мен ерекшелігін қарастырыңыз. Эмпиризмге қарама-қарсы бағыт рационализм. Оның негізін қалаушы француз ойшылы, ғалым және философ Рене Декарт. Декарт және басқа да рационалисттер білім сананы дамытады, ал сезім жаңа білім алуда тек қосымша рөл ойнайды деп ойлаған. Жеке адамның ақыл-ойын алсақ та, жалпы адамзаттың ақыл-ойының тууы және даму тарихын алсақ та, бәрібір дүниетанудың ақыл-ой (рационалдық) формасы сезімдіктен, жеке дараны тікелей қабылдаудан өсіп шығады.Бұл жалпы заңдылық. Рационалдықтың классикалық түсінігі тарихта адам тұңғыш рет өзінің ойлау қабілетін түсіне бастаған кезде қалыптаса бастайды деп есептелінеді. Ақыл-ой қызметін түсіне бастау кезеңі тарихтағы алғашқы цивилизациялардың рухани өміріндегі түбірлі өзгерістер кезеңі. Классикалық рационалдықтың бірінші қағидасы: дүниені түсіну – табиғатты түсіну. Табиғатта реттілік, тәртіп бар, олар тұрақты және универсальды сипатта болады. Оған адам ақыл-ой категорияларының тұрақтылығы мен универсалдығы сәйкес келеді, оның арқасында ғана ғылым дүниедегі реттіліктің ішкі мәнін аша алады. Екінші қағида: адамның ақыл-ойы – өзіндік ерекшеліктері, өзіндік мазмұны, күш қуаты бар дербес құбылыс.
Ғылыми таным абстрактылы ұғымдармен жұмыс жасаса, көркемдік таным нақтылы тірі адамды бейнелі, көрнекілік тұрғыдан қарастырады деген пікір қалыптасқан. Бұл тұжырым белгілі мөлшерде әділ болғаныменен, ол да ғылыми танным ерекшелігін көрсете алмайды. Бір жағынан, күрделі ғылыми абстракциялар құрастыру мен айналысатын ғылымға көрнекі бейнелерге, аналогия мен метафораларға жиі жүгінуге тура келсе, екінші жағынан, суретшілер өз шығармашылқтарында дәл, логикаық, кіршіксіз ұғымдарға, пікірлермен әдістерге сүйеніп отрады. Мұны, мысалы, Шостаковичтің бірқатар симвониялары бағдарламаларын музыклық мәтінмен салыстырғанда айқын аңғаруға болады. Дәл, ұғымдарға бейнеленген білімдер көптеген ірі жазушылардың шығармашылығының негізін құрайды.
