- •26. Ғылым мен білім өзара қарым-қатынасын ашып қарастырыңыз.
- •27. Нақты ғылымдардың дамуына Қазақстанда қандай шарттардың жасалынып жатқанын көрсетіңіз.
- •28. Ғылым мен этика мәселелеріне көзқарасыңызды ашып көрсетіңіз.
- •30. Қазіргі таңда ғалым болу мәртебесін талдаңыз.
- •32. Ғылымның жаһандық даму контектісіндегі орны туралы жазыңыз.
- •35. Кунның ғылыми тұжырымын негізденіз
- •41.Сцентизм әне антисцитизм.
- •Можно выделить три основных направления в научных исследованиях:
- •55. Поппердің ғылыми позициясын баяндаңыз.
- •59. Экономика ғылымының философиялық мәселелерінің ерекшелігін көрсетіңіз.
- •20. Ғылым төңкерісінің құрылымын табыңыз.
30. Қазіргі таңда ғалым болу мәртебесін талдаңыз.
Абай шығармаларыңда ғылым сөзі хакім сөзімен бірге, жарыса қолданылып отырады. Бұл сөздердің негізі бір болғанымен Абайда бұлар танымдағы мағынасы басқаша, өзіндік ерекшеліктері бар дербес ұғымдарға жатады. Абай Отыз сегізінші сөзінде ғылым салаларын өзінше жүйелей саралап отырады да, ғылымның иесі ғалымдар мен хакімдерге ерекше назар аударып, олар жайлы өз түсінігін береді. Абай ғалым ұғымына дүниелік табиғи ғылым мен қоғамдық ғылымдардың жеке саласын жете меңгергендерді жатқызады. Абай нақылияға жүйріктерді ғалым деп білетіндіктен: «...дүниеде ғылыми заһири бар, олар айтылмыштарды нақылия деп атайды, бұл нақылияға жүйріктер ғалым атанады» - деп, өзінше анықтама беріп отыр. Абай сөзімен айтар болсақ, ғадалет, махаббат сезім кімде көп болса, ол кісі - ғалым, сол ғақил. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз: жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақыл мен біліп аламыз - деп толғанысқа түседі. Мұнда Абай табиғат пен қоғам болмысындағы мәңгі бірге жасасып келе жатқан объективті заңдылықтардың мән-мағынасы адам санасында сәулеленуі арқылы сыры ашылып, мәні танылған құбылыстарды «жарасып, жасалып қойған нәрселер» деп өте дұрыс ұғынып отыр. Ғылым, Абай пікірінше, ғайыптан пайда болатын кездейсоқ құбылыс емес, ол шын дүниенің бойындағы объективті шыңдықтардың біртіндеп ашылып танылуы арқылы жиналып бірте-бірте қорланатын рухани қазына. Мұның иесі – Ғалым. Кімде-кім талмай еңбектеніп, сарыла ізденіп санасын мәні ашылған шындықтармен толықтырып, қорландырып отырса, ғылымның бір саласын жете меңгерген ғалым болуы қиын емес. Ғалым болу әрбір адамның өзіне тікелей байланысты құбылыс. Осы себепті де Абай: «Жамандық көрсен нәфрәтлі, Суытып көңіл тыйсаңыз, Жақсылық керсен ғибрәтлі, Оны ойға жисаңыз, Ғалым болмай немене Балалықты қисаңыз?..», -деп келешек ұрпаққа өз өсиетін айтады.
31. Ғылым мен өнер мәселесін қарастырыңыз. Ғылым мәдениеттің маңызды элементі болып табылады. Ғылым өзіне жаңа білім алу сияқты ерекше қызметті және осы қызметтің нәтижесін – әлемнің ғылыми картинасын білдіретін осы сәттегі алынған ғылыми білімнің көлемін біріктіреді. Ғылымның тікелей мақсаты – шынайылықтың үдерістері мен құбылыстарын суреттеу, түсіндіру және болжамдау. Ғылыми қызметтің нәтижесі теориялық суреттеулер, технологиялық үдерістердің жобасы, экспериментті мәліметтердің, формулалардың т.б. жиынтығы түрінде көрінеді. Қызметтің басқа түрлерімен салыстырғанда, ғылыми қызметтің нәтижесі принципиалды түрде дәстүрлі емес. Мысалы, оны мәдениеттің тағы бір маңызды элементі – өнерден логикалық, кең көлемде жинақталған, объективті білімге деген құштарлық ерекшелейді. Өнерді үнемі «бейнелі ойлау» ретінде сипаттайды, ал ғылымның өзі «түсініктегі ойлау» болып табылады. Бұл өнер адамзаттың шығармашылық қабілеттілігінің сезімтал-бейнелі жағына қарай сүйенсе, ал ғылым түсініктік-интеллектуалды жағына сүйенетіндігін көрсетеді. Ғылыми қызмет – бұл адамзат өмірінің қызметінің бір бөлігі, ал ғылым – бұл мәдениеттің бір бөлігі. Мәдениетті ғаламда болмыстың адамзаттық тәсілі ретінде түсінген жағдайда ғана ғылымды түсінуге болады. Мәдениеттің көптеген түрлі анықтамасы бар. Мысалы, американдық тарихшы және антрополог Эдуард Тейлор мәдениетті «қоғам мүшесі ретінде адам игеретін білім, сенім, өнер, адамгершілік, заңдардың» бірлігі ретінде анықтайды. Батыс философы мен тарихшысы Й.Хейзинг өзінің "Homo ludens" ("Человек играющий") деген кітабында мәдениетті адамзатқа өзін түрлі ойындар формасында анықтауға мүмкіндік беретін ойын болмысы ретінде айқындайды. Мәдениеттегі өмір – бұл бақталастық, демонстрация, қыр көрсету, белгілі бір шектелген ережелер, шиеленіс пен болжауға болмайтын жағдайлар орын алатын сол немесе басқа адамзат ойынына қатысу. Неміс философы Эрнст Кассирердің «Символдық формалар философиясы» атты еңбегінде мәдениет түрлі символдық формалар мен мәдениет символдарының әлемі мен қозғалысы ретінде қарастырылады.
