Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия ШПОР.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
372.74 Кб
Скачать

1.Ғылым философияның пәні және оның ғылым мен философиямен байланысын көрсетіңіз. Ғылым да сарқырап ағып жатқан өзен тәрізді,өзен өз сағасын кеңіне жайып, күш жинаған кезінде жақсы көрінеді, бірақ оған бірнеше кіші өзен салалары келіп құйады, және ең басты саласын бірден ажырату мүмкін емес. Біреулер ғылымның дамуын ата-бабамыздың тұрмыс- тіршілігін дамуынан пайда болды десе, келесілері сонау тас дәуіріндегі адам әлем туралы білімін жинап, таратуынан деседі. Енді біреулер бірінші орынға ежелгі Грециядағы біздің дәуірімізге дейінгі ғасардың бірінші жартысында философиядғы дәлелденген білімнің пайда болуымен ұштастырады. Ал, Философия біздің өмірлік тәжірибеміздің бір бөлігі  болып табылады.Біз мұны мойындасақ та, теріске шығарсақ та философиялық ой-толғаулар біздің күнделікті өмірімізді толықтырып, адамзат дамуының бүкіл ұзақ жолы ілесіп келеді. Философия б.з.д. VІ-V  ғасырларда қалыптасты, осы кезден бастап адазат әлемі туралы, ондағы өзнің орны мен тағдыры туралы рационалды көзқарас қалыптастыра бастады.

Ғылым философиясы—ғылымды адам іс-іәрекетінің ерекше аясы және ұдайы дамудағы  білімнің жүйесі деп қарайтын философияның тарауы. Ғылымда білімді  философияның гносеологиялық және методологиялық  тұрғыдан зертеудің   аздаған тарихы болғанымен, Ғылым философиясы –соңғы кезде  20 ғасыр  кеңінен тарй бастады. Ең алғашқы бұл термин логикалық позитивтер деп аталатын  философтардың еңбектерінде   қолданылып, ғылым тілін философиялық тұрғыдан  зерттеулер тек ғана формальдық (математикалық) логика шеңберінде болуы керек. Ал ғылыми ғымдарды  эмпирикалық, тәжірибе, байқау арқылы түсіндіруге болады деп түсіндірілді. Ғылым, бұл концепция бойынша— адамның ең жоғарғы ісі, ал  ғылым философияның бір ғана функциясы осы жеке ғылымдарда, логикалық, методологиялық  тұрғыдан қамтамассыз етілуі. Бері келе ғылым философиясы  біржақты екендігі байқалғаннан кейін оның проблематикасына  өзгерістер енгізілді. Қазіргі кезде ғылым философиясы  ғылымның құрылымы мен қатар, оның тарихын зерттеуге бет бұрып отыр.

2.Ғылымның өрлеуі туралы пікіріңіз. Ғылым дегеніміз бір жағынан алғанда білімдердің, теориялық қағидалар мен методтардың жүйесі, сонымен бірге қоғамдық сананың формасы, қоғамды дамудың рухани жемісі, қоғам дамуын басқару құралы, өндіргіш күш күрделі информациялық жүйе және т.б. Әртүрлі анықтамаларды қорыта келіп, ғылымның жалпы анықтамасын беретін болсақ, ғылым – табигат, қогам және адам туралы білімдер өндіруге багытталган зерттеу қызметі саласы. Бұл анықтамадан ғылымның зерттеу пәні туралы түсінік алуға болады. Ғылым ең әуелі адамды қоршаған орта – табиғатты зерттеуге бағыталған қызметтің жемісі ретінде дүниеге келді. Бірте-бірте қоғам турал ғылымитүсініктер жинақтау қажеттігі туындады. Бірақ ғылым процесіндегі басты тұлға, ғылымның басты субьектісі де, объектісі де – адамның өзі. Адамның қатысуынсыз ғылымның қалыптасуы мүмкін емес, сонымен бірге, адам өзін түсінуге, өз мүмкіндіктерін анықтауға, табиғат пен қоғамның ғана емес, өз болашағын болжауға көне заманнан бастап осы күнге дейін талпынып келеді және бұл процесс адам жерт бетінде қанша өмір сүрсе, сонша жалғаса бермек. Ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеу аса маңызды және ол ғылым мен ғылыми қызметті зерттейтін басқа пәндердің арасында ерекше, басты орын алады. Ғылымды зерттеудің әр түрлі жеке методтары мен арнайы ғылымтану пәндері қаншалықты профессивті және өзекті болғанымен, олар ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеудің орнын баса алмайды. Философия ғылымды қоғамдық сананың белгілі бір формасы және адамның дүниеге көзқарасын анықтаушы теориялық сана ретінде, қоршаған ортаға қатынастың типі ретінде сараптайды. Ойымызды тұжырымдасақ, ғылымның өрлеуі – дәстүрлер мен жаңалықтардың диалектикалық бірлігі процесі болып табылады. Ғылым бұрыннан келе жатқан дәстүрлерге сүйеніп және оны жаңалықтармен то-лықтыра отырып дамиды. Бұл күрделі процесс. Ескінің жаңаға орын беруі қашан да қиын жүреді. Бірақ қоғамның дамуы ғылымнан оның жаңалықтық сипатта болуын, жаңа идеялар арқылы қоғам сұраныстарына жауап бере білуін талап етеді, онсыз ғылымының өзі мәнсізденеді.

3.Ақпараттық қоғам деген не? Қазақстанда ақпараттық қоғам бар ма? Ақпараттық қоғам - өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпаратттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам. Әлемнін мәдениетті елдер қатарында болған компьютерлік революция адам жан дүниесінің, қоғам идеологиясының, білім мазмұнын анықтау мен жаңа ақпаратты білім технологияларын құрастыру жолдарының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы З. Бжезинский, Д. Белл, А. Тоффлер негізін қалаған постиндустриалды қоғамның бір түрі болып табылады. «Ақпараттық қоғам» ұғымынан басқа әртүрлі авторлар әркелкі атаулар қолданады: «ағартылған қоғам» (К. Флекснер), «қатер қоғамы» (У. Бек), «посткапиталистік қоғам» (П. Друккер), «ашық қоғам» (Дж. Сорос). 1950-1970- шы жылдары техниканың, компьютердің қарқынды дамуы, жалпы ҒТТ салған жол арқылы адамзат баласының жаңа дәуірге аяқ басқандығы айқын байқалды. Адам баласының толық "техникаландырылған" және «ақпараттандырылған» әлемде өмір сүру, тіршілік ету мәселесі философтарды да толғандырмай қоймады, соның әсерінен «ақпараттық қоғам» тұжырымдамасы пайда болды (Тоффлер). Қазіргі таңда әлемнің дамыған елдерінің барлығы дерлік ақпараттық қоғам құру және оны дамыту жөнінде өз саясатын айқындаған. Өз кезегінде Қазақстан да замануи ақпараттық қоғам құруды көздеп отыр. Қоғамда «ақпараттық қоғам», «ақпараттық кеңістік» деген ұғымдар зор мәнге ие болып отыр. Ақпарат кеңістігі: өңірлік (өңірлік – ішкі, өңірлік –сыртқы), ұлттық, ғаламдық нарық өлшемдерімен айқындалады. Ақпараттық қоғам құру мәселелері саяси себептермен қатар, нарық заңдарына сәйкес анықталады. Бұл жөнінде зерттеуші Қ.Мысаева былай дейді: «Қазақстандық-ресейлік ақпарат кеңістігі КСРО кезінде қалыптасты. Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ресейлік ақпарат көздеріне шығатын қаржылық мүмкіндігі болмады. Бұл ресейлік-қазақстандық ақпарат кеңістікке өзгерістер әкелді. Экономикалық қиыншылықтардан кейін саяси себептер туындады».

4.Ғылым тарихының негізгі мәселелері. Ғылым қашан және қалай пайда болды? Бул сураққа байланысты екі түрлі көзқарас бар. Бір көзқарас иелерінің пайымдауынша ғылым өте ертеде, яғни адамдар алғаш еңбек қаруын жасап, табиғат туралы абстрактылы білімі болған кезде дамыған деп айтады. Ал екіншілері ғылымның пайда болуы тәжірибелік жаратылыстану пайда болған кезде (ХУ-ХУІІ ғғ.) деп айтады.

Қазіргі ғылымтану бұған нақты жауап бермейді, өйткені ғылымның өзін бірнеше аспектіде қарастырады. Негізгі көзқарас бойынша -ғылым — білім жиынтыеы: ңоәамдық сананың формасы; әлеуметтік институт; қоәамның негізгі қозеаушы күші; кәсіптік мамандарды дайындау жүйвсі тағы басқа.

Осы аспектілер бойынша ғылым:

  • XIX ғасырдың ортасынан бастап - мамандар дайындаудың жүйесі;

  • XX ғасырдың екінші жартысынан — қоғамның негізгі қозғаушы күші;

  • Жаңа уақытта — әлеуметтік институт

  • Ежелгі Грецияда — қоғамдық сананың формасы;

  • Адам мәдениетінің бастауында - білім жиынтығы ретінде қарастырылады.

Әр уақыт бойында әр ғылымның қилы салалары пайда болды.Антикалық ғылым қазіргі әлемге математиканы берді, Жаңа уақытта -механика пайда болды, ал XIX ғасырда қоғамтану келді.

Бұл процестерді дұрыс түсіну үшін біз тарихқа жүгінуіміз қажет.

Ғылым сан қырлы қоғамдық құбылыс, қоғамнан тыс ғылымның пайда болуы, дамуы мүмкін емес. Ал ғылымның өзі объективті жағдайлар туған кезде:

  1. объективті білімге әлеуметтік қажеттілік;

  2. осы қажеттілікті қамтамасыз етуге қоғамнан ерекше бір дарынды адамдардың бөлініп шығуы;

  3. білімнің жинақталуы, ғылыми жаңалықты символикалық турде кескіндеу немесе хабарлау (жазудың болуы) тағы басца болуы керек. Осындай жағдайлар б.э.д. VII-VI ғасырларда Ежелгі Грецияда пайда болды.

5. Ғылыми революциялардың мәнін ашыңыз. Ғылыми революция дегеніміз – ғылым дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып, оның ішкі қайшылықтарын шешетін, мазмұнын өзгертетін ерекше құбылыстар. Ғылымдағы революция сан қырлы. Олардың үш негізгі сипаттарын бөліп қарастыруға болады: 1) Жаңа эмпирикалық материалдарды теориялық түрде талдау жасау, 2) Табиғат туралы бұрын қалыптасқан түсініктерді түбірімен жою; 3) Тығырыққа тірейтін жағдайлардың пайда болуы. Ғылыми революцияларға тән жағдай ол: ескі идеялар мен теориялар талқандап, шығарып тастау арқылы танымның теориялық негізін саналы қайта құру. Ғылыми танымның тарихи дамуы барысында бірнеше ғылыми революциялардың түрлерін бөліп қарастыруға болады: 1. Жеке – білімнің тек бір аумағын қарастыратын микрореволюция; 2. Кешендік – білім аумағының бірнеше салаларын қарастыратын революция; 3. Әлемдік – ғылым негізін тұтасымен өзгертетін жалпы революция. Ғылыми революциялардың түрлерін анықтаған кезде мынандай жағдайларды еске алу қажет: 1. ғылыми революциялардың аумағы; 2. ғылымның іргелі теориялары мен заңдарын қайта құру тереңдігі; 3.жаңа іргелі заңдар мен жаңа жалпы ғылыми жаратылыстық теориялар ашу; 4.әлемнің жаңа картинасының қалыптасуы; 5. ойлаудың жаңа түрін қалыптастыру; 6. ғылым дамуының тарихи кезеңі, 7. ғылыми революцияға ілесе жүретін әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар. Егер ғылым тарихына үңілетін болсақ, онда екі революцияны ғана әлемдік, іргелі революция деп атауға болады: XVI-XVII ғасырлардағы революция мен ХХ ғасырдағы ғылыми-техникалық революция. XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революция материя қозғалысының механикалық формасын зерттейтін ғалымдағы революциялық секіріс болды. Ол классикалық жаратылстанудың негізін қалады. Бұл революциялардың мәні – заттар мен құбылыстарды даму және өзара байланыс тұрғысынан қарастыру. Екінші әлемдік революция ХХ ғасырдың қарсаңында болды. Ол салыстырмалық теориясы мен кванттық механиканың шығуымен байланысты. Қазіргі уақытта ғылыми білім әлеуметті өмірдің барлық сфераларына енді. Ғылыми жұмыстардың өзі ақпарат беру мен ақпарат алудағы революциялармен тығыз байланысты.

6. О.Конттың синтетикалық- жинақтаушы парадигмасына талдау жасаңыз. Әлеуметтану түсінігі 1832 жылы ғылыми айналымға 19 ғасырдың француз ойшылы Огюст Контпен (1798-1857) алғаш рет қолданылды). Ол қоғамдық өмір құбылыстарын тарихи және жүйелік аспектілерінде біліп тануа талпыныс жасады. Конт негізгі еңбектеріне алтытомдық «Позитивты философия курсы»(1830-1842), «Позитивты саясаттың жүйесі, немесе адамзат дінін орнататын трактат» (1851-1854) және т.б. Конт пікірінше, әлеуметтану жаратылыстану ғылымына сай, әлеуметтік құбылыстарды эмпирикалық және аналитикалық түрде зерттеу және фактілер негізделу қажеттілігін түсіндірді. Бұл әлеуметтанудың ауызша, абстрактылы талдаудан алшақтап, «позитивты», яғни қоғамдық өмір мәселелерін қолайлы шешу қабілеті деп тұжырымдады. Конт әлеуметтануды әлеуметтік статика мен әлеуметтік динамикаға ажыратады. Әлеуметтік статика қоғамды олардың элементтерінің тұтастығы мен тепе-теңдігі жағдайы ретінде зерттейді және негізгі заңы ретінде әлеуметтік гармония заңың қолданады. Әлеуметтік статиканың міндеті – отбасы, адам, өмір шарттарын зерттеу. Әлеуметтік динамика қоғам дамуының жетекші күшін айқындайды. Конт мазмұндауында мұндай күштерге; экономикалық табиғи шарттар, климат, географиялық орта, сондай-ақ адам санасы, ойы, көз-қарастары жатады. Әлеуметтік статика, өмір сүру заңдарын қарастырса, әлеуметтік динамика қоғам өзгерісінің кезеңдерін мен заңдарын сипаттайды. Конт қоғам тарихын үш кезеңге бөлді: теологиялық, метафизикалық және позитивтік. Теологилық кезеңді Конт қоғам дамуының белгілі кезеңі 17-18 ғасырға дейін созылған деп дәйектеді. Сол кезеңде идеялық сипаттағы негізгі үстем күш дін болды. Адам санасы абсолюттік білімге тырысады. Екінші кезең – метафизикалық. Қоғамда абстракция, метафизикалық концепциялар үстемдік етеді. Бұған Конт материалистік философия мен революциялық қағидаларды жатқызады. Үшінші кезең – позитивистік. Конт тұжырымы бойынша, қоғам үшін ең лайықты кезен деп сипаттады.

7. И. Канттың трансценденталды аналитикалық парадигмасына талдау жасаңыз. И.Кант (1724-1804) жаңазамандық парадигма желісін, эпистемологиялық проблематика бағдарын онан әрі жалғастырды. Эпистемология ретінде философияны негіздеу идеясын жалғастыра отырып, И.Кант өзінің трансценденталдық философиясы көмегімен эмпиризмнен, рационализм мен скептицизмнен асып өтуге тырысады. Рационализм мен эмпиризмді синтездеуге тырысып Кант танымдағы субъектінің  белсенлілігін мойындады. Бұл белсенділік қабілет субъекттің обектіге әсерінен көрінеді. Және объект нәтижесі емес, бұл жнрде объект парасат пен ақылдың белсенді әрекеті нәтижесінде өзгеріп көрінеді. Канттың түйіндеуінше, кезкелген таным субъектпен сипатталады, яғни барлық таным оның ұйымдастырған тәжірибесінен басталады. Субъект объектке салған барлық әсердің формасы бар. Объект туралы тәжірибелік білімді біз сезімдік әсерлерді ұғымдық өңдеу нәтижесінде аламыз. Бұл формалар қатарына кеңістік, уақыт, себептілік жатады, өйткені олар таным мүмкіндігін қамтамасыз ететін алғышарттар болып табылады. Кеңістік, уақыт, себептілік тәжірибеге дейін берілген, яғни априорлы. Оларды меңгеру жаратылыстану ғылымдарының танымдық шарттарына философиялық рефлексия жасау арқылы ғана мүмкін болады. Канттың пікірінше, барлық сезімдік әсерлер сыртқы нақтылықтан туындайды. Адамның танымдық әрекет аумағына енген сыртқы нақтылық объект деп аталады, ал танымдық қабілеттің тікелей бағытталған нәрсесін Кант зат деп атайды. Біз өзіміздің танымдық әрекетіміз аумағына енген нәрселерді ғана тани аламыз. Ал біздің танымдық қабілетімізден тыс жатқан нәрселер танылмайды және оларды Кант «өзіндік зат»деп атайды. Кант танымның мынадай типтерін айқындайды: аналитикалық таным, синтетикалық таным, синтетикалық априорлы таным. Синтетикалық априорлы дегенді Кант тәжірибеге бағынбайтын таным деп түсіндіреді. Синтетиккалық апостериори тәжірибеге бағынышты таным. Ал аналитикалық априорлы деп ұғымдар арасындағы байланыстарды талдау нәтижесінде пайда болатын таным типін атайды.

8. Ғылыми философиядағы тәсіл және әдіснама категорияларын қарастырыңыз. Ғылыми әдіснаманы жетілдірудің бастамасын жөне негізін Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақтылы ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және әдіснаманың олармен үйлесімсіздігі назар аударды. Гегель әдіс дегеніміз мазмұнның қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті. Материалистік диалектика объективті шындықты тану әдістері негізінде табиғат, қоғам және адам ойлауының заңдары жатқанын негізге алады. Таным әдісі табиғат пен қоғамның объективті заңдарын көрсеткенде ғана ғылыми бола алады. Сондықтан ғылыми танымның принциптері, оның категориялары мен ұғымдары адамның ақылымен жасалған кездейсок ережелерінің қосындысы емес, ол табиғат, адам және қоғам заңдылықтарының бейнесі болыл табылады. Дегенмен, ғылыми танымның барлық әдістердің шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) жалпылама диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге және таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады; 2)жалпы ғылыми әдістер. Олар ғылымның барлық саласвнда пайдаланылғанымен, таным процесінің барлық кезеңінде қолданыла бермейді; 3) жекеше әдістер. Олар нақты құбылыстарды бір ғылымның шеңберінде зерттеуге қолданылады. Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпириалық және теориялық деңгейлерін ажыратқан дұрыс, себебі әр деңгейдің өзіндік ерекшеліктерімен әдістері бар. Эмпириялық деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет түрғысынан қабылданады. Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстарымензаңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады. Ғылыми танымның эмпериялық деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс – бақылау деп аталады. Оның мәні – зерттеу объектісін белгілі бір мерзім арлығында нысаналы ұйымдасқан тұрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді қадағалау.

9. Әлемнің ғылыми бейнесіне сипаттама беріңіз. Әлем картинасы – нақты ғылымдар және олардың жиынтығы шеңберінде туындайтын, объективтілік нақтылық туралы жалпы түсінік. Әлемнің ғылыми картинасы "макрокосма" (табиғат) және "микрокосма" (адам) өзара байланысына негізделген интеграциялық сипатта болады. Оған сәйкес Жер  Күн жүйесінде орталық орынды иеленетін, геоцентризм басым болады. Объективті әлемнің даму процестерін талдау кезінде циклділік (грек. kyklos - орта), яғни табиғат жүйесінің сол немесе өзге күйлері ауысуының қайталанғыштығы принциптерін пайдалану басым болады. Даму (диалектика) табиғи динамизмнің имманентті принципі ретінде қарастырылады. Табиғат және адам туралы білімнің бірлігіне деген үрдісті меңгереді және антропокосмизм басымдық құрады, соған сәйкес адамды әлемдік ғарыштық процестің органикалық бөлігі ретінде қарастырады. Әлемнің ғылыми бейнесі анық белгіленген механикалық сипатта болады. Гелиоцентризм басымдық құрады, соған сәйкес Күн жер планеталық жүйесінің орталығы ретінде қарастырылады. Қоршаған әлем және оның объектілерінің тауарлығы туралы көзқарасты меңгереді, яғни олардың шығу тектерінің құдайшылдығы, ал әлем жөнге салынған істеп тұрған сағат механизмі ретінде беріледі. Әлемнің ғылыми бейнесі аса механикалық түсінігін жояды және жаратылыстану-ғылыми циклдің ("әлемнің физикалық бейнесі", "әлемнің биологиялық бейнесі" және т.б.) нақты пәндерінің дамуымен байланысты, әлемнің жеке ғылыми бейнесі қалыптасады. Салыстырмалылық теориясының ашылуы арнайы да, жалпы да табиғи процестер және құбылыстардың табиғи орталықты көзқарасын меңгеруге мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар табиғатты объективті сипаттаудың (ньютондық мағынада) стереотиптері жеңіп алады. Енді сөз табиғаттың картинасы жайында емес, біздің оған деген қатынастарымыздың картинасы жайында болып отыр. Әлем картинасы жеке ғылымидан жалпы ғылымиға өтеді. Ғаламдық эволюционизм түсінігі басым болады, соған сәйкес даму объективті нақтылық-тың барлық нысандарының имманентті атрибуты ретінде қарастырады. "Адам – биосфера - ғарыш" қатынасының, олардың өзара байланысында және бірлігінде элементтерді баяндайтын  биосфероцентризм дамиды.

10. Ортағасырдағы батыстағы ғылыми таным ерекшеліктерін көрсетіңіз. Европада орта ғасырдағы батыс философиясы үлкен тарихи дәуірді қамтиды. Оның ең басты сипаты – христиан дінімен тығыз байланыстығы. Философия негізгі діни қағидаларды есепке ала отырып дамыған Бұл кезде білім мен рухани мәдениеттің негізгі ошағы рөлін шіркеу атқарған. Ал философия діни догматтарды негіздейтін және түсіндіретін білім саласы болған. Философияның негізгі мәселелері де діни сипатқа ие болды. Адамдар түсініп, ойланып қана қоймай, сенуі де керек. Сенім барлық философиялық ізденістердің күре тамырына, өзегіне айналған. Қалай және не нәрсеге сүйене отырып, сену керек. Неге сену керек? Бұл дәуірдің көрнекті өкілдері: Тертуллиан (160-220), мәртебелі Августин (354-430), Боэций (480-524), Ұлы Альберт (1193-1280), Фома Аквинский (1225-1274), Ансельм Кентерберийский (1033-1109), Пьер Абеляр (1079-1142), Уильям Оккам (1285-1349). Орта ғасыр философиясының патристика және схоластика деп аталатын маңызды кезеңдері бар. Патристика дәуірі I-VI ғасырларды қамтиды. Ұлы Василий, әулие Августин, Григорий Нисский, Тертуллиан, Ориген және тағы басқалары христиан дінінің негізгі догматтарын жасаған.Патристиканың негізгі мәселелері: Құдайдың мәні және ақылдың, грек даналығы мен христиан әулиелігінің өзара қарым – қатынасы, тарихты белгілі бір мақсатқа ұмтылушылық деп түсіну және осы ақырғы мақсатты анықтау, адамның ерік бостандығы және оның жанын құтқару, әлемдегі зұлымдықтың шығу себептері, оны құдайдың қабылдауының себептері. Орта ғасырдағы схоластиканың негізгі мәселесі – универсаийлер, яғни жалпы ұғымдар туралы пікір талас. Пікір таластың мәні - жалпы ұғымдар қалай пайда болады деген сұраққа жауап іздестіру. Жалпы ұғымдар ойлау әрекетінің туындысы, яғни екінші қатардағы реалдық немесе ол бірінші, өздігінен пайда болған, жеке дербес өмір сүретін құбылыс. Осы сұраққа жауап беру барысында бір – біріне қарама – қарсы екі бағыт қалыптасты – реализм және номинализм. Реализмнің өкілдері жалпы ұғымдар табиғаттың жеке заттарынан тыс, дербес және олардан бұрын өмір сүреді деп пайымдайды.

11. Ғылым дамуының қайнар көздерін сипаттаңыз. Адамзат өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып-білудің және игерудің бірнеше тәсілдерін меңгерді. Сондай тәсілдердің біріне сөзсіз ғылымды жатқызуға болады. Ғылым — қоғамның рухани мәдениетінің қурамдас бөлігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі, қоғамдағы сан-салалы мәселелер көп жағдайда ғылымның араласуымен шешіледі. Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған «ғылымтану» атты жаңа пән пайда болды. Ең алдымен, ғылымтанушылардың назар аударған мәселесі — латынша «Sсіеnііа» сөзінің этимологиясы болды, оның мағынасы «білім» дегенді білдіреді. Ал кез келген білімнің ғылым емес екендігі белгілі. Білім — адамзаттың әр қилы тіршілік ету сферасынан: қарапайым өмірден, саясаттан, экономикадан, өнерден тағы басқа жағдайлардан алынады. Ғылым — тәжірибе жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Бул әлемнің субъективті элементі болып саналатын адамзатқа, оның игілікті бағдарына шамалы ғана рөл бөлінеді (бул үшін өнер, мораль, дін бар). Сондықтан бір-бірін толықтыра отырып, мәдениеттің бұл құрамдас бөліктері табиғат пен адамзат арасында байланыстырушы тізбек болып саналады. Ғылым дамуының қайнар көзінің маңыздысы – идеялар мен бағыттар үшін күрес, қарама-қарсы идеялар қалыптасуы болып табылады. Ғылыми дискуссия және даулар, негізделген және есті сын – ғылым дамуының қайнар көзі. Ал қазіргі күні ғылыми кадрларды дайындау жүйесі мен ғылыми-зерттеу институттары қалыптасып жатыр.

12. Ғылым және билік мәселесіне тоқталыңыз

Ғылым және билік арасындағы қатынас :

А) ғылымға биліктің ықпалы :іргелі ғылымдарды қамтамасыз ету үшін келесі технологиялық жағынан мемлекет тарапынан қаржыландыру;

1) Саяси аспект ; әскери тапсырыстармен ғылымдардың қамтамасыз етуі ; мемлекеттер оң беделді ғалымдарын дайындау; ғылыми қызметтерді халықаралық тұрғыда мемлекеттің қолдауы. Ғылыми қызметтерді және институттарды қалыптастыру (жоспарлау)

2) Басқару аспектісі – ғылыми мақалаларға бюджет ; ғылыми құрылымдардың өзгертілуі ; ғылымдар, өндірістер және жоғарғы мектептер кірігудің қамтамасыз етуі ; ғылыми қызметті бақылау. Ғылыми қызметтерді заттық-(техникалық қамтамасыз ету)

3) қаржы-шаруашылық аспект - технопарктер; гранттардың) бюджеттік қаржыландыруы және ұйым.

Билікке ғылым ықпалы:

1) Мемлекеттік органдардағы ғылыми көзқарасты лоббирлеу;

2) Ғылыми автономия үшін күрес;

3)Халықаралық масштабта ғалымдардың мүдделерін қорғауы.

4) Ядролық қару үшін, яғни жалпы әлем үшін күрес.

Ғылымның өзі де билік секілді басқарушылық сипатқа ие. Тәжірибеде билік ғылымды кеңестендіреді, немесе өз билігін орнатады.

Ғылымның заманауи жағдайы мемлекеттік реттеу, гуманитарлық бақылау және қолданбалы инженерлік және технологиялық нұсқамаларға мемлекеттік реттеу өте қажет. Ғылым мен билік бір-бірімен байланысқа ене отырып, адамзаттың жағдайын жақсартуға көбінде көмектеседі.

13. Ғылымның дамуының негізгі кезеңдерінің ерекшеліктерін ашып қарастырыңыз: классика, бейклассика, постклассика. Көптеген ғалымдардың көзқарастары бойынша, қазіргі заманғы ғылымның бастамасының Европада XVІІ ғ. пайда болуы кездейсоқ жағдай емес. Ғылымның пайда болуының себебі – рационалдылыққа сүйенген жаңа европалық мәдениеттің ерекшеліктері. Яғни рационалдылық ғылымның пайда болуы мен дамуына орасан зор ықпал жасап, батыс мәдениетінің феномені болып табылды. Ғылымның дамуының әлеуметтік қозғаушы күштердің бірі ретінде  жаңа табиғи ресурстар мен машиналарды қажет етіп дамып келе жатқан капиталистік өндірісті көрсетуге болады.  Бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін  қоғамның өндіргіш күші ретінде ғылымға деген сұраныс туды. Сонымен қатар жаңа ғылымға тән жаңа мақсаттары пайда болып, олар ертедегі ғалымдардың ұсынған мақсаттары мен міндеттерінен елеулі түрде өзгешеленді. Батыс мәдениеті әдетте рационалды деп аталатындығы белгілі, сол себепті болар, ол капиталистік өндіріспен өте жақсы ұласып кетті. Батыс мәдениеті еңбек пен техникалық жаңалықтардың бөлінуі есебінен барынша мол табыс табуға мүмкіндік беретін аса рационалдық жүйе ретінде қалыптасты. Қазіргі заманғы ғылымда батыс мәдениетінің өзіне ғана тән ерекшелігі  ғылымның іс - әрекеттік бағытталуы. Қазіргі заманғы ғылым ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы жаңа европалық цивилизацияның негізінде кітап басып шығару кең таралғаннан кейін пайда болды. Кітап басу бұл кезде  коммерциялық қызмет, яғни пайда табудың бір түрі ретінде дамыды. Неміс философы К.Ясперс ғылымның қалыптасуының екі кезеңін көрсетеді: 1 кезең - ғылымның логикалық және әдістемелік қалыптасуы, яғни  ертедегі грек ғылымы және Қытай мен Индиядағы ғылыми танымның алғашқы қайнар көздерінің қалыптасуы; 2 кезең- қазіргі заманғы ғылымның орта ғасырдың соңында пайда болып, XVІІ ғасырда бекінуі. XVІІ ғасырда біз ғылыми революция туралы сөз қөзғауға мүмкінді беретін жаңалықтар мен әрекеттер жасалды.

14. Ежелгі Грекия ғылымының өркениетке қосқан үлесін ашып қарастырыңыз. Өркениет (лат. civilis- азаматтық) деп парасатты ұйымдасқан, оның барлық көптүрлiгi мен жалпы бiрлiгiнде  көрiнетiн, жоғары дамыған қоғамды айтады. Көптеген философтардың өркениетке деген көзқарасы бойынша, өркениет бұл қоғам дамуының тарихында болатың бiр-бiрiн ауыстырып отыратың мәдениеттер және олардың әрқайсысы туу, пайда болудаң, толық сөну сатыларынаң өтедi (Н.Данилевский, К.Леонтьев, О.Шпенглер, А.Тойнби, Фукияма т.б.). Адамзат дамуының бiр неше классификациясы бар: 1) Формациялық- бұл жiктеу қоғамдық экономикалық формация ұғымына негiзделген, ол қоғамның белгiлi бiр тарихи кещенiң бiлдiредi, және белгiлi бiр өндiрiс тәсiлiне негiзделген болады. 2) Өркениет қоғам дамуының сатысы ретiнде-  адамзат тарихың бiрнеше кезеңдерге бөлдi, ол жабайы, варварлық және өркениет деп, және бұл кезеңдердiң әрқайсысы төменгi, орташа, жоғары сатыдан өтедi. Сондай-ақ бұл тұғырнаманың негiзiнде технологиялық детерминанта жатыр. 3) Оқшауланған өркениеттер- бұл тұғырнаманың авторлары мен iзбасарлары өркениеттi тiрi организмнiң өмiр сүруiмен салыстыра отырып, биологиялық аналогияларды қолданды. Оқшауланған өркениет деп белгiлi бiр қоғамның дамуының мәдени-тарихи типы айтылады, оның негiзгi ерекшiлiктерi  географиялық жағдайлармен айқындалады.

Питирим Сорокиннiң циклдiк тұғырнамасы құндылықтар жүйесiб.т.- қоғам дамуының белгiлi бiр тарихи кезеңiнде басшылыққа алынатың құндылықтар туралы түсiнiктермен байланысты. Осыған орай Сорокин өркениеттiң (супермәдениет) үш түрiн қарастырады: идеационалды, сенситивтi, идеалистiк. Бiрiншiсiнде рухани құндалақтар басым болады әсересе дiни идеология бiрiншi орынға шығады (ортағасырлар), екiншiсiнде- материалды құндалақтар жоғары шығады да метериалистiк көзқарастар басым болады (б.д.д.3-1ғ. антика кезеңi мен 16ғ батыс еуропаны жатқызады), үшiншiсi, идеалистiк супермәдениет- бұл жоғарыда айтылған этаптардың бiр-бiрiне өту кезеңi, және тек бiреуi ғана женiп шығып басшылыққа алынады, материалдық немесе рухани.

15. Қазақстанда жаңа технологияларды өндіріске ендіру деңгейінің дәрежесін сипаттаңыз. Экономикалық катынастардың жалпы жүйесінде иновациялық қызметтің түпкі нәтижелері өндіріс тиімділігін арттыру, еңбек өнімділігі мен капиталдың өсуі жоғары технологиялы өнім көлемі - елдін экономикялық қуатын айқындайтын болғандықтан, оған басты рөл беріледі. Дамыған индустриялы елдерле технологиялардан, кұрал-жабдықтардан, кадрлар даярлаудан, өндірістерді ұйымдастырудан көрініс табатын жаңа ілімдер үлесіне ІЖӨ өсімінен 80-нен 95%-ына дейін келеді. Бұл елдерде жаңа технологияларды енгізу нарықтық бәсекелестіктің өзекті факторы өндіріс тиімділігін арттырудың және тауарлар мен кызметтер санасын жаксартудың негізгі кұралы болып отыр.

Қазіргі уақытта ғылымды көп кажетсінетін отандық өндірісті дамыту, бәсекеге қабілетті өнімдерді алуға бағдарланған ғылымды көп кажетсінетін жаңа технологияларды және акпараттық технологияларды әзірлеу мен игеру республиканың өнеркәсіп пен ғылыми–техникадағы әлеуетін сақтау мен дамыту есебінен ұлттық экономикалық кауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету.  Қазақстан экономикасының өзекті стратегиялық міндеті болып табылады. Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық үдерістерді жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгізуге өнеркәсіптегі жаңа қайта бөліністерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті жандандыруға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жоюға, индустриялық қызметті ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансферті мен халықаралық стандарттарды енгізуді қамтамасыз етуге бағытталуы керек. Ғылыми техникалық салада кәсіпкерлік секторды қалыптастырмай инновациялық қызметті дамыту мүмкін емес. Соңғы жылдар ішінде өнеркәсіп өндірісі көлемінде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес секторының үлесі өзгеріссіз қалып отыр және тиісінше 2,8-3,2% және 12,4-14,0%-ды құрап отыр, бұл индустриясы дамыған елдердегіден бірнеше есе аз.

16. Жаһандану және ғылыми ақпараттың дамуын сипаттаңыз. Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация жаңа жалпы әлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Т.Левита. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап У. Ростоу, Д. Белл, А. Тофлер, П. Дракер, Д. Нейсбитт, Л. Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп үшін жаҺандық инфрақұрылым құру идеясы алғаш рет 20 ғасырдың 40 — 50-жылдары АҚШ-тың зерттеу орталықтары: Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесте , “Рэнд” корпорациясында, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында, Психологиялық стратегиялар басқармасында тұжырымдалды. Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар: 1)“менталдық” немесе мәдени Жаһандану дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаҺандық діни жүйеге (христиандық, ислам, иудаизм, индуизм, буддизм, конфуцийшілдік) бөлінеді. Адамзаттық мәдени құндылықтар ортақтығының күшею үрдісі “менталдық” Жаһанданудың бір көрінісі болып табылады. Соның ішінде америкалық мәдени дәстүр “планетарлық” деп аталынып жүр. Мәдени жаһандану саласында бүгінгі күннің өзінде біртұтас жалпыадамзаттық мәдениеттің нышандары — жаңа нысандармен (желілік мәдениет, кибермәдениет) ұштасқан ежелгі мәдени дәстүрлердің синтезі көріне бастады. Бұл жағдай әрбір ұлттық, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы жолында орасан зор күш-жігер жұмсауын талап етеді; 2) экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — рыноктардың жаһандануын және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі.

21. Интернеттің позитивті және негативті жақтары туралы айтыңыз. Интернеттің позитивті жақтарының ең бастысы жас адамдар ақпараттық, компьютерлік технологиялар мен ресурстарды пайдалануды үйрене алады. Студент көп, маңызды, заманауи ақпараттарды алуға, әлемнің барлық ақпараттық кітапханаларына кіруге мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, білім алушылар алдымен интернетте пайда болатын шығармашылық әдебиеттердің жаңалыарымен, өнермен таныса алады. Дегенмен, интрнетпен жұмыс істеп, қолдана алу аздық етеді. Виртуалды кеңістікте еркінкезіп, қажетті ақпаратты толық алу үшін ағылшын тілін білу қажет, себебі қызықтыратын ақпарат жиі ағылшын тілінен таба аласың. Әсіресе, бұл қажеттілік әлемдік кітапханалар, университеттер, ақпаратты негізінен ағылшын тілінде сақтайтын мәліметтер банкінде туындайды. Интернет – бұл оқуда көмектесетін бай ақпарат көзі. Қашықтықтан оқыту арқылы тіпті білім алуға болады.

Қазіргі уақытта біз үшін ең маңыздысы шетел оқу орындарымен ақпарат алмасу, көптеген жұмыстарды, соның ішінде, оқуға түсуді сол елге бармай ақ интернет арқылы құжат тапсырып түсуге болады.

Егер, негативті жақтарын айтатын болсақ, онда жастардың барлығы ақпаратты тиімді қолданады деп айтуға болмайды. Мәліметтерді классификациялай білу керек. Ақпараттардың жалған, дұрыс емес болып келетін кездері көптеп кездеседі. Тек қана саяси сауатты студент қана ақпаратты дұрыс және нақты классификациялай алады.

Сондай-ақ, рефераттар жинақталған банктерді атап өту керек, бір ақарағанда жастардың білім алуын жеңілдетуге бағытталған болып көрінгенімен, шын негізінде, ол студенттерді рефераттың мәліметін жеңіл көшіріп алып, оның мазмұнына да үңілмей ауырлатады. Рефератсыз да кітаптарды оқып білім алуға болады.

Негізгі жаман ойлары бар адамдар интернетті өз пайдалары үшін пайдаланады. Мысалы, бұрын Жапонияда болған жаппай өзіне өзі қол салу орын алған. Бұл ақпарат интернет арқылы тарған болатын.

22. Мәдениет жүйесіндегі ғылымның алатын орнын айқындаңыз. «Мәдениет» деген термин (орыс. «культура») латынның«cultura» (өндеу, егу, тәрбиелеу, дамыту) деген сөздің аудармасы. Әуел баста ол деген топырақты өңдеу, оны егу (культивирование)дегенді білдірді. Цицерон алғаш рет осы сөзді ауыспалы мағынада,яғни адам ақылына ықпал жасау, ақылды философиялық өңдеумағынасында қолданған («cultura animi»). Бүгінгі түсініктегі «мәдениет» сөзі Еуропада XVIII ғ. екіншіжартысында, Ағарту дәуірінен бастап кең қолдануға түсті. XVIII ғ.ойшылдары бұл сөзбен табиғи, стихиялы, хайуанаттық болмысқақарағанда адами өмір бейнесінің ерекшелігін белгілеу үшінпайдалана бастады. Осы сөздің ертерек аналогтары қытай («жэнь»)және үнді («дхамма» - пали тілінде, «дхарма» («джарма») – санскриттілінде) философиясында, қала берді гректерде («пайдейя») кездеседі. Ғылым мәдениеттің маңызды элементі болып табылады. Ғылым өзіне жаңа білім алу сияқты ерекше қызметті және осы қызметтің нәтижесін – әлемнің ғылыми картинасын білдіретін осы сәттегі алынған ғылыми білімнің көлемін біріктіреді. Ғылымның тікелей мақсаты – шынайылықтың үдерістері мен құбылыстарын суреттеу, түсіндіру және болжамдау. Ғылыми қызметтің нәтижесі теориялық суреттеулер, технологиялық үдерістердің жобасы, экспериментті мәліметтердің, формулалардың т.б. жиынтығы түрінде көрінеді. Қызметтің басқа түрлерімен салыстырғанда, ғылыми қызметтің нәтижесі принципиалды түрде дәстүрлі емес. Мысалы, оны мәдениеттің тағы бір маңызды элементі – өнерден логикалық, кең көлемде жинақталған, объективті білімге деген құштарлық ерекшелейді. Өнерді үнемі «бейнелі ойлау» ретінде сипаттайды, ал ғылымның өзі «түсініктегі ойлау» болып табылады. Бұл өнер адамзаттың шығармашылық қабілеттілігінің сезімтал-бейнелі жағына қарай сүйенсе, ал ғылым түсініктік-интеллектуалды жағына сүйенетіндігін көрсетеді.Ғылыми қызмет – бұл адамзат өмірінің қызметінің бір бөлігі, ал ғылым – бұл мәдениеттің бір бөлігі. Мәдениетті ғаламда болмыстың адамзаттық тәсілі ретінде түсінген жағдайда ғана ғылымды түсінуге болады.

23. Қазіргі кезеңдегі постклассикалық емес ғылымның сипаттамасын беріңіз. XX ғ 2ж. Ғылымда өзгерістер болды, яғни ғылым дамуының посткласикалық емес кезеңі басталды. Постклассикалық емес кезеңнің белгілері: ғылыми қызмет сипатының өзгеруі, пәнаралық зерттеудің және кешенді зерртеу бағдарламасының таралуы, экономикалық және әлеуметтік сасяси факторлар мен мақсаттардың мәнінің өсуі. И. Пригожин, Г. Хакен, Э. Янч, У. Матуранның және т.б. зерттеулерінде эволюциялық-синергетикалық парадигма қалыптасады. Ф.Капра жүйелілік парадигмасы туралы айтады. Ол Дж. Чу, Г. Бэйтсон, Д. Бом, Э. Ф. Шумахер, И. Пригожин, Э. Янчтың еңбектерінде көрсетілген. Метологтар ғылымның экологиялық және гуманизация тенденцияларын көрсетеді. Постклассикалық емес ғылымның экологиялық бағыты А. Нэсс, Б. Девал, Дж. Сешенс, Б. Каликотт, Л. Н. Эверден, Б. Токкар, Ю. Харгроувты байланыстырады. Ал гуманизация ойлаудың экологизациясы, тіл анализі, психоанализ арқылы жаратылыстану ғылымдарында орын алады. Постклассикалық емес ғылымның объектісі өздігінен дамитын күрделі жүйелер, табиғи жиындар, мысалы адамдар. Бұл объектілер «адами өлшем» терминімен белгіленеді. Постклассикалық емес ғылымның өзекті идеялары: нелинейность, коэволюция, өзін өзі ұйымдастыру, жаһандық эволюционизм, жүйелік идеясы. Постклассикалық емес ғылым қалыптасу және өзін - өзі ұйымдастыру (синергетика) парадигмасына негізделеді.

24. Философия ғылыми білімнің интегралдық формасы бола ала ма? Философия ғылыми білімнің интегралдық формасы болып табылады, соның ішінде қоғам, мәдениет, тарих, адамтану туралы білімде. Әлеуметтік философия, мәдениет философиясы, тарих ф, антропология ф. әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың методологиясы болып табылады. әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың методологиясының дамуы ғылыми рационалдылық типіне байланысты. Классикалық ғылымда мәдениеттің әлеуметтік феномендері мен құылыстарын зерттеуде, соның ішінде адамды зерттеуде логикалық-гносеологиялық бағыт ұсталды. 20ғ.да әлеуметтік-гуманитарлық таным методологиясының өзі өзгереді. Алдыңғы орынға әлеуметтік процестер мен адам маңызы емес, адамның әлемге және өзіне деген қатынасын ашу шығады. Осылайша, классикалық емес ғылым парадигмасы шеңберінде онтология, антропология және аксиология мәселелерін қарастыратын философиялық-антропологиялық ұстаным қалыптасады.

25. Ғылымның қоғамдағы орны мен қызметінің мәнін ашыңыз.

Ғылым дегеніміз – табиғат, қоғам және ойлау жайлы жаңа білімді қабылдауға бағытталған зерттеу әрекетінің саласы.

Қандай да бір ғылым болмасын, оның ішінде, әсіресе, қоғамдық және гуманитарлық ғылымның әлеуметтік жағы басым болады. Ғылым қоғам мен адамның қандай қажеттілігінен, мұқтаждығынан пайда болғанын, ғылым осы қажеттілік пен мұқтаждықты қалай іске асырып отыр, оның қоғамға тиімді жақтары неде, халықтың материалдық, мәдени, рухани дамуына қандай деңгейде және қалай әсер етіп отыр, оның басқа қоғамдық құбылыс-үдерістермен, ғылымдармен байланыс-қатынастары, болашақ даму бағыттары, қоғамдағы орны мен атқаратын қызметі қандай және т.б. Бұл мәселелер әрбір ғылымның әлеуметтік жақтарын құрайды.

Қазіргі таңда ғылым қоғамда және адам өмірінің барлық салалары мен орталарында маңызды рөл атқарады. Ғылым дамуының деңгейі қоғам дамуының көрсеткіші бола алады, оған қоса бұл мемлекеттің экономикалық, мәдени, өркениеттік, білімдік дамуы.

Ғылымның қоғамдағы қызметі:

  • танымдық;

  • дүниеге көзқарас;

  • өндірістік;

  • мәдени-білімдік.

Танымдық – табиғатты, қоғамды және адамды тану, әлемнің рационалдық-теориялық постижение, оның заңдылықтарын ашу, әртүрлі құбылыстар мен процестерді түсіндіру, жаңа ғылыми білімді қалыптастыру. Дүниеге көзқарас – ғылыми дүниеге көзқарас және әлемнің ғылыми бейнесін шығару, адамның әлемге деген рационалдық аспектілерін зерттеу, дүниені түсінуді ғылыми түрде негіздеу. Өндірістік – инновацияларды, жаңа технологияларды енгізу. Мәдени-білімдік – ғылым ең алдымен мәдениет феномені, адамдардың мәдени дамуының факторы. Ғылымның осы функциясы мәдени қызмет пен саясат, білім жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдары, ғалымдардың қызметі арқылы жүзеге асады.

26. Ғылым мен білім өзара қарым-қатынасын ашып қарастырыңыз.

Ғылым мен білім өзара тығыз байланысты және бірін-бірі толықтырушы ұғымдар. «Ғылым» деп — адамның білім алуын, жүйелеу және тексеру бағытындағы кызметінің түрін айтамыз. Білімнің бәрі ғылыми білімге жатпайды, олардың жақсы тексерілгендері мен негізделгендері ғана жатады. Ғылыми білім кәдімгі карапайым білімді теріске шығармайды, олардың екеуі де керек. Білім дамудың жоғары деңгейіне жеткенде ғана ғылыми білімге айналады.

Ғылым дегеніміз — адамның табиғат, қоғам және өзінің танымы туралы білім алуға бағытталған рухани кызметінің ерекше формасы. Ғылымның негізгі мақсаты акиқатқа жету және табиғат, қоғам, ойлау заңдыльқтары, танымның өзі туралы нағыздықтың объективтік заңдылықтарын ашу. Ғылым практикамен тығыз байланыста. Ғылым – адамдардың практикалык қызметіне қатты әсер ететін, оның барысы мен деңгейін айқындайтын қоғамның тікелей өндіргіш күші.

Ғылым білімдер алуға бағытталған, білімнің жинақылығы мен тұтастығынан көрінетін адамның шығармашылык кызметі және сол қызметтің нәтижесі. Ғылым қарапайым тәжірибенің тарихи дамуында жинакталған акпарлардың, сілтемелердің, қызмет пен пәнге нұскаулардың жиынтығы болып табылатын стихиялы, тәжірибелік білімдермен салыстырғанда жүйелілігімен ерекшеленеді.

Білім – адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының және т.б. жиынтығы. Ол сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау, логика, ақиқат, парасат, ғылыми және т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланыста әрі солар арқылы анықталады. Білім философия мен рационалды білім пайда болғаннан көп бұрын дүниеге келген. Білім логикалық ойлаудың объектісіне, мақсаты мен мұратына айналды. Өркениетті қоғамда білім билікпен тұтасып, қоғамды басқарудың құралына айналуда. Білім алу тұлғаның қалыпты әлеуметтенуінің және билік құрылымына енуінің міндетті шарты болып, оның қажеттілігінен Білім беру институттары туындады.

27. Нақты ғылымдардың дамуына Қазақстанда қандай шарттардың жасалынып жатқанын көрсетіңіз.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ғылым мен білімді дамытуға зор көңіл бөлінгені мәлім. Өйткені, ЮНЕСКО болжамы бойынша, ХХІ ғасыр білім ғасыры болып табылады. Бүгінде «білім экономикасы» ғаламдық дамудың тегеурінді тетіктерінің біріне айналды. Бәсекелестіктің жаһандық индексіне енген 135 шарттың 8-і тікелей білім беруге қатысты. Сондықтан да ертеңін ойлаған елдер саланы өркендетуге жете мән беріп отыр. Елбасы тапсырмасына орай отандық білім беруді қаржыландыру көлемі де жыл сайын артып келеді. Мем­ле­ке­тіміз ЮНЕСКО-ның білім беруді дамыту индексі бойын­ша көш­басшы төрттікке енді. Ғылым мен білімді өркендетудің салалық бағдарламасы жасалып, негізгі даму бағыттары анықталды.

Бұл бағыттар ғылымға қатысты жеке секторларды көтермелеу; ғылыми ауқымға қажетті қызметтер көрсету; ғылым мен білім технологияларын қолдау; іргелі зерттеулер сапасын арттыру сияқты тың өрістерді қамтиды. Ғылымды құрылымдық тұрғыдан реформалау аясында академиялық ғылыми мекемелер алдыңғы қатарлы ЖОО-мен біріктірілмек, инновациялық-білімдік консорциумдар құрылмақшы. Жетекші жоғары оқу орындарының базасында ғылыми және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін жоғары технологиялар шоғырландырылады.

Мұндай университеттерге инновациялық университет статусы берілмек. Ал, ұлттық зерттеу университеттері еліміздегі ғылым мен жоғары білімнің көшбасшысы болмақ. Бұл білім ордалары білім мен ғылымды, инновациялық өндіріс пен бизнесті кіріктіретін болады. Инновациялық қызметті жүзеге асы­ра­тын және ғылыми зерттеулер нәти­желерін өндіріске енгізетін жоғары оқу орындарының үлесі 5 пайызға дейін артады. Міне, сөйтіп, сапалы білім беру Қазақстанның ин­дустрияландырылуының және ин­но­ва­циялық дамуының негізіне айналатын болады.