Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия ШПОР.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
372.74 Кб
Скачать

20. Ғылым төңкерісінің құрылымын табыңыз.

Ғылымдағы революция сан қырлы. Олардың үш негізгі сипатта-рын бөліп қарастыруға болады: 1)жаңа эмпирикалық материалдарды теориялық түрде талдау жасау, 2)табиғат туралы бүрын қалыптасқан түсініктерді түбірімен жою; 3)тығырыққа тірейтін жағдайлардың пайда болуы. Ғылыми революцияларға тән жағдай ол: ескі идеялар мен теория-ларды талқандап, шығарып тастау арқылы танымның теориялық негізін саналы түрде қайта құру. Ғылыми танымның тарихи дамуы барысында бірнеше ғылыми револиэцуялардың түрлерін бөлігін қарастыруға болады. 1. Жеке — білімнің тек бір аумағын қарастыратын микрореволюция 2. Кешендік — білім аумағының бірнеше салаларын қарастыратын революция; 3. Әлемдік — ғылым негізін тұтасымен өзгертетін жалпы революция.

Ғылыми революциялардың түрлерін анықтаған кезде мынандай жағдайларды еске алу қажет: 1) ғылыми революциялардың аумағы; 2) ғылымның іргелі теориялары мен заңдарын қайта құру реңдігі; 3) жаңа іргелі заңдар мен жаңа жалпы ғылыми жаратылыспгггтгү теориялар ашу; 4) әлемнің жаңа картинасының қалыптасуы; 5) ойлаудың жаңа түрін қалыптастыру; 6) ғылым дамуының тарихи кезеңі, 7) ғылыми революцияға ілесе жүретін әлеуметтік-экономика қайта құрулар. Егер ғылым тарихына үңілетін болсақ, онда екі революцияны әлемдік, іргелі революция деп атауға болады: XVI-XVII ғасырлардағы техникалық революция мен XX ғасырдағы ғылыми-техникалық революция.