Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия ШПОР.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
372.74 Кб
Скачать

28. Ғылым мен этика мәселелеріне көзқарасыңызды ашып көрсетіңіз.

Ғылым мен этика ұғымдары тығыз байланысты ұғымдар болып табылады. Себебі кез келген ғылым этика заңдылықтарына сүйенеді. Этика заңдылықтарының сақталмауы кез келген салада проблемалар туындатады. Ғылым саласындағы этикеттердің бұзылуы әр түрлі факторлар ықпалынан туындауы мүмкін. Ғылымдағы этика заңдылықтарының бұзылуының ең жиі кездесетін мәселелерінің бірі – ол плагиаттық, яғни авторлық құқықты бұзу.

Плагиат — басқа aвтордың әдеби немесе ғылыми туындысын иемдену, шығарма үзінділерін өз еңбегінде авторын көрсетпей пайдалану. Бөтен шығарманы немесе оның бір бөлігін түпнұсқасын атамай, өз атынан жариялағанда, із жасыру үшін түрлі әдістер қолдану да кездеседі. Мысалы, мәтінге кейбір өзгертулер енгізу, басқа сөзбен алмастыру және т.б. Мұндай өзгертулер көп болса, плагиатты дәлелдеу оңайға түспейді, арнайы салыстырып тексеруді қажет етеді. Плагиаттық жасап, басқа біреудің шығармасын иемденіп, еңбегін пайдаланған адам авторлық құқықты бұзғаны үшін заң алдында жауапқа тартылады.

Ғылымдағы этиканың орны маңызды. Білім ордалары болсын немесе кез келген қоғамда этика заңдарын ұстану қажет. Этика заңдарын бұзу – жағымсыз әсерлер туындатады, мәселелерді шиеленістіреді. Сондықтан әр саланың бекітілген этика заңдылықтары бар. Этика заңдылықтарын бұзу – құқық бұзушылықтың көрінісі де болуы мүмкін. Қазіргі таңда моральдық мәселелер жиі кездеседі қоғамда. Соған сәйкес моральдық зиян келтірген тұлға тіпті ақшалай толтыруына тура келеді. Этика – әлеуметтік-философиялық ғылым, ал мораль – оның зерттеу объектісі. Демек, этика ұғымында моральдық көріністердің аса маңызды саласы мен олардың теория жүзінде іске асырылуы көрсетіледі. Олар моральдық бағытта адамдардың адамгершілікті әрекетін нормативті бағалаудағы әр түрлілігін айқындай отырып, танымдық әрекеттің жетекші ролін атқарады. Қоғамымызда этикалық заңдылықтар нормалары сақтала бермейді. Бұл – этикалық проблема.

29. Ғылымның абстрактіліктен нақтылыққа көшу әдістерін сипаттаңыз. Гегель өз философиясын ең жоғары дәрежедегі ғылыми философия деп білген. Оның пікірінше, философияның ғылымилығы жүйелі болуымен қатар, ғылыми тәсілді жүйелі қолдануға да байланысты. Оның айтуынша, танымның шынайы тәсілдеріне, Декарттың дедукциялық тәсілі мен Беконның индукциялық тәсілінен ерекше: абстрактылықтан нақтылыққа қарай өрлеу, тарихилық пен логикалық, танымның әмбебап ұстыны, қағидаты ретіндегі қайшылық және т.с.с. тәсілдер жатады. Декарттың дедукциялық әдісінің маңызы нақтыдан абстрактіліге өту арқылы логикалық тұжырым жасау болып табылады. Қазіргі логикада логикалық операцияларға абстрактілеуді салыстыруды, қорытындылауды жатқызады, логикалық іс-әрекетке дәлелдеу, жоққа шығару кіреді. Олардың жиынтығы тұтас жаңа білім, яғни ақыл-ой қызметінің тәсілін қалыптастырады. Логикада абстрактілі ұғымдарға сапа ұғымы да жатқызылады. Бұл жерде, шынымен-ақ, абстрактілі «мейірімділік», «айлакерлік», «сезімталдық», «күрделілік», «орнықсыздық» сияқты ұғымдар мен «қызыл», «көк», «жылы», «жұмсақ», «қышқыл», «тәтті», «хош иісті» сияқты таза нақты ұғымдар бірге қарастырылады. Ал соңғылардың таза нақты болуы - олардың заттардың ең әуелгі қасиеттерін (түс, сұлба, дыбыс, иіс және т.б.) белгілеуіне және аталған қасиеттердің тікелей түсіну жолымен ғана ұғынылуына байланысты, яғни олардың нақты мазмұны сезімдік әсерлерге келтіріледі, өйткені, шын мәнісінде, абстрактілі ұғымдарды сөзбен жеткізе алсақ та, аталған қасиеттерді сөзбен жеткізу мүмкін болмайды. Бірақ, бұған қарамастан, сезімдік әсерге ойдың өмір сүру формасы болуға руқсат етілмегендіктен ғана логиканың аталмыш таза нақты ұғымдары абстрактілі ұғымдар қатарына жатқызылады. Сезімдік таным мен абстрактілі ойлау бір-бірімен тарихи және логикалық байланысқан. Өйткені, адамның сезімдік образдары ойлы сипатта болады, олар тілмен тікелей байланысты, ал мұның өзі сезімдік образдарда әлеуметтік бағалаудың болуына меңзейді. Сонымен қатар, логикалық ұғымдар, абстракциялар танымда сезімдік тәжірибемен тығыз байланыста қолданылады.